2020 жылы Т. Әсемқұлов атындағы Otuken мәдениетті дамыту қоры, жазушының жары, мәдениеттанушы Зира Наурызбай мен шәкірттері ақын, тарихшы Ербол Алшынбай, этномузыкатанушы Рүстем Нүркен “Таласбек сыйлығы” байқауын ұйымдастырды. Жыл сайын өткізілетін байқау қаламгерлер мен зерттеушілерге екі номинация бойынша беріледі: Таласбектану және көркем әдебиет. Домбырашылар күйшінің репертуарындағы және жанынан шыққан күйлерін шертеді.

Таласбек сыйлығы 2022. Үздік әдеби шығарма: Бақытгүл Сəрмекова.Кішкентай ауылдың үрейі
Өмірімдегі есте қалар үрейлерімнің бірі сонау қоңырқай тірлік кешетін, бір ғана көшенің бойына тізіле қалған бар-жоғы он бес шақты үйден ғана тұратын ауылда қалған екен.