Әдеби сыйлық екі аталым бойынша өткен болатын
I аталым «Ең үздік зерттеу мақала»
1) Т. Әсемқұлов рухани мұрасын зерттеу өзегі етіп алу;
2) Интеллектуалдық деңгейі жоғары болу;
II аталым «Ең үздік әдеби шығарма»
1) Бейнелеу тілінің сонылығы, стиль мен шеберлік;
2) Ұлттық болмыс пен мифологиялық қатпарының болуы;
3) Адам құқығы мен шынайы құндылықтар;
Осы уақыт аралығында әдеби сыйлыққа бәйгеге түскен 43 үміткер тіркелген.
Олардың қатарында:
«Ең үздік әдеби шығарма» аталымына 32 үміткер қатысты
«Ең үздік зерттеу мақала» аталымына 11 үміткер қатысты
Сонымен, бірегей әдеби сыйлыққа үміткерлер тізімі:
«Ең үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша:
Әлихан Жақсылық
Абай Аймағамбетов
Ғалымбек Елубай
Жантас Еркінұлы
«Ең үздік зерттеу мақала» аталымы бойынша:
Алтынбек Мерсадық
Айгүл Өтеміс
Анар Абдулллина
Таласбек сыйлығы мәресіне де жетті. #Talasbek2023
Үздік әдеби шығарма: Әлихан Жақсылық «Крестен түсіру»
Үздік Таласбектану мақала: Алтынбек Мерсадық «Үлкен уақыттың» мәтіні.
Күйшілер байқауы. Осы жылы екі-ақ домбырашы қатысқандықтан, жүлде берілмейтін болды. Тек 2 ынталандыру сыйлығы берілді. Сонымен келесі, 2024 жылғы күйшілер байқауының қоры екі есе өсті, бас жүлде кемінде 600 мың теңге болады. Жалпы 3 жүлде болады. Дайындалыңыздар. Үміткер Т. Әсемқұлов репертуарынан үш күй шертуі керек . «ТАЛТҮС / TALTUS / Таласбек Әсемқұлов» телеграм каналында https://t.me/taltus_asemkulov күй ноталары мен аудиожазбалары жарияланады. https://www.instagram.com/rustem_nurkenov инстаграм аккаунтында байқауға қатысты да мәлімет беріліп тұрады.
Жаңалықтарды дереу ФБ Таласбек Әсемқұлов тобынан біле аласыздар https://www.facebook.com/groups/394506140697607
Және Инстаграмда talasbekasemkulov
Әдеби байқаудың демеушісі ақын Ербол Алшынбай, күй байқаудың демеушісі Зира Наурызбай