2026 ТАЛАСБЕК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Бір қаламгер «Таласбек» сыйлығының иегері атану мәртебесіне өмірінде бір-ақ рет ие бола алады.
2. «Таласбек» сыйлығы екі аталым бойынша беріледі: «Үздік әдеби туынды» және «Таласбектану».
3. «Таласбек» сыйлығына қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады немесе сол жылы жарияланған шығармалар арасынан ұйымдастырушылар өздері іріктеп ұсынуы мүмкін.
4. Қаламгерлерге жас шектеуі қойылмайды.
5. Автордың тұрғылықты мекенжайына, азаматтығына немесе шығармашылық одақтарға мүшелігіне байланысты ешқандай шектеу қойылмайды.
6. Шығарманың жанры мен көлеміне шектеу қойылмайды.
7. «Таласбек» сыйлығына шығармаларды қабылдау және іріктеу жұмыстары жыл сайын 1 наурызда басталып, 1 тамызда аяқталады. 7 тамыз күні сыйлықтың қысқа тізіміне (short list) енген шығармалар жарияланады.
8. Сыйлық қорытындысы жыл сайын 23 қыркүйекте жарияланады.
9. Сыйлыққа ие болған шығармалар Otuken.kz  сайтында жарияланады.
10. Сыйлық иегерінің шығармасы не үшін таңдалғаны, яғни оның басты артықшылықтары жария етіледі.
11. Қазылар алқасы мүшелерінің басым даусына ие болған автор сыйлықты жеңіп алады. Шешім қайта қаралмайды.
12. «Үздік әдеби туынды» аталымына шығармалар тек қазақ тілінде қабылданады. Шетел әдебиетінен жасалған аудармалар қабылданбайды.
13. «Таласбектану» аталымына тілдік шектеу қойылмайды.
14. Сыйлыққа ұсынылатын шығармалар talasbekaward@gmail.com электрондық поштасына жолдануы тиіс.

#talasbekasemkulov2026

Таласбек Әсемқұлов атындағы VІ Республикалық күйшілер байқауы. Биылғы байқау Жүнісбай Стамбайұлының 135 жылдығына арналады.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Байқауға кез келген үміткер қатыса алады.

1-КЕЗЕҢ. Іріктеу кезеңі (онлайн). Үміткерлер 10.09.2026 дейін әлеуметтік желіге (фейсбук және инстаграм) ҮШ КҮЙ салу керек. #talasbekasemkulov2026 хэштегі міндетті түрде қойылу керек.

Бірінші күй. Таласбек Әсемқұловтың кез келген авторлық күйі

Екінші күй. Жүнісбай Стамбайұлының кез келген авторлық күйі

Үшінші күй. Таңдауы бойынша бір күй: Қотан тайшының күйі, Сақбике «Керілме», «Қазан» (Таласбек Әсемқұловтың нұсқасы)

Үш күй бір видеоға жазылып, монтажсыз түсірілу керек. Қорытынды 11.09.2026 күні жарияланады.

2-КЕЗЕҢ. Қыркүйек айының 23-күні Алматы қаласында өтеді. 2-турда төрт күй шертілу керек:

Бірінші күй. Таласбек Әсемқұловтың кез келген бір авторлық күйі.

Екінші күй. Жүнісбай Стамбаевтың кез келген бір авторлық күйі.

Үшінші күй. Таласбек Әсемқұловтың шертуіндегі Тәттімбеттің «Сылқылдақ» күйі

Төртінші күй. Байжігіттің 5 тараулы «Ағаш ат» күйінің бір тарауы жеребе арқылы таңдалып, шертілу керек.

Бірінші кезеңде орындалған күйді, екінші кезеңде шертуге болмайды.

Байқаудың екінші кезеңінде әділ-қазылар алқасы үміткерлерді көрмей, тек тыңдау бойынша ғана бағалайды.

Бас жүлде — 1 000 000 теңге. Қалған орындар мен дипломанттарға да қомақты сыйақы қарастырылған.

Күйлердің аудио/видео жазбаларын, ноталарын «ТАЛТҮС/ТАЛАСБЕК ӘСЕМҚҰЛОВ» телеграм каналынан таба аласыз.

Барлық сұрақтар: https://www.instagram.com/rustem_nurkenov/