Мұрат Ақмырзаев: С. Қондыбайдың мифологиялық символдар жүйесі –Ұлттық таным темірқазығы

40-летие Серикбола в школе его имени

40-летие Серикбола в школе его имени Ақмырзаев Мұрат Мұрзағалиұлы, аға әдіскер, Маңғыстау облыстық біліктілік арттыру институты,“Мұра-Т(таңба, тарих, таным)” қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 Сүретте: С. Қондыбайдың 40-жылдығы мектепте. Сол жақтан екінші — ғалымның шешесі Тәрбие Қондыбай, оның оң жағында филология ғал. докторы Ж. Дүйсенбиева, Б. Қондыбай, М. Ақмырзаев

 

Түйін сөздер: С. Қондыбайдың мифтану символдар жүйесі: “күн” таңба [tahba]; кеңістік “нүкте” ұғымы [NKT-НКТ]; [ң-ŋ-ng] сөз түбірі праформасы – әлемдік жаратылысты тану және жеке тұлғаның біртұтас тарихи және рухани даму қайнары.

Ключевые слова: система символов мифопознания С. Кондыбая: “солярный” знак [tahba];  пространственное понятие “точки” [NKT-ТЧК]; праформа корня слов – [ң-ŋ-ng]  – исторический и духовный исток всеобщего познания мироустройства и развития личности.

Keywords:  system of symbols mythology by S.Kondybai: «solarly» a sign [tahba];   spatial concept of «point» [NKT- РNТ]; the praform a root of words [ң-ŋ-ng] — a historical and spiritual source of general knowledge of the world-structure and developments of the person.

 

Мақаладан үзінді:

Алхимия (кейінгі лат. alchemia, alchimia, alchymia – ерітіп құю) ғылымы түрлі материалдық әлемнің “алғашқы құрылымдық” тегі бір, сондықтан жезден таза алтын алуға болады деген пәлсапаны іске асыруға ұмтылып, өрлеп, өркендеп қазіргі химияның негізін қалаған кезеңде күн таңба — шеңбер түрінде алтынды (Au) бейнелесе, “кіріс тұтқалы шөміш түрінде мыс (Cu) элементін таңбалады. Ал, жанымызға етене мифтің тілдік нұсқасы қазақ ауыз әдебиетінде шежірешілер мен ақын-жыраулар мұрасында “таңба” тақырыбы әпсананың қызыл жібі, дәйегі ретінде әрдайым кең қолданылады. Мысалы Бегендікұлы Сүгір жырау:

“Жез” таңбалы Жетіру,   Базарын көптің аңдаған.

“Аз” таңбалы алашта, Әлімге байтақ аға едің”,-дейді[2/437].

Бұл  кездейсоқ сәйкестік емес. Жетіру бірлестігінің Табынында “Жез найзалы Жездібай” да, жездің таңбасы “Шөміш” те бар. Алаштың “Аса” таңбасы әлемге аян. Құлағымызға сіңісті “Азия” атауындағы “Аз” түбірінің “Ас” киесінің айтылу нұсқасы екендігі де көпке мәлім.

Осы ой қисынының келесі деңгейі — ғылым негіздері бойынша әлемдік жаратылыс тануда көресінді метафизикалық талдаудан бастап, білім қорын жинақтау құралы — жазу туралы. Түркілік ареалдағы таңбалар қоры мен саны, оның ішінде ру таңбалары да бар, әсіресе оғыз, ұйғыр, авеста т.с.с. жоқ болып кеткен әліпбилер саны — әлемдік әліпбилер мен жазу үдерісінің қалыптасуында олардың ықпалы аз болмағандығына меңзейді. 

Толық мақаланы тартып алу

 

Оставьте первый комментарий

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.


*