Зейнолла Серiкқали. Ағаның рухына тағзым

фото Зейноллы Сериккали

Таласбек Әсемқұлов.

фото Зейноллы СериккалиОсы күнi, заманында идеологияға белсене қызмет қылған бiрқатар әдебиетшiлердiң бұрынғы ұрандарынан бас тартқанын көремiз. Әредiк-әредiк ветеран “әдеби қариялар” ақталып, “ол кезде сондай заман едi-ғой” деп барлығын уақыттың  сынына, заманның қалпына аудармақ болады. Алайда, аталмыш “ветерандар” бүгiн неге әдеби сынға араласпайды?  Егемендiк алдық. “Адамның қолы емес – қызыл тiлi кiсендеүлi” заман келмеске кеттi, ендi не болды? Ендi пiкiрдi ашық айтуға не кедергi?Мiне, жүрiп өткен азаматтық жолы мен өнернамасы осындай ақтаңдақтан ада бiр сыншы болса, ол – Зейнолла Серiкқалиев дер едiм. Зейнолла аға шын мәнiсiндегi профессионал сыншы. Адамдығы, азаматтығы тұрғысынан болсын, бiлiмi, талғамы тұрғысынан болсын. Оның бойында тартынбай сөйлеү, пiкiрдi риясыз ашық айту сияқты қазақтың байырғы сыншылығы мен предметтi жете тану, құбылыстың қыр-сырына әбден қанғаннан кейiн ғана пiкiр айту сияқты европалық бiлiмдi сыншылық астасып келген.
Кеңес дәүiрiндегi қазақтың әдеби сыны негiзiнен идеологиялық сын болатын. Сыншылар қандай да болмасын шығарманы осы тұрғыдан келiп бағалайтын. Тiптi 60-шы жылдарғы “жылымық” кезiнде де солай болды. Термин өзгердi, көптеген ұғымдардың аты алмасты, алайда әдеби сын сол баяғы деңгейiнен аса алмады.  Мiне, осындай жағдайда Зейнолла Серiкқалиевттiң сыншылығы қазақ мәдениетiндегi үлкен құбылыс едi. Сыншы қандай да болмасын шығарманы ең әүелi текст деп, тiптi жазудың бейтаныс үлгiсi кездесе қалған күннiң өзiнде ен әүелi танылуға, зерделенүге тиiс көркемдiк құбылыс деп қарайды. Көрiп отырсыздар,  советтiк ангажементтiң шеңберiнде отырып-ақ адам болып қалуға болады екен.
Сыншының эрудициясы, Батыс пен Шығыстың бұрыңғы-соңғы ең елеүлi әдебi-мәдени құбылыстарынан хабардар отыратындығы қайран қалдырады. Оның сыни шығармаларындағы кең тыныс осы терең бiлiмдарлығынан. Бiлiмдi адамға жазу он есе оңайға түседi.
Зейнолла ағаның бұрынғы жазғаны мен қазiргi жазғанының арасында пәлендей айырма жоқ. Жаңа дүниелерi информация тұрғысынан қанығып байи түсүi мүмкiн, алайда о бастағы биiк азаматтық өресiнен, көреген, нәзiк талғамынан айнымаған.