«ТАЛАСБЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
1. Бір қаламгер «Таласбек» сыйлығының иегері атану мәртебесіне өмірінде бір-ақ рет ие бола алады.
2. «Таласбек» сыйлығы екі аталым бойынша беріледі: «Үздік әдеби туынды» және «Таласбектану».
3. «Таласбек» сыйлығына қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады немесе сол жылы жарияланған шығармалар арасынан ұйымдастырушылар өздері іріктеп ұсынуы мүмкін.
4. Қаламгерлерге жас шектеуі қойылмайды.
5. Автордың тұрғылықты мекенжайына, азаматтығына немесе шығармашылық одақтарға мүшелігіне байланысты ешқандай шектеу қойылмайды.
6. Шығарманың жанры мен көлеміне шектеу қойылмайды.
7. «Таласбек» сыйлығына шығармаларды қабылдау және іріктеу жұмыстары жыл сайын 1 наурызда басталып, 1 тамызда аяқталады. 7 тамыз күні сыйлықтың қысқа тізіміне (short list) енген шығармалар жарияланады.
8. Сыйлық қорытындысы жыл сайын 23 қыркүйекте жарияланады.
9. Сыйлыққа ие болған шығармалар Otuken.kz сайтында жарияланады.
10. Сыйлық иегерінің шығармасы не үшін таңдалғаны, яғни оның басты артықшылықтары жария етіледі.
11. Қазылар алқасы мүшелерінің басым даусына ие болған автор сыйлықты жеңіп алады. Шешім қайта қаралмайды.
12. «Үздік әдеби туынды» аталымына шығармалар тек қазақ тілінде қабылданады. Шетел әдебиетінен жасалған аудармалар қабылданбайды.
13. «Таласбектану» аталымына тілдік шектеу қойылмайды.
14. Сыйлыққа ұсынылатын шығармалар talasbekaward@gmail.com электрондық поштасына жолдануы тиіс.
Шертпе күйшілердің байқауының ережесі жақында жарияланады.
