Таласбектану: 2-ші әдеби байқау. 2021

Возможно, это изображение (1 человек и текст)Құрметті кітапсүйер оқырман!
2021 жылы Таласбектануға арналған байқауымыз жалғасатынын хабарлаймыз!
Өткен жылы жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың 65 жылдық мерей тойына орай жары Зира Наурызбаева әдеби байқау ұйымдастырғаны белгілі. Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген байқау биыл да жалғасын таппақ.
Бәйгенің басты тақырыбы – Таласбектану: Бас жүлде Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығы туралы жазылған ең мықты зерттеу мақалаға беріледі.
Таласбек шығармашылығының әр қырынан талдап жазуға болады. Бір ғана талап − интеллектуалдық деңгей.
Таласбек туралы мақалалар я сілтемелерді үміткерлер сайттарға, болмаса Фейсбук парақшаларына #TalasbekAsemkulov2021 хэштегімен салуы және talasbekasemkulov2021@gmail.com поштасына жолдауы тиіс.
Байқау өткізу уақыты:
Жариялаған күннен бастап 2021 жылдың 1 тамызына дейін ұсынылуы керек. Бәйге нәтижесі 2021 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады.
Ізденетін жастарға бір бағыт – Таласбектің 1973-95 жылдары жазылған, белгісіз мақала, әңгімелері кітапханадан табылып қалуы мүмкін. Телерадио, жеке архивтерде сол кезеңде жазылған хабарлар болуы мүмкін. Ондайды тапқан адамға сөзсіз бәйге беріледі.
Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталады:
1-орын 150 000теңге
2-орын 70 000 теңге
3-орын 50 000 теңге
Осы жылңы әдеби байқаудың демеушісі Ербол Алшынбай мырзаға алғыс айтамыз.
Мұрағат. 2020 жылғы 1-ші Таласбектану байқаудың бас жүлдесін Сағадат Ордашева, екінші жүлде Нұрлан Сәдір алған. Арнайы жүлде Тамара Мұқанова-Мендошева және Мәдина Омар.