2020 жылы Т. Әсемқұлов атындағы Otuken мәдениетті дамыту қоры, жазушының жары, мәдениеттанушы Зира Наурызбай мен шәкірттері ақын, тарихшы Ербол Алшынбай, этномузыкатанушы Рүстем Нүркен «Таласбек сыйлығы» байқауын ұйымдастырды. Жыл сайын өткізілетін байқау қаламгерлер мен зерттеушілерге екі номинация бойынша беріледі: Таласбектану және көркем әдебиет. Домбырашылар күйшінің репертуарындағы және жанынан шыққан күйлерін шертеді.
Таласбек сыйлығы 2020: Сағадат Ордашева. «Біртұтас теория» иесі
Таласбек Әсемқұлов бүкіл қазақ қоғамына кешірудің, мейірімділік танытудың, сүюдің, құрметтеудің өнер екенін жеткізгісі келді. Ол арманы қалай орындалмақ? Алла жар болсын елімізге!
