talasbekaward2024

Таласбек сыйлығы 2024

Таласбек Әсемқұлов атындағы IV Республикалық күйшілер байқауы.
Байқау екі кезеңнен тұрады.
1-КЕЗЕҢ. Іріктеу кезеңі (онлайн). Үміткерлер 15.08.2024 дейін екі күйді шертіп әлеуметтік желіге (фейсбук, инстаграм) салу керек. #talasbekasemkulov2024 хэштегі міндетті түрде қойылу керек.

Бірінші күй: Байжігіттің «Арман», «Азат 1-түрі», «Азат 2-түрі». Осы күйлерден таңдау бойынша бір күй.
Екінші күй: Қотан тайшының күйі, Ақай қажының «Қоңыры», Жүнісбай Стамбайұлы «Қуаныш». Осы күйлерден таңдау бойынша бір күй.
Екі күй бір видеоға жазылып, монтажсыз түсірілу керек. Тамыз айының ортасында іріктеу кезеңінің қорытындысы шығады.

2-КЕЗЕҢ. Астана қаласында 2024 жылдың 23 қыркүйекте өтеді.
2-кезең талаптары:

— Таласбек Әсемқұловтың кез келген бір авторлық күйі.
— Жүнісбай Стамбаевтың кез келген бір авторлық күйі.
— Байжігіттің 5 тараулы «Ағаш ат» күйі. Үміткер барлық бес тарауын да шерту керек.
— Сақбике «Керілме»; Тәттімбет «Алшағыр-Шаған»; халық күйі «Қазан» атты күйлерден таңдау бойынша бір күй.
Бірінші турдағы күйлерді екіншісі турда шертуге болмайды. Байқаудың екінші кезеңінде әділ-қазылар алқасы үміткерлерді көрмей, тек тыңдау бойынша ғана бағалайды.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге.
Күйлердің аудио/видео жазбаларын, ноталарын «ТАЛТҮС/ТАЛАСБЕК ӘСЕМҚҰЛОВ» телеграм каналынан таба аласыз. Күй үйренемін десеңіз, Рүстем Нұркеновтың «Әсем ән, тәтті күй» Youtube арнасында «Таласбектің күйлері» сабақтардың playlist көріңіз https://www.youtube.com/playlist?list=PLtEAdWdKtZNwbOs413ZWRqjp7YTW3qzl9

«Таласбек» сыйлығының ережелері

1. Бір қаламгер өмірінде тек бір рет «Таласбек» сыйлығының иегері атана алады.

2. «Таласбек» сыйлығы «Үздік әдеби туынды» және «Таласбектану» сынды екі аталым бойынша беріледі. Әр аталым бойынша тек бір жүлде беріледі

3. «Таласбек» сыйлығына қаламгерлер өзін ұсына алады немесе сол жылы жарияланған шығармалар ішінен ұйымдастырушылар өздері таңдауы да мүмкін.

4. Қаламгерлерге жас шектемесі жоқ.

5. Автордың тұрғылықты мекенжайына, азаматтығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне ешқандай шектеу қойылмайды.

6. Шығарманың жанрына, көлеміне ешқандай шектеу қойылмайды.

7. «Таласбек» сыйлығына шығармаларды қабылдау, іріктеу әр жылы 1 наурызда басталып, 1 тамызда тоқтайды. 7 тамызда сыйлықтың қысқа тізіміне (шорт лист) енген шығармалар жарияланады. ( 2024 жылы байқау кеш жарияланғандықтан,  шығармалар 20 қыркүйекке дейін қабылданады).

8. Сыйлықтың қорытындысы әр жылы 23 қыркүйекте шығарылады.

9. Қысқа тізімге енген шығармалар Otuken.kz сайтына жарияланады.

10. Автордың сыйлықты алудағы басты артықшылығы немесе шығарманың сыйлық алу себебі жария етіледі.

11. Қазылардың басым бөлігінің дауысын алған автор сыйлық алады. Шешім қайта қаралмайды.

12. Шығармалар қазақ тілінде қабылданады. Аударма шығарма келіп түссе, автор мен аударушы бір сыйлықты бөліп алады.

13. Сыйлыққа қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

14. Сыйлыққа ұсынылатын шығармалар talasbekaward@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс.

#Таласбексыйлығы

Осы жылы байқау кеш жарияланғандықтан,  шығармалар 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Және авторлар шығармаларын  #talasbek2024 хәштегпен әл. желіде, сайттарда жариялауға хақылы. Жүлделер өткен жылдан кем болмайды, демеуші табылса — өседі.

V Таласбек сыйлығының иегерлері:

Күйшілер байқауы:

1-орын Ілияс Тұрсынбек

2-орын Арман Жаныбеков

3-орын Қайролла Сұңқар

«Үздік әдеби туынды» номинациясы бойынша лауреат ТОҚТАРӘЛІ ТАҢЖАРЫҚ «СЕН ОСЫ ҚАЛАДА ЖҮРГЕН СЕКІЛДІСІҢ» өлең үшін.

Таласбектану аталымда жүлде берілмеді. Алдағы, 2025 жылы бұл аталымның сыйлығы 800 мың теңге — екі есе көп болады!