Маңғыстаудың жер-су атаулары

Серікбол Қондыбай

Толағай толғаныс…

Сергек те зерек ой иесі Серікбол оқырман қауымға өзінің салған сара соқпақ жолымен бұдан бұрынғы ерекше еңбектерімен жақсы таныс. Саналы жасын ғұмырында артына мол мұра қалдырған Серікбол Әділбекұлы Қондыбайдың «Маңғыстаудың жер-су атаулары» атты бұл еңбегінде 1989-2000 жылдар аралығында көз майын тауыса, шұқшия отырып, тірнектей, ғылыми түрде бір ізге түсіруді ойлап, жинақтаған Маңғыстау топономикасына байыпты, терең талдау жасалынады.
Маңғыстау жер-су атаулары, оларға қатысты аңыз-әпсаналар шежіре тарихымен, фольклормен ұштастырыла қысқа да нұсқа тұжырымды пайымдалған. Автор бұл еңбегінде жер-су атауларын жалаң талдамайды, айналасындағы материалдық айғақ-нысандардың барлығы тұтас қарпылып, жан-жақты қамтылған. Олар: Сай-сала, құдық, алқап, құмды массив, өңір ескерткіші, тау, шатқал, төбе, қорым, қорымдық, түбек, мола, ой, құлау, бұлақ, темір жол айырығы, жар, жарлауыт, арал, тарихи атау, ойыс, сор, қала, ауыл, аңғар, қыстақ, теңіз мүйісі, әулие, арал, шабындық, жыра, жота, арна, жал, зират, елді мекен, шоқы, тоған, күп, төбе, дөң, аран, дің, қорған, үйік, бал-қорым, ор тағы-тағылар әр қырынан жер-су атауларымен қатар сабақтастырыла, зерттеушінің назарынан бірде-бірі тыс қалмай, бір тұтастықта қарастырылған. Әсіресе, кез келгеннің назарына іліге бермейтін микротопонимдер өнікті кірістіріліпті.
Берілген анықтама түсініктерде басы артық сөз  жоқ, ойы ықшам, еңбекте Серікбол өз пайымдауларымен қоса, өлке тарихы туралы жазылған  А.Меңдалиев, Е.Өмірбаев, Ә. Кекілбаев, Қ.Сыдиықов, Ә.Спан, Ж.Нұрмаханова, Н.Қазақбаев, Д.Әріпов, Б.Әріпов, І.Сариев, Ж.Жылқышиев, М.Диқанбаева, А.Әбдіров, С.Нұрмағанбетұлы, Б.Бегенішев, Б.Төлеуғалиев, С.Назарбек, І.Шыртанов, Қ.Сүлейменов, А.Өтебайұлы, О.Көшбай, Е.Жаманбайұлы, Б.Сарин, А.Әбдіров, М.Нығметуллаев, Б.Мырзағалиева, И.Мырзабекұлы, Ж. Дүйсенбаева, Н.Өтебайұлы, Ж.Нәренбайұлы, Т.Жалғасбайұлы, Қ.Аманиязов тағы басқалардың шығармаларынан орнықты, дәлелді үзінділер келтіріледі. Әсіресе, өлке тарихы мен өміріне қатысты өндіре қалам сілтеген жазушы Ә.Спанның еңбектерінен жүзден аса  дәйек мысалдар пайдаланылған.
Телегей теңіз білім иесі кітапта сонымен қатар, арагідік жер-су атауларының шығу-тегі, дұрыс айтылуы мен жазылу сауаттылығына да «келешекте осылай түзетілсе»,- деп, ескертпе өзіндік тілек пікір-лебіздер білдіре кетеді. Зерттеуші еңбектегі Маңғыстау жер-су атауларының санын дәл атамайды, бірақ сол ороним, гидроним, микротопонимдерді саралай іріктеп, бұлардың маңызды ғылыми мәселе екендігін, оларға қатысты екі мың екі жүздің үстіндегі сөздерге түсінік-анықтама берген! Өлке тарихы, жер-су атаулары  өткен ғасырларда тек орыс зерттеушілерінің жүргізген әр түрлі зерттеу экспедицияларының кең ауқымдағы карталары арқылы, оның ішінде, әскери топографиялық карталарымен, нақты түскені ақиқат. Сол әскери карталарды іздестіріп табу-келер күннің кезек күттірмейтін ісі. Нағыз шын тарихты беруші қайнаркөз – ол- әрбір облыстағы жер-су атаулары.       
Маңғыстаудың ең шалғай жері – Үстірт. Ол Түрікменстан, Қарақалпақстанмен шектесетін аймақта орналасқан. Бір кездерде әр түрлі себептермен бас сауғалап жан-жаққа көшкен тұрғындар жұрты – Үстірт- кешеге дейін бос жатты. Қазір де көп жері елсіз, меңіреу кеңістік. Ондағы құдықтар, мешіттер қаланысы, бітім-болмысы өзге жерлердегі көне жәдігерлерден анағұрлым өзгеше. Үстірттің бір кездердегі мәдениетті әлем екендігін Серікбол өзінің «Есен-қазақ» атты кітабында «Қырымның қырық батырының» ерлік жолдарын талдай, ауыз әдебиетінің басқа нұсқаларымен шебер салыстыра отырып, тамсандыра жазса, енді бұл еңбегінде жер-су атауларының шығу тегін әр қырынан қисынды дәлелдей ашқан. Бұл жердің тарихын жатқызып өргізетін шежіреші шалдардың көзі бұл күнде азайған. Дегенмен, сирек селеудей болса да, ел арасында сол жердің тарихтарын айта алатын қадау-қадау кәрілік меңдеген көнекөздер бар. Солардың көзі жұмылып кетпей тұрғанда, Үстірт үсті тарихын хаттап қалу – біздің көзі қарақты жастардың басты міндеті. Жалпы Серікболдың қай еңбегі де осал емес, соның ішінде, «Есен-қазағын» жоғары оқу орындарының филология, тарих факультеті студенттері үшін негізгі міндетті оқулық ретінде бағдарламаға енгізген дұрыс.
Жалт етіп, тез аяқталған автордың жасын ғұмыры бұл еңбегін тиянақты аяқтауға мүмкіндік бермеген. Автордың бұл жұмысты әлі де толықтырмақ, іргелі зерттеуге айналдыру ниеті болғандығы анық байқалады. Оған мысал: еңбектегі шолақ қайырылған кейбір топонимдер, өзінің түсінік сөзіндегі ойларының толық аяқталмауы. Автор 2004 жылы өмірден өткенде,  қолжазба түрінде тәртіпке түсірілмей, ретсіз қалған бұл жұмыс теріліп, алфавиттік жүйеге келтіріліп, оқырманға сол күйінде ұсынылып отыр.  
Кітаптың құндылығы осы уақытқа дейін өлке топономикасын молынан қамтыған бірден-бір толымды еңбек екендігінде. Өлке тарихынан сан алуан мағлұмат беретін бұл туынды географиялық, фольклорлық, лингвистикалық мәліметтерімен оқырмандарын еріксіз баурап, қызықтыра алады. Бұрын бізге белгісіз, аты аталмаған мекендер, ал бұған керісінше, бір жер-су атауының бірнеше рет қайталануының себептерін қарапайым да ұғынықты тілмен зерделейді. Олардың әрқайсысының қайталану себептері — өлке тарихына қосылған үлес деп пайымдайды.
Әсіресе, сол түпсіз кеңістіктегі бір кезде елді асыраған есіл сулар-құдықтардың аты мүлдем ұмытылып, анекдотқа айналғанына қатты қынжылады. Бұл- өлке тарихы мен тағдырының қасіреті. Хатқа түспеген белгісіз жәдігер, құнды деректерді жинап алуды туған жер, отан алдындағы басты парыз деп есептейді. Бұл — Серікболдың өлкесін шын еміреніп сүйген жанайқайы да. Ол өзінің артына енді еркін бұрылып қарай алмайтынын сезгендіктен, жан-жағын мүмкіндігі келгенше өзі тапқан матеиалдармен ғана қарманып кетті…  
Болашақта Қазақстанның барлық облыстарының топономикалық жер-су атаулары осылай жазылса, халқының арғы тегінің терең білгірі Серікбол армандаған игі іс оңынан оралған болар еді. Зерттеуші алдағы уақытта туған ел тарихын, топономиканы зерттеушілерге осы ізбен үңілуге бағыт сілтей, жол ашқан. Кітап ғылыми зерттеушілерге, әдебиетші, тарихшы ғалымдарға, өлке танушыларға, барша оқырманға арналған.

Жанбибі Дүйсенбаева
Филология ғылымдарының докторы,
Махамбет атындағы сыйлықтың иегері

Автордан

Мен Маңғыстауда қанша жер-судың аты бар екендігін білмеймін. Болып, аралап көрген жерім де азғантай, іс жүзінде еш жерде болмадым десе де болғандай. Ал мына тізімдегі жер – су атаулары газеттер мен кітаптардан, карталардан теріп алынған ұзақ уақытқа созылған (1989-2000 ж.ж.) жұмыстың нәтижесі. Мен бұлардың бір бөлігіне нақты орны туралы қысқаша мәлімет қостым. Ал жер – судың атының сипатының өзі көп қабатты. Олардың барлығына жауап іздеп, жүйеге келтіру үшін ұзақ жылдар керек.

Қазақстан бойынша да, оның жеке облыстары бойынша  да бұл тақырыптармен нақты жұмыс істелініп көрген жоқ. Ал жинақтаумен айналысатындардың дені қазақ емес қазақстандықтар, оларды қаншама еңбекқор, талапты дегенімізбен олардың жасаған дүниесінен туған жердің реңкі, рухы байқалмайды.

Міне, ғасыр аяғында тұрып, өлкеміз туралы аз біліп бара жатырмыз. Кезінде 50-80-жылдары өлкені аралағандар, білетіндер саны азая түсуде, сол азайғандар жасы 50-ден жоғары, көбісі – 70-80-дегілер. Олардың ғұмыры да шектеулі. Білгенін бүгін айтып кетпесе, ертең кеш болып қалады. Ал 90-жылдары совхоздық жүйенің ыдырауы Үстірт сияқты алыс, адамсыз мекендерге адам баруын сирексітіп жіберді. Енді сол 1950-80-жылдары білгеніміздің өзін ұмытуға айналдық. Мынау сол дүниенің аз бөлігін болса да ұмытпай, өлмей тұрғанда қағазға түсірудің қамымен жасалып отырған шаруа.

Өлкенің түпкір-түпкірін көлікпен, мүмкіндігі болса жаяу аралап, жер-су аттарын жинақтап, қағазға түсіріп отырумен қатар, сол жерлерді көзіңмен көргенге не жетсін. Бірақ мұндай бақытты көру жағын құдай маған бұйыртпапты, сондықтан жиған-тергенініміздің негізі кабинетте отырып, жазба-сызба дүниелер бетіне түскен жер-су атауларын теріп алғаннан басқа амалымыз жоқ. Егер бала, студент кезімде, географиялық жаңалық ашулар тарихы туралы мағлұматтармен танысқан шақтарымда, шетелдерде, кітаптардан оқып білген таңғажайып жерлерде болуды, жаңа жерді ашуды армандамасам, 1991 жылғы тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалтасында пұлы бар кез келген пенденің шетелге барып жатқанын көрген соң, оған қызықпайтын болдым. Өйткені жұрттың барлығы көрген, жұрттың барлығына танымал, тығулы жатқан құпиясы жоқ жерлердің ізденімпаз адам үшін қызығы жоқ қой.

Одан кейін назарым қазақ жеріне ауды. Өйткені, өз жерімнің ашылмаған сырлары көп екен. Енді менің арманым Алтайдан Атырауға, Қызылжардан Қазығұртқа дейін аралап шығу болды, бірақ оның да сәті түспеді. Сондықтан іздестіру мен зерттеуді жалпы қазақтық деңгейдегі шағын пұшпақтан – Маңғыстаудан бастағанды жөн көрдім. Қарап отырсам, Маңғыстаудың үнсіз кеңістігі, егер жер-су атауларын жинақтап, оларды сөйлетсе, талай тарихтың сырын ашатындай қабілетке ие екен. Оған кейінгі жекелеген зерттеу тақырыптарымды қарастырғанда, әсіресе «Есен-қазақ» кітабын жазу барысында көзім жетті.

Өзің білмесең басқадан сұрайсың. Ал жаныңда сұрайтын адам жоқ болса ше? Онда өзің білетін мәліметтерді баспасөзге жолдайсың. Мұндағы ойың «мақаланы оқып өзінің білетінін жариялар адам табылар, қате кеткен жерім болса, оны түзетер» деген болмақ. 1993 жылдың аяғында «Маңғыстау» газетіне «Маңғыстаудың жер-су атаулары» деген мақала жарияладым. Күткенімдей, көп уақыт өтпей жатып-ақ, қате кеткенімді түзетпек болған жауап-мақалалар жарияланды. «Білгенді ғана жазу керек» деген ақыл айтумен басталатын мұндай мақала қате кеткен жерім тура сөзбен жалғасып, соңынан мақала жазушының өзі білетін жер-су атауларының жай-жапсарын баяндауға ұласатын. Осылайша кейбір азаматтардың өзімшіл психологиясына ши жүгірту арқылы олардың өздері білетін ақпаратты газет бетіне жариялауға түрткі болғаным рас, 1994-1995 жылдары облыстық және аудандық газеттерінің беттерінде Маңғыстаудың жер-су атауларына, ең алдымен құдықтарының атауларына қатысты бірнеше мақала жарық көрді. Бұлардың ешқайсысы да менің назарымнан тыс қалған жоқ.

Жер-су атаулары (қыстаулар, шабындықтар, құдықтар), малшылар туралы науқандық мақалаларда, батырлар мен билер, әулиелер (ең алдымен, соғыс болған жерлер, молалар) туралы мақалаларда кездесіп отырады. Жер-су атаулары ғылыми, тарихи, көркем-әдеби шығармалардың да беттерінде кездесіп отырады. Ең көбі — әртүрлі карталарда, әсіресе ірі масштабты топографиялық карталарда кездеседі. Осылардың барлығын жинақтап, бір ретке, бір тізімге, келтіру барысында бұрын-соңды білмеген, ойға келіп те көрмеген мәліметтер мен қисындардың ұштығы көріне бастайды. Егер бір атау бір емес, бірнеше рет кездесетін болса, оның үстіне сол атаудың мағынасы бүгінгі қазақ тілі арқылы түсіндіріле алмайтын болса, онда «осы бір топоним (жер-су атауы) неліктен осыншама рет қайталанып отыр?» деген сауал туады да, осындай сауалға жауап беру, іздеу барысында өлке тарихына қосалқы дәйек-айғақ қосылады.

Жер-су атаулары, яғни «топонимдер» дегеннің өзі сипаттау, нысандық тұрғысынан алғанда әртүрлі болып шығады. Мәселен, өзен, көл, жалпы су көздерінің атаулары да — өз алдына  бір төбе, оларды «гидроним» дейді. Ал тау, төбе, жота, қырат атауларына да — өз алдына бір төбе, бұларды «ороним» деп атайды. Осылайша табиғат нысандарының болмысына қарай жер-су атауларының түрлері де ерекшелене береді.

Көпшілікке танымал, жұрттың барлығы білетін жер-су атаулары болады. Мәселен, «Маңғыстау», «Ақтау» атаулары. Қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, мекендеп жатқан есті қазақ осындай жердің, қаланың бар екендігін біледі. Ал «Шетпе» не «Бейнеу» атаулары туралы ше? Оларды білсе, облыс көлемінде тұратындар ғана жақсы білер. «Тұщыбек», «Жармыш», «Шайыр» сияқты топонимдер – ең алдымен Маңғыстау ауданының тұрғындарына таныс. «Сазанбай», «Ащыбұлақ», «Қосбұлақ», «Көгез» сияқты топонимдерді тек Шетпе елді-мекенінің тұрғындары ғана жақсы біледі, өйткені мұндай атаулар картаға түспейді, жазба дүниелердің бетіне де сирек түседі. Мұндай жер-су атаулар тек жергілікті ауыл-аймақтың адамдары ғана білетін атаулар, яғни «микротопонимдер» деп аталады.

Микротопонимдерді жинақтау, зерттеу де – маңызды ғылыми мәселе. Өйткені олардың арасынан да аса маңызды тарихи ақпар беретіндері табылып қалады. Әрине, осындай микротопонимдердің маңыздылығын жұртқа, қарапайым жұрт түгілі, білгір мамандарға да сендіре қою оңай шаруа емес. Өйткені, дәстүрлі әдістемелерді ғана пайдаланып, қазақ, жалпы дала тарихы, мәдениеті туралы таным-түсініктердің стереотипін қалыптастырып алған ғұлама үшін мұндай жер-су атаулары маңызды болып көрінбейді. Олар үшін мұндай микротопонимдер – түкке  тұрмайтын майда-шүйде, ұсақ-түйектер ғана. Соған қарамастан, болашақ зерттеушілердің буыны арасынан осындай ұсақ-түйекке назар аударып, оларды аса маңызды ғылыми-дереккөздік айғақ деп тани бастайтын бір ғалым шығар деген үміт-оймен жинап-тергенімізді ұсына беретін боламыз.

Жер-су атауы – тарихтың көзі. «Жер-судың аты – тарихтың хаты» деген тұрақты фразаның бар екендігін ескерсек, осындай аксиоманың болуы тегіннен-тегін емес. Бірақ осындай сөз тіркесін көбінесе жалаң, бос, әдемі ұйқас ретінде ғана қолданатынымыз бар.

«Маңғыстаудың жері тұнған тарих» немесе «оның әр тасы — тарих» сияқты сөздерді журналистеріміз, ақын-жазушыларымыз жиі айтады. Тек осындай тұнған тарихты нақтылау ісіне келгенде 30 жылдан бері баспасөз беттерінде, әртүрлі еңбектерде қайталанып келе жатқан бірнеше мысалды атаумен ғана шектеледі. Яғни «Маңғыстаудың әр тасы, төбесі, құдығы — тарих» деген анықтаманы орынсыз, еш мазмұнсыз қолдана береміз. Расында да, өлкеміздің әр тасы мен төбесі тарихи ақпарат бере ала ма? Әрине, жоқ. Өйткені, әр тастың, әр төбенің атауы жоқ, атауы жоқ болғасын, олардың бізге айтар тарихы да болмайды. Дегенмен, жер-су атауларын жинақтап, олардың аталу сырын ашу, сол жерлерге қатысты тарихи айғақтарды жинастыру барысында, олардың жиынтық ақпараты жазба дерегі жоқ деуге болатын Маңғыстау сияқты өлкенің тарихын нақтылауға қажетті аса маңызды мағлұмат беруші қайнарға айналатындығы шындық.

Жер-су атауларын жинастыру қажет. Тіпті олардың сырын толық аша алмағанның өзінде де осылай істеу – парыз. Өйткені, дер кезінде, уақытында хатталмаған микротопонимдер келесі ұрпақ үшін белгісіз болып қалып, ұмытылып кетуі мүмкін. Ұмытылып кеткендері, енді қайтып анықтала алмайтындары онсыз да жеткілікті. Пенде басына түскен дүрбелеңі көбейген уақыттарда, «бай түгілі бас қайғы болып», жан сақтау үшін босқан заманда адам баласы жер-су атауларының есте қалу, сақталу жағына мән бермеуі түсінікті де. Мәселен, 1930 жылдардағы тарихтан белгілі болып отырған оқиғалардың салдарынан Маңғыстау түбегінің көп жері, Үстірттің жері түгелімен бос қалды. Қазақтар жан-жаққа босып кетті. Ал араға 20-30 жыл салып қайтып келгенде, өлкенің көптеген жер-су атаулары ұмытылып кеткен еді. Аталық Накиманов деген кісінің естелігіне көңіл аударып көрелікші.

“1952 жыл. Желтау, Қарасай, Шағырлы арқылы 160 км жүріп Терістік Үстірттің Тасастау – Қайнар дөңі маңындағы таудан шығып, соқыр тәуекелмен елсіз Үстірттің терістігімен тарттық. Арада бір жерде 4-5 құдықтың үстімен, 60 км-ден кейін көп құдығы бар бір суға жеттік. Оның атын білетін ешкім жоқ. “Отызқұдық” деп атадық… Одан өткеннен кейін он құдық болып, кейде 2-3 құдықтан, тіпті одан көп болып, әр жерде жайлаған шымыраулар кездесті. Оларды “Он құдық”, “Торғай ұшқан” деп атап кете бердік. Отызқұдықтан 80-90 км – дей жүргенде, сайдың бойында шымырау құдықтар кездесіп, оның үлкен тас астаудың үстіне тастан көлеңке қалап қойыпты, атын білетін ешкім жоқ. “Көлеңкелі” деп ат қойып, одан әрі күншығысқа баялыш шыққан дөң үстімен жүре бердік. Кейіннен белгілі  болғандай ол жерлер Көлтабан, Мүлкаман, Тассай деген жерлер екен 1…”

Қарап отырсаңыз, 1930-50 жылдар аралығында адам мекендемейтiн меңiреу кеңiстiкке айналып кеткен Үстiрттiң өне бойындағы шымырау құдықтарының бiразының нақты атаулары ұмытылып кеткен екен.

1 «Маңғыстау» газеті, 2003 жыл. 17 мамыр

 

Сөздік мақалалар А-Я

Абай    жер аты; Солтүстік Үстіртте, Сам құмының солтүстік-шығысында, оның Сам сорымен шектесер тұсында. Тұрыш аулының шығыс-солтүстік –шығысында 26 км жерде.

Абсадин    Жетібайдан cолтүстікке 20 км. Бекi аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 13 км жердегi мола.

Абынғазы    қорым, Бекi аулының оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытында 21 км жердегі Шұқырой алқабында

Абыл    Опорныйдан оңтүстікке 63 км

Абылайқажы    Қалнияз Шопықұлының «Ер Қармыс» дастанында кездеседі:

Түрікпендер жорыққа шығып,

Сайрап жатқан жолменен

Күн-түн қатып келеді,

Құбашыңға келеді,

Абылайқажы басында

Бір қараны көреді

Дастан мәтiнiне қарағанда, бүгiнгi қарақалпақ жерiнiң Үстiртке қараған бетiнде болуы мүмкiн.

Агиске    құдық, 1931 жылғы Адай көтерiлiсiне қатысты деректерде кездеседi: “Қарабатыр Қаралдаұлы мен Өткелбай Батынұлы басқарған көтерiлiсшiлер өздерiнiң қарауындағы ауылдарын Үстiрттiң батыс бетi арқылы Қайдақ соры мен Тұзбайыр сорының түстiк батыс мүйiсiнiң арасындағы “Ағашты” және “Агиске” құдықтарына әкелдi…”.  Яғни, бүгiнгi Маната маңы болуы тиiс. Жер-су атауының дұрыс айтылуы “Ақешкi” болуы мүмкiн.

Ағашты    құдық, Қайдақ сорының оңтүстік-шығыс шеті мен Тұзбайыр соры аралығында. 1931 жылғы Адай көтерiлiсiне қатысты деректерде кездеседi: “Қарабатыр Қаралдаұлы мен Өткелбай Батынұлы басқарған көтерiлiсшiлер өздерiнiң қарауындағы ауылдарын Үстiрттiң батыс бетi арқылы Қайдақ соры мен Тұзбайыр сорының түстiк батыс мүйiсiнiң арасындағы “Ағашты” және “Агиске” құдықтарына әкелдi…”.

Ағашты    алқап, Таулы Маңғыстауда, Шығыс Қаратаудың күнгей бетіндегі Онды ауылы маңында. Сөз төркіні: бұлақты жерде өскен ағашқа байланысты қарапайым топоним болуы мүмкін, дегенмен “ты” формантының болуына қарап, орта ғасырлық этноним болу ықтималдығы да жоққа шығарылмайды. “Ағашты-Шилі” деп те аталады. Бұл жерде кезінде “Жаңақорған”, “Қызылқорған” колхоздары болған. 1928 жылы 8 маусымында  Маңғыстау ауданы құрылды. Осы аудандастыруға дейінгі 12 болыс, 98 ауыл негізінде 1928 жылы 17 ауылдық кеңес құрылды. “Бірлік күш”, “Жыңғылды”, “Ақырап”, “Алғабас”, “Қызыл қорған”, “Қызыл таң”, “Жаңа қорған”, “Екпінді” колхоздары ұйымдастырылып, 1933 жылы ауданда колхоз саны 18-ге жетті.

Оның былай қасында:

Ағашты, Шонжы, Оңды бар,

Шоң деген судың басында

Құрманалы хазiрет

Мешiт салған Қоңды бар,

Одан әрi жүрсеңiз,

Өңеже мен Шилi бар,

Бұрынғы өткен қарттарда

Нендей дана, милы бар…

 

Ағаштыкент    жер аты, Бозашы түбегінің солтүстік бөлігінде. Нақты орны анық емес.

Ағеспе жар    микротопоним, жар. Таулы Маңғыстауда, Жыңғылды аулы қасында, Т.Шевченконың осы жер бедеріне қатысты салған суреті бар, мұнда ол “Агеспеяр” деп қате жазылған. Сөз төркіні: әуел баста сол маңда “Ақеспе” (еспе – тайыз құдықтың түрі) деген құдық болып, жарлы жер бедері соған байланысты аталып кеткен.

Ағырмақ    Қызаннан солтүстік-шығысқа 60-65 км, Балдар қорымынан солтүстік-шығыста 12 км

Адам өтпес    арал, Қайдақ шығанағында кезінде осындай арал болған (бүгінде бар-жоғы туралы мәлімет жоқ). Орны туралы нақты мәлімет жоқ.

Адамтас оты    теңіз жағалауындағы бағдаршам (маяк) және теңіз мүйісі, Темір-бабадан оңтүстікке қарай 45 км жерде

Ажырықтыой    Қызылсу аулынан оңтүстік-шығыста 17 км, Сенектен солтүстік-шығыста 22 км жердегi құдық. Осы құдықтан бастап солтүстік-батыс-оңтүстік-шығыс бағытында 9 км-ге созылған алқапты да осылай атайды.

Азынағұл    Бейнеу ауданының Қарақұм өңiрiнде. Мынадай үзiндi дерек бар: “Үстiрт үстi, Сам, Қарақұм өңiрлерiнде атақты адамдарға арналып ас берiлген. Жары Тастемiрге Тасастау-Қайнарда, Тобыш Қожаназарға Жем өзенi бойындағы Ақкиiзтоғайда, Қырықмылтық Қарабасқа Оймауытта, Жеменей Сейiт биге Үстiрттегi Шаңқалада, Жары Сүйiнғара батырға Мұқырда, Жеменей Жолболдыға Қарақұмның Азынағұл деген жерiнде, Бабық Мыңбайға Уәлiде, Шегем Жарылғасқа Сам құмында, Өмiр Қыдырұлына Тасастау-Қайнарда ас берiлген”.

Айбүгір-Жандауыр    жер аты, Қолтықтағы Өмірзақ жеріне таяу тұста делінеді.

Айғана    алқап. Бозашы түбегіндегі (Тұщықұдық шаруашылық жерінде) шабындық ретінде пайдаланылып жүрген алқап

Айғыр    қорым. Ақтау-Қаражанбас жолының 70-ші км-нен батысырақта 2 км жерде.

Айғыржол    төбе (156 м), Таушық аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 9 км жерде, Ембi жотасының оңтүстік бетiнде.

Айгурлы    Таушықтың оңтүстігінде 10-15 км

Айғырлы    қорым, Ақтау-Қаламқас жолының батыс бетiнде, 70-шi км, Шат сайының ернегiнде.

Айғырұшқан    жер аты, Үстіртте темір жолдың шығысында.

“Қазiр Айғырұшқан-Терең жерiнде отыр”.

Айдай    жер аты, Ақшұқыр аулынан солтүстік-шығыста 23 км жерде.

Айдар моласы    Үстiртте, Қарабаян төбесiнiң үстiнде (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Айдарұшқан    Үстiрттегi алқап, қорымдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Айдарқарабас    Үстiрттегi алқап (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Ажар    құдық, Жармыш аулынан солтүстік-шығыста 14 км, 12 разъезден шығыста 8 км жерде, темір жолдың оңтүстік жағында.

Ажар    мола, Бозашы түбегiнде, Тиген аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 23 км жерде.

Ажар моласы    Шебірден оңтүстік-оңтүстік-шығыста 20 км

Ажы    жер аты; Үстіртте, Ұштағанның шығыс терістігі. Сөз төркіні: ажы (аджи) – суы кермек, ащы болып келетін құдыққа байланысты шыққан атау.

Ажырықты ой    алқап; Үстірттегі жер аты. Жазықтың көзге көрінердей ойпаңдау алқабы. Ажырық – шөлейт жерде өсетін тамыры терең аласа шөп.

Ажырықты ой    алқап, Қызылсу аулынан 25-30 км жердегі Сақар тауының етегіндегі ой. Ажырық – шөп атауы.

Азнағұл    Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Орал жолы:

Форт-Александровск – Қаңға-баба (25) — Қыштым (15) — Үдек (25) — Таушық (20) – Төріш (25) — Қарашымырау (10) — Ақмыш (30) — Жармыш (25) — Саура (10) — Тамды (30) — Жаңғысеспе (60) — Маната (20) – Бөгерстем (15) — Өтес (30) — Ешкіқырған (35) – Бәйті (15) – Уәлі (15) – Тәңке (30) — Қожақамар (35) — Бесбұлақ (20) — Тұздыорпа (80) — Шабайүдек (20).

Адайдың көш жолы.

Қаңғы — Түбіжік — Үдек — Тарталы — Ұланақ — Жыңғылды — Тұщыбек — Шетпе — Аусары — Күркіреуік — Қаратүйе — Өтес — Ешкіқырған — Қатша – Тәңкі — Қосқұлақ — Манашы — Күйкен — Алтықұлаш — Азнағұл — Қарашүңгіл — Жібін — Бақашы (600 шақырым).

1915-17-жылдарғы мәлімет бойынша: (254-255-бб)

Аймамбет    жер аты, Үстіртте. Басқа мәлімет жоқ.

Айман (Айпан)    алқап, сай, Солтүстік Ақтау жотасының солтүстік беткейiнде, Шетпеден 22 км, Тигеннен оңтүстік-шығыста 20 км жерде.

Айназар әулие    қорым; Қараған түбекте, Аташ кентiнiң шығыс жағында 4 км жерде, Шүйлi сайының басталар тұсында. Айназар  Бәубек руынан шыққан, қасиетке ие әрі атақты аңшы болған кісі.

Айрақты    тау-төрткіл; Үстірттегі Өлі Қолтық шығанағына сұғына кіріп жатқан шағын түбек (теңіз деңгейі жоғары болған жылдары аралға айналады), оны “Жаманайрақты” деп те атайды. Бейнеу кентінен батыс-оңтүстік-батыста 120 км жерде

Аралбай Оңғарбекұлынан қалған мынадай өлең жолдары бар:

Айрақты, Татан – екі тау

Қияқты, Сасық – екі тау

Қияқты салдың бір мешіт

Сасық салдың бір мешіт.

Жазба құжаттарда 18 ғасырдың екiншi ширегiнен бастап кездесе бастайды. 1741 жылғы капитан Г.Тебеновтiң Маңғыстаулық түрiкпендер арасында болған сапарына байланысты жазбаларында: “Кайсаки де к нам по всякий год подбегают и скот отгоняют, иногда и людей наших полонят, понеже де наши трухменцы сидят в разных местах, точию де всегда имеют на Ираклинских горах к Мертвому Култуку караул, и, когда к нашим местам кайсаки собранием приближаться будут, тогда де караульные о том возвестят, и от того кайсацкого нападения трухменцы збираются на высокую гору”.

Айрақты    монолит-тау; Шетпе кентінен солтүстікке 10-15 км жерде. Табиғат ескерткіші. Таудың теріскей жағы үлкен саймен тілімденген. Сөз төркіні: ортағасырлық ереклі (айрақты) этнонимінен шыққан. Тектес мысалдар: Эрек – салор руының бөлiмшесi, Эрекли – солтүстік Балқан даласындағы ауыл.

Айрантақыр    алқап, Жетібай кентіне жақын маңда, Бекі аулының оңтүстігінде 20-22 км жерде. Өзен-Жетібай мұнайлы территориясындағы осы жерде 1991 жылы қарашада мұнай кен орны пайдалануға берілді.

Айрыстау    төбе (12 м), Бозашы түбегінде, Тигеннен солтүстікте 16 км жерде.

Айт    алқап, Шетпе маңында, Шақырған ойының оңтүстік тұсында. Осы жерден марганец кені табылған.

Айткөкше    Тасымбаевтар Қызылтұран жерiнде жылқы бағады. Суы — Ондының көзi, жайылысы — Ондының алды, Қаратау, Бос су. Қыс болса Қарақыз, Айткөкшенiң түбегi.

Айтман    құдық, Үстірттің орталық бөлігінде, Қараған-Босаға шығар тұсынан шығыста 50-60 км жерде. Сол жердегі бір қауымда Айтманның (Айтыман) кесенесі де бар. Оны 1824 жылы Артық Қожаниязұлы деген шебер қалаған, ал құдықты қазған Қараш (адай руының iшкi тарамы) Бейнеубай деген кісі. “Айтман су” деп те, терiстiк бетiндегi басқа құдықпен қосарлап “Айтман-Бабас” деп те атай береді.

Айтман    Айтмансу жері. Үстірттің оңтүстік-шығысында

Айтман-Бабас    Айтман және Бабас мақалаларын қараңыз.

Айту    Үстiрттегi құдық (“Есен-қазақ” мақаласын қараңыз).

Айымбет    Шетпеден шығыста 13 км

Айымбет    қорым, Ақтау — Қаражанбас трассасының 60-шы км-i тұсында, солтүстік-батыс бетте 2 км жерде.

Айымбұлақ    бұлақ; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан шығыста 25 км жерде, Қаңға баба сайы алқабындағы Қарагөз зиратының маңында. Қарагөз – сол зиратта жерленген қыздың аты болса, Айым – сол қыздың әкесінің аты.

Айыртам    қорым, Онды аулының шаруашылық жерінде, басқа мәлімет жоқ

Айыртөбе    қыстақ, алқап; Бозашы түбегінде, Қызан-Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Айыршағыл    құдық; Бейнеу ауданында, Опорный темір жол стансасынан оңтүстік-батыста 30 км жерде, Қарақұм массивінің оңтүстік аумағындағы, құм ортасындағы құдық.

1949 жылы құдықшылар бригадасы Қарақұм бойынан Бөкен, Тортай, Алтықұлаш, Бұғабай, Шеркешқұдық, Құлжан, Айыршағыл, Есентемiр, Қарамендi, Сығай, Шемшер, т.б. жүзден аса шөппен, бұта, қарағай, тақтай, таспен шегенделген құдықтарды қазды.

Ақаяқ    алқап, Қайдақ сорының жағасында, Жармыш аулынан солтүстік-шығыста 35 км жерде.

Ақбала    жер аты; Маңғыстау ауданы, Ақшымырау аулының шығыс-теріскейінде

Ақбала    Красный Долгинецтен солтүстік-шығыс-шығыста -93 км

 

Ақбала    Шебірден солтүстік-солтүстік-шығыста 30 км

 

Ақбас    жер аты; Таулы Маңғыстауда , Жыңғылды-Ұланақ аумағында, нақты орны анық емес, тек үзінді – Ұланақтың алдындағы Ақбас, Қызылжол, Қоңырой жерінде жайылыста болып, көздеп тұрады екен. Сол кісі жүріп тұрған Бәйтілеу жолы әлі күнге солай аталады. Шығыс бетіндегі Қаратұранның түпсіз аңғар жарығы бар. Сол аңғар жарық Бұзықтамға дейін 10 км-ге созылады деседі. Қаратұранның үстінде көлемді су қоймасы болған.

Ақбас    жер аты, шабындық.

Ақбастың құлауы. Сұлутөрткүл маңайы. Ақбастан құлаған жол Өнереге қарай..

Осы Қарынжарық құмынан өте бере … Қарамая, Көгесемге дейiн созылып жатқан Кендiрлiнiң соры басталады. Сор басталар жерде -атақты Өнеренiң бұлағы. Суы ащы. Жер астынан шығып, қайтадан жер астына кiрiп жатқан су.

Жолымыз қайтадан Қарынжарық құмын кесiп өтiп, Сақсорқаның құмын жағалап, Аққұдыққа бет алу. Осы жерде, Ақбастың құлауынан 4-5 км қырқаның етегiнде Құрмаштың үңгiрi бар.

Сұлутөрткүлден… бiз ендi Құрмаш бұлағына, одан әрi Ақбастау бұлағына жетiп алуымыз керек… Құрмаш бұлағына бара алмай, Ақбасқа жетiп алғанымызды жөн көрдiк.

Ақбұлақ    бұлақ, Жармыш аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 18 км жерде, Шығыс Қаратау жотасының солтүстік беткейiнде.

Ақбұлақ    Байгiсiұлы Тәшен, 1856 жылы туған. Жасы елуден асқанда әкесi Байгiсiге, шешесi Ақкемпiрге Ақбұлақ деген жерде ас берiптi.

Ақбұлақ    бұлақ; Қарақия ойысының оңтүстік-шығыс беткейінен бастау алады. Жетібай-Құрық темір жол стансалары аралығындағы № 3 темір жол айырымынан батыста 10 км жерде

Ақбұлақ    жер аты, бұлақ. Үстiрттiң Қарнауында, Маната – Сайөтес жолының бойына таяу, Қызылсайға қосылатын ернектен басталатын сай басында, Сайөтес кентiнен оңтүстік-батыста 26 км жерде.

Оның былай қасында:

Жиделi мен Ақбұлақ,

Қыстың күнi болғанда,

Ащы судан iше алмай,

Мұз ояр елi шапқылап,

Оның былай қасында:

Үдек, Мiнер суың бар,

Мiнер судың басында

Қалың қамыс нуың бар..

Ақбұлақ    жер аты; Үстірттің солтүстік-батыс ернегінде, нақ орны анық емес, тек үзінді – ол уақытта Хасарлы (Каспий) теңізі Маната, Ақшабас, Айрақты, Бесегөз-Тәңке, Ақбұлақ-Күйкен, Байкүшік, Бейнеу, Түйемойын-Шаппа, Маңсуалмас-Есет шыңдары мен жағалауларына соғып жатқан. Сүйінғара батыр Борқұдық, Бесегөз-Тәңке тұсында Ысық Ақпан батырдың мүрдесін алып келе жатқан адамдарға кездеседі. Соған қарағанда, Ақбұлақ-Күйкенұшқан төрткүлі маңында болса керек.

Ақеспе    жыра, Ақтау-Қаламқас жолының батыс бетi, Таушық аулынан солтүстік-шығыста 17 км, Шайыр аулынан солтүстік-батыста 29-31 км жерде.

Ақеспе    алқап, Маңғыстау ауданы, Шайырдың шаруашылық жерінде, басқа мәлімет жоқ.

Ақеспе    жер аты. Өскiнбай ақынның;

Аққауым мен Керзi бар,

Ол тарихта қалған жол екен,

Онда қала салған жерiң бар.

Аққауым мен Керзi Қаратау бойындағы Ұланақ, Ақеспе, Қарқын және Керзi бұлақтарының маңында

Оның былай қасында

Қосойық пен Еже бар

Қарақұм мен Қызылжар

Өмiрзақ пен Ақеспе

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар

Қаражалшы, Ақшұқыр

Хажы болып Машырық

Медресе, мешiт салдырып

Бала оқытып жақсы тұр..

 

Ақеспе    Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскіден Красноводскіге апаратын жол:

Форт-Александровск – Сақақұдық – Түлкілі — Қаражалшы –Қошқар-ата – Ақеспе – Саржа – Ұлықұй – Қожаназар – Тамшалы – Кендірлі – Темір-баба – Қаңжақ – Қосаджы – Ащықұй — Қарасеңгір – Дүлдүл-ата – Тасқұдық – Кендірлі – Красноводск (580 шақырым)

Форт-Александровск — Красноводск жолы:

Форт-Александровск – Сақақұдық (35) – Саура (25) – Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) – Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) – Ақеспе (10) – Салкөк (25) – Қажыназар (18) – Көктам (15) – Кендірлі (50)- Темір-баба (30) – Қосаджы (25) –Қарашымырау (75) – Қарасеңгір (30) – Қалпе-ата (15) – Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) – Қараболатеспе (18) – Қарақұдық (20) – Қарабақсы (15) – Есенкөл (7)

Ақкетiш    Қалша-Жеменей Саматтың баласы, Барақ қырдың Ұзын су – Ақкетiшiндегi шыңның басында.

Аққұс    немесе Аққұс-Шөжік, жер аты. Үстірттен ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін, бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрібас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға т.б..

Ақжал    алқап; Бозашы түптегі Қызан мен Ақшымырау аулынан батысқа қарай 30 км жерде, осында Жарылғас әулиенің бейіті бар. Аңыз бойынша қайтыс боларының алдында Жарылғас сол маңдағы Ақжал, Кіндікті, Үштөбе, Ойық, Домалақ ойық, Тас ойық, Жырма ойық деген жерлердегі биік төбелерді асасын лақтыру арқылы өлшепті, өлгесін оның денесі өлшенген төбелердің ішіндегі биігі Ақжалға қойылған делінеді. (А.Тұраров. Жаңа өмір, 11.08.1993).

Ақжар    жер аты, Маңғыстау ауданы, Жармыштың шаруашылық жерінде

Ақжол    алқап, Сенектен шығыс-оңтүстік-шығыста 18 км жерде.

Ақжол    құдық; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 22 км жерде, Ақташ қорымының оңтүстік-батыс жағында.

Ақжол    тау (277 м), Ембi жотасының шығыс бөлiгiнде, Таушық аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 13 км жерде.

Ақжігіт    елді мекен; Үстіртте, Бейнеу ауданында, аудан орталығынан оңтүстік-шығыста 55 км жерде, темір жол бойында. Ақжігіт ауылдық кеңесі 1969 жылы 25 наурызда құрылған.

Ақжігіт    Ақжігіттен солтүстік-батыста 3 км

Ақкентік    бұлақ; Көлеңкелі тауының батыс беткейінен басталады.

Ақкетік    қыстақ; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстік 10 км жерде. Оңтүстiк жағынан Үлкен Ақкетiк сайы кесiп өтедi, қыстақтан солтүстік-шығыс жағында Өтебайдың моласы бар

Оның арғы қасында:

Ақкетiк пен Қала бар,

Тауыменен өрлесең,

Қарасу мен Саназар,

Ақсу, Қолмыш және бар,

Ақкетiктiң қасында:

Жаңақала – Маяк бар,

Патша құрық салғасын,

Қай пендеде дәйек бар?..

Ақкетiк    алқап, Тиген аулының солтүстік-батыс шетi.

Ақкиізтоғай    жер аты; Атырау облысының Жылой ауданы жерінде. Осылайша, аталуы Жаңайұлы Қожаназардың ас мерекесінің салтанатына сәйкес ханды ақ киіз төсеп, аяғын жерге тигізбей, алып жүрген. Соған байланысты байланысты шыққан (Сайын Назарбек).

Ақкөл    алқап; Форт-Шевченко маңындағы тұзды ой.

Ақкөл    алқап, Бозашы түбегi, Тұщықұдық өңiрiнде

Àқкөт    құдық; Басқұдық құмында (Ұштағанның шаруашылық жерінде)

Ақкүп    көне бөген; Ақпан тауынан шығыста 6 км жерде, Жабайұшқан қырының шығыс ернегiнiң етегiнде

Аққабақ    жер аты; Аққабақ-Жетітөбе деп те аталады. Орны туралы дерек жоқ, тек Дәулеталы Дарқанбайдың баласы Аққабақ Жетітөбенің, Бүгілдің ойына егін салған деген газеттік мақалада берілген қысқа дерек бар. Бұл жерде Аққабақ адамның аты ма, әлде Аққабақ- Жетітөбе деген алқаптың аты ма? – ол белгісіз.

Аққауым    жер аты; Өскiнбай ақынның;

Аққауым мен Керзi бар,

Ол тарихта қалған жол екен,

Онда қала салған жерiң бар.

Аққауым мен Керзi Қаратау бойындағы Ұланақ, Ақеспе, Қарқын және Керзi бұлақтарының маңында

Аққауын    Жыңғылды мен Қарқын бар,

Балдағы алтын ақ болат

Суырсаң жауға жарқылдар,

Одан былай қасында:

Тұщыбек пен Бесбұлақ —

Жайылып жатқан тауында

Таушы баққан ешкi-лақ,

Оның былай қасында:

Аққауын мен Керiз бар,

Аңыз қылған айтулы

Қала салған жерiң бар…

Аққой (Ақой)    жер аты; Үстірттің батыс ернегіне жапсарлас аймақта.

Аққойын    жер аты; Солтүстік Үстіртте.

Аққоңыр    алқап, Батыс Қаратау жотасының батыс жағында, Жыңғылды аулынан солтүстік-батыста 16 км жерде.

Аққора    аңғар, Форт-Шевченкодан шығыста 75 км жерде, Таушықтан батыс беттегі Үдек құдығы маңында.

Аққорған    жер; Таулы Маңғыстауда, Шайыр аулының аймағында.

Аққорған    төбе (293 м), Шетпе кентiнен батыс-оңтүстік-батыста 11 км жерде, Оңтүстiк Ақтау жотасының биiк жерi.

Аққорған    Шақпақ-атадан үш шақырым жердегi Жалбарт тауының Қаракеуек деген жерiнде. Жалбарт деген таудың алқабы iшiнде Аққорған, Шилiқұдық, Қаракеуек, Сәуiт сай, Сарыкеуек деген жерлер бар. Сол алқаптың аяғында Шақпақ-ата қауымы бар. Аққорған деген бөлек таудың баурында жаугершiлiкте өлген адамдардың сүйектерi топырақпен араласып жер бетiне шығып жатыр.

Аққотан    Үстiрттегi құдық, Ералы өңiрiнiң батыс жағында, Айтман құдығынан шығыста 24 км жерде.

Аққот    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста  3 км жерде

Аққуыс    құдық; Үстірттің етек тұсы, Бекет-атадан солтүстік-батыста 15 км жерде. Аққуыс – Үстірттен Маңғыстау ойына түсетін санаулы жолдардың бірі.

Аққұдық    қыстақ; Бозашы түбегінің солтүстігінде (Ортаеспе-Керелде), Қаламқас мұнайшылар кентінен батыста 22 км жерде. Қыстақтың батысында (6 км), теңіз жағасында Аққұдық құдығы да бар.

Аққұдық    құдық; Сарытас шығанағының жағалауында, Таушықтан солтүстік-солтүстік-батыста 17 км жерде.

Аққұдық    Аққұдық-Мақышбайға жетiп алуға асықтық… Қаңбақты сайдың батысындағы құм шоқы Шолақтамға кiшкене аялдадық. Аққұдыққа қонып, ертесiне Нұрбибi қорымдығына соқтық. Нұрбибi — түрікпен қызы, өте қасиеттi болған деседi.

Аққұдық    алқап; Оңтүстік Үстіртке таяу маңғыстаулық жер. Жаңаөзеннен шығыс-оңтүстік-шығыста 110 км жерде.

Аққұрық    құдық; Орталық Үстіртте, Бекет-ата-Оғландыдан шығыста 58 км жерде. Солтүстік Ақтау жотасының Қошақ шығанағы тұсында бөлігі (тұспал)

Аққысаң    Қызылтұранға, Аққысақ, Қаражусанды ойға күн жауыпты. Қаражусанды ойды көл шайыпты.. Алдында Қызылтұранның Қызылкерегесiндегi котлован…

Бекi-Жетiбай аймағы.

Аққысаңнан, Қарашажы мен Қасқырсай арасынан, Сәубеттегi шағылыс пунктi қасынан, қалғанын Жетiбай дөңi мен Шалуа жақтан…

Ақмая    жер аты, орны белгісіз. Тек үзінді дерек: зерттеушілер… Айрақты, Жығылған, Ақмая жерлерінен, сондай-ақ Қособа, Қарамола, Бекет-ата, Сисем-ата, Қараман-ата, Бесбұлақ қауымдықтарынан композициясы және сюжеттері жөнінен тамаша суреттер тапты.

Ақмая    тау жотасы, Солтүстік Ақтау жотасының бiр бөлiгi, ұзындығы 10 км, Шайыр аулынан солтүстік-солтүстік-батыста 18-24 км жерде, Ақтау-Қаламқас жолының шығыс жағындағы Ақтаулар.

Ақмешіт    жер аты; Орталық Үстіртте, Айтман судың солтүстік-шығысында 22 км жерде; биіктігі 290 м-лік биік төбе.

Ақмешіт    жер аты; Атырау облысында, Құлсарыдан 70 км жерде. Осында Бекет-атаның әке-шешесі, туысқандары (атасы — Жаналы, әкесі — Мырзағұл, шешесі – Жәния, баласы — Тағай) жерленген. Бұдан бірнеше шақырым жердегі бел үстінде Құлшан әулиенің бейіті бар.

Ақмола    Тигеннен солтүстік-батыста 15 км

Ақмола    Ондыдан солтүстік- шығыста 20-25 км

Ақмола    Жыңғылдыдан оңтүстік- оңтүстік- шығыста 28 км

Ақмола    қорым: Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 48 км, Ащымұрын мүйісінен оңтүстік-батыста 26 км жерде

Ақмола    Самнан солтүстік-шығыста 197 км

Ақмола-2    қорым; Қараған түбекте, Ащымұрын мүйісінен оңтүстік-батыста 4 км жерде

Ақмола    қорымдық, Жармыш аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 7 км жерде.

Ақмола    мола, Тиген аулынан солтүстік-солтүстік-батыста 7 км жерде.

Ақмола    Опорныйдан оңтүстікке 25 км

Ақмулла    Тұщықұдықтан оңтүстік-батыста 14 км жерде

Ақмолалы    алқап; Үстіртте Маңғыстау ауданы, Ұштағанның шаруашылық жерінде.

Ақмолалы    жер аты; Қызылтөбе елді мекені қасында. Бұрын осы жерде көрікті аппақ түсті мола болыпты, кейін №1, № 2 карьерлердің астында қалыпты.

Ақмолда    қорымдық, Бозашы түбегiнде, Тұщықұдық аулынан 13 км жерде.

Ақмыш    алқап; Таулы Маңғыстауда, Шетпеден 17 км жерде, Шайыр бағытына қарай жүрген жолдағы сулы сай, ағаш егілген территория.

Ақмыштау    төрткүл-тау; Шетпе аймағы, Айрақты тауының терістігіндегі шағын монолит-таулар, табиғат ескерткіші. Айыртүйе, Ақмая, Шолабай деген үш таудан тұрады.

Ақой    алқап; Үстіртте (Маңғыстау ауданы), Ұштағанның шаруашылық жерінде Сайөтестен 18 км жерде.

Ақой    алқап; Маңғыстау ауданы, Ақшымыраудың шаруашылық жерінде. Басқа мәлімет жоқ. Ақой-Қызық деп қосарлана аталуына қарағанда…

Ақойық    Бейнеудiң терiстiк бетiндегi құм жиегiнде. Қосқұлақ Амантұрлының бейiтi, Ноғайты бұрын Сисенбай деп аталған, Сисенбай – ноғай молдадан оқып, бала оқытқан, мешiт салған бiлiмдi кiсi. Ноғайты өңiрiнде Қасқыр iшкен, Тасқұдық, Қырыққұдық, Көң шыңырау, Ақойық, Терiскендi, Кiлжан, Балапан аталған жер аттары бар (Жауғашты Нәренбайұлы. Болашағын ойлаған ауыл – Ноғайты. Маңғыстау. 2003. 11 қараша).

Ақорпа    Қызаннан солтүстікке 25 км

Ақорпа-1    алқап, құдық. Бозашы түбегінің  терістігінде, Қызан аулынан солтүстік-солтүстік-батыста 40 км жерде. Ақорпа-Өжен деп те аталады.

Ақорпа -2    құдық, Үстіртте, Бейнеудің ойында

Ақорпа -3    құдық, Үстіртте, Бейнеу ауданының оңтүстік аумағында

Ақорпа    құдық, Бозашы түбегiнде, Тиген аулынан батыс-солтүстік-батыста 12 км жерде.

Ақорпа    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан шығыс-оңтүстік- шығыста 27 км жерде, Тышқанқұм масивiнiң шығыс бетiнде.

Ақорпа-Өжен    Ақорпа-1 мақаласынан қараңыз

Ақотау Акутау    төбе (-38 м), Тигеннен батыста 12 км жерде.

Ақотты Нар    алқап; Үстіртте. XX ғасырдың басында Қараш руының бір атақты құдықшысы осында алты ай жатып шыңырау қазыпты. Жұмыс аяқталса керек. Әлден уақытта құдықшы төменнен арқанды жұлқып, сыртқа шығарыңдар деп белгі береді. Белгі үсті-үстіне қайталанады. Құдықшының өйткен себебі, құдықты қазу кезінде кенет ашылып кеткен көзден бұрқыраған су толып барады екен. Енді болмаса, суға кетуі кәдік. Асығып, абдыраған сырттағылар тұсауымен ұзаңқырып кеткен бас белгі нардың орнына жақындағы нарды ұстап шығырға жегеді. Құдықшыны тартып шығарып келе жатқанда, нар үркіп, құдықшы тасқа соғылып мерт болады. Содан Аққотты-Нар атанып кетеді. Осы хикая негізінде кейіннен Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесін жазған.

Ақотты    жер аты, Үстіртте, Түпқараған ауданына қарасты шаруашылық жерінде.

Ақоян    алқап, Үстіртте, Бейнеу ауданының оңтүстік аумағына кіреді.

Ақпан    Қызаннан солтүстік-батыста 33 км

Ақпан -1    жер аты, солтүстік Үстіртте.

Ақпан -2    жер аты, Солтүстік Үстіртте.Таз руынан шыққан Ақпан батырдың атымен аталған делінеді, оның бейіті осы тұста.

Қашағанның дастанындағы:

Ақпан деген — қарт батыр,

Ер басына қоса атты,

Жетелетiп жүргiздi,

Жауға мiнер бос атты

Немесе:

Бес жүз әскер — ауыр қол

Бастығы — Ақпан батыр сол

Көптi көрген көнеге,

Қараңғы тұман ол жүрсе,

Табылады екен сара жол

Ақпан -3    жер аты, Үстірттің етек тұсына жақын жерде, Бекет-атадан батыс-солтүстік-батыста 22 км жерде.

Ақпан -4    тау; Сеңгірқұмның (Қарақия ауданы) оңтүстік-шығысында, биіктігі   — 224 м. Ақпан сорынан оңтүстік-шығыста 4 км жерде, Сенектен солтүстік-шығыста 47 км, Қызылсу аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 37 км жерде. Жабайұшқан қырының оңтүстiк ернегiнде.

Ақпан    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 11 км жерде, құм ортасында. Құм да осылай аталады.

Ақпан -5    Қызылсу аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 28-34 км жерде, Сенектен солтүстік-шығыста 43-45 км жерде батыстан шығысқа қарай

9 км-ге созылып жатыр. Сеңгірқұмнан оңтүстік-шығыста;

Ақпан -6    құдық; Сеңгірқұмнан шығыста 1-2 км жерде. Ақпансордың терiстiк жағында 3 км жерде.

Ақпанның құмы    құмды массив; Аты Адайдың немересі Ақпан есімімен байланысты болуы мүмкін жорамал бар (Қ.Сүлейменов)

Ақпан үйігі    жер аты, Үстіртте, Сам құмының шағырлы бетіндегі бір төбе. Аңыз оны Адайдың немересі Ақпандікі дейді (Қ.Сүлейменов. Жаңа өмір, 21.12.1991).

Тасастау-Қайнардың Доңызтау жағында Ақпанның үйігі деген орын бар. Ол – Келінберді Ақпаны үйген үйік (Е.Жаманбаев, Жаңа өмір, 10.03.1993).

Ақсай    құдық; Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс шекарасында, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының шектескен тұсында, Үстірттің солтүстік ернегі мен Тоқсанбай өңіріне таяу тұста.

Ақсай    алқап; Қараман-ата қорымынан 6-7 км жердегі суы бар сай.

Ақсай    сай; Үстірттің батыс ернегіндегі терең шатқалды сай, Оғландының солтүстік-шығысында 5 км жерден басталады.

Ақсай    құрғақ сай, Солтүстік Ақтау жотасының терiстiк беткейiнде, Шайырдан солтүстікке 20-24 км, Тигеннен 20 км жерде.

Ақсексеуіл    өңір; Оңтүстік Үстіртте, Кендірлі ойысына және түрікпен шекарасына жақын аймақ. Биік жері — Қыземшек үйігі (188 м).

Ақсексеуіл    алқап; Оңтүстік Маңғыстауда, Көгесем тауының маңында.

Ақсеңгiр    тау (181 м), Оңтүстiк Ақтау жотасының Шақырған ойына қараған бетiнде, Жыңғылды аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 23 км жерде.

Ақсиыртау    тау (330 м), Солтүстік Ақтау жотасында, Шетпе кентiнен шығыс- солтүстік-шығысында 17 км, Жармыш аулынан солтүстік-батыста

10 км жерде.

Шығыс Қаратау, Жармыш-Аусары жақта болуы керек. “Сонда Жармыштан Аусарыға жаяу келемiн. Шағаның Ақсиыр жағында шайтан көп, Қарадиiрменде перi бар дейдi. Осы перiлер Қожағұл Бақтыбайға талай кездескен. Бақаң сұпы болғасын ештеңе жасай алмаған”.

Ақсан (Ақсын)    Бұрыншық аулынан оңтүстік-батыста 3 км

Ақсын    Бұрыншық мүйісінен оңтүстікке -12 км

Ақсиін    қорым; Бозашы түпте.

Ақсиін    жер аты; Маңғыстау ауданы, Шайырдың шаруашылық жерінде

Ақсор    тұйық ойыс, Жетiбай кентiнен шығыста 15-20 км жерде.

Ақсу    жер аты; Қараған түбекте.

Оның арғы қасында:

Ақкетiк пен Қала бар,

Тауыменен өрлесең,

Қрасу мен Саназар —

Ақсу, Қолмыш және ба,

Ақкетiктiң қасында:

Жаңақала – Маяк бар,

Патша құрық салғасын

Қай пендеде дәйек бар?..

 

Ақтайлақ    жер аты; Үстіртте

Ақтал-Беркел    алқап; Бейнеу ауданының Сам-Қарақұм өңіріндегі жер

Ақтам    Жыңғылдының оңтүстік-оңтүстік-батысында 23 км

Ақтам -1    қорым; Баутиннен солтүстік-солтүстік-шығыста 25 км жерде (Түпқараған ауданы).

Ақтам -2    қорым; Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 22 км жерде.

Ақтам    қорымдық, Жыңғылды аулынан солтүстік-батыста 23 км жерде.

Ақтам    құдық, Солтүстік Ақтау жотасының терiстiк беткейiнде, Шетпе кентiнен солтүстік-шығыста 22 км, Жармыш аулынан солтүстік-солтүстік-батыста 15 км жерде.

Ақтан    Қызаннан солтүстік-шығыста 32 км жерде

Ақтас    алқап; нақта орны белгісіз. 1985 жылдың шілде айында газ конденсатының кені пайдалануға берілген.

Ақтау    биiк (325 м), Шетпе кентiнен оңтүстік-оңтүстік-батыста 6 км жерде, Оңтүстiк Ақтау жотасының Ащыбұлақ аулы тұсындағы сiлемiнде.

Ақтау    қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қаланың аты өзі орналасқан теңіз мүйісінің ақ бордан тұрып (картада Меловой мүйісі делінген) теңіз жақтан қарағанда, биік ақ тау сияқты болып көрінуіне байланысты делінеді. 1959 жылы осы жерде ескі балықшылар жұртының орнында елді мекен салынып, кейін Ақтау деген қалаға айналды. 1964-1990-жылдары Шевченко деп аталды.

Ақтау Солтүстік    тау жотасы; батыста Сарытас-Қошақ шығанағынан бастап, шығыста Үстіртке дейін 170 км-ге (ені 10 км) созылады. Ұзына бойына өзінің тұтастығын сақтайды, тек бірнеше тұсынан қапылармен бөлшектенеді, осы қапылар аралығындағы жота кесінділері өзіндік атауларға ие, батыстан шығысқа қарай — Қаушы, Ембі, Мырзатай, Ақмая, Солтүстік Ақтау және Қасқыржол.

Ақтау    Үстiрттiң батыс ернегiнiң бiр пұшпағы, Сынды және Боғда құлама жолдарының аралығында, Сазды ауылынан солтүстік-шығысында

40 км жерде.

Ақтас    бұлақ, Жармыш аулынан оңтүстік- шығыста 15 км жерде, Шығыс Қаратау жотасының терiстiк беткейiнде.

Ақташ    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 22 км жерде. Жақын маңда Сәубет көне қирандысы мен Ақжол құдығы бар.

Ақтөбе    жер аты; Үстіртте, Қартбайқұм құмды массивінде.

Ақтөбе    елді мекен; Ұштағаннан 7 км жерде; Ақтөбе – Ұштаған аулының екінші атауы.

Ақтұмсық    жер аты; Хасарлы (Каспий) теңізінің жағалауындағы мүйіс, Бозашы түбегінің солтүстік-шығыс шеті. Үзінді – Керел түбегі деген Қаламқас қауымынан Долгийге дейінгі ұзындықты, ені Тұщықұдық құмына қарай созылған 30-40 км-ді қамтиды. Осы Керел терістіктен Хасарлы (Каспий), оңтүстіктен Хасарлыға жіңішкеріп келіп, қосылып жатқан ащы теңіз қоршап жататын еді. Теңіз суы шығыс жағынан Кежі қиылысы арқылы ащы теңізге келетін. Ал батыс бетінен Құлтай-Тереңөзек арқылы және Қаражанбастан өте бере, Қаратұз арқылы Хасарлыдан (Каспийден) ащы теңізге су арқылы келетін. Долгий мен Ақтұмсықты айналып өтіп теңіз суы Қожыққа (Қошаққа) шабатын кездері де болған.

Долгий деп орыстар атаған. Қазақтар болса бұл жерді ағаш өскендіктен, Жыңғылды деп кеткен. Ақтұмсық-Жыңғылды деп те атайды, өйткені Ақтұмсық дегені сол Жыңғылды жеріндегі ақ қайраңның көрінісі.

Ақтұран    құдық: Таулы Маңғыстауда, Шақырғанның ойындағы Жарыптүскен өңiрiнде, Шетпе кентiнен темiржол бойымен жүргенде, оңтүстік-батыста 20 км жерде, № 14 темір жол айрығы маңында.

Ақтұрық    Жаңаөзеннен оңтүстік -шығыста 215 км жерде.

Ақтыкенді    Жанкелдиннен батысқа 20 км

Ақүйік    Шетпеден оңтүстік-шығыста 17 км

Акциорпа    Тигеннен солтүстік-шығыс-шығыста 47 км

Ахоюг    Ондыдан оңтүстікте-7 км

Ақүйік    жер аты, мола, Шетпе кентiнен оңтүстік-шығыста 18 км, Онды аулынан 9 км жерде.

Шетпе-Ұштаған жолының бойында орналасқан зират сипатынан шыққан. Мұнда Есенұлы Оразалы деген кісінің Тәжі есімді көрікті әйелі жерленген.

Ақүйік    жер аты; орны белгісіз. 1853-жылы тоғыз ауыл шабылғанда (Нұрым ақынның осы аттас дастаны да бар), осы жерде Төленді, Ықылас батырлар қол жинайды (Т.Ерниязов. Көрпе Әлмен батыр хақында. Жаңа өмір, 27.05.1994).

Ақүйік    мола, Таушық аулынан солтүстік-батыста 20 км жерде.

Ақша    құдық; Бозашы түбегінде, Қызылқұмда, Тұщықұдық аулынан батыста 13 км жерде, Тұщықұдық-Қияқты жолының бойында.

Ақшабас    жер аты; Үстіртте, Қайдақ шығанағының жағалауында (үзінді – Құлметен, Ақшағыл, Барсай, Сиырқалта, Жалпақ, Ақшабас, Айрақты, Қызылтаста жергілікті жұрт қайық ұстап, балық кәсіпшілігімен айналысқан)

Ақшабас -Айрақты    Үстірттегі Айрақты (Жаманайрақты) алқабы, кейде Ақшабас-Айрақты деп те аталады. (қараңыз: Айрақты).

Ақшағыл-1    алқап; Бозашы түбегінде, Қаракешу-Қожақсор алқабының батыс жағындағы жер. Шағыл – қазақ тілінде құм ұғымдық ұясына жататын сөз, бұл жерде жер атын ақ құмды деп түсінуге болады. Бозашы түбегінде, теңіз жағалауында, нақты орны белгісіз, (тек үзінді — Құлметен, Ақшағыл, Барсай, Сиырқалта, Жалпақ, Ақшабас, Айрақты, Қызылтаста жергілікті жұрт қайық ұстап, балық кәсіпшілігімен айналысқан)

Ақшағыл -2    алқап; Бозашы түбегінде, Тұщықұдықтың шаруашылық жері. Бұл жерден емдік балшық алынады.

Ақшағыл    Самат Жаңай Қожаназармен (1710-1800) қатарлас болған. Самат су таба алмай жүрген Қожаназарға көлденең шыңның бойындағы Қарабұлақ-Ақшағыл маңындағы бiр мол құдықты көрсетедi. Кейiн осы құдық Қасар құдығы деп аталып кетедi.

Ақшақұдық-1    құдық; Бозашы түбегінде, Тұщықұдық аулынын солтүстік-батыста

5 км жерде.

Ақшақұдық -2    құдық; Бозашы түбегінде, Тұщықұдық  шаруашылық жері, Қызылқұм массивінің солтүстігінде.

Ақшақұдық -3    құдық; Ұштаған аймағында.

Ақшақұй    құдық; Қарақия ауданы, Сұмса мен Шопан-ата аралығында;

…Қараған мен Босаға —

Қарашық пен Сайқұдық,

Бесоқты мен Тоңаша,

Малы жатыр оңаша,

Оның былай қасында:

Ақшақұйым, Машырық

Айтпайын ба жасырып?..

 

Ақшам    Елдің алды асқанда

Көлденең шыңға басқанда…

Күйкеннен бергі бауырда

Екі жүз елу жәуміт келіп ұрынды,

Екпінді мен Ақшамда

 

Ақшары    Өзен өңiрiндегi құдық, Қызылсай аулынан шығыста 22 км жерде, Түйесi құмының солтүстік-батыс жиегiнде.

Ақшәуiл-Жеңсемдi    Түпқараған ауданына қарасты Қаңғаның маңындағы жер. 1933-34 жылдары осында Түмен Балтасұлы тұрған. Оның бiр өлеңiнде осы жер аты аталады.

Шағалаға шәулi сап,

Iлдiрер деп қорқамын.

Шәулi – құс, қаршығаның қыраны. 176-б. Қобыланды-батыр. Казахский героический эпос. М. Наука. 1975.

Ақшелек    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Ақши    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Ақшиқан    сор, алқап. Қайдақ сорының солтүстік-батыс шеткi пұшпағы. Ақшымыраудан 30 км жерде, Ащықопа моласының солтүстік-шығыс бетiнде.

Ақшоймақ    жер аты; тау, Қаракешу сорына таяу маңда, Шетпе кентінен солтүстік-шығыста 49 км, Жармыш аулынан 26 км, №12 темір жол айырымының солтүстігінде 20 км жерде. Биіктігі — 92 м. Сөз төркіні; сірә, дұрыс айтылуы – Ақша аймақ (оймақ).

Ақшоймақ деген жер Қарақалпақстанның Шоманай ауданында.

Ақшоймақ    Өзен өңiрiндегi алқап, Қызылсай аулынан солтүстік-шығыста 12-14 км жерде.

Ақшоқы    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Ақшоқы II    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Ақшоқы    жайылым, онда шығыс терістігінде, Үстiртте болуы мүмкiн

Ақшоқы    құдық; Үстiртте, Онды шығыс терістігінде. Оны Бегей Оразалы Өмір деген құдықшы қазған. Өмір Ұзын Терең, Бесшымырау, Ақшоқы құдықтарын да қазған.

Ақшоқы    тарихи атау, елді мекен; нақ орны анық емес, тек үзінді –дала мектептері… Қамыс ауылда, Ақмышта, Ақшоқыда, Аралдыда ашылды.

Ақшоқы    алқап; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 17 км жерде, Әжiбай қорымы мен Баламешiт дөңiнiң аралығында.

Ақшора    зират; Таушық пен Форт-Шевченко жолының бойында. С.П.Поляковтың еңбегiнде осы атау Ак-сура түрiнде берiлген. Ак-сура аттас тағы бiр жер Қарабұғазголдың оңтүстiк жағалауында (алқап пен қорым аты) бар

Ақшора-Белтұран    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченко мен Таушық жолының 47-ші км-лік тұсында.

Ақшұқыр    елді мекен, Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 18 км жерде, теңіз жағалауында. Осы жерде белгілі тарихи тұлға Нәдірбай Айтақов туған (1894).

Ақшұқыр атауымен қатар, осы маңайға қатысты Жалғызағаш атауы да қолданылады. Ақшұқырда бұрынырақта түрікпендердің үлкен кенті болған. Әлдебір үлкен шен иесі тұрған. Қирап қалған үлкен мешіт пен сегіз тұрғын үй сұлбасы бар.

Оның былай қасында:

Қосойық пен Еже бар,

Қарақұм мен Қызылжар,

Өмiрзақ пен Ақеспе,

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар,

Қаражалшы, Ақшұқыр,

Хажы болып Машырық,

Медресе, мешiт салдырып

Бала оқытып жақсы тұр..

Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск — Красноводск жолы:

Форт-Александровск – Сақақұдық (35) – Саура (25) – Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) – Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) – Ақеспе (10) – Салкөк (25) – Қажыназар (18) – Көктам (15) – Кендірлі (50)- Темір-баба (30) – Қосаджы (25) –Қарашымырау (75) – Қарасеңгір (30) – Қалпе-ата (15) – Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) – Қараболатеспе (18) – Қарақұдық (20) – Қарабақсы (15) – Есенкөл (7)

Ақшымырау    елді мекен, Бозашы түбегінде, Маңғыстау ауданына қарайды. 1911 жылы салынған.

Ақшымырау қошқартасы    Ақшымыраудан шығыста 4 км

Ақшымырау -1    құдық; Солтүстік Үстіртте

Ақшымырау -2    құдық; Солтүстік Үстіртте

Ақшымырау -3    құдық; Үстіртте, Ұштағанның шаруашылық жерінде, Сайөтестен оңтүстік-шығыста 41 км, Шотан құдығынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 5 км жерде,

Ақшыңырау    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Алабие    алқап, Боқтысай қыстағының батыс жағында, Шайыр аулынан солтүстік-батыста 22 км жерде.

Алаешкі    жер аты; Ұштаған өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Орақ пен Мамайдың атасы Қарауылбектің де топырағының бұрқ еткен жері Алаешкі мен Еламанның ортасындағы Қарабарақтыойдың төрбасы екенін ауылдастар білгенімен де, басқа жұрт біле бермеуі мүмкін. Ол жерді жергілікті халық Сабынды әулие деп те атайды. Жарықтықтың топырағы қара суға салса, сабын болып көпіріп, жуған кірді кіршіксіз қылады.

Алан    Үстірттегі құдық.,Сайөтестен шығыста 190 км, Маңғыстау-Қарақалпақ шекарасынан батыста 8 км жерде. Құдықтың батыс-солтүстік-батыс жағында (28-30 км) Елтеже (Қаратүлей-Елтеже) құмды массивi бар. Алан құдығын бағдар етiп алар болсақ, оның төңiрегiндегi Тұралы (оңтүстікте — 7 км), Түмен (оңтүстікте — 9 км), Қарымсақ-I (оңтүстік- оңтүстік- батыста 18 км), Қазбасқазған (оңтүстікте — 11 км), Бабас (оңтүстікте — 15 км), Қарымсақ-II (оңтүстікте — 10 км), Шегенқазған (оңтүстік- оңтүстік- шығыста 18 км), Өтесуын (солтүстікте -16 км), Мамық (батыс-солтүстік- батыста 8 км), Тапеке (солтүстік- батыс- солтүстікте 15 км), Қараман-Көшер (солтүстік 20 км), Көшер (солтүстік 26 км), Өтеу (солтүстік- батыс- батыста 17 км) құдықтарын атауға болады.

жер аты; Үстіртте, осы аттас шағын құм массиві бар, осы массивте Сүмбетемір, Қисықшымырау, Жиес деген жер атаулары бар (орысша шалағай картада Ұштағанның шаруашылық жеріне қарасты Олан деген топоним бар). Үзінді – Орал губернаторы генерал Веревкиннен төмендегідей мазмұнда хат алады;  … қазір Алан маңында … 1870-жылдардағы Маңғыстау толқуының айыптылары Ғафур Қалбин, Иса, Досан, Ермембет т.б. көшіп жүр.

Аласиыр-Қубас    шабындық, Бозашы түбегi, Қызан өңiрiнде

Алатбас    жер аты; Қарақия ойысының маңында.

Алат – Бұқар облысының оңтүстік-батысындағы қазақтар көп шоғырланған жер, аудан атауы.

Алаторпа    алқап, тау (76 м), Бозашы түбегінде, Таулы Маңғыстауға іргелес аймақта, Тиген аулынан батыста 22 км, Шайырдан 28 км жерде. Бұл жерге 1910 жылы Иса Тіленбайұлы жерленген. Таудың оңтүстік- шығысында 2 км жерде аттас құдық та бар.

Алатөбе    Ұштағаннан солтүстік-шығыста 35-40 км

Алатөбе -1    жер аты; Бозашы түбегінде, Ақшымырау аулының оңтүстігіне қарай 20 км жерде, осында Бөкен Байсалұлы Мыңкісі (1793-1838) әулиенің бейіті бар.

Алатөбе -2    алқап; Маңғыстау стансасынан шығыста 30 км жерде.

Алатөбе    Ұштаған өңiрiндегi қорымдық, Сазды аулынан солтүстік-шығыста 19 км жерде.

Алашың-Қанжыға    жер атауы; Солтүстік Үстіртте не оған жапсарлас Жылой аймағында болу керек. Үзінді – Майлан-Жары Боқмаш бастаған көтерілісшілер… Үстірттегі Алашың-Қанжыға жерінде қоршауға алынып, ер-азаматтарының бәрі тұтқындалып, үй-мүліктері тәркіленді. Бұл жер осы күнге дейін Мың үй қырылған делінеді.

Қалнияз Шопықұлы:

Олай болса ер Төлеп,

Қызылойдан өткен жоқ,

Алашыңға жеткен жоқ…

Адайдың алпыс батыры…

Қызылойдың түбінен

Жау қарасын көреді.

Он бес жасар ерТөлеп,

Жауды қуып ентелеп,

Жалғыз шауып келеді.

Қалнияз Шопықұлы:

Жатқан жерім сұрасаң,

Қызылой мен Алашың

Екеуінің арасы.

Қармыс батыр осы жердегі шайқаста ауыр жараланып, қаза болады.

…Қыземшекке қойыңыз

өзін «Қыземшекке жерлеуді» тапсырады.

 

Алданазар    мола, Жармыш аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 21 км жерде.

Алданазар    Жармыштан  оңтүстік-оңтүстік-шығыста 25 км жерде.

Александр Бай    Қазіргі Бекович –Черкасский шығанағы делінетін Хасарлы (Каспий) теңіздік акваториясының орыс-патшалық дәуірдегі атауы, бұл әлгі Бекович –Черкасскийдің есімімен байланысты, ал бай – ағылшын тіліндегі қойнау, шығанақ (bay — бэй) деген сөздің бұрыс айтылуынан шыққан.

Алма    Саздыдан солтүстікке-5 км

Алма    Ұштаған өңiрiндегi қорымдық, Сазды аулынан солтүстік — солтүстік-шығыста 10 км жерде.

Алта    Тұщыбектен солтүстікке-7-8 км

Алта    жер аты, қорым, бұлақ; Таулы Маңғыстауда, Батыс Қаратаудың үстіндегі сулы алқап, Тұщыбек аулынан солтүстікке қарай 4-5 км жерде (көне түрк тілінде алт – төмен, аласа дегенді білдіреді).

Алталы    Шайырдан солтүстік-батысқа -18 км

Алталы    мола, Құлаат тауының батыс жағында, Шайыр аулынан солтүстік- батыста 18 км жерде, қасында Боқтысай қыстағы бар.

Алтыбайқазған    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Алтынқазған    алқап, Ақтау-Қаламқас жолының шығыс бетiнде, Шайыр аулынан солтүстік- батыста 20-23 км, Таушықтан шығыс-солтүстік-шығыста 19-24 км жерде.

Алтықұдық    құдық; Үстіртте, Қаратүлей сорының терістік бетінде, Бейнеу кентінен оңтүстікке 56 км жерде.

Алтықұлаш    Осы там Алтықұлаш әулие Опорный-Бұғанбай бетiнде әлi тұр.

Алтықұлаш-Бұғабай тауының басында

1949 жылы құдықшылар бригадасы Қарақұм бойынан Бөкен, Тортай, Алтықұлаш, Бұғабай, Шеркешқұдық, Құлжан, Айыршағыл, Есентемiр, Қарамендi, Сығай, Шемшер, т.б. жүзден аса шөппен, бұта, қарағай, тақтай, таспен шегенделген құдықтарды қазды.

Алтықұлаш    Опорныйдан оңтүстік-шығыста 25 км жерде.

Алтықұлаш -1    құдық; Үстіртте, бұл алқап кейде Алтықұлаш-Бөкен деп те айтыла береді.

Алтықұлаш -2    қорым; Ақтау қаласының солтүстік шетінде

Алтынали    Өзен өңiрiндегi қорымдық, Қызылсай аулынан солтүстік-шығыста 20 км жерде, Бостанқұмның оңтүстік бөлiгiнде.

Алтыналы    Қарқұдық совхозының  №-2 фермасының батысында 6 км

Алтынқазған    құдық; Үстіртте, Шайырдың шаруашылық жерінде

Алтынтау    жер аты; Алтынды тау деп те аталады. Үстірттің Қаратүйе-Маната бөлігіндегі Өтес пен Маната аралығында (Қарнауда). Алтынтөбе деп те аталады, картада “Шөлтау” делінеді. Атаудың себебі белгісіз, тек осы аттас таудың қырым циклінде (Қобланды жыры) бар екендігін айта кетеміз.

Аманбай    Үстiрттегi құдық, Ердалыдан шығыс-солтүстік-шығыста 17 және 22 км жердегi екi құдық осылай аталады. Қаратүлей-Елтеже құмды сексеуiлдi түлейiнiң батыс бетiнде.

Аманбай    жер аты; Үстіртте, Ондының шаруашылық жерінде

Аманбай    мола, Тиген аулынан солтүстік-шығыста 28 км жерде.

Аманбұлақ

Амансу    жер аты; Таулы Маңғыстауда Тұщыбек аулы маңындағы бұлақ. Руы Төлеп Аман деген бағбанның атынан қалған.1944-жылы отырғызылған бақ болған.

Амангелді    тарихи атау; 1954-жылы бұрынғы Ворошилов, Сталин, Ақорпа, Бірліккүш колхоздарын біріктіру арқылы құрылған үлкен колхоз атауы. Бозашы түбегі Тұщықұдық жері болуы мүмкін.

Амангелдi    Бейнеу ауданындағы қазiр де көптеген жер аттары 1940-61 жылдары аралығында жайлаған байғаниндік совхоздардың атауларымен аталады. Олардың көне атаулары бар, мысалы, Аманкелдi – Тектұр, Қызылжұлдыз – Шолақ, Ноғайты – Сисембай, Теректi – Қошмағанбет, Қызыләскер – Тұрман, т.б.

Амандық    жер аты; Үстіртте, Бейнеудің оңтүстік өңірінде.

Аманжол    жер аты; Үстіртте, Бейнеу кентінен оңтүстікке 25 км, Ескі Бейнеудің оңтүстік-шығысында 11 км жерде.

Аманжол    Бейнеудің оңтүстік-шығысында -32 км

Аманқызылит    қыстақ, Шетпе кентiнен оңтүстік-шығыста 38 км, Жармыш аулынан солтүстікте 17 км жерде.

алқап; Жармыштан Тигенге баратын тіке жолдың бойындағы құдық, алқап. Шетпеден шығысқа қарай 35 км жерде.

Амансай    сай, Батыс Қаратау жотасының күнгей беткейiнде, сай аузы Жыңғылды аулынан солтүстік-солтүстік-батыста  5 км жерде.

Амантұрлы    мола; Сам құмында, Жарқұдық деген жерде.

Амантұрлы-Қожалақ    Ескі Бейнеуден шығыста 40 км

 

Аманқажы    №15 разъездің солтүстік-шығысында 10 км

Андықара

Андақарасай    сай, Солтүстік Ақтау жотасының терiскей беткейiнде, Тигеннен батыс- оңтүстік- батыста 13-15 км, Шайыр аулынан  солтүстік-солтүстік- шығыста 16-20 км жерде.

қыстақ; Шайыр ауыл-аймағында.

Анша    Ұштағаннан солтүстік- шығыста 25 км

Анысақыр    Бейнеуден солтүстік- шығыста 20 км

Апажар    құдық, Таушық аулының оңтүстiк шетiнде.

алқап; Апажар  — Таушық маңайындағы  (Таушық тауының оңтүстік жағындағы аңғар, бүгінгі Кездесу деп аталатын тұс) ойпаңды алқап, сай. Аңыз бойынша, тұтқынға түскен қалмақ қызын ноғай-қазақтар Ажар деп атапты, осы ауылдың қадірлі келіні, бәйбішесі болған Ажардың атымен ауыл тұрған биіктік те Апажар деп аталса керек А.Костенко. Е.Өмірбаев. (“И оживут степи”). Көнетүрктік тілдердің бірі – саха-якут тілінде апа, аппа сөзі сай, аңғар дегенді білдіреді, яғни жер атын тік жарлы сай, ой дегенді білдіруі ықтимал. Т.Шевченко оны суреттерінде Апазыр деп жазыпты.

Апаша    құдық; Исан түбекте, Ащысордың батыс жиегінде орналасқан, Құрық кентінен солтүстік-батыста  25 км жерде.

Аппақ    бұлақ, Таушықтан батыс-солтүстік-батыста  25 км жерде, ернектiң етегiнде.

Аппаққот    алқап; Таушық, Үдектің Форт-Шевченкоға қараған бетінде. Қот деп те аталады. Сол маңда Теңезік деген жер бар.

Аппақұшқан    жер аты; Аппақұшқан Оңтүстік Маңғыстауда, Науарбудақ алқабындағы төрткүл-төбе. Аты осы  төрткүлден құлап өлген Аппақ деген қыздың есімінен шыққан.

Арабай    Жармыштан шығыста 30 км

Аражан    Үстірттегі Шамқалыдан 13 км, Сайөтестен солтүстік-шығыста 55 км

Аралды    көне қиранды; Қараған түбекте, Шуглу маяк пен Қызылөзен аулының аралығында, теңiз жағалауында. Форт-Шевченкодан оңтүстік — оңтүстік-шығыста 28 км жерде.

Оның былай қасында:

Түлкiлi, Құйжақ, Саура бар,

Сығынды тауын жағалап,

Аралды, Үрпек барсақ Сауда бар..

 

Арасланбай    Жармыштан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 20 км

Арат    қорым; Ақтаудан шығыста 15 км жерде.

Араш    жер аты; Бозашы түбегінде, Ақшымырау аулынан оңтүстік- батыста  4 км жерде

Арғымақ    алқап; Тасорпадан Шылан бағытында 4 км жерде

Арқарбұлақ    жер аты; Үстiрттiң орталық бөлiгiнiң ернегiнде, не сол ернектердiң етегiнде болуы мүмкiн. Мына үзiндi; Аңшы Нұр.. бастауын ата-баба қонысы сонау Аданың сүзбе суынан ауызданып, дәстүрлi кәсiптi жалғастырған аңшының өмiр жолы Майемер, Балой, Бiрқарын, Сүйретпе, Қансу, Сарбұлақ, Көкесем, Аққуыс, Арқарбұлақ, Үкiлi, Шайтанкүп, Шаңырақкүп болып, қысқасы, шалқар Маңғыстауды шарлаған..

Арқаржал     алқап; Қараған түбекте, Форт-Шевченко маңында, ескі керуен жол бойындағы қала мен Қаңға-баба алқабы аралығында. Осы жерде Сақа деп аталатын құдық бар.

Арқартөбе    жер аты; Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 25-30 км жерде. Қаңға-бабаның оңтүстік-батыс жағында.

Арпалы    Тентекқара, оның ар жағында Сазанбай, Сазанбайдың асты Көгез. Тентекқара вышканың сол жағында. Тентекқараның асты Сиырсу, Арпалы.

Арутюн бағы    тарихи атау; Арутюн бағы Форт-Шевченко маңындағы үлкен сайда бұрынырақта болған бақ, сол бақтың иесі болған армян көпесінің атымен аталған.

Арсаланбай    мола, Жармыш аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 17 км жерде.

Артқапы    Артқапыдан Бекiге дейiн 9 км жерде ешбiр су ағатын тесiк жоқ. Бүкiл жауын суы жолдың қапталымен ағып отырып, Бекiнiң тұсындағы тесiктен өтедi.

Арабай

Аралбай    қорымдық, Жармыш аулынан шығыста 29 км жерде, темiржолдың оңтүстік бетiнде.

Асаддин    мола; Бекі аулының маңында.

Асан    жер; Форт-Шевченко маңында. Атақты жырау Мұрын Сеңгірбекұлы осы жерде қайтыс болған.

Асан    Үстiрттегi құдық, Дүкен құдығынан оңтүстiкте 6 км жерде.

Асар    алқап; Жетібай кентінен 15 км жерде

Асар    алқап; Асар – Бекет атаның немересі.

Асау    Тұрыштан оңтүстiкте 25 км

Ассаке-аудан    ойыс; Үстірттің оңтүстігінде, қазақ-өзбек (қарақалпақ) шекарасында; ойысты өңірдің негізгі бөлігі қарақалпақ бөлігінде, тек батыс шеті ғана Маңғыстау облысының ауқымына кіреді. Ең жақын елді мекен – Үстірттегі Төлеп ауылы (ойыстың солтүстік-батысында 85 км жерде).

Астауой    Үстiрттегi құдық (“Есен қазақ” мақаласын қараңыз).

Астауой    алқап; Үстіртте, Ұштағанның шаруашылық жерінде

Астауой    алқап; Ақшымыраудың шаруашылық жерінде

Астауой    Оның былай сыртында:

Өзен, Шынжыр белгiлi,

Борсымұрын, Қарабас,

Шөбiн байқап қарасам,

Бұйырғын, жусан аралас,

Қызыладыр, Астауой —

Ол ит тиген арам ас.

Күн жаумай елi бара алмас,

Оған жалғас көлбеген —

Қауынды мен Қорғанбай,

Уақ малға жайы жоқ.

Екi-үш қара күнелтiп

Азғана күн тұрғандай…

 

Асымәулие    қорымдық, Жармыш аулынан шығыста 3 км жерде.

Атамбай ойы    алқап; Ақтау қалалық аймағында, Қызылтөбе аулына таяу жердегі алқап, бір кездері әскери алаң ретінде пайдаланылған.

Атамбай    Жыңғылдының солтүстік-батысында 9 км жерде.

Атамбай    мола, Жыңғылды аулынан батыс-солтүстік-батысында 8 км жерде.

Атанияз    Үстiрттiң оңтүстік бөлiгiнде, Бейнеуден 400 км-де, Булыойық үңгiрi осы өңiрде.

Атанияз    Сенектен оңтүстік-шығыста 160-165 км жерде.

Атап    Бейнеудің батысында 8 км

Атан    Жангелдиннен оңтүстік-шығыста 31 км

Аташ    Форт-Шевченконың бір бөлігі. Оны бір кездері Ватага деп атаған.

Атескі    құдық; Қайдақ сорының оңтүстік-шығыс шеті мен Тұзбайыр соры аралығында

Атпабұлақ    бұлақ; Үстірттің батыс ернегінің етек тұсында, Көлсай сайының ауыз тұсында, Оғландының оңтүстік-шығысында 40 км жерде.

Атшыбай     жер аты; Үстіртте, Қарақұдықтың шығыс терістігінде

Атунузян    Қызаннан оңтүстік-батыста 26 км жерде.

Атырбай    мола, Бозашы түбегiнде, Тиген аулынан солтүстік-шығыста 36 км жерде.

Аужымсор    алқап, сор, Уаққұм араласында, Бозашы түбегiнде

Аусарша    жер аты; Жыңғылды ауыл-аймағы

Аусары    алқап; Аусар деп те аталады. Шетпе кентінен шығыста 8 км жердегі тауаралық аңғары. Сөз төркіні: парсының ab, су және sar, тау басы деген сөздерінен құрылуы мүмкін, бірақ ең басты тұспал ретінде ортағасырлық афшар этнонимі ұсынылады.

Бұл жерде ол кезде бұлақ көздерi, қыста отын етiп жағар жер үстiне шығып жатқан көмiрi болған. Аусары деген сөздiң өзiндiк тарихы бар. Аусары – мұрындықсыз түйеге салатын ноқтаның iшкi бетiндегi темiр тiс. Тартсаң екi жағын темiр қысады да түйе елпектеп жетекке ере бередi. Түрiкпендер жер бедерiне қарап, түйеге салатын аусары сияқты деп Аусары деп атап кеткен екен. Ал қазақтар оны Аусары деген.

Аусары — қара таудың етегi. Сары қасбақты жер жарыса келiп, аша болып барлық сүзiлген су ызамен жылымшылап ағып жатады. Тау iшiнде сарқырап ағып, төменгi қайыр жерге кетiп жатқан су көзi бар. ..Ол кезде Аусарыда қалың ши өстi. Соның iшiнде, жайылған мал көрiнбейтiн едi. 1950 жылдардан кейiн колхоз басшылары косилкаға түсiрiп тыр-типыл еттi.

Ауыздыбас    алқап; Бозашы түбегінде, Тиген аулының оңтүстік-шығысында. Бозашы түптен Үстіртке барар жолдың бойында.

Ауыздыеспе    жер аты; Бозашы түбегінің теңіз жағалауында, дәл орны анық емес, тек үзінді- балықшылықтың пайдалы екендігін түсінген қазақтар Ортаеспе, Қаражан, Қарағайлы, Құлтай, Тапей, Ауыздыеспе, Ұлыеспе, Қарашағыр, әрісі Бұрыншықты жағалай отырып… балық аулады.

Ауыздыкөл    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Ауызорпа    Тигеннен солтүстік-шығыста 17 км

Ауызорпа    жер аты; Тиген аулының солтүстік-шығыс-шығысында 18 (мола), 20 (қыстақ), 21 (құдық) км жердегі алқап, құдық болған жер. Сол жердегі биікте Құлбарақ қауымдығы бар. Құлбарақ – Қаратоқай Беріш руынан шыққан атақты маңғыстаулық батыр.

Ауызсу    құдық, Қаратаушық жотасының солтүстік етегiнде, Таушық аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 4 км жерде.

Ауызсу    құдық, Шайыр аулының солтүстік-солтүстік-батысында 15 км жерде, Қырықкез қорымдығының батыс жағында.

Ахмет    Опорныйдан оңтүстік-батыста 56 км

Аша    Таңертең күн шыға Күйкен мен Қарабұлақ тауларының көлеңкесi қарауытып, екi арадағы ашаға ұқсас жазық күн шапағына бөленiп тұрады екен. Екi таудың арасындағы бүгiнгi Бейнеу орналасқан, сол жазыққа Аша деп ат қойыпты.

Ашкузансай    жыра, Солтүстік Ақтау жотасының терiскей беткейiнде, Шайыр аулынан солтүстік-солтүстік-батысында 22-23 км жерде.

Ашықтайпақ    сор; Үстірттің солтүстік ернегігің етек тұсында, Бейнеу кентінен солтүстікте 20-40 км қашықтыққа созылып жатыр. Солтүстігінде Бөгетай-Беніке, Маңсуалмас өңірлеріне жалғасады. Ең жақын елді мекен – Жангелдин темір жол айырымы мен ауылы.

Ащытайпақ болып аталуы да мүмкін.

Ащыағар    алқап; Бейнеу ауданында, Үстірттің солтүстік-батыс ернегіндегі сайлы алқап. Бір кездері суы күшті минералданған жылға-өзеншік болған (Ю.Клейнер) Қазақ тілінде ағар – сай, түрікпен тілінде суы ащы бұлақты білдіреді.

Ащыағар    Қызылсудағы Ащыағардың бастауында орналасқан үйде…

Ащыбас    сай-жыра, құдық, Ақтау-Қаламқас жолының 60-шы км-нен солтүстік-батысында, Таушық аулынан 25 км жерде.

жер аты; Таушықтан Ақтауға апаратын асфальт жолдың бойындағы (20 км жерде) алқап.

Ащыбас, Шат    жер аты, үзiндi: “Медет Iзбастың баласы Әлмұраттiкi. Әлмұраттың моласы Ащыбас, Шат, Көгала маңында. Жер атауы да Әлмұрат деп аталады”

Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Көне Үргенішке баратын жол:

Форт-Александровск – Қаңға – Кіштім – Ащыбас-Шат — Бердікен – Бекі-Бөрлі — Сұмса – Сенек — Бесоқты — Сайқұдық – Босаға – Қарқын – Елтежі – Бойлар  – Қызылақыр — Табынсу – Көне Үргеніш (800 шақырым)

 

Ащыболды    құдық; Үстірттің батыс ернегіне таяу жерде, Ақсай үлкен сайының басталар тұсында орналасқан. Бекет-ата-Оғландыдан шығыста 13 км жерде.

Ащыбұлақ    жер аты; Шетпе кентінің аумағына кіретін шағын ауыл. Кенттің оңтүстігіндегі Ақтау жотасының терістік бетіндегі жалды белестің етегінде.

Ащыербасан    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 14 км жерде, Сауысқан құмының ортасында.

жер аты; Қызылсай мен Ұштаған ауылдары аралығында.

Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Хиуа жолы:

Форт-Александровск – Қаңға – Қыштым – Бөрлі — Бердікен – Бекі — Басқұдық – Барлы – Ащыиірбасан — Сұмса – Сенек — Бесоқты — Сайқұдық – Босаға – Қараған – Байшар  – Қитар — Ұзын – Қипыр – Аққұрық

 

Ащыеспе    құдық, Жармыш аулынан шығыста 39 км, 10 разьезден оңтүстікке 5 км жерде.

Ащыеспе    қыстақ, Ақтау-Қаламқас жолының бойында, Шайыр аулының солтүстік-батысында 25 км, Таушықтан шығыс-солтүстік-шығыста 16 км жерде.

Ащықар    сай, Таушық аулынан солтүстікте 5 км жерде.

Ащықопа    мола, Қайдақ сорының солтүстік-батыс шетiнде, Тигеннен 54 км, Ақшымыраудан 30 км жерде.

Ащықұй    Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскіден Красноводскіге апаратын жол

Форт-Александровск — Сақақұдық — Түлкілі — Қаражалшы — Қошқар-ата — Ақеспе — Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі — Темір-баба — Қаңжақ — Қосаджы — Ащықұй — Қарасеңгір — Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровск – Красноводск жолы:

Форт-Александровск — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) — Қажыназар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Ащымұрын    теңіз мүйісі; Сарытас шығанағының батыс шеті, Қараған түбектің солтүстік-шығыс шетіндегі мүйіс, Форт-Шевченкодан солтүстік-шығыс-шығыста 65 км, Таушық аулының солтүстік-батысында 40 км жерде.

Ащыорпа    төбе (195 м), Құланды ауылынан оңтүстікте 5 км жерде.

Ащыорпа    қорымдық, Тигеннен солтүстік-шығыста 44 км, Ақшымырау аулынан 29 км жерде.

Ащысай    құдық, Жыңғылды аулынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 16 км жерде, Еңселi алқабында.

Ащысор    сор; Құрық кентінің батыс-солтүстік-батыс бағытында 15-20 км жерде, Исан түбегінде, Бекович-Черкасский шығанағына  тым жақын орналасқан.

Ащытеңіз    Хасарлы (Каспий) теңізінің бұрынғы шығанағы, XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында сорға айналған территория. Бозашы түбегінде. Үзінді – Керел деген Қаламқас қауымынан Долгийге дейінгі ұзындықты, ені Тұщықұдық құмына қарай созылған 30-40 км-ді қамтиды. Осы Керел терістіктен Хасарлы (Каспи), оңтүстіктен Хасарлыға жіңішкеріп келіп, қосылып жатқан Ащы теңіз қоршап жататын еді. Теңіз суы шығыс жағынан Кежі қиылысы арқылы Ащы теңізге келетін. Ал батыс бетінен Құлтай-Тереңөзек арқылы және Қаражанбастан өте бере, Қаратұз арқылы Хасарлыдан (Каспиден) Ащы теңізге су арқылы келетін. Долгий мен Ақтұмсықты айналып өтіп, теңіз суы Қожыққа (Қошаққа) шабатын кездер де болған.

Аютас    жер аты;Үстірттің  солтүстік-батыс ернегінің Сисем-ата қауымдығы орналасқан алқабында.

Аяғыақ    жер аты; Маната қабағының етек жағында. Үзінді – Ақсақалдардың айтуына қарағанда, теңіз суы Манатаның маңындағы Аяғы-ақ деген жерге барған кездері болған екен.

Аяққарасай    құдық; Үстіртте, Кендірлі сорынан оңтүстікке қарай, түрікпен шекарасына таяу жерде. Сүмбе құдығынан оңтүстік-шығыста 15 км, Темір-бабадан шығыс-оңтүстік-шығыста 125 км жерде.

Аяққұм    алқап; Үстірттің Бейнеу аймағы, Сам өңіріндегі құм массиві. Бұрын Көкаланың құмы деп те аталған (Е.Жаманбаев).

Аяқ-Серкебай    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Аяқшаралы    жер аты; Бозашы түбегінде, Тиген аулынан батысқа қарай 25 км жердегі, Алаторпа жеріндегі құдық, сай.

Аянақ-Боздақ    жер аты; Аянақ-Боздақ немесе Аяқ-Боздақ, Әліби Жангелдиннің қызыл отрядын Тобанияз осы жерге шейін шығарып салған.

Аянберген    жер аты; Солтүстік Үстіртте.

Аясубаба    қорым; әулие; Қараған түбекте, Суат аулынан солтүстік-батыста 5 км жерде.

Әбді суы    микротопоним; Қараған-Босаға өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Ұлы жолдың оңтүстік бетінде, қазіргі Әбді суының алдындағы үлкен тақырға соғады. Суы әбден сарқылған, кілегей балшыққа бір-екі тайып жығылыпты. Қазір осы тақырды Құла ат тайған деп атайды.

Әбдiртам    қорымдық, Солтүстік Ақтау жотасының солтүстік беткейiнде, Тигеннен оңтүстік-оңтүстік-батыста 7 км жерде.

Әбдiртам    Тигеннен оңтүстікте 8 км

Әбілтөрткүл    қорымдық, Шетпеден солтүстік-шығыста 34 км, Жармыштан 26 км, Тигеннен шығыс-оңтүстік-шығыста 30 км жерде.

алқап; төрткүл, Әбіл – Атақозы батырдың баласы, түрікпендер қолынан қаза тапқан. Әбіл мен Есек батыр баласы Бөгенбайдың суында айғырларды ұстағаны жөнінде аңыз бар. Бөгембай – Есек батырдың баласы.

Атағозы мен Есек батырдың аулы Қарнаудың бiр бұлағын жайлап отырады. Әлi ойға құламай, аңысын аңдап жүрген болса керек. Балалар бiр күнi түрiкпеннiң үйiрiндегi жаңа туған бiр құлынды ұстап алады. Оларды байқап қалған жылқышылар оларды атып өлтiредi. Әбiл өлген жер Әбiлтөрткүл, Бөгембай өлген жылға Түлкiлi Бөгембай деп аталады. Адайдың Өмiр, Темiр бастаған батырлары Түлкiлi Бөгембайдан бастап, Ауыздыбас-Тигенге дейiнгi түрiкпен ауылдарын шабады. (Ә…Спанов, І.Шыртанов дерегі.

Әжiбаба    қорымдық, Сарытас шығанағына қараған бетте, Таушық аулынан солтүстікте 18 км жерде.

Аж-баба    Таушықтан солтүстік-шығыста  20 км,  Тұщықұдық – Шытша алқабы

Әжiбаба    Ащымұрын мүйісінен батыста 6 км

Ажбаба    Таушықтан солтүстікте 13-15 км

Әжібай    Форт-Шевченкодан шығыста 14 км

Әжiбай    қорым; Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 14 км жерде.

Әжібай    Кендірлі шығанағынан оңтүстікте 60 км

Әжімұрат кесенесі    Мәмішқазған алқабы

 

Әленсай    алқап; Түпқараған ауданы, «Қарағантүбек» акционерлік қоғамына қарасты жер, Ащыбас алқабына жақын.

Әлмұрат    Жыңғылдыдан батыс-оңтүстiк-батыста 25 км

Әлмұрат    мола, Ақтау-Қаламқас жолының 60-шы км-нен шығысқа қарай 12 км жерде.

жер аты, үзiндi: “Медет Iзбастың баласы Әлмұраттiкi. Әлмұраттың моласы — Ащыбас, Шат, Көгала маңында. Жер атауы да Әлмұрат деп аталады ”

Әлiке    Үстiрттегi құдық, Дүкен құдығынан оңтүстік-батыс-оңтүстiкте 14 км жерде. Солтүстік-батыс жағындағы (2,5 км) Қанай құдығымен қосарланып “ Әлiке — Қанай ” деп те аталады.

Әндижан    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 28 км жерде, Тышқанқұм массивiнiң iшiнде, шығыс шетiне таман.

жер аты; Ұштаған маңы

Әтiре    Оның былай қасында:

Қарақұдық, Қараған,

Әтiре, Талшық, Мерет бар,

Айта берсем, таусылмас,

Жыршыңызда дерек бар.

Жаз жайлауға күн ыссы,

Қарағашты, Борлы, Үдек бар..

Терiсжаға жерiнде

Жайлай қалсаң, күзек бар

 

Әуез    Ақтаудан шығыста 25 км

Әулейбайұлы    Бейнеуден солтүстікте 32 км

Баба    тарихи атау, арал; Қайдақ шығанағында 1930-жылдарға дейін болған. Нақты орны белгісіз, тек үзінді — 1935-жылдары Тасорпа, Қызық, Құты, Алатөбе маңын жайлайтын ел Баба, Борқай аралдарынан жазғытұрым құстың жұмыртқасын алып, көктем суы қайтқанда, бөлініп қалған судан балық аулағанын білетін ақсақалдар. Жармыш шаруашылық территориясына кiредi

Бабас    жер аты; Қарақия ауданы, бұрынғы Ералиев совхозының шаруашылық жерінде.

Бабас    Үстiрттегi құдық (“Алан” мақаласын қараңыз).

Бабасқазған    құдық; Үстіртте, Ұштағанның шаруашылық жерінде.

Баба Түкті Шашты Әзіз    әулие; Баба Түкті Шашты Әзіз жалпықазақтық әулиенің маңғыстаулық варианты, жергілікті түсінік бойынша, бір адам емес, екі адам ретінде суреттеледі. Ұштағанның шығысында 30 км жердегі Жабағылы Саз (Сазды) елді мекенінің шығысында 3-4 км жерде Шашты Әзіз, одан шығысқа қарай 1,5 км жерде Баба Түкті әулиелер орналасқан (Ж.Көңілімқосұлы. Маңғыстау. 11.03.1992).

Бабыққазған    құдық, Орталық Үстіртте, Оғланды-Бекет-атадан солтүстік-солтүстік-шығыста 26 км жерде. Бабық Бекен деген палуан әрі құдықшы жігіттің атымен, әуелі, Бекенқазған болып, кейін руымен Бабыққазған атанған. Бабық Бекен — Досан батырдың тұстасы (XIX ғасырдың 2-жартысы)

Байжаун    Опорныйдан оңтүстік-батыста -35 км

Байкісі жалы

жал, алқап; Солтүстік Ақтау сілемінің терістік жағында, Алаторпа құдығының оңтүстігінде 6 км жерде. Байкісі (XIX ғ) – саятшы болған, ит, бүркіт салған кісі. Оның ажалы өзінің бүркітінен болып, аталған жалдың үстіне жерленіпті.

Байлама    жал, Ембi тауындағы Шүлдiр мен Қарақабақ сайларының арасында, Таушық аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 14 км жерде.

Баймағанбет    Опорныйдан оңтүстік-батыс-батыста  42 км

Бағаржық    теңіз мүйісі; Қараған түбектің терістік жағалауында, Форт-Шевченкодан солтүстік-шығыс-шығыста 30 км жерде, жақын жерде Қаңға ауылы бар.

Бағда    Сайөтестен оңтүстікте 30 шақырым қашықтықта

Бағда    Саздыдан солтүстік-солтүстік-шығыста 47-48 км жердегi шатқал-сай

Қорым; Үстiртте, Сайөтестен оңтүстiкте 32 км, Манатадан шығыс-оңтүстiк-шығыста 30 км, Сындыдан шығыс-солтүстік-шығыста 8 км жерде. Бағда алқабы өзiнiң шығыс-оңтүстiк-шығыс жағындағы 16 км жердегi Бөрiбас қорымы орналасқан алқаппен бiрге “Бөрiбас-Бағда өңiрi” деп те атала бередi.

Немесе Бөрiбас-Бағда, жер аты; Үстірттен Ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрiбас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға т.б.

Бажи    Қызаннан оңтүстiк-шығыста -34 км

Бежи    Ақшымыраудан оңтүстiкте -9 км

Базар    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Байзақ    Ондыдан оңтүстiк-шығыста -24 км

Байкүшік    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде, нақты орны анық емес, тек үзінді – ол уақытта Хасарлы (Каспий) теңізі Маната, Ақшабас, Айрақты, Бесегөз-Тәңке, Ақбұлақ-Күйкен, Байкүшік, Бейнеу, Түйемойын-Шаппа, Маңсуалмас-Есет шыңдар мен жағалауларына соғып жатқан. Сүйінғара батыр Борқұдық, Бесегөз-Тәңке тұсында Ысық Ақпан батырдың мүрдесін алып келе жатқан адамдарға кездеседі.

Байкісі    Тұщықұдықтан оңтүстiк-батыста -30 км

Байқадам    құдық; Үстiрттiң Қарнауында, Қызылсай сайының бастауында, ернек шетiнде орналасқан, Маната ернегiнен солтүстікте 7 км жерде.

Байқасқа    шатқал; Ыбықтың шығыс жағында, Қарақияның ойына қарай созылып жатыр. Сайдың басы Бекі бетіндегі Қандыбас деп аталатын көп қауымдық жанынан басталады. Ертеде қырғын болған жер.

Байлепес    жер аты; Үстіртте, Ондының шаруашылық жерінде.

Байнияз    алқап; Үстіртте, Жармыштың  шаруашылық жерінде.

Байсары    Үстiрттегi құдық, сор (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Тынымбый шоқысына беттеп келемiз. Алдымызда Байсарының тауы көрiндi. Ақ тасты тау да, тұзды соры мол жер де – айнала түгел аппақ. Басқа планетаға келгендей әсерде боласың. Сор бетi батпақ болғасын, керi бұрылдық. Батысқа қарай тартып келемiз. Оң жақта Ақтау, сол жақта Қаратау. Ақыры, Тынымбай шоқысына келдiк. Осы жерден Бекет атаға жол шығады.

Байсарыкүп    ескі тоған; Түйесу құмынан шығысқа қарай, Ажырықтыой алқабынан оңтүстiк-шығысқа қарай,  Сенек аулынан шығыста 35 км жерде. Тоғанның оңтүстiк бетiндегi солтүстік/батыс- оңтүстiк/шығысқа созылған алқап та осылайша аталады.

Байсейіт    алқап; Үстіртте, Жармыштың  шаруашылық жерінде.

Байтақ    алқап; шабындық; Жармыш шаруашылық территориясы аумағында.

Байұзақ    қорымдық, Онды аулынан шығыс-оңтүстiк-шығыста 12 км жерде.

Байшағыр    алқап; Үстіртте. Осы жерде Бекет-атаның төртінші мешіті бар делінеді (Баялыдағы бар дегені қате делінеді)

Байшар    Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Хиуа жолы:

Форт-Александровск – Қаңға – Қыштым – Бөрлі — Бекі — Басқұдық – Барлы – Ащыиірбасан — Сұмса – Сенек — Бесоқты — Сайқұдық – Босаға – Қараған – Байшар  – Қитар — Ұзын – Қипыр – Аққұрық

Форт-Александровск – Көне Үргенішке баратын жол:

Форт-Александровск – Қаңға – Кіштім – Ащыбас-Шат — Бердікен – Бекі-Бөрлі — Сұмса – Сенек — Бесоқты — Сайқұдық – Босаға – Қарқын – Елтежі – Бойлар  – Қызылақыр — Табынсу – Көне Үргеніш (800 шақырым)

 

Бақан    мола; Басқұдық құмынан батыс-солтүстік-батыста 7 км

Бакан    Ондыдан оңтүстікте 20-22 км

Бақанды    мола; Орталық Маңғыстауда, Жетібайдан оңтүстiк-оңтүстiк-шығыста 24 км жерде.

Баканд    Жетібайдан оңтүстiкте -30 км

Бақатай мола    Опорныйдан оңтүстiк-оңтүстiк-шығыста -40 км

Бақашы әулие    Жем өзенiнiң сол жағасында, Құлсары кентiнен шығыс-солтүстік-шығыста 18 км жерде. Первые русские научные исследования Устюрта. М. 1963. с.283

Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Орал жолы:

Форт-Александровск – Қаңға-баба (25) — Қыштым (15) — Үдек (25) — Таушық (20) – Төріш (25) — Қарашымырау (10) — Ақмыш (30) — Жармыш (25) — Саура (10) — Тамды (30) — Жаңғызеспе (60) — Маната (20) – Бөгерстем (15) — Өтес (30) — Ешкіқырған (35) – Бәйті (15) – Уәлі (15) – Тәңке (30) — Қожақамар (35) — Бесбұлақ (20) — Тұздыорпа (80) — Шабайүдек (20).

Адайдың көш жолы.

Қаңғы — Түбіжік — Үдек — Тарталы — Ұланақ — Жыңғылды — Тұщыбек — Шетпе — Аусары — Күркіреуік — Қаратүйе — Өтес — Ешкіқырған — Қатша – Тәңкі — Қосқұлақ — Манашы — Күйкен — Алтықұлаш — Азнағұл — Қарашүңгіл — Жібін — Бақашы (600 шақырым).

1915-17-жылдарғы мәлімет бойынша: (254-255-бб

Бактурлы    Құрықтан солтүстік-шығыста

Бақтыбай    қыстақ. Таулы Маңғыстауда, Шетпе-Аусары өңірінде

Бақтылыой    жер аты; Үстіртте, Бейнеу ауданы, Қарақұдықтың шаруашылық жерінде.

Бал    қорым; Ақшұқыр аулынан солтүстік-шығыста 10 км, әуежай маңында.

Түпқараған ауданындағы Бал шабындығы осы жер болуы тиiс. Маңында Кәтем-баба, Бегей деген жерлер бар.

Балаәулие    мола, Ембi жотасының Сарытас шығанағына қараған бөлiгiнде, Таушық аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 16 км жерде.

Балаәулие    қорымдық, Оңтүстiк Ақтау жотасының үстiнде, Ақтау-Қаламқас жолының 77 км-iнде, батысқа қарай, Таушық аулынан оңтүстікте 10 км жерде.

Балаәулие    Жыңғылдыдан оңтүстікте 10 км жерде.

Балаәулие    Шетпеден солтүстік-батыста 15 км, Тұщыбектен солтүстік-шығыста 15- 20 км жерде.

Балабай    мола; Опорный стансасынан батыста 23  км жерде, Атырау шекарасына таяу, Қарақұм массивінде.

Балабай    Опорныйдан оңтүстiк-оңтүстiк-батыста -21 км

Балалан (Балапан?)    Үстiрттегi құдық, Ердалы құдығынан солтүстікте 7,5 км жерде.

Балапан    Бейнеудiң терiстiк бетiндегi құм жиегiнде. Қосқұлақ Амантұрлының бейiтi, Ноғайты бұрын Сисенбай деп аталған. Сисенбай – ноғай молдадан оқып, бала оқытқан, мешiт салған бiлiмдi кiсi. Ноғайты өңiрiнде Қасқырiшкен, Тасқұдық, Қырыққұдық, Көңшыңырау, Ақойық, Терiскендi, Кiлжан, Балапан аталған жер аттары бар (Ж.Нәренбайұлы. Болашағын ойлаған ауыл – Ноғайты. Маңғыстау. 2003. 11 қараша).

Баламешiт    дөң (118,7 м); Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан шығыста 14 км жерде.

Балаойық    Форт-Шевченко аумағы

Балаума    Жаңаөзеннен оңтүстiкте -40 км, Қауынды ойысының солтүстік-шығыс шетінде

Балауса    құдық; Үстіртте, Оғланды-Бекет-атадан солтүстікте 32 км жерде.

Балғабай    жер аты; Үстіртте, Бейнеу ауданы, Қарақұдықтың шаруашылық жерінде.

Балдар    Сайөтестің солтүстігінде 80 км, Қайып қорымынан солтүстік- батыста -10 км

Балькут    Сайөтестен солтүстікте 70 км, Қарақұм совхозының шеті

Балой    төбе (135 м), Басғұрлы-Жазғұрлы ойысының оңтүстiгiнде 6 км жерде, оның шығыс бетiнде 12 км жерде Балой құдығы бар (болған), осы құдықтан солтүстік-солтүстік-шығыста 4 км жерде Шөлой құдығы бар.

Балой-Шалой    жер аты; Кендірлі шығанағына таяу жерде делінеді. Аңыз бойынша, түрікпеннің апалы-сіңлілі Балой, Шалой есімді қыздары ауылдың үлкендері бір асқа кетіп, көршілес қазақтардың жастарын шақырып, бастаңғы жасайды. Ішіндегі қазақтың мықты батырларын араққа жығып, зымияндықпен қамап өлтіреді.

Мына үзiндi; Аңшы Нұр. бастауын ата-баба қонысы сонау Аданың сүзбе суынан ауызданып, дәстүрлi кәсiптi жалғастырған аңшының өмiр жолы Майемер, Балой, Бiрқарын, Сүйретпе, Қансу, Сарбұлақ, Көкесем, Аққуыс, Арқарбұлақ, Үкiлi, Шайтанкүп, Шаңырақкүп болып, қысқасы шалқар Маңғыстауды шарлаған.. Сұлутөрткүлдiң сол жағында Бестөбе, оң жағында Жазыгүрлі, Базыгүрлi ойпаттары, одан әрi Жалпақтөрткүл, одан түстiкке қарай Балой, Шалой қыраттары, әйгiлi Құрмашбұлақ.

Балпан    Ескі Бейнеуден солтүстік-шығыста -40 км

Балпан    Тигеннен солтүстікте -7-8 км

Балпан    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Болпан    Бейнеуден солтүстік-шығыста -36 км

Балта    жер аты; Бозашы түбегінде, Ақшымыраудың шаруашылық жерінде.

Балтакеткен    Үстiрттегi қорымдық, Қадырша құдығының оңтүстік-батысында 1 км жерде.

Балтакеткен    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз). Үстіртте, (Ұштағанның  шаруашылық жерінде) Ләтіпқазған өңірінде, Сүмбетемір-Алан өңірінен батысқа қарай. Үстірт (Каменное) темір жол  айырымынан оңтүстік-шығыста 100 км жерде.

Балтаның құмы    құм; Сәндімжол бойында Көпдеректен шығысқа қарай жатыр.

Балым    мола; Мырзайыр сорынан солтүстікте 5 км жерде.

Балыш    Ондыдан оңтүстік-шығыста 20-25 км

Балша    құдық; Орталық Үстіртте, Оғландыдан  солтүстік-шығыс-шығыста 83 км жерде. Ақотты құдығынан оңтүстік-шығысқа қарай.

1853 жылғы соғыста өлген Доспамбет (көрпе) туралы Қанапия Доспамбетқызының айтқаны:

Қайран әкем сүйегiн

Алып келiп жерледiк.

Көлденең Шыңның басына

Балша-Бекет қасына..

Балша    Мырзайыр мен Басқұдық —

Жылқыға жаман болғасын,

Айтпай кеттiм қас қылып.

Бекi менен Сәубеттiң

Төрткiлi жатыр қасқиып.

Қандыбас пен Жантақты,

Ұйқылы мен Боржақты,

Үшқиы, Саура ортада,

Айтпай кетер деп пе едiң,

Сауытты мен Құйжақты?

Балша, Шiңгiр суың бар,

Ел келгенде паналап,

Майбұлақ, Қарасеңiрек

Мал жаюға кеңiрек..

 

Балшыққазған    құдық; Үстіртте, Түпқараған ауданына қарасты шаруашылық территориясында

Барлыбай    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Барлыбай    алқап; Үстіртте, бұл алқапта Исатай, Келінберді деген жер атаулары бар. Үстірттегі Қарақұдық совхозына қарасты Барлыбай да осы жер болуы мүмкін.

Балуанияз    Опорныйдан батыста -32

Балуанияз    Сенектен шығыста -90

Балуанияз-Балтеке    Төрткүл; Көгесем өңірінде, нақты орны анық емес. Балуанияз бен Балтеке батырларының қаза тапқан жері. Құла ат та осы жерге жетіп өлген көрінеді.

Қаражардың оңтүстік-шығысында алыстан жарқылдап, биiкке орнатылған Балуанияз батырдың күмбезi көрiнедi.

Балша    жер аты; Бекет-ата-Оғланды маңайында болар деп шамаланады, өйткені Нұрым Шыршығұлұлының «Тоғыз ауыл» тарихи дастанында  байбоз Доспамбеттің осы жерде жерленгендігі айтылады:

Қайран әкем сүйегін

Алып келіп жерледік.

Көлденең шыңның басына

Балша-Бекет қасына.

Барақ    Жыңғылдыдан оңтүстік-шығыста -30-35 км

Барақ    мола, Жыңғылды аулынан оңтүстік-батыста 32 км жерде.

Барак    Асаудың қасы

Барақ (Борок)    Үстiрттегi қорымдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз). Тапеке құдығының солтүстік жағында 1,5 км жерде.

Баранкөл    құдық; Үстiртте, Сайөтестен шығыста 25 км, Қонайдың үйiгiнен оңтүстік-шығыста 7 км жерде. Дұрыс айтылуы “Боранқұл” болуы мүмкiн.

Бармақ    жер аты, жазғы жайлау, Үстіртте, Сайөтестен шығыста 102 км жерде, “Қарақұдық” шаруашылық территориясына кiредi. Төңiрегiнде Шұбай, Тамды, Медет, Тасшоқы деген құдықтар бар.

Барсай    жер аты; Бозашы түбегінде, теңіз жағалауында, нақты орны белгісіз, тек үзінді — Құлметен, Ақшағыл, Барсай, Сиырқалта, Жалпақ, Ақшабас, Айрақты, Қызылтаста жергілікті жұрт қайық ұстап, балық кәсіпшілігімен айналысқан.

Баршатіркес    мола, алқап; Темір-бабадан шығыс-оңтүстік-шығыста  22 км жерде.

Барыс    бұлақ; Батыс Қаратау жотасы етегінде.

Барыс    қорымдық, Шығыс Қаратау жотасының терiстiк беткейiнде, Жармыш аулынан батыста 7 км жерде.

Басар    жер аты; Үстірттің батыс ернегіне жапсарлас аймақта, Басар құдығы Сайөтестен солтүстік-солтүстік-шығыста 35 км жерде, ал сол аттас төбе, үйiк құдықтың батыс-оңтүстік-батыс жағында 11 км жерде орналасқан. Құдықты Көрпе Бисенбай қазған. Басар құдығынан оңтүстік-шығыста 12 км жердегi Түрке төбесiнiң атауымен бiрге осы құдық орналасқан өңiр “Басар-Түрке” деп аталады.

Махмұт Қашғари сөздiгiндегi Басар – тау сарымсағы.

Басғұрлы    ойыс; Басғұрлы-Жазғұрлы деп аталатын тұйық ойыстың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Кендірлі шығанағынан шығыста 45 км, Жаңаөзеннен оңтүстік-шығыста 75-80 км жерде.

Басғұрлы    Бұлақ, құдық; Басғұрлы-Жазғұрлы  ойысының солтүстік-шығыс ернегіндегі сайдың басталар тұсында.

Басқақ    Нұрым Шыршығұлұлының “Тоғыз ауыл” дастаны.

Әдірә қалып барасың,

Қайран, Шоқыбоз бенен Бегайдар,

Бегайдар менен Басқақтан…

Қарға бойлы Қазтуған,

Сол арада жау шапқан

 

Басқұдық    құм; Ұштаған өңірінде, батыстан шығысқа қарай 25км-ге созылып, әрі қарай Бостанқұм массивіне ұласады.

Басқұдық    елді мекен; Ұштаған өңіріндегі Басқұдық құмының солтүстік-батыс шетінде орналасқан, Ұштаған аулынан бастыста 20 км жерде.

Бастил    құдық, Батыс Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейiнде, Жыңғылды аулынан солтүстік-батыста 13 км жерде.

Басшорым    құдық; Солтүстік Ақтау жотасының терістік беткейінде, Тиген аулынан батыс-оңтүстік-батыста 28 к м, Шайыр аулынан солтүстік 21 км жерде. Шорымқапының солтүстік аузында. Алаторпа мен Құлаттың аралығында.

Батық    Үстіртте, Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Батық    Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жерінде.

Баутин    Бұрынғы Николаев станицасы. 1848-жылы 25 наурызда іргесі қаланған. Форт-Шевченко қаласының солтүстік бөлігі болып саналады.

Баянды    елді мекен; Ақтау қаласының аумағына кіреді, Қошқар ата көлінің шығыс жағында, Маңғышлақ темір жол стансасының солтүстігінде 5 км жерде.

Басқасын айтпағанда, Баянды маңы ата-бабаларымыздың, берiсi Ералиев атындағы колхоздың (төрағасы – Нұрбаев Өмiрзақ) шаруасын дөңгелеткен шұрайлы қоныстары: Ұйқылы-Боржақты, Өмiрзақ-Қайық, Көпдөрел-Жабағы-Шат, Шағылжұрт, Иiлiнiң құмы – қысы-жазы. Берiрекке дейiн бұл атау көңiлде ризашылық сезiмiн туғызатын, өйткенi жаңа туған сәби де, мал да, жаңа мекен де өз ырысын, құтын, тұрақты баяндылығын, берекесiн ала келедi емес пе?! Қай iске де алымды, ақылды азамат Жомарт марқұмның осыны негiздеп “Баянды болғай!” деген тiлекпен қоюы тiптi де бөтен емес-тi… Алайда қазiр басқаша бағыт алған екен. Ауылдың құбыла бетiндегi төбеде бiр-екi қойылым болатын. Өткен 2-3 жылдықтың төңiрегiнде көршiлес түрiкпендерден келiп, бiреулерi қойылымның бетiне “Баянды оғылы — Абдолла”, — деп жазып кетедi де, ауыл есiмi түрiкпен халқының оғылы болып шыға келедi. Себебi қойылым бiрте-бiрте өсiп, атауы да тұрақталып қалыпты

Баяу    алқап, шабындық; Шебiр (бұрынғы Тұщықұдық) шаруашылық территориясына кіреді.

Бәйгелтөбе    жер аты; Бозашы түбегі, Керел жақтағы жер. Есенбай деген кісінің Бәйгел деген үлкен баласының атымен аталған, осы жерде Қаламқас деген деген қыз жерленген  (Ш.Әленұлы. Қаламқас. – Маңғыстау газеті, 19.01.1994)

Бәйті    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

үйік, қауым; Үстіртте, Сайөтес темір жол станциясынан 40 км жердегі құдық пен төбе аты. Сол жерден сармат дәуірінің (б.з.д. V-III ғғ) қорған-үйік кешенінің  табылуына байланысты  аты мәлім болды. Өлкетанушы Ә.Спановтың мәліметіне  қарағанда,  19-ғасырдың топографиялық картасында бұл үйік Қозыбай төрткілі деп аталған. Қозыбай (жеменей) —  белгілі фиололог, ғалым Қабиболла Сыдиықовтың алтыншы атасы.

Бәйтілеу    микротопоним; Ұланақ аймағында, нақты орны анық емес, тек үзінді – Ұланақтың алдындағы Ақбас, Қызылжол, Қоңырой жерінде жайылыста болып, көздеп тұрады екен. Сол кісі жүріп тұрған Бәйтілеу жолы әлі күнге солай аталады. Шығыс бетіндегі Қаратұранның түпсіз аңғар жарығы бар. Сол аңғар жарық Бұзықтамға дейін 10 км-ге созылады деседі. Сол Қаратұранның үстінде көлемді су қоймасы болған.

Бәли    Бәлидің үш суы, құдық; Үстіртте

Шегем Орақ деген құдықты бәлилерге қазып берген.

Бәубек    алқап; Үстіртте.

Бегайдар    Нұрым Шыршығұлұлының “Тоғыз ауыл” дастаны.

Әдірә қалып барасың,

Қайран Шоқыбоз бенен Бегайдар,

Бегайдар менен Басқақтан…

Қарға бойлы Қазтуған,

Сол арада жау шапқан

 

Бегеш    жер аты; Ақшұқыр аулынан солтүстік-шығыста 19-20 км жерде. Бегей деген жер осы болуы керек.

Бегеш    Үстірт станциясынан солтүстік-шығыста-20

Бегей    Бал — қорым; Ақшұқыр аулынан солтүстік-шығыста 10 км, әуежай маңында.

Түпқараған ауданындағы Бал шабындығы осы жер болуы тиiс. Маңында Кәтем-баба, Бегей деген жерлер бар.

Бейнелес    Үстiрттегi құдық (“Есенқазақ” мақаласын қараңыз).

Бейнеу    елдi мекен, аттас ауданның орталығы. Осы маңда тұрып, бес құдығы болған орта ауқатты Намазұлы Бейнеу (1760-1830) деген кiсiнiң атына байланысты. Намаз – Адайдағы Атақозы батырдың iнiсi.

(Бейнеу 1760-1830 ж.ж. Қосай – Байбол – Нұрбай – Айтқұл – Намаз – Бейнеу).

Бейнеу ата    Ескі Бейнеуден оңтүстік батыста – 17

Бекбике    Жем — Құлсары аймағындағы жер аты. Адайдың түрікпенадайдан шыққан Тәңірберген деген кісінің көркі мен ақылы сай болған үшінші әйелі Бекбикенің атымен аталған.

Бекболат    Опорныйдан оңтүстік батыста — 5

Бекежан    Үстiрттегi мола (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

жер аты; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жерінде.

Бекесқазған    құдық; Оңтүстік Бейнеуде

Бекет-ата    Тобықты ойдағы көне мешiт-үңгiр, Тигеннен солтүстік-шығыста 35 км, Қызаннан 39 км жерде.

Бекетата    Сенектен шығыста — 90, Оғыланды алқабы

Бекеты    Таушықтан оңтүстік-шығыста — 4

Бекжан    Шебірден шығыста-30

Бекмет    Жыңғылдыдан оңтүстік-батыста-23

Бексенбай    қауым; Форт-Шевченкодан шығыста 31 км жерде.

жер аты; Форт-Шевченко – Таушық трассасының 25-км. Сағындық-Бейсембай деп те аталады. Оның оңтүстік жағында 10 км жерде Қаңға-баба қорымдығы бар.

Бектұрлы ишан    Құрықтан оңтүстік-батыста -35

Бектұрлы    қорым; Жетібай кентінен оңтүстік-шығыста 10-12 км жерде, Ақтау-Жаңаөзен жолының терістік бетінде. Бектұрлы-ишан – түрікпен әулиесі, қорым кейін адайдың байбоз руының зиратына айналған.

Бектемир баба    Құрықтың солтүстік-шығысында — 23

Бекше    қорымдық, темiр жолдың солтүстік бетiнде, Жыңғылды аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 24 км жерде.

Бекше    құдық; Бозашы түбегі, Тұщықұдық шаруашылық жері, Қызылқұм массивінің солтүстігінде.

Бекімбай;    Ақшымыраудан оңтүстік-шығыста-7

Бекі    елді мекен; Жетібай-Шетпе жолының 35-ші км.

Ащы Бекi, Тұщы Бекi деген жерлер

Белдеулi    Құсшыдан 60 км жердегi керуен сарайлардың шоғырланған жерi – Белдеулi. Мұнда бiрнеше керуен сарайдың қалдығы бар. Анадайдан ағараңдап, үйiкке ұқсап көрiнген алты-жетi қонақүйдiң орны тоға тәрiздес болып иiлiп келiп, бiр белдеу бойында орналасқан. Белдеулi аталау себесi сонда болар. Мұнда да Бiлеулi мен Құсшыдағыдай, бiр өлшемдi қызыл кiрпiш пайдаланылған.

Белесем

Белесен    тау (218 м), Құланды ернегiнiң оңтүстік-шығыс шетiнде, Сенектен оңтүстік-шығыста 54 км жерде.

Оңтүстiк Маңғыстаудағы Аққұдық аулына таяу маңда. Жартастағы таңбалар.

Белеулi Бiлеулi    жер аты; Үстiрттiң орта тұсында, Бозстан темір жол станциясынан солтүстік-шығыс бетте орналасқан, атақты 14-ғасырдың керуен сарайы бар. Белеулi ата деген әулиенiң атынан шыққан. (как следует из текста Левшина. Наряду с развалинами каменного караван сарая с мощным порталом здесь расположены остатки сардоб хранилище пресной воды, колодцы, казахское и туркменское кладбище, карьер камня. См.работы Манылова и Юсупова в коммент. 72).

Белтұран    Белторан, мола; Ақшора – Белтұран деген атауымен белгiлi. Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан шығыста 46 км жерде, Форт-Шевченко – Таушық жолының бойында. Белтұран мен Ақшора тамдарының арасы 3 км, Белтұран сайдың сол жағында, ал Ақшора – оңтүстiк жағында.

Беникемола    Опорныйдан оңтүстік-шығыста-53

Бердалы    Жармыштан оңтүстік-шығыс-шығыста -36

Бердалы    Жармыштан оңтүстік-шығыс-шығыста -50

Бердалы    қорым, Жармыш аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 32 км, Онды ауылынан шығыста 30 км жерде.

шабындық. Ойда, Қасқыржол жотасының күнгей бетiнде, Маната асуынан  оңтүстік-батыста 19 км жерде.

Қатты ұйы, Елiк, Өгiз-Өреуiл —

Түрiкпеннiң жерi екен.

Қара атын қиғаш мiнгiзген,

Батыр туған сол күнде,

Аты аталған — Көреғұл,

Оның былай қасында:

Тау тұмсығы – Бердалы.

Жаңғызеспе, Маната,

Сөге көрме сөзiмдi,

Манағы айтқан жерiңе.

Жаңа келдiм, жан ата…

 

Береди    Сайөтестен оңтүстік-оңтүстік-шығыста-32

Берді    құдық; Жарма аулынан батыс-оңтүстік-батыста 7 км

Бердібек    қорым. Баянды аулынан солтүстікте 3 км жерде. Бердібек  Өтесінұлы (руы байбоз, 1847-1872) 25 жасында мал қарап жүргенде, найзағай түсіп өлген екен.

Бердiкен    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматыû. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спановтың “пен Х.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітартарынан алынды:

Форт-Александровск – Хиуа Жолы:

Форт-Александровск – Қаңға (25) — Қыштым (15) – Бөрлі (65) — Бекі (40) — Басқұдық (25) — Барлы (25) — Ащыиірбасан (35) — Сұмса (30) — Сенек (15) — Бесоқты (20) — Сайқұдық (45) — Босаға (30) — Қараған (25) — Байшар (45) — Қитар (80) — Ұзын (30) — Қипыр (35) — Аққұрық (35).

Форт-Александровск Көне Үргенішке апаратын жол

Форт-Александровск — Қаңға — Кіштім — Ащыбас-Шат -Бердікен –Бекі-Бөрлі — Сұмса — Сенек — Бесоқты — Сайқұдық — Босаға — Қарқын — Елтежi — Бойлар — Қызылақыр — Табынсу – Көне Үргеніш (800 шақырым).

 

Бердiсүгiр    Үстiрттегi құдық, Ердалыдан оңтүстік-шығыста 14 км жерде, оңтүстік — оңтүстік-батыс жағында екi жерде Қожақазған құдықтары бар.

Бердісүгір    жер аты; Үстіртте, Ақшымырау шаруашылық территориясында

Бердiсүгiр    қорымдық, Жармыш аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 25 км жерде, темір жолдың солтүстік бетiнде.

Берлісүгір    Жармыштан шығысқа – 22

Бернияз    Жыңғылдыдан солтүстік-батысқа – 10

Бернияз    мазар, Батыс Қаратаудың оңтүстік-батыс етегiнде, Жыңғылды аулынан солтүстік-батыста 10 км жерде.

Бернияз    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Бернияз    Сайөтестен солтүстік-шығыс-шығысқа 200

Бесбұлақ    бұлақ; Үстірт ернегінде, Өтес кентінен солтүстікте 32 км, Сисем ата қорымынан солтүстік-солтүстік-батыста 2-3 км жерде.

Бесбұлақ    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматыû. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спановтың “пен Х.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітартарынан алынды:

Форт-Александровск – Орал жолы:

Форт-Александровск – Қаңға-баба (25) — Қыштым (15) — Үдек (25) — Таушық (20) – Төріш (25) — Қарашымырау (10) — Ақмыш (30) — Жармыш (25) — Саура (10) — Тамды (30) — Жаңғызеспе(60) — Маната (20) – Бөгерстем (15) — Өтес (30) – Ешкіқырған (35) – Бәйті (15) – Уәли (15) – Тәңке (30) — Қожақамар (35) — Бесбұлақ (20) – Тұздыорпа (80) — Шабайүдек (20).

Адайдың көш жолы.

Қаңға – Түбіжік – Үдек – Тарталы – Ұланақ – Жыңғылды – Тұщыбек – Шетпе – Аусары – Күркіреуік – Қаратүйе — Өтес – Ешкіқырған – Қатша – Тәңкі – Қосқұлақ – Манашы – Күйкен – Алтықұлаш – Азнағұл – Қарашүңгіл – Жібін – Бақашы (600 шақырым)

1915-17-жж мәлімет бойынша: (254-255-бб)

Бесбұлақ    алқап; Үстірт ернегінде, Өтес кентінен оңтүстікте 36 км жерде. Сынды құдығының шығысы, Мәлібек құдығының оңтүстік-батыс жағында. Бұлағы бар, көрікті жерлер қатарына жатады.

Тереңорпа жақтан Үстіртке Бесбұлақ арқылы да шығатын жол бар. Бесбұлақтан 15-20 км жерде Мәлібек пен Түпкібай шымыраулары бар.

Бесбұлақ    алқап, Тұщыбек аулынан солтүстік-батыста 5 км, Жыңғылды аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 15 км жерде.

Жыңғылды мен Қарқын бар,

Балдағы алтын ақ болат

Суырсаң жауға жарқылдар,

Одан былай қасында:

Тұщыбек пен Бесбұлақ,

Жайылып жатқан тауында,

Таушы баққан ешкi-лақ,

Оның былай қасында:

Аққауын мен Керiз бар,

Аңыз қылған айтулы

Қала салған жерiң бар…

 

Бесбұлақ    жер аты; орны белгісіз. Тек үзінді дерек: зерттеушілер… Айрақты, Жығылған, Ақмая жерлерінен, сондай-ақ Қособа, Қарамола, Бекет-ата, Сисем-ата, Қараман-ата, Бесбұлақ қауымдықтарынан композициясы және сюжеттері жөнінен тамаша суреттер тапты.

Бесбылаң    жер аты; Үстiртте. Аңыз бойынша, осы жерге Қонай батыр келiп қоныстаныпты.

Бесегөз    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Бесегөз-Тәңке, жер аты; Үстірттің Бейнеу жағында, нақ орны анық емес, тек үзінді: ол уақытта Хасарлы (Каспий) теңізі Маната, Ақшабас, Айрақты, Бесегөз-Тәңке, Ақбұлақ-Күйкен, Байкүшік, Бейнеу, Түйемойын-Шаппа, Маңсуалмас-Есет шыңдары мен жағалауларына соғып жатқан. Сүйінғара батыр Борқұдық, Бесегөз-Тәңке тұсында Ысық Ақпан батырдың мүрдесін алып келе жатқан адамдарға кездеседі.

Бескемпір    Фетисовтан оңтүстік-шығыс-шығыста 110, уступ Каясанирек

Бескемпір    Сенектен оңтүстік-шығыс-шығыста-35

Бескемпір    Фетисовтан солтүстік-батыста -40

Бескемпір    Красный Долгинецтен 25 км

Бескемпір    Жармыштан оңтүстік-батыста -5

Бескемпiр    аңғар, үстiмен Ақтау-Қаламқас жолы кесiп өтедi, Таушық аулынан шығыста 11-14 км жерде.

Бескемпiр    қорымдық, Жармыш аулынан оңтүстік-батыста 7 км жерде, Шығыс Қаратау жотасының үстiнде.

Бескемпiр    жер аты; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық территориясында

Бескемпiр    Үстiрттегi, Өгiзбайсары деген жердегi қорымның Қыдырша әулие жерлегенге дейiнгi ескi атауы.

Бескемпiр    төбе, Сенектен оңтүстік-шығыста 46 км жерде.

Бескемпiр    қорымдық, Сенектен оңтүстік-шығыста 37 км жерде.

Бескемпiр    Бесiн кезiнде Қосшымыраудағы Тоқаңның аулына бардым… Иiрге құлайтын Бескемпiрдiң шығыс жағындағы сайдың басына жақындадық (сайдағы үй) Сарбұлақтан ауыз суын алады

Бескемпiр    Опорныйдан оңтүстік-оңтүстік-батыста -30

Бесқұдық    құдық; Бозашы түбегінде, Ақшымырау аулының солтүстік-шығысында 15 км жерде

Бесқұдық    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Бесмұрын    төбе, Ұштаған аулынан солтүстікте 13 км жерде, биіктігі — 292 м.

Бесоқты    құдық; Түйесу құмының оңтүстік шетінде, Сенек аулынан шығыс – оңтүстік шығыста 17 км жерде

Бестас    қорымдық, Шетпеден 36 км, Тигеннен шығыс-оңтүстік-шығыста 28 км жерде.

Бестас    Тигеннен оңтүстік-оңтүстік-батыста -26

Бестөбе    Үстiрттегi құдық, Ердалыдан оңтүстiкте 13 км жерде.

Бестөбе    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Бестөбе    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Бестөбе    жер аты; Үстіртте, Жармыш шаруашылық территориясында

Бестөбе    Сұлутөрткүлдiң сол жағында Бестөбе, оң жағында Жазыгүрлi, Базыгүрлi ойпаттары, одан әрi Жалпақтөрткүл, одан түстiкке қарай Балой, Шалой қыраттары, әйгiлi Құрмашбұлақ.

Бесік    төбе; Жаңаөзеннен  солтүстік-солтүстік-шығыста 24 км, Қызылсай аулы маңы, биіктігі – 267м;

Бесімбай    қорым; Жетібай кентінен оңтүстік шығыста 25-30 км, Қарамандыбас жерінде. Бектеміс-жарылардың қауымы.

Бесшоқы    тау биігі; Шығыс Қаратау жотасында, Жармыш аулынан оңтүстік-шығыста 12, Оңды аулынан шығыста 10 км жерде. Бесшоқы – бүкіл Маңғыстау түбегінің, облысының ең биік нүктесі (556 км)

Бесшоқының солтүстік-солтүстік-шығысында 2 км жерде Солтүстік Бесшоқы бар (517 м).

Басшоқы    тау биiгi (247 м), Солтүстік Ақтау жотасында, Жармыш аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 17 км жерде.

Бесшоқы    тау биiгi (261 м), Шетпе-Тиген жолының шығыс бетiнде, Шетпеден 26 км, Тигеннен 15 км жерде.

Бесшымырау    Үстiрттегi құдық (“Есен-қазақ” мақаласын қараңыз). жер аты; Үстіртте, Есен-қазақ өңірінің шығыс бетінде, Бейнеу кентінен оңтүстік-шығыста 85 км жерде

Бесшымырау    Сайөтестен солтүстік-шығыс-шығыста-190

Бесшымырау    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Бесшымырау    жер аты; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жерінде

Бисалықора    қыстақ; Шайыр шаруашылық жерінде

Бисенбай    қорым; Форт-Шевченко қаласынан шығыста 30 км жерде

Бисенбай    мола; Өзен-Жетібай автожолы бойы, Ақтау-Өзен-Жетібай жолының қиылысынан 28 км жерде, Шынжыр тауынан шығыста 7 км жерде.

Бисенбай    Жаңаөзеннен оңтүстік-батыс-батыста 30

Битантоған    Шетпеден , Тұщыбектен шығыста 4 км жерде.

қауым; немесе Битантоғай. Шетпе – Тұщыбек жолы бойындағы алқап. Жер аты шоңай руынан шыққан екі бала Битан мен Тоғанның есімдерімен байланыстырылады. Тоған – жиі кездесетін есім, ал битан сөзінің есім ретінде басқа уақытта кездесуіне қарап (мысалы, жармыштық Темірбекұлы Битан), осы түсіндірудің  растығына көз жеткізуге болады.

Боғатай-Беніке    Солтүстік Үстірттің Маңсуалмас деп аталатын өңірінің батыс етегінде созылып жатқан алқап. Төменгі нүктесі – (-56 м). Ең жақын елді мекен – Қаракөл (№ 462) темір жол айырымы (батысында 15 км).

Боқан    жер аты; Маната, Боздақ өңірінде, көбінесе көрші алқаппен қосып, Боқан-боздақ деп атайды. Осында Сүйінғара батырдың баласы Бүркіталы жерленген.

Бозат    Одан былай суларың:

Қарасеңiрек, Бозат бар.

Теңiзiн байқап қарасам,

Әрбiр түрлi талап бар.

Оның арғы басында:

Ауылым Құйжақ, Дәне бар.. .

 

Боздақ    жер аты; Үстірт-Қаратүйенің шығысындағы төбе басындағы қауымдық. Осы жерде 1930-жылғы 20-сәуірде кеңес жазалаушы жасағы түрікпен  жеріне көшкен бейбіт ауылды ойрандаған. Осы төбенің етегін ала көмкеретін ағысты Қырғынсай деп атайды. Ал Боздақ деп тұтқындалған 51 адамды соңғы рет көрген жер болғандықтан, халық астарлап атаған (Ә.Спанов. Маңғыстау, 1.06.1993).

Бозарыс    Қашаған Күржiманұлының “Атамекен” дастанында сақталған:

Бiрнеше күндер өтедi,

Қаратүйе, Маната

Деген жерге жетедi.

Маңғыстау да сол күнде.

Қалың сулық жер екен.

Бозарыстың түбiнде,

Қарашағыр, Шадас құдық,

Ордың бойы ел екен (Қ.Сыдиықов. Алқаласа әлеумет. А. “Жазушы”. 1991. 80-б.).

Боздық    құдық, Жармыш аулынан шығыста 30 км, 10 разъезден батыста 9 км жерде, Арабай қорымдығының қасындағы жерде.

Бухан    Опорныйдан оңтүстік-батыста -42

Боқбас    құдық; Бозашы түбегі, Қызан маңында, нақты орны анық емес.

Боқты    Ажырықты ойдың шығыс бетiндегi тау (165 м), Сенек аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 34 км жерде.

Боқтыжұрт    микротопоним; Қызылтөбе аулының маңайында.

Боқтысай    қыстақ, Шайыр аулынан солтүстік-батыста 18 км жерде, қасында Алталы қорымы бар. Шайыр шаруашылық жерінде

Бокыржи?    құдық, Шайыр аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 25 км, Тигеннен батыста 14 км жерде.

Бокуш    Ақшымыраудан солтүстік-шығыста -39

Боран    қорым; нақты орны анық емес, тек үзінді — Аққұдықтан бар болғаны 20 км-дей жерде Боран қауымдығы, Боран бейіті деген ескі обалар кездеседі. Есенкелдіұлы Боран деген жомарт-байдың атымен аталған

Боран кесенесі, қызылсу қорымы;    Қызылсу ауылы

 

Боранқұл    Үстiрттегi құдық, алқап. Сайөтестен шығыста 25 км, Қонай үйiгiнен оңтүстік-шығыста 4-5 км жерде.

Бурункул    Опорныйдан оңтүстік-батыста — 24

Боранқұл    елді мекен, ауыл; Бейнеу ауданында. Опорный кентiнiң дұрыс атауы. Опорная-2, Опорная-5 барлау бригадаларының жұмысшылары Боранқұл аулында тұрған. 1962 жылы кентке айналды. Қарақұм совхозы 1964 жылы осы кентте құрылған.

Боранқұсқан    Бейнеу кентi маңындағы жер атауы.

Боржақ    Мырзайыр мен Басқұдық

Жылқыға жаман болғасын,

Айтпай кеттiм қас қылып.

Бекi менен Сәубеттiң

Төрткiлi жатыр қасқиып.

Қандыбас пен Жантақты,

Ұйқылы мен Боржақты,

Үшқиы, Саура ортада

Айтпай кетер деп пе едiң,

Сауытты мен Құйжақты?

Балша, Шiңгiр суың ба,

Ел келгенде паналап,

Майбұлақ, Қарасеңiрек

Мал жаюға кеңiрек..

Басқасын айтпағанда, Баянды маңы ата-бабаларымыздың, берiсi Ералиев атындағы колхоздың (төрағасы – Нұрбаев Өмiрзақ) шаруасын дөңгелеткен шұрайлы қоныстары: Ұйқылы-Боржақты, Өмiрзақ-Қайық, Көпдөрел-Жабағы-Шат, Шағылжұрт, Иiлiнiң құмы – қысы-жазы.

Борқай    Жармыш аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 37-43 км жерде, 10 разъезден солтүстікте 9 км. Арал түбек

алқап; Кезінде Қайдақ шығанағындағы арал болған, теңіздің тартылуына байланысты кейін сұғымға (шағын түбекке) айналған. Қарнау өңірінде,

арал; Қайдақ шығанағында 1930-жылдарға дейін болған. Нақты орны белгісіз, тек үзінді – 1935-жылдары Тасорпа, Қызық, Құты, Алатөбе маңын жайлайтын ел Баба, Борқай аралдарынан жазғытұрым құстың жұмыртқасын алып, көктем суы қайтқанда, бөлініп қалған судан балық аулағанын білетін ақсақалдар.

Борқұдық    Бейнеуден оңтүстік-шығыста — 40

Борқұдық    жер аты; Үстіртте, нақ орны анық емес, тек үзінді – ол уақытта Хасарлы (Каспий) теңізі Маната, Ақшабас, Айрақты, Бесегөз-Тәңке, Ақбұлақ-Күйкен, Байкүшік, Бейнеу, Түйемойын-Шаппа, Маңсуалмас-Есет шыңдары мен жағалауларына соғып жатқан. Сүйінғара батыр Борқұдық, Бесегөз-Тәңке тұсында Ысық Ақпан батырдың мүрдесін алып келе жатқан адамдарға кездеседі.

Нұрым Шыршығұлұлының “Тоғыз ауыл” дастаны.

Борқұдықтың басында,

Сайқұдықтың қасында,

Көтерді жәумет іргені.

 

Борлы     Бөрлі, құдық; Қараған түбекте, Суат қыстағының қасында, Форт-Шевченкодан шығыста 53 км жерде

Оның былай қасында:

Қрақұдық, Қараған,

Әтiре, Талшық, Мерет бар,

Айта берсем, таусылмас,

Жыршыңызда дерек бар.

Жаз жайлауға күн ыссы,

Қарағашты, Борлы, Үдек бар..

Терiсжаға жерiнде

Жайлай қалсаң, күзек бар.

 

Борлы    құдық; Басқұдық пен Сауысқан құмдары аралығында, Ұштаған құмының оңтүстігінде, Жарма, Мырзайыр, Торым маңында;

Борсумұрын    теңіз мүйісі; карталарда Порсу делінеді. Кендірлі шығанағының аумағында, осы жерде 1873-жылы 13 наурызда Ломакиннің жасағы Хиуаға жорығын бастады.

Оның былай сыртында:

Өзен, Шынжыр белгiлi,

Борсымұрын, Қарабас —

Шөбiн байқап қарасам,

Бұйырғын, жусан аралас,

Қызыладыр, Астауой

Ол ит тиген арам ас.

Күн жаумай елi бара алмас.

Оған жалғас көлбеген,

Қауынды мен Қорғанбай —

Уақ малға жайы жоқ.

Екi-үш қара күнелтiп,

Азғана күн тұрғандай…

 

Босаға    Қараған-Босаға, жер аты ; Үстірттің Маңғыстауға құлайтын жолдарының бірі, тарихи Сарытас – Үргеніш керуен жолының бойында, Сенек аулынан шығыста 110 км жерде .

Қалнияз Шопықұлы

Елді тонаған түрікпен келген жолымен кері қайтады…

Екі қонып жолшыбай,

Ебелектің елу аңғары

Босағаға барады.

***

Қалнияз Шопықұлы

Босағаға барғасын,

Алпыс кісі адайдан.

Қаптаған қалың жәумiт Босағада,

Сауғалап талай бұқты тасаға да,

Ат қойды алпыс кiсi аз да болса,

“Сары шал, қолдай гөр” деп атаға да.

Екi сай – Ебелектiң ең терiсi —

Болмаса Босағаның Қарағаны.

“Қара оба Қалмақ үйген” қарауылға

Қарсы алдан қайтқан жауды баққан жерi…

Боскем    Сенектен оңтүстік-оңтүстік-батыста-90

Бос су    Тасымбаевтар Қызылтұран жерiнде жылқы бағады. Суы — Ондының көзi, жайылысы  — Ондының алды, Қаратау, Бос су. Қыс болса Қарақыз, Айткөкшенiң түбегi.

Бостан    елді мекен; Қызылсай (Ескіөзен) аулының іргесінде, солтүстігінде 3 км жерде.

Бостан    Өзен өңiрiндегi құдық, Қызылсай аулынан солтүстік-шығыста 24 км жерде, Бостанқұм iшiнде, Бостанқұм аулының солтүстік-солтүстік-шығыс жағында.

Бостанқұм    құм массиві; Ұштаған өңірінде, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 55-60 км-ге созылып жатыр.

Бостанқұм    елді мекен; Бостанқұм массивінің оңтүстік шетінде орналасқан, Қызылсай аулынан солтүстік-шығыста 21 км жерде.

Ботагөз    елді мекен; Жаңаөзен-Кендірлі жолының  бойында Жаңаөзеннен оңтүстік-батыс-оңтүстікте 25 км жерде. 1975 жылы Қызылөзеннен түйе совхозы бөлініп, Жетібайға кетті. Бірақ, ол, көп ұзамай, Қызыладырдың дөңіне көшіріліп, Ботагөз деген орталығы бар бір қауым елге айналды.

Бошан    қорымдық, Жармыш аулынан шығыста 18 км жерде.

Бошан    Жармыштан шығыста -25

Бөгеже    Ұштаған ауылынан шығыс-оңтүстік-шығыста 19 км жерде, Сауысқан құмының iшiнде.

құдық; Өзен-Ұштаған аралығында, Жармадан шығыс-оңтүстік- шығыста 11 км жерде, құм ішінде; Осыған ұқсас, Оңтүстiк Қазақстандағы Созақ қаласының түбiндегi “Бөкежелi” (Бекеделi) қыстағының атауы жөнiнде Ә.Марғұлан оны оғыздың бекделi тайпасының атынан шыққан деп айтады. Осы қисынға сай, маңғыстаулық Бөгеже топонимi де осы оғыздық этнониммен байланысты болуы мүмкiн. “Қарабөгеже” деген топоним Маңғыстаудың Қараған түбегiнде де бар (аттас анықтаманы қараңыз).

Ақын Қазанғап Байболұлы (1889-1943) «Еңсегей бойлы ер Есiм»  деген дастанында:

Ұлы жүзден Жақсығұл

Бөгежелi затынан,

Руы едi Жаныстан.

Шабайдың ұлы – Жақсығұл,

Ауада ұшқан аққудың

Шашар едi хандарын.

Бөгембай    немесе Түлкiлi-Бөгенбай, алқап; Бөгембай – Есек батырдың баласы, түрікпендер қолынан қаза тапқан. Әбіл мен Есек батыр баласы Бөгенбайдың суын айғырларды ұстағаны жөнінде аңыз бар.

Атағозы мен Есек батырдың аулы Қарнаудың бiр бұлағын жайлап отырады. Әлi ойға құламай, аңысын аңдап жүрген болса керек. Балалар бiр күнi түрiкпеннiң үйiрiндегi жаңа туған бiр құлынды ұстап алады. Оларды байқап қалған жылқышылар оларды атып өлтiредi. Әбiл өлген жер Әбiлтөрткүл, Бөгембай өлген жылға Түлкiлi Бөгембай деп аталады. Адайдың Өмiр, Темiр бастаған батырлары Түлкiлi Бөгембайдан бастап Ауыздыбас-Тигенге дейiнгi түрiкпен ауылдарын шабады. (Ә.Спанов, І.Шыртанов дерегі).

Бугористам    Сайөтестен оңтүстік-батыста -15

 

Бөгерстам

Бөгерстем

Бөгерстерм Бөгерiстем    бұлақ, қорым. Үстiрттiң Қарнауында, Қызылсайға қосылатын ернектегi жыралардың бiрiнiң басында. Маната – Сайөтес жолының бойында, Сайөтестен оңтүстік-батыста 24 км жерде. Бұл – орысша топокартада жазылған атауы, ал қазақша дұрыс айтылуы “Бөгерiстам” немесе “Бөге-арыстан” (Бөге-Рүстем) болып шығуы да, басқалай болуы да ықтимал.

Сондай-ақ, Манатаның асуынан асқаннан кейiнгi кездесетiн Бөгерстам жерiнен құдық қазса болар едi.

Бөкен    құдық; Қаракөл (№ 462) темір жол айырымының батысын алып жатқан шағын құмды массив ішінде, темір жол айырымынан батыс – солтүстік-батыста 20 км жерде .

1949 жылы құдықшылар бригадасы Қарақұм бойынан Бөкен, Тортай, Алтықұлаш, Бұғабай, Шеркешқұдық, Құлжан, Айыршағыл, Есентемiр, Қарамендi, Сығай, Шемшер, т.б. жүзден аса шөппен, бұта, қарағай, тақтай, таспен шегенделген құдықтарды қазды.

Бөкенмола    Опорныйдан оңтүстік-оңтүстік-шығыста -56

Букенмола    Қияқтыдан батыс-солтүстік-батыста -25

Бөлекбай    бұлақ, Тұщыбек аулынан терiстiкте 3 км жерде.

Бөлекбай    құдық; Үстіртте, Оғланды-Бекет атадан солтүстікте 34 км жерде;

Бөлектау    үзiндi – Мына Бөлектау, Ембi тауларында бұрынырақта отарымен жүрушi едi.

Бөрілген    Емірден солтүстік-батыста-11

Бөрлi    … Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматыû. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спановтың “пен Х.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітартарынан алынды:

Форт-Александровск – Хиуа Жолы:

Форт-Александровск – Қаңға (25) — Қыштым (15) – Бөрлі (65) — Бекі (40) — Басқұдық (25) — Барлы (25) — Ащыиірбасан (35) — Сұмса (30) — Сенек (15) — Бесоқты (20) — Сайқұдық (45) — Босаға (30) — Қараған (25) — Байшар (45) — Қитар (80) — Ұзын (30) — Қипыр (35) — Аққұрық (35).

Форт-Александровскден Көне Үргенішке баратын жол

Форт-Александровск — Қаңға — Кіштім — Ащыбас-Шат -Бердікен –Бекі-Бөрлі — Сұмса — Сенек — Бесоқты — Сайқұдық — Босаға — Қарқын — Елтежi — Бойлар — Қызылақыр — Табынсу – Көне Үргеніш (800 шақырым

Бөрлiген    қорымдық, Жыңғылды аулынан оңтүстік-батыста 26 км жерде.

Бөрлiген    Түпқараған ауданының жерiнде.

Бурлюгун    Ақшұқырдан солтүстік-шығыста-43

Бирбас    Сайөтестен оңтүстік-оңтүстік-шығыста-45

Бөрібас    Сазды аулынан солтүстік-шығыс-шығыста 52-54 км жердегi сай-шатқал.

құдық, қорым; Үстірттің батыс өрнегіне таяу, Сайөтестен оңтүстік —  оңтүстік -шығыста 44 км жерде (Ұштаған шаруашылық аймағында); Орысша топокартада “Бирбас” деп қате жазылған. Үстірттен ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрібас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға, т.б.

Балаюк    Қарасан тауынан шығыста-23

Болоюк    Сенектен оңтүстік-шығыста -145

Булыойық    Мрамор құдығынан 18-20 шақырым жерде Өнере жерастынан шығып, жер астына қайта құйылып жатқан жойқын суға тап боласыз. Табиғат жаратылысы, осыншама су  дүрiлдеп шығып, күрiлдеп жер астына кетiп жатыр. Суы ащы, теңiз суы болуы керек… Өнере суынан 75-80 шақырым жерде орналасқан Булыойық жерасты үңгiрi кездеседi. Бұл Ақсексеуiл жерiнен 20 шақырым күнбатыс бағытта. Емескiлеу, жерде, елеусiз. Дәл үстiнен түскендер, немесе дәл бiлушi болмаса, табу қиын. Сай шығыстан батысқа қарай орналасқан, алаңды. Сайдың басында, құлама жардың астынан үңгiрге кiруге болады. Үңгiр басталысы кең, биiктiгi 2,5-3 метрге дейiн. Тереңдiгi 220 метр жолды жүрiп, түсу қиын. Тастардан түсу, оған шығу, алғашында қиынға соғады. Халықтың, көне көз қариялардың айтуы бойынша, бұл үңгiр Сүйретпе деп аталған екен. Сонау жер астынан меске су алып, оны түйе тайлы баурайдан сүйретiп алып шығады екен. Бертiн келе, жол бойында жоғарыдан тастар құлап, түсу қиындап кеткен. Ал Булыойық аталуы қыстың күнi жер астынан жылы ауа шығып, буға айналып, әлгi үңгiрден будақтап шығатындықтан атаған болуы керек. Үңгiрдiң бастамасында тас астау бар. Сол астауға жерасты суын алып, ат көлiктерiн суарған болуы керек. (Қ.Игiбай. Зерттеуiн күткен жерлер көп. “Маңғыстау”, 2004. 19 ақпан.)

Бурабай    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Бурабай    Нұрым Шыршығұлұлының “Тоғыз ауыл” дастаны.

Бурабайқұдық шыңырау —

Ноғайлының қазған құдығы.

Сол жәуміттің қашқан жер,

Ақыл бір таппай сасқан жер.

Осы жерде Жәуміттен 250 адам қаза, адайдан Ықылас, Төлен, Қабыл, Еснияз батырлар өледі.

 

Бұғыбай    елді мекен; Қарақұм массивінің оңтүстік шетінде, Опорный стансасынан оңтүстік-батыста 29 км жерде.

1949 жылы құдықшылар бригадасы Қарақұм бойынан Бөкен, Тортай, Алтықұлаш, Бұғабай, Шеркешқұдық, Құлжан, Айыршағыл, Есентемiр, Қарамендi, Сығай, Шемшер, т.б. жүзден аса шөппен, бұта, қарағай, тақтай, таспен шегенделген құдықтарды қазды.

Буз    құдық; Кендірлі-Қаясан өңірінде, теңіз жағалауында, Мазарлы мүйісі мен Суе мүйістері аралығында, Бекдаштан 40 км, Темір-бабадан 80 км жерде.

Бұзықтам    Жыңғылдыдан оңтүстік-батыста -20 км

Бұзықтам    қауым; Форт-Шевченкодан шығыста 50 км жерде.

Бұзықтам    жер аты; Ұланақ аймағында, нақты орны анық емес, тек үзінді – Ұланақтың алдындағы Ақбас, Қызылжол, Қоңырой жерінде жайылыста болып, көздеп тұрады екен. Сол кісі жүріп, тұрған Бәйтілеу жолы әлі күнге солай аталады. Шығыс бетіндегі Қаратұранның түпсіз аңғар жарығы бар. Сол аңғар жарық Бұзықтамға дейін 10 км-ге созылады деседі. Қаратұранның үстінде көлемді су қоймасы  болған.

Бұлақ    жер аты; Үстіртте, географиялық әдебиетте Бұлақ Қазаншұқыры деп атауға болады.

Бұлақтыкөл    қыстақ; Үстіртте, Сам құмының шығыс бөлігінде, Тұрыш аулынан шығыста 22 км жерде.

Булатай    Прорва метеостанциясынан оңтүстік-батыста -4 км

Бұлыш    бұлақ; Солтүстік Ақтау жотасының теріскей бетінде, Шетпе – Тиген – Тұщықұдық тас жолының бойында, Тиген аулынан оңтүстікке 7 км жерде.

Бұрма    Сенектен оңтүстік-шығыста -45 км

Бұрма    құдық, Сенектен шығыс-оңтүстік-шығыста 51 км жерде.

Бұрмашы    Жетібайдан шығыста -30-35 км

Бұрмашы    мола; Жетібайдан шығыс-солтүстік-шығыста 26 км, Асардан солтүстік-шығыста 10 км жерде

Қырымқұл Ұзақбай жырау Қазжанұлы (1897-1973) Өзен қаласынан 40 км жердегi Бұрмаша жерiнде туған.

Бұрмашы    жер аты, мұнай кеніші, 1987-жылы қазан айында пайдалануға берілген.

Бұрынкөл    Боранқұл, мола; Опорный стансасынан батыс-оңтүстік-батыста 25 км жерде,  Қарақұм массивінде.

Бұрыншық    Мұрыншық, теңіз мүйісі, Бозашы түбегінің ең теріскей шеті. Бүгінгі Қаламқас мұнай кенішіне жақын жерде (солтүстік-батыста 15 км), ауызекі тарихта Ортаеспе (Ортаеспе- Керел) деп аталатын өңір осы тұс.

Бүгіл    жер аты; Бозашы түбегінің Жетітөбе өңірінде; үзінді – Ас берілген Жетітөбенің Бүгіл деген қара жұрты әлі жатыр.

Бүйiрбасы    Одан әрi қарасаң,

Бүйiрбасы, Күрпiтау.

Дүлдүл-ата әулие

Аңыз болған керемет.

Тастан соққан бар түйе

Iргесiнде тақ соның

Құрқызыл мен бар Сүйе..

 

Бүлдірген мола    Опорныйдан оңтүстік-шығыста-65 км

Бүргемдi    Тұщықұдық өңiрiндегi қыстақ аты.

Бүркіталы    қорымдық, Жармыш аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 36 км, № 10 разъезден солтүстік-солтүстік-батыста 7 км жерде.

жер аты; орны анық емес, тек үзінді – Сол тұста Қызық, Бүркіталының тұсынан тұрғындар балық аулаған.

Бүркітәлі    Жармыштан солтүстік-шығыста -37 км

Бүркітші    әулие; Үстіртте, Сайөтес маңында.

Бүршiк    төбе (69 м), Шайыр аулынан солтүстік-батыста 27 км жерде, Ақтау-Қаламқас жолынан шығыста 6 км жерде.

Бiлеулi    тарихи ескерткiш, керуен сарай қирандысы. Бейнеу ауданының Өзбекстанмен шектесер тұсында. 14 ғасырда салынған деп шамаланады (Рыжков). Қақпасының енi 8 м, биiктiгi 10 м.

Білешін    көне арал; қазір жоқ. Бозашы түбегінің Тасорпа түп жағында. Аңыз әңгімелерде Теміртапқан, Байтақ сияқты бүгінде жоқ аралдармен бірге аталады.

Бiрқарын    алқап, Жыңғылды аулынан оңтүстік-батыста 14-16 км жерде.

Бiрқарын    Мына үзiндi; Аңшы Нұр.. бастауын ата-баба қонысы сонау Аданың сүзбе суынан ауызданып дәстүрлi кәсiптi жалғастырған аңшының өмiр жолы Майемер, Балой, Бiрқарын, Сүйретпе, Қансу, Сарбұлақ, Көкесем, Аққуыс, Арқарбұлақ, Үкiлi, Шайтанкүп, Шаңырақкүп болып, қысқасы шалқар Маңғыстауды шарлаған..

Бірмәмбет    Жыңғылдыдан оңтүстік-оңтүстік-батыста -28

Голбонше    төбелi алқап (141 м), батыстан шығысқа созылып жатыр. Жоламан алқабынан оңтүстiкте, Сенектен солтүстік-шығыста 30 км.

Гокланбут    Сенектен шығыста 30 км.

Дағар    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде. Бейнеу ауданының жерінде болар деп шамаланады.

Үзінді – 1961 жылы Тәжен темір жол айырымындағы Дағар деген құдықтың көзін ашып, игілігін көрген адаммын.

Дағар    Сайөтестен шығыс-солтүстік-шығыста -205

Дағар сайы    алқап; Өтестен (Сайөтестен) 7 км жерде, шың ернегі

Дағдышы-Бұлыш. Дактиш    жер аты, бұлақ. Тигеннен оңтүстік-оңтүстік-батыста 6 км жерде.

Шетпе аймағында, Көгезден Тигенге барар жолға жақын жердегі су. Бұлыштың фонтаны деп те аталады. Бұлыш адамның есімі, ал бұлыш сөзі әлсіз, белсіз еркек дегенді білдіреді, сондай-ақ қу, тентек деген мәнге де ие.

Далда    жер аты; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жерінде

Дарханбай    Үстiрттегi мола (“Есенқазақ” мақаласын қараңыз).

Дарханбай    Сайөтестен солтүстік-шығыс-шығыста-190

Дауылбай    құдық; Ақшымыраудың шаруашылық жерінде, құдықты Қайнарбай мен Телбай Тәшенұлы деген құдықшылар қазған.

Дауыл    Сенектен оңтүстік- шығыста -65-67

Дауыл    Шетпеден шығыста -25

Дауылжан    құдық; Үстірттің етегінде, Оғланды-Бекет-атадан солтүстік-батыста 38 км жерде

Дауысты    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

құдық; Үстiртте, Қарақұдық шаруашылық жерінде. Қисайып жатқанда жер астынан шыққан дауысқа қарап, аузы жабылған құдық екендігін анықтаған Дүкен деген кісі (бәли-жарбол руы) көрінеді

Даусты    Ақжігіттен оңтүстік-оңтүстік-шығыста -5

Даныспан    Таушықтан шығыста -7

Дәніспан

Данышпан    тау (193 м), Қаратаушық жотасының оңтүстік бетiндегi оқшау тау, Таушық аулынан оңтүстік-шығыста 6 км жерде, батыс жағында аттас құдық пен қорымдық та бар.

Таушық кентінің шығыс іргесінде; Ақтау қаласынан 85 км жерде. Аңыз бойынша, Дәніспан деп аталған әулие Маңғыстаудың Сұлтан Хубби ашқан киелі орындарына тәу ету үшін Түркістандағы Құқай тауынан үзіп алып, түйе қып мініп келген бір бөлігі екен.

Анау тұрған Дәніспан:

“Дәніспанның атасы —

Уәзiр деген хан екен.

Түркiстанда оқыған,

Отыз сегiз бала екен.

Әмiр Мағрұп бұйрықпен,

Жайың содан болсын деп,

Таушық пенен Ұланақ

Бiр түнде ұшып Дәніспан,

Соған келiп сұлаған…”

 

Дәне    Одан былай суларың:

Қарасеңiрек, Бозат бар.

Теңiзiн байқап қарасам,

Әрбiр түрлi талап бар,

Оның арғы басында

Ауылым Құйжақ, Дәне бар..

 

Дәрмен    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан оңтүстік-шығыста 12 км жерде, Бостанқұм массивiнiң шетiнде. Құм iшiнде, оңтүстік-батыста

3 км жерде Дәрмен-ата қорымдығы бар.

жер аты; Ұштаған аймағында

Дәрмен-ата    Ұштаған өңiрiндегi қорымдық, Сазды аулынан оңтүстік-шығыста

13 км жерде.

Дәрмен-ата    Саздыдан оңтүстікте-15

Дәрібай    жер аты; Үстіртте, Қарақұдық шаруашылық жерінде

Дәрібай    жер аты; Үстіртте, Жармыш шаруашылық жерінде

Дәукен    жер аты; Бейнеудің ойында

Дәуқара    жер аты; Атырау облысымен шектескен тұста, Жақсы-Қарасай құрғақ арнасының бойында, Қарашоқы тауының терісиік беткейінде. Опорный темір жол стансасынан шығыста 115 км жерде

Дәулет    Ақтаудан солтүстік-шығыс-шығыста-20

Дәулеттас    құдық, Солтүстік Ақтаудың терiстiк беткейiнде, Тигеннен оңтүстік- оңтүстік-шығыста 13 км жерде.

Демесiн    мола, Ұштаған аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 18 км жерде.

Демесiн    Ондыдан оңтүстік-шығыста -35, Бердісүгір алқабы

Демеу    Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста -2

Долан    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Долапа    алқап, Қаратау және Емдi жоталарының арасында, Таушық аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 6-8 км жерде, Қаратаушық етегiне таман Долапа құдығы да бар.

Долгий    түбек; Бозашы түбегінің батыс шеті, Маңғышлақ шығанағына қараған сұғымы. Кезінде, теңіз деңгейі жоғары болған жылдары Долгий мен Ұзынарал алқаптары арал болған.

Долгий деп орыстар атаған. Қазақтар болса бұл жерді ағаш өскендіктен Жыңғылды деп кеткен. Ақтұмсық-Жыңғылды деп те атайды, өйткені Ақтұмсық дегені сол Жыңғылды жеріндегі ақ қайраңның көрінісі.

Дойдан    бұлақ; Шығыс Қаратау жотасының Онды жақ бетінде.

Долы апа    Ақтау-Қаражанбас тас жолының 95-ші км

Доңаша    құдық; Сенек-Сұмса-Бесоқты өңірінде, Өтеғұл шағылына таяу маң.

Доңғал    қорымдық, Ақтау-Қаламқас тас жолының батыс бетiнде, Кездесуден 9 км жерде.

Досан    алқап, Шайыр аулының солтүстік-батыс-батыс iргесiндегi сулы жер, қиранды, бұлақ.

Досан    Шайырдан солтүстік-батыста-3

Досшанды    Ұштағаннан солтүстік-шығыста -30-35

Досмола    Ұштағаннан солтүстік-шығыста -35

Досалы    Шебірден батыста -40

Досалы    мола; Бозашы түбегінде, Ақтау-Қаражанбас тас жолының бойында, Қияқтыдан 20-25 км жерде. Түрікпенадай Сейтімбеттің Қошаннан туған немересі (Ы.Түгелбаев, Жаңа өмір, 3.02.1993).

Досжан ошақ    жер аты; Таушық жақта, орны белгісіз, қыдырша Досжан деген кісіге ас берілуімен қалған атау.

Досмағамбет-Өтебай    құдық, жер атауы; нақты орны анық емес, тек үзінді – Қаратөрткүлде Досмағамбет-Өтебай деген суы мол құдық бар. Оны Қайнарбай (бөкен-жеменей) деген құдықшы қазған.

Досмола    Ұштаған өңiрiндегi қорымдық, Сазды аулынан солтүстік-шығыста

15 км жерде.

Дөненсу    жер аты; Қараған түбектегі жер, орны белгісіз.

Дөңге    Тельман аулынан солтүстік-солтүстік-батыста-20

Дөңгелек    құдық; Бозашы түбегінің Ақшымырау-Қызан аймағында, нақты орны анық емес.

Дөңгелекой    алқап, Ақшоймақ тауының солтүстік-батыс бетiнде, Жармыштан 26-30 км, Шетпеден 36-38 км жерде.

Дөңгелек    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Дөңқара    алқап, дөң-төбе; Үстірттің солтүстік-батыс ернегінде, Өтес (Сайөтес) кентінен солтүстік-солтүстік-батыста 16 км жерде. Дөңқарадан батысырақта, ернек беткейiнде Қаработа бұлағы бар, көрікті жерлер қатарына жатады.

үзінді – шың жағалауындағы биік төбенің басында сағана тамның қабырғасында көз таңбасы ойылып жазылған. Аңызға қарағанда, арманына жете алмай кеткен екі ғашық – Дөңқара мен Қаработаның моласы дейді.

Дүйсен    Ұштағаннан солтүстікте-15

Дүйсен    мола, Ұштаған аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 13 км жерде.

Дүйсенбай    құдық; Орталық Үстіртте, Оғландыдан шығыс-оңтүстік-шығыста

100 км, Қараған-Босағадан солтүстік-шығыста 35 км жерде.

Дүйсенбай    Қызаннан батыста -30

Дүкен    құдық; Үстіртте, Сайөтес темір жол стансасынан шығыста 85-90 км жерде, Қарақұдық шаруашылық жерінде. Дүкен – Бәли-Жарболдан шыққан кісі, құдықшы. Ол бұдан басқа Дауысты құдығын да қазған.

Дүкенді    құдық; Үстіртте, Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Дүлдүл-ата    Темiр-бабадан оңтүстікте 180 км, Қалпе-атадан оңтүстікте 35 км, Сымырашыдан оңтүстікте 5 км

Одан әрi қарасаң —

Бүйiрбасы, Күрпiтау,

Дүлдүл-ата әулие —

Аңыз болған керемет.

Тастан соққан бар түйе,

Iргесiнде тақ соның

Құрқызыл мен бар Сүйе..

Ә.Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” және Ә.Спан мен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскіден Красноводскіге апаратын жол

Форт-Александровск — Сақақұдық — Түлкілі — Қаражалшы — Қошқар-ата — Ақеспе — Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі — Темір-баба — Қаңжақ — Қосаджы — Ащықұй — Қарасеңгір — Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровск – Красноводск жолы:

Форт-Александровск — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) — Қажыназар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Дүңгірлек    құдық; Үстірт өңірі, Ұштаған шаруашылық жерінде.

Бейнеубай құдықшы Тіней руының атақты байлары Шам мен Талпаққа осы жерде екі-үш құдық қазып берген.

Дiңгек    Оның былай қасында —

Қазбайыр, Дiңгек, Тарталы

Талай жұрттың жауласып,

Көп қырылған жерi екен.

Аты аталған себебiн

Сол кiсiге артады..

 

Ебелектің елу аңғары    Осы жер аты Түмен ақынның бір өлеңінде сақталған:

Сам алды — Жарқұдықта жалғыз төбе

Адайдың ұран отын жаққан жері

Адайдың 60 кісі аламаны…

1856-жылдары түрікпен жортуылынан кейін Балуанияз бастаған  Батырлар Жарқұдық жерінде жиналып, кеңес құрған.

Кеткен жау кері қайтар екі жер бар.

Екi сай – Ебелектiң ең терiсi

Болмаса, Босағаның Қарағаны.

“Қара оба Қалмақ үйген” қарауылға

Қарсы алдан қайтқан жауды баққан жерi…

Қалнияз Шопықұлы

Аттаныпты жау жәуміт…

Ұлы жолдың бойымен,

Маңғыстаудың ойымен.

Жаңашыға шығыпты,

Қаршыдан өтіпті,

Өгіз бенен Өреуіл

Мұнан да асып кетіпті.

Қаратауда егінші ел

Бұлар шығар десіпті.

Шырын алмай көзінің,

Күн-түн қатып жетіпті.

Ебелекті судың басымен,

Қаттықұдық қасыме,н

Қарауылкүмбет қағымен,

Тырғаяқтап салыпты… түрікпендер жасағының маршруты осындай (Оразменді, Ақмәмбет, Бөрі батыр Бақы).

Қалнияз Шопықұлы

Елді тонаған түрікпен келген жолымен кері қайтады…

Екі қонып жолшыбай,

Ебелектің елу аңғары

Босағаға барады.

***

Қалнияз Шопықұлы

Босағаға барғасын,

Алпыс кісі адайдан…

Белесем тауынан әрi қарай Қарашық тауын iргелей отырып Қыдырбердi әулиеге келдiк. Оң жағында қарауытып Қарамая тауы көрiнедi. Алда атақты Қараған Босаға. Босаға десе — Босаға. Сонау тiлiм-тiлiм болып, бiр-бiрiмен жалғаса жатқан аңғарлардың көптiгінен болса керек, Ебелектiң елу аңғары деп атайды. Шығысқа қарай шығып жатқан — Бесқаланың жолы.

 

Егдір    құдық; Бозашы түбегі, Тұщықұдық шаруашылық жері, Қызылқұм массивінің солтүстігінде.

Егіз    жер аты; орны белгісіз. 30-жылдары оныншы ауыл деп аталған. Осында Қади Сұлтанұлы деген молда мешіт ашыпты.

Егізлақ    құдық; Бозашы түбегінің Қызан аймағында, Қараш, Жиделі құдықтары бар өңірде.

Еділбайтам    Тұщықұдықтан оңтүстік-шығыста -19,5

Еже    Оның былай қасында:

Қосойық пен Еже бар,

Қарақұм мен Қызылжар,

Өмiрзақ пен Ақеспе,

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар.

Қаражалшы, Ақшұқыр,

Хажы болып Машырық,

Медресе, мешiт салдырып,

Бала оқытып жақсы тұр…

 

Екпінді    құдық; Үстіртте, № 6 темір жол айырымынан солтүстік-солтүстік- батыста 24 км жерде.

Екiндi    Елдің алды асқанда,

Көлденең шыңға басқанда…

Күйкеннен бергі бауырда

Екі жүз елу жәуміт келіп ұрынды.

Екінді мен Ақшамда…

 

Екiбейiт    Үстiрттегi мола (“Есенқазақ” мақаласын қараңыз).

Екімола    Сайөтестен оңтүстік-шығыста -95

Еламан    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан шығыста 18 км жерде, Ақпан құмының шығыс шетiнде.

жер аты; Ұштаған өңiрiнде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Орақ пен Мамайдың атасы Қарауылбектің де топырағының бұрқ еткен жері Алаешкі мен Еламанның ортасындағы Қарабарақтыойдың төрбасы екенін ауылдастар білгенімен де басқа жұрт біле бермеуі мүмкін. Ол жерді жергілікті халық Сабынды әулие деп те атайды. Жарықтықтың топырағы қара суға салса, сабын болып көпіріп, жуған кірді кіршіксіз қылады.

Елегажы    құдық; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жерінде, Сайөтестен шығыс-оңтүстік-шығыста 28 км жерде.

Елигажи    Сайөтестен шығыста-25

Елемес    Таушықтан солтүстік-шығыста-25, Қошақ шығанағының жағалауы

Елтеже (ҚаратҰлей-Елтеже)    Елтежi (Қаратүлей-Елтежi). Үстiрттегi құмды массив. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытында 18 км-ге созылып жатыр, енi 3-8 км, ауданы 100 км2. Құмды төбешiктердiң биiктiгi 1-3 м. Құмды массивтiң жиегiнен бастап жан-жағына қарай 15-20 км-лiк қашықтық (радиус) аумағында мынадай құдықтар бар: Салпа (оңтүстік-батыс жиек), Алтыбайқазған (оңтүстік-шығыс жиек), Сарлықұдық (шығыс жиек), Бурабай (шығыс жиек), Қайырлан (батыс жиек), Балтакеткен (батыс жиек), Жездi (о-б 2 км), Долан (оңтүстік-батыс 4 км), Торғай (оңтүстік-батыс 8 км), Кiшiтерiскендi (оңтүстік-батыс 10 км), Терiскендi (оңтүстік-батыс 12 км), Мешiттi (оңтүстік-батыс 14 км), Жамансары (оңтүстік 12 км), Терiскендi-II (оңтүстік 12 км), Мысық-I (о-ош 17 км), Мысық-II (оңтүстік-оңтүстік-шығыс 20 км), Жаманбай (оңтүстік 7 км), Көкiмбайқазған (оңтүстік 2 км), Ескелдiқазған (оңтүстік-шығыс 6 км), Өтеу (оңтүстік-шығыс 16 км), Сана (шығыс 4 км), Базар (шығыс 3 км), Шәдi (батыс 10 км), Орақ (солтүстік-шығыс 2 км), Қарашқазған (солтүстік-шығыс 7 км), Ләтiпқазған (солтүстік-шығыс 10 км), Тапеке (шығыс 20 км), Мамық (шығыс 20 км), Сарыбала (оңтүстік-батыс 22 км) құдықтары, Шұбартай алқабы (оңтүстік 7-11 км), Сұлтанауқұм (?) моласы (оңтүстік 12 км), Барақ моласы (шығыс 20 км).

Елпілдек    Елпілдекті, алқап; Бозашы түбегінің шығыс жағындағы жер аты, ертеректе арал болған сияқты. Ол Теміртапқан-Байтақ аралына жақын маңда. Кезінде Қайдақ шығанағындағы арал, одан кейін сұғым (шағын түбек) болған, теңіздің тартылып кетуіне байланысты арал да, оның аты да жоғалған. Ә.Спанов осы арал атын 1832-34 жылдардағы Г.С.Карелин жасаған теңіз картасы арқылы анықтаған және де Қашаған мен Құрманғазы  осы жерде тұрған Есқали сұпының үйіне келгенде, дүмше молданың домбыра туралы айтқан сөзіне назаланып “Қолымдағы қу ағаш” деген өлеңін шығарғандығын жазады.

Елтимес Ельтимас    қыстақ, Ұштаған аулынан оңтүстік-батыста 6 км жерде, Сауысқан мен Басқұдық құмдарының аралығында.

Елік    құдық; Жармыштан 30-45 км, Ұштағаннан 20-25 км жерде;

Қатты ұйы, Елiк, Өгiз-Өреуiл

Түрiкпеннiң жерi екен.

Қара атын қиғаш мiнгiзген,

Батыр туған сол күнде,

Аты аталған Көреғұл,

Оның былай қасында:

Тау тұмсығы – Бердалы,

Жаңғызеспе, Маната,

Сөге көрме сөзiмдi,

Манағы айтқан жерiңе,

Жаңа келдiм, жан ата…

 

Елшібек    Сенектен оңтүстік-шығыста -115

Елімбет    Сайөтестен солтүстік-шығыста -15-20

Емберген    Қызаннан солтүстік-шығыста -35

Емді    тау; Солтүстік Ақтау жотасының Таушық аулының солтүстік- солтүстік-шығыс тұсындағы тау сілемін Емді немесе Ембі деп атаған.

Жалпы Солтүстік Ақтау жотасының Таушық аулы маңындағы бөлігі үш жотадан тұрады, батысы  — Қаушы, ортаңғысы — Емді, шығысы — Мырзатай, соңғы екеуінің арасымен Емді қапысы өтеді.

үзiндi – “Емдi тауына сұғына енiп жатқан Қарақауақ пен Шүлдiр шатқалдарының кiреберiстерiн автокөлiк өте алмайтындай етiп (енi

500 м) орлармен жабу керек”.

Емдiбұлақ    алқап, Ақтау-Қаламқас жолының солтүстік Ақтау жотасын кесiп өткеннен кейiнгi шығыс бетiнде, Шайыр аулынан солтүстік-батыста 27 км, Таушық аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 26 км жерде.

Емдiқорған    тау (289 м), Емдi жотасының шығыс шетi, Таушық аулынан солтүстік- солтүстік-шығыс 14 км жерде

Емір    елді мекен, темір жол айырымы. Àқтау  қаласынан 35-40 км жерде. Үлкен және Кіші Емір ауылдарынан тұрады, аралығы 3 км.

Махмұт Қашғари сөздiгiндегi Емiр – тұман, қырау саз.

Еңбек    Бұрынғы колхоз аты; Оның орталығы 1930-33 жылдары Қоңырорпада,  1934-36 жылдары Мәстекте, одан кейін Қызанда  болған.

Еңселі    жер аты; Оңтүстік Ақтау жотасының оңтүстік беткейінде, № 15 темір жол айырымының терістік жағында, Шоқырақ тауының қасында. Жыңғылды аулынан оңтүстікте 14 км жерде.

Еңсепберген    құдық, Жармыштан солтүстікте 30 км, Шетпеден 41 км жерде.

Ералиев    темір жол стансасы; Құрық кентінен шығыста 14 км жерде.

Ералиев    Құрық кентінің бұрынғы атауы.

Ералы    Үстiрттегi өңiр, Сайөтестен шығыс (шығыс-оңтүстік-шығыс) жақта 120-125 км жерде, Қаратүлей-Елтеде құмды-сексеуiлдi түлейiнен оңтүстік-батыста 25-35 км жерде. Осы өңiрде Аққотан, Жайылма, Оңайкеткен сияқты құдықтар бар.

Ербасан    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 14 км жерде, Сауысқан-Бостанқұм массивтерiнiң ортасында.

құдық; Масат-атадан солтүстік-шығыста, Саздыдан оңтүстікте; Ащы Ербасан және Тұщы Ербасан деген құдықтар бар.

Ербасан    Қызылсайдан солтүстікте-20

Ердалы    Үстiрттегi құдық, Сайөтестен шығыста 108 км жерде.

“Ақырында, Ердалы бағытындағы Медет құдығынан 16 км жерде автокөлiк бұзылды…”.

Ерликен    Тұщықұдықтан солтүстікте -14

Ерназар    Ақшымыраудан шығыста — 47

Ерназар    қорым; Бозашы түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде, Құты өңірінде. Ақбота руының жері.

Ерпе    Жармадан шығыста — 25

Ерсары қайрағы    Қызылсайдан шығыста — 12

Ерсары қайрақ    Өзен өңiрiндегi жер, Қызылсай аулынан шығыста 9 км жерде.

Есалы    Ұштаған өңiрiндегi қорымдық, Сазды аулынан оңтүстік 14 км жерде, Сауысқан-Бостанқұмның ортасында. Ербасан құдығынан батысқа қарай 4 км жерде.

Есалы    Қызылсайдан солтүстік-батыста – 23, Ербасан қорымынан батыста — 3

Есбол    Красный Долгинецтен оңтүстік-шығыста-10

Есекжал    жер аты; Жылойда деп шамаланады. Адайдың Есек батыры жайлаған соң, осылай аталыпты деседі. Ол Сарқасқадан 15-20 км-дей жерде.

Есекөлген    алқап, Тиген аулының солтүстік-батысында 16 км жерде.

Есембет    қорымдық, Онды аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 12 км жерде.

Есембет    Ондыдан шығыс-оңтүстік-шығыста-10

Есен    Ақшұқырдан шығыста — 52

Есен ата    Бекіден оңтүстікте-10

Есен ата    Жетібайдан солтүстік-шығыс-шығыста -27-30

Есен ата    қорым; Бекі ауылынан оңтүстік-оңтүстік-батыста  5 км жерде.

Бекi аулынан оңтүстік-батыстағы 7 км жердегi елдi мекен

Есенқазақ    түлей, өңір; Үстіртте, Бейнеу кентінен оңтүстiкте 80 км жерде. Солтүстігінде Қаратүлей сорымен шектеседі. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 30-35 км-ге созылып жатыр. Есенқазақ түлейдiң батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстiк, оңтүстiк-шығыс, шығыс беттерiндегi 20-25 км-лiк ауқымдағы жер-су атаулары мыналар: Қызыластау (батыста 14 км), Сазды (оңтүстік-батыста 8 км), Қазығұл (оңтүстік-батыста 18 км), Бейнелес (оңтүстік-батыста 16 км), Астауой (оңтүстікте 16 км), Жездi (оңтүстікте 6 км), Шалбар (оңтүстікте 7 км), Мүсiреп (оңтүстікте 5 км), Мүсiрбай (оңтүстікте 3 км), Айту (шығыс 3 км), Сақау (шығыс 12 км), Жамандау (шығыс 28 км), Тапеке-II (шығыс-оңтүстiк-шығыс 30 км), Сарлықұдық (батыста 6 км) құдықтары, Дарханбай (шығыс-солтүстік-шығыста 14 км), Бесшыңырау (шығыс-солтүстік-шығыста 18 км), Шалғынбай (шығыс 10 км), Сарышоңай (шығыс 26 км), Екiбейiт (оңтүстiк-шығыс-шығыс 8 км), Сақау (шығыс-оңтүстiк-шығыс 9 км) молалары мен қорымдықтары, Норсе төбесi мен алқабы (оңтүстікте 9-12 км), Сазды төбесi мен алқабы (батыста 10-14 км), Кiшiсор алқабы (Есенқазақ алқабының аумағында, терiстiкке қарай).

Есентемiр    жер аты; Өтебай қазған деген құдық Үстіртте бар. Қарамая тауының терістік бетіндегі жағалауында Көкесем деген жерде екі құдық қазған. Сол маңдағы Ебелектің елу аңғарының орта жерінің арғы Қарамая тауы жағындағы бетінде Есентемірдің Қызылсайы деген жерден екі құдық қазған екен.

Есентемiр    1949 жылы құдықшылар бригадасы Қарақұм бойынан Бөкен, Тортай, Алтықұлаш, Бұғабай, Шеркешқұдық, Құлжан, Айыршағыл, Есентемiр, Қарамендi, Сығай, Шемшер, т.б. жүзден аса шөппен, бұта, қарағай, тақтай, таспен шегенделген құдықтарды қазды.

Есет    Құрықтан шығыста -3

Есет    Қызаннан солтүстік-шығыста -45

Есет    қорым; Бозашы түбегінде, Жиделі-Жалпақ өңірінде, Жалпақтың батыс жағында. Осында көріпкел Мәді Дәрменұлы (дәулеталы-жары) жерленген (Ж.Заханов).

Есетбұлақ    бұлақ; Үстірттің Маңсуалмас деген өңірінде, Маңсуалмастың солтүстік-батыс шыңының етегінен бастау алады. № 463 темір жол айырымынан шығыста 30 км жерде.

Есетмола    Опорныйдан оңтүстiк-шығыста -5,5

Ескелдiқазған    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Ескі Бейнеу    елді мекен; Бейнеу кентінен оңтүстiк-оңтүстiк-батыста  18 км жерде. Ауыл маңында Бекет-атаның мешіт-үңгірі бар. Археологтар осы маңнан қола ғасырының қорғанын тапқан.

Ескімола    Опорныйдан шығыста -95

Есқуат    Сенектен оңтүстiк-шығыста -70-75

Еспе    Таушықтан солтүстік-батыста -12

Еспе    қорымдық, Сарытас шығанағы бетiнде, Таушық аулынан солтүстік- солтүстік-батыста 15 км жерде.

Еспелiсай    құдық, Жыңғылды аулынан оңтүстік-батыста 24 км жерде, аттас алқап 20-24 км жерде.

Еспембет    Тельманнан солтүстікте-3 км, Ақтаудан солтүстік-батыста -23 км

Есембет (Эсембет)    Ақтаудан солтүстікте -25 км

Есқуат    қорымдық, Сенек аулынан оңтүстік-шығыс 78 км жерде, Басғұрлы-Жазғұрлы ойысынан шығыста 36 км жерде.

Есікен    қорым; Ұштаған аулынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 17 км жерде.

Жарма аулынан оңтүстік-батыста 13 км, Ұштағаннан оңтүстік-батыста 16 км жерде.

Есчкен    Жетібайдан шығыста -45

Есімбай    Шебірден солтүстік-батыста -60

Есімбет    Ақшымыраудан шығыста -25

Етем     жер аты; Бозашы түбегінде. Руы Есен Сармолда әулиенің бейіті бар. Жоласқан-Етем шабындығы.

Егем-Ақжал    алқап; Бозашы түбегінде.

Ешкіқырған    Үстіртте, Сайөтес темір жол стансасынан солтүстік-шығыста 27 км жерде.

Осы өңірде Байбоз Шаңды деген бай Бейнеубайға құдық қаздыртқан. Шаңдының Бейнеубайға қаздыртқан құдықтары Бейнеу, Қатша, Жаңасу, Сайөтесте де бар. Бейнеубай Үстірттегі атақты Күберсу, Ұлықыземшектегі құдықтарды, Қарашқазған, Дауысты, Дүкен, Бармақ, Айтыман, Мүлкіаман, Ғаббас, Киікбай, Жаңасу құдықтарын қазған.

Ешкіқырған    Сайөтестен солтүстік-шығыс-шығыста -33

Ешкіөлген    алқап; Қараман-ата, Бекі маңында

Ешман    Ұштағаннан шығыста -9

Ешман    мола; Ұштаған өңірінде, Ақтөбе, Сазды ауылдарының аралығында

Жабағы    Басқасын айтпағанда, Баянды маңы ата-бабаларымыздың, берiсi Ералиев атындағы колхоздың (төрағасы – Нұрбаев Өмiрзақ) шаруасын дөңгелеткен шұрайлы қоныстары: Ұйқылы-Боржақты, Өмiрзақ-Қайық, Көпдөрел-Жабағы-Шат, Шағылжұрт, Иiлiнiң құмы – қысы-жазы.

Жабағылы    Ябы-минг, ябы-тама,

Йабу.

Жабайдың тауы    жер аты; Маңғыстаудың ойында, орны анық емес.

Жабайұшқан    Сеңгiр құмын оңтүстік-батыс және оңтүстік жағынан айнала қоршап жатқан қыр (220-230 м). Қызылсу аулынан шығыста 18 км, Сенектен солтүстік-шығыста 38 км жерде. Ақпан тауы, Қоңыркүп, Ақкүп, Қызылсай, Тебiнгi сияқты топонимдерi бар.

алқап; Оғланды жеріне жақын тұста, Сенек аулынан солтүстік-шығыста 40 км жерде.

Пiр Бекеттiң жатқан жерi – Оғыланды қорымының жанында Жабайұшқан деген үлкен тау бар. Сол таудағы бiр ұядан түлеп ұшқан жер бетiндегi барлық Ителгi деген құс жылдың бiр күнiнде дүниенiң төрт құбыласынан ұшып келiп, бiр-бiрiмен табысып, үш күн қиқулап, шаттанып тойлап, сосын жер жүзiне қайта тарап кетедi екен деген Адай ақсақалдарының әңгiмесi бар. (Сабыр Адай. Үш Қиян 2003.12.06).

Жағабайлы-Құсшы    әулие, Оңтүстік Үстіртте

Жазғұрлы    ойыс; Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігіндегі тұйық ойыс. Ұзындығы 15 км, ені 6 км, ауданы 63 кв.км. Тереңдігі — 80-90 м.

Жазғұрлы    құдық; аттас ойыстың солтүстік-батыс шетінде, Жаңаөзеннен оңтүстік- оңтүстік-шығыста 70 км жерде. Сол маңда, ойыс ернегiнде аттас қорымдық та бар.

Жазғұрлы    Фетисовтан шығыста -55, Жазғұрлы ойысының солтүстік шеті

Жаздық    Ақтаудан оңтүстік-шығыста -25

Жаздымсары    Фетисовтан оңтүстік-шығыста -27-30

Жаздынсары    Қауынды ойысынан оңтүстікте -17

Жайлы    Ұялыдан оңтүстік-шығыста -11

Жалли    Ұялыдан оңтүстік-шығыста -105

Жайлы    алқап; Үстірттің Жармыштың шаруашылық жерінде.

Жайлы    жәйлі, жер аты; Үстірттің Есенқазақ өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – осы Шұбартау-Теріскендіден онша алыс емес Қожақазған, Жәйлі жерінде Ескелдінің 14 адамы жерленген.

Жайылма    құдық, Үстіртте, Сайөтес елді мекенінен шығыс-оңтүстік-шығыста 125 км жерде.  “Ералы” мақаласын қараңыз.

Жақай    құдық; Бозашы түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде, нақты орны анық емес. Қаратөбе, Мәстек құдықтары аймағында

Жакой    Ақжігіттен солтүстік-батыста 10-11

Жақанбай    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Жақсыбай    құдық; Орталық Үстіртте, Қарақалпақстанмен шекарада, Қарабауыр жалының күнгей жағында, Қараған-Босағадан шығыс-оңтүстік-шығыста 90 км жерде.

Жақсыбай    жер аты; Бозашы түбегінде, Қоңырорпа жерінде. Осы жерде Бектілеу деген молданың мешіті болған, сол тұста Жарылғас ата бейіті бар. Жақсыбай – осы Жарылғастың ұрпағы (А.Тұраров).

Жақсы Қарасай    Құрғақ арна; Көлеңкелі тауларының (Бейнеу ауданының солтүстік шеті) шығыс беткейінен басталады, Атырау-Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекарасын бойлай ағады, 60-70 км-ге созылады.

Жақсы Саура

(Саура)

алқап, Шығыс Қаратау жотасында

Жақсытамды    бұлақ, Жармыш аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 25 км жерде.

Жақсы Тамды

Жаман Тамды    Қаратау бөктерiнде, Төлеп батыр есiмiмен байланысты, Тұщыбек маңында болуы мүмкiн.

Жалбарт    құдық, Таушық аулынан батыс-солтүстік-батыста 16 км жерде.

алқап; Таушыққа жақын жердегі Дәніспан ойпаңында. Жалбарт қырғыны деген атпен белгілі.

Шақпақ-атадан үш шақырым жердегi Жалбарт тауының Қаракеуек деген жерiнде. Жалбарт деген таудың алқабы iшiнде Аққорған, Шилiқұдық, Қаракеуек, Сәуiт сай, Сарыкеуек деген жерлер бар. Сол алқаптың аяғында Шақпақ-ата қауымы бар. Аққорған деген бөлек таудың баурында жаугершiлiкте өлген адамдардың сүйектерi топырақпен араласып жер бетiне шығып жатыр.

Маңғыстауда түрiкпеннiң ханы Құттық Сейiт Хиуа ханына малдан зекет, бастан пiтiр берудi талап етедi. Ол кейбiр жақын қоныстанған сыбайлас Адай руларынан да ерiктi-ерiксiз, бiреу үшiн бiреуден зекет пен пiтiр алады. Арада наразылық көбейедi. Екi жақ бiтiм жасайтын жер белгiлейдi, ол жер – Жалбарт, Таушықтан 25 км жер. Адайлар Жалбартқа жиналады, бiтiмге әр рудың белгiлi-белгiлi адамдары келедi. Түрiкпендер бас-аяғын жинап келедi де, жиналған Адайдың кiлең жақсыларын түгелдей қырып, олардың аты мен тонын олжалап отыра бередi. Адайлар мұны Құттық Сейiттен көрiп, оны өлтiредi. Шетпеден оңтүстік-шығысқа жүргенде Ақүйiк деген моладан құбылада Құттық Сейiт хандығы және шыңырауы деген құдық бар.

Жалған    монолит-төрткүл; Шетпе кентінің терістігіндегі Шерқала-Айрақты өңіріндегі жеке тау.

Махмұт Қашғари сөздiгiнде йанған сөзi бар, ол ақ бас қарға, тек басы ғана ақ түстi болатын ала қарға дегендi бiлдiредi екен.

Шайыр аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 11 км жерде.

Жалғаной    алқап, Асар ойысынан солтүстік-шығыс жағында, Жетiбай кентiнен шығыста 26-28 км жерде. Солтүстік жағында 3 км жерде Бұрмашы моласы бар.

Жалғасбай    мола, Жармыш аулынан солтүстік-шығыста  14 км, № 12 разъезден шығыста 6 км жерде.

Жалғасбай    Жармыш ауылынан шығыста  -15, № 12 разъезд маңында

Жалғызағаш    қыстақ; Тұщықұдық шаруашылық территориясында, Бозашы түбегінде.

Жалғызтам    мола; Форт-Шевченко-Таушық трассасының 45-ші км

Жалғызтам -2     мола; Форт-Шевченко-Таушық трассасының 17-ші км. Ұзынтам, Қаратам деп те аталады.

Жалғызшағыл    алқап; Ұштаған аймағында

Жалғызшымыр    құдық, алқап; Шайыр аулы маңында, Қырықкез бен Құлат аралығында.

Жалғызшыңырау    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Жалжан    қорымдық, Ақтау-Қаламқас жолының бойында, Кездесуден 4 км жерде.

Жалпақ    өңір; шабындық, Бозашы түбегінде, Ақшымырау аулынан солтүстік-шығыста  40 км жерде.

Жалпақтөрткүл    алқап, қорымдық, Жазғұрлы-Басғұрлы ойысынан шығысты 22-23 км жерде, Жалпақтөрткүл төбесi (188 м) аттас қорымдықтың солтүстік-солтүстік-шығыс жағында 4 км жерде.

Сұлутөрткүлдiң сол жағында Бестөбе, оң жағында Жазыгүрлi, Базыгүрлi ойпаттары, одан әрi Жалпақтөрткүл, одан түстiкке қарай Балой, Шалой қыраттары, әйгiлi Құрмашбұлақ.

Жалпақтөрткүл    Сенектен оңтүстік-оңтүстік-шығыста -70

Жалпақшы    тау биігі (530 м), Жармыш аулынан оңтүстік-шығыста 7 км, Онды аулынан шығыс-солтүстік-шығыс 6 км жерде. Шығыс Қаратау жотасының үстінде. Орыс тілді географиялық әдебиетте Джипахчи деп қате жазылған.

Жалтыр    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Жаман    құдық; Үстiртте, Сайөтестен шығыс-солтүстік-шығыста 40 км, Ешкiқырғаннан шығыста 12 км, Қонайдың үйiгiнен шығыс-солтүстік-шығыста 19 км жерде.

Жаманайрақты    Үстірттегі Ақшабас-Айрақты төрткүлінің екінші атауы (“Айрақты”  мақаласын қараңыз)

Жаманауыл    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Жаманбай    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Жаманбай    Қызаннан оңтүстік-батыста -17

Жамандау    Үстiрттегi құдық (“Есен қазақ” мақаласын қараңыз).

Жаманжол    жер аты; Өскiнбай Қалмамбетұлы;

Қарамая, Кендiрлi,

Қансу, Тамды, Көгесем,

Жаманжол мен Қыңырық

Алыстығын байқасаң,

Тауы тұрар бұлдырап…

Жаманқарасай    құрғақ арна; Көлеңкелі тауларының (Бейнеу ауданының қиыр солтүстігі) шығыс беткейінен басталады, 60-70 км-ге созылады. Жақсықарасайдың оңтүстік жағында, сайдың орта тұсында Ырғызбай жазғы қонысы бар.

Жаманқыз    жер аты; Үстірт өңірі, Ұштаған шаруашылық жерінде

Жаманқыземшек    төбе; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жерінде

Жаманқызыладыр    алқап; Қауынды ойысының солтүстік-батыс жағында, Құрық кентінен шығыс-оңтүстік-шығыста 40-60 км жерде, қасында Қызыладыр деген басқа алқап бар.

Жаманқызылит    алқап, Солтүстік Ақтаудың терiстiк беткейiнде, Шетпеден 25-28 км, Тигеннен оңтүстік-шығыста 14-16 км жерде.

Жаманорпа    құдық, Бозашы түбегiнде, Тұщықұдық аулынан батыс-оңтүстік- батыста 13 км жерде.

Жамансаз    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан шығыста 3 км жерде.

жер аты; Ұштаған өңiрiнде.

Жамансай    алқап, Шайыр аулынан солтүстік-солтүстік-батыста 17-19 км жерде, Құлаат тауының солтүстік жағында.

Жамансары    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Жаман Саура (н)    алқап, Жармыш аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 12 км жерде, Оның шығысында 3 км жерде Саура (Сауран) бұлағы бар.

Шығыс Қаратау жотасында. Жер бедері қыртыс-қыртыс, топырағының түсі бірде күлгін, бірде қан қызыл жоса, сай табанындағы бұлақ. Осы жерде уран кеніші табылған. Жаман Саура мен Жақсы Саура бір-біріне іргелес орналасқан.

Жамансор    сор, Ұштаған өңiрiнде.

Жамантамды    бұлақ, Жармыштан шығыс-оңтүстік-шығыста 24 км жерде, Шығыс Қаратау жотасының солтүстік-шығыс беткейiнде. Оның шығыс-оңтүстік-шығысында 1 км жерде Жақсытамды бұлағы бар.

Жаманүшкөз    бұлақ; Шығыс Қаратаудың  солтүстік-шығыс баурайында, Жармыш аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 19 км жерде. Оның оңтүстік-шығысында 1 км жерде Үшкөз бұлағы бар.

Жамбай    қорым; Ұштағанның шығысында 2 км жерде.

Жамбауыл    қорымдық, Таушық аулынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 36 км, жолайрықтан шығыс-солтүстік-шығыста 10 км жерде. Қорымдықтан солтүстік-солтүстік-шығыста  2 км жерде аттас құдық та бар.

қорым; Тельман аулынан солтүстікте 15 км жерде.

Жаналы    мола, Ақтау-Қаламқас жолының батыс бетiнде, Таушық аулынан солтүстік-шығыста  28 км жерде.

Жиналы    Таушық аулынан солтүстік-шығыста  29 км жерде.

Жанбай    қорым; Форт-Шевченкодан оңтүстік-оңтүстік- шығыста 30 км жерде.

Жанбай -2    қорым; Форт-Шевченкодан оңтүстік- шығыста 30 км жерде.

Жанбасар    мола; Бекі аулының шығысында 7 км;

Жанбике    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Жанбұлақ    жер аты; Форт-Шевченкодан  шығыста 35 км, Маңғышлақ шығанағының жағалауы

Жангелдин    елді мекен, № 460 темір жол айырымының қасында, Бейнеу кентінен 20 км жерде.

1973 жылдың 23 желтоқсанында құрылған “Сам” совхозының орталығы ретiнде 1974 жылдың 16 наурызында iргесi қаланды. Бұрынғы жер атауы – Сарға. 186 отбасы (1204 адам).

Жақын маңда “Тұзды орпа”, “Тереңорпа” деген жерлер бар.

Жангелдi    “Қаратұран” мақаласын қараңыз.

Жангелдi    құдық, Шетпе кентiнен солтүстік-шығыста  23 км жерде. Жангелдi алқабы құдықтың солтүстік бетiнде.

Жантонат    Құрықтан солтүстік-батыста 30

Жаңай    Таушықтың оңтүстік шеті

Жаңғызеспе    тау (289 м), Солтүстік Ақтау жотасында, Шайыр аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста  14 км жерде.

Жаңғызшағыл    құдық, Ақтау-Қаламқас жолының жанында, Уаққұмда.

Жандай    Ұштағаннан солтүстік-батыста — 8

Жандауыр    тарихи атау; Хасарлы (Каспий) теңізінің бозашылық жағалауындағы, Бұрыншық мүйісіндегі ескі мекен, балықшылар айлағы, XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында өмір сүрген. 1932 жылдан бастап, бұл жер тұтқындарды қамайтын Буранчук (Бурунчук) лагеріне айналдырылса, 1956 жылдан жабық әскери зонаға айналдырылды, бұл зона XX ғасырдың 90-жылдарының басына дейін жұмыс істеген.

Жандықарық    қорым; Қараған түбекте, Аралды аулынан солтүстік-солтүстік-батыста 6 км, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 22 км жерде.

Жаңғұршы    құдық; Орталық Үстіртте, қарақалпақ шекарасына таяу, Молабай құдығының солтүстік-шығыс бетінде, Бекет-атадан шығыс-солтүстік-шығыста 150 км жерде.

Жаңғұршы    жер аты; Маңғыстау темір жол стансасынан солтүстікте 35 км жерде

Жантақ    Мырзайыр мен Басқұдық —

Жылқыға жаман болғасын,

Айтпай кеттiм қас қылып.

Бекi менен Сәубеттiң

Төрткiлi жатыр қасқиып.

Қандыбас пен Жантақты,

Ұйқылы мен Боржақты,

Үшқиы, Саура ортада —

Айтпай кетер деп пе едің,

Сауытты мен Құйжақты?

Балша, Шіңгір суың бар,

Ел келгенде паналап,

Майбұлақ, Қарасеңiрек

Мал жаюға кеңірек..

 

Жантақты    Жыңғылды маңында болуы керек. Осында Айтқұл емшiнiң (1855-1940) үш баласы жерленген (Совет Нұрмағанбетов. Бекбауыл ұрпағы Молдабай. (”Жаңа өмiр” газетi. 1991. 10 тамыз).

Жантық    Жер аты; Қараған түбекте, Ащымұрын мүйісінен оңтүстік-оңтүстік-батыста 11 км жерде.

Жанұзақ (Жанызақ)    алқап; Бозашы түбегінде, Ақшымырау шаруашылық жерінде.  Жанызақтың айналасында Сүйекші, Мөңгер, Отыншы деген жалдар бар. Жанұзақ — Адай-Ескелді руынан шыққан батыр, әуелі, осы жерді мекендеген.

Жағызақ    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан оңтүстікте 8 км жерде, Сауысқан құмында.

Жаңаәулие    қорым; Бозашының Жиделі жеріндегі қауымдық

Жаңаәулие    Ұштаған өңiрiндегi қорымдық, Сазды аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 27 км жерде.

Жаңаәулие    Ұштағаннан солтүстік-шығыста — 35

Жаңаәулие    тау (158 м), қорымдық. Түйесу құмының солтүстік-шығыс жағында, Қызылсу аулынан оңтүстік-шығыста 12 км, Сенектен солтүстік-шығыста 19 км жерде. Аттас құдық таудың оңтүстік-оңтүстік-шығыс бетiнде (3 км). Жаңаәулие соры таудың оңтүстік-батыс жағында.

Жаңабай    қорым; Қаңға аулынан 3 км жерде.

Жаңабай    Ханта аулынан 3 км

Жаңберді    Қызаннан оңтүстік-батыста -19

Жаңажол    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Жаңайбай    жер аты; Үстіртте, Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Жаңаөзен    қала; Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан мұнайшылар қаласы, Ақтау қаласынан шығыс-оңтүстік-шығыста 150 км жерде.

Жаңаорпа    құдық; Қарақия ойысынан батыста, Құрық кентінен солтүстікте 25 км жерде.

Жаңаорпа    құдық, Шетпе кентiнен оңтүстік-шығыста 4 км жерде.

Жаңасу     құдық; Жармыштан 30-45 км, Ұштағаннан 20-25 км жерде

Жаңасу    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Жаңасу    Ұштаған аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 19 км жердегi құдық, Көктiқұю маңында.

Жаңасу    алқап; Үстiртте, Ұштаған шаруашылық жерінде

Жаңасу    алқап; Үстiртте, Түпқараған шаруашылық жерінде.

Жаңасу    алқап; Үстiрт аумағындағы жердің аты. Онды шаруашылық-территориясының аумағында, нақты орны белгісіз.

Жаңасу    жер аты; Қараған-Босаға өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Жануар әбден шөлдеп Жаңасу — Тесіктам — Үйсін – Ұзын сулары арқылы Көкесемге келеді.

Бiрде Өскенбай Жаңасу, Тесiктам жерiндегi асқа шақырылады.

Жаңатас    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды ауылынан шығыс-солтүстік-шығыста 14-15 км жерде, Ақпан құмының шығыс жағында.

Жаңаша    жер аты; Ұштаған аймағында

Қалнияз Шопықұлы

Аттаныпты жау жәуміт…

Ұлы жолдың бойымен,

Маңғыстаудың ойымен,

Жаңашыға шығыпты.

Қаршыдан өтіпті,

Өгіз бенен Өреуіл

Мұнан да асып кетіпті.

Қаратауда егінші ел

Бұлар шығар десіпті.

Шырын алмай, көзінің

Күн-түн қатып жетіпті.

Ебелекті судың басымен,

Қаттықұдық қасымен,

Қарауылкүмбет қағымен,

Тырғаяқтап салыпты… түрікпендер жасағының маршруты осындай (Оразменді, Ақмәмбет, Бөрі батыр Бақы).

Жаңбыралы    жер аты; Үстіртте, Жармыш шаруашылық жерінде.

Жаңғабай    Жангелдиннен оңтүстік-шығыста -8

Жаңғақтың ойы    тарихи атау, бүгінгі түрікпен жеріндегі Красноводск ауданы жерінің қазақша ескі атауы. Осы атаумен Қарабұғаздың Маңғыстаумен жапсарлас алқаптарын да атай беруге болады. Бұл жөнінде Ә.Спанов «Жаңғағымыз кәдімгі Оңтүстік Маңғыстаудың шығыс жақ шеті, Керімді, Қақпақты, Қарынжарық, Сарсорқаның сырты екен» — дейді.

Жаңғызеспе    тау (229 м), Солтүстік Ақтау жотасының биiк жерлерiнiң бiрi, Шайыр аулынан  солтүстік- солтүстік-шығыста 14 км жерде.

Жаңғызеспе    Қатты ұйы, Елiк, Өгiз-Өреуiл —

Түрiкпеннiң жерi екен.

Қара атын қиғаш мiнгiзген,

Батыр туған сол күнде —

Аты аталған Көреғұл

Оның былай қасында —

Тау тұмсығы – Бердалы

Жаңғызеспе, Маната

Сөге көрме сөзiмдi.

Манағы айтқан жерiңе

Жаңа келдiм, жан ата…

 

Жаңғызеспе    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматыû. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спановтың “пен Х.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітартарынан алынды:

Форт-Александровск – Орал жолы:

Форт-Александровск – Қаңға-баба (25) — Қыштым (15) — Үдек (25) — Таушық (20) – Төріш (25) — Қарашымырау (10) — Ақмыш (30) — Жармыш (25) — Саура (10) — Тамды (30) — Жаңғызеспе(60) — Маната (20) – Бөгерстем (15) — Өтес (30) – Ешкіқырған (35) – Бәйті (15) – Уәли (15) – Тәңке (30) — Қожақамар (35) — Бесбұлақ (20) – Тұздыорпа (80) — Шабайүдек (20).

Адайдың көш жолы.

Қаңға – Түбіжік – Үдек – Тарталы – Ұланақ – Жыңғылды – Тұщыбек – Шетпе – Аусары – Күркіреуік – Қаратүйе — Өтес – Ешкіқырған – Қатша – Тәңкі – Қосқұлақ – Манашы – Күйкен – Алтықұлаш – Азнағұл – Қарашүңгіл – Жібін – Бақашы (600 шақырым)

1915-17-жж мәлімет бойынша: (254-255-бб)

Жаңғызшымырау    құдық; Солтүстік Үстіртте

Жанысай    құдық; Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 3 км жерде, Шыңырау сайының iшiнде.

Жапалақ    құдық; Бозашы түбегінде, Шебір аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 17км жерде.

Жапырақты    Шетпеден солтүстік-шығыста 8 км жерде.

тау; Шетпе кентінің терістік-шығыс шетін көмкере қоршап жатыр. Биіктігі — 363 м.

Жараж    Үстiрттегi құдық, орысша осылайша, қате берiлген. Ердалы құдығынан солтүстік-батыста 6 км жерде.

Жаракөл    қорым; Форт-Шевченкодан шығыста 40 км жерде.

Жарас    жер аты; Ақшұқыр аулынан шығыста 41-42 км жерде.

Жарасәулие    қорым; Бозашының Жиделі жеріндегі қауымдық, Дәулеталы руынан шыққан қасиеті бар кісінің атымен аталған

Жараулы    құдық, қорым; Қараған түбекте, Қаңғаба өңiрiнен оңтүстікке қарай, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 33 км жерде. Аттас қорым мен құдық арасы 2 км.

Жарбөгет    алқап, Шетпе кентiнен батыс-солтүстік-батыста 7 км жерде, Батыс Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейiнде, Сиырсудың бас жағында.

Жарқұдық    алқап; Солтүстік Үстіртте, Сам өңірінде (құмның батыс шеті). Бейнеу кентінен шығыста 33 км жерде. Бір кездері осында Қайып Қорабайұлы тұрған.

Осы жер аты Түмен ақынның бір өлеңінде сақталған:

Сам алды  — Жарқұдықта жалғыз төбе,

Адайдың ұран отын жаққан жері.

Адайдың алпыс кісі аламаны…

Кеткен жау кері қайтар екі жер бар:

Екі сай Ебелектің ең терісі,

Болмаса Босағаның – Қарағаны

Қараоба, Қалмақүйген, Қарауылға,

Қарсы алдан қайтқан жауды баққан жері.

1856 жылдары түрікпен жортуылынан кейін Балуанияз бастаған батырлар Жарқұдық жерінде жиналып, кеңес құрған.

Нұрым Шыршығұлұлының ‘’Тоғыз ауыл’’ дастаны.

Самның шеті Жарқұдық

Тағы да барды жиналып…

Осы жерде Мыңбай бас болған адай жігіттері жиналады.

Жарқұдық    жер аты; Сам құмында, Амантұрлы моласы тұрған жер.

Сам құмының Бейнеу жақ етегiндегi бөлекше құмды Жарқұдық деп атайды. Осы Жарқұдықтың биiгiне жаугершiлiк заманда ұран оты жағылады екен. Ер Қармыс та, Балуанияз да осы Жарқұдықтан қол жинап аттанған екен. Бейнеуден Сам құмының жолдарына көтерiлер тұста Амантұрлы батырдың бейiтi тұр. Жарқұдықта Қорабайдың жидесi деп аталған жемiс ағашы әлi күнге гүлдейдi. Қорабай – әншi Қайыптың әкесi. Осы жердi жайлаған.

Жарқұм    алқап; Солтүстік Үстіртте

Самдағы шаруашылық шетi Чапаев атындағы колхоз фермасы, орталығы Жарқұм.

Жарқынбай    құдық; Орталық Үстіртте, Бекет-атадан шығыста 140 км жерде. (қарақалпақ шекарасына жақын).

Жарқынбай    құдық; Бозашы түбегінiң солтүстік-шығыс бөлігінде, нақты орны анықталмаған.

Жарма    елді мекен; Сауысқан құмының шеті; Ұштаған аулының оңтүстік-оңтүстік-шығысында 8 км жерде.

Жармыш    елді мекен; Таулы Маңғыстауда, Шығыс Қаратау жотасының солтүстік бетінде орналасқан.  Шетпе кентінен шығыста 30 км жерде.

1969-жылы ақпанда Маңғыстау ауданының іріленген 12 колхозы 6 совхозға бірікті. Әуелі 6 колхоздан біріктірілген Амангелді, 1-май және Правда колхозы бірігіп, Октябрьдің 50 жылдығы атындағы совхозы болды. Правданың өзі де 1954 жылы Жаңакүш, Жаңалық, Жаңақұрылыс, Қарасай колхоздарынан іріленген еді. Сонда Октябрьдің 50 жылдығы атындағы совхозы бұрынғы 10 колхоздың ізінен еді. Октябрьдің 50 жылдығы атындағы совхоздан – Маңғыстау совхозы (Сам) бөлініп шықса, Маңғыстаудан кейін Сам, Сыңғырлау совхоздары бөлініп шықты.

1973-жылы Îêòÿáðüä³ң 50 æûëäûғû ñîâõîçûíàí Òұùûқұäûқ ñîâõîçû áөë³í³ï øûқòû.

Жарсу    бұлақты алқап, Шеңгелдiң бас жағы, Шайыр аулынан шығыста 7 км жерде.

Жарты    Таушықтан солтүстік-шығыста -37

Жарты    Шайырдан солтүстікте -35

Жарты    қорымдық, Тиген аулынан батыс-солтүстік-батыста 26 км, Шайыр аулынан солтүстікте 24 км жерде.

Жаршеке    тау; Бейнеу ауданы, Көлеңкелі, Қарашоқы, Тоқсанбай таулары орналасқан аймақта; Маңсуалмас өңірінен солтүстікте, Молорпа қыстағының шығыс жағында.

Қалнияздың айтқаны:

Басында Жартышеке әкем қалды,

Маңында Мұңат суы шешем қалды.

Кешегi үзеңгiлес ерлерiмнен

Көнеде Сүгiр менен Есен қалды.

Тұрмамбет, Балуанияз Босағада

Төменде Сары менен Төкен қалды…

Жарыауыл    жер, Онды шаруашылық жерінде.

Жарық    Ақжігіттен батыста -11

Жарық    жер аты; Үстіртте, Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Жарылғас    қорым, әулие; Бозашы түбегінде, орны анық емес, тек үзінді – Қызан мен Тұщықұдық шаруашылықтарының шекара аумағында Жарылғас атты қауымдық бар. Ата руы кеще (мұрат)-жары. Жарылғас – осы рудан шыққан аруақты кісі.

Жарылғас    Қызаннан солтүстік- батыста -25

Жарынқұдық    сор; Үстіртте, Ақжігіт, Сыңғырлау ауылдарының шығыс жағында, Сам массивінің оңтүстік-батысында имектеле созылып жатқан жіңішке сор

Жарыптүскен    алқап, Шетпе кентiнен батыс-оңтүстік-батыста 23-26 км жерде, темiржолдың солтүстік бетiнде.

Жасбірлік    колхоз аты; 1930-33-жылдары Қара, Тұрым, Жарқымбай орпаларын, Жиделіні қамтыған. 1950-жылы ол Жаңа адым колхозымен бірігіп, 19-партсьезд атындағы іріленген колхозға айналдырылды

Жасыл    зеленый, мүйіс; Қараған түбектің солтүстік-шығысында, Маңғышлақ шығанағында, Жығылған мен Ащымұрын мүйістерінің аралығында.

Жауасу-Тесіктам    алқап; осы жердегі берілген астағы әншілер айтысында бас жүлдені медет Жылкелді жеңіп алған деседі.

Жаужол    жер аты; Таулы Маңғыстауда, Жыңғылды аулының оңтүстігінде. Үзінді – Адайлар Маңғыстауға құлағаннан кейін Ұланақ-Жыңғылдыда орда тігіп отырған Құттықсейіт ханын бітімге шақырады. Кездесуге шақырған Құттықсейіт Орпа жерінде қазақтарға опасыздықпен шабуыл жасап, шығынға ұшыратады. Сол асу Жаужол деп аталып кетіптi.

Маңғыстауда қалған түрiкпеннiң Бозашы, Мұрыншық, Шәудiрдiң рулары бiржола өткен-кеткендi елемей, алажiп кесiп, тиянақты бiтiмге сөйлесуге шақырады. Түрiкпен жақтан абдал Әжiниязбек бас болып сегiз күн мұрсат сұрап, сегiз күнде Ұланақ деген жердi белгiлейдi. Адайлар саны аз түрiкпен ештеңе iстей қоймас деп бейқам жатқанда, сегiзiншi күнi түрiкпен шабады. Жау жол деген содан қалған. Мұны Ұланақ қырғыны дейдi. Тiрi адам аз қалады. Ұланақ деген сөз түрiкпеннiң дүниеге келген нәресте ахылап туды деп Оғланақ атаған, қазақтар оны өзiнше айтып Ұланақ болып кеткен. Қожакелдi, Оның баласы — Ожымпай, iнiсi — Көшен.

Жаулы    құдық; Үстіртте, Бекет-атадан солтүстік-шығыста 40 км жерде.

Жәңгiр    төбе аты (154 м), Үстiртте, Сайөтестен шығыста 100 км-дей жерде, Ердалы құдығынан батыс-оңтүстік-батыста 16 км жерде. Төбенiң оңтүстік-шығыс жағында (4 км жерде) Бармақ жайлауы бар.

Жәукен    Емірден солтүстікте -10, Жыңғылдыдан оңтүстік-оңтүстік-батыста -30

Жизде    Опорныйдан шығыста -100

Жездi    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Жездi    Үстiрттегi құдық (“Есенқазақ” мақаласын қараңыз).

Жездi    жер аты; Солтүстік Үстіртте, нақты орны анық емес, тек үзінді  — Қаратүлей жағасы Қызыластау-Жезді жеріндегі шымырауға келдік.

Жездiбас    сай; Шығыс Қаратауда. Осы сайдағы мыс б.з. II ғасырында қорытылған көрінеді.

Желауыз    микротопоним, кеуек. Шетпелік Айрақтыда

Желтау    тау; Маңғыстау облысының ең солтүстік нүктесі, Атырау облысымен шектесер тұста орналасқан, биіктігі — 221 м.

Желтимес    қыстақ, Онды шаруашылық жерінде.

Желтимес    құдық; Мырзайыр мен Жарма аралығында.

Жемсендi    бұлақ; Қараған түпте, Қаңғабаба өңiрiнде.

Жермола    Тасмола қорымынан батыста -4-5

Жертас    Үстiрттегi төбе (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Жетібай    Елді мекен. Мұнайшы кенті, Ақтау қаласынан шығыс-оңтүстік-шығыста 80 км жерде. Мұнда 1961-жылы 5-шілдеде тұңғыш мұнай фонтаны атқылаған. Жетібай кенті мен Жетібай темір жол стансасының арасы 20 км, жалпы үлкен Жетібайға бұлардан басқа, Мұнайшы елді мекені де кіреді.

Тобыш-Зорбай Жетiбай Ералыұлы деген жiгiт немере ағасы Амандықтың қойын бағады. Шешектен өлгесiн оны төрткүлдiң басына бөлек жерлеп, басына шамалылау там салады.

Джери-еспе    Бейнеуден батыста -20,5

Жетікөл    Қызылтөбе ауыл-аймағындағы микротопоним. Тақырдың жеті ойпаңында маусымдық су айдыны пайда болатындықтан, осылай аталған.

Жетікүп    алқап, қыстақ; Шетпе, № 13 темір жол айырымы маңында, Жыңғылдысайдың солтүстік жағындағы Ақтаудың жотасының бір жері.

Жетiқыз    мола, Тиген аулынан солтүстік-батыста 15 км жерде.

Жетiқыз    Тигеннен солтүстік-батыста -14

Сообщение Абульгази, хивинского хана – историка 17 в., “О семи девушках, бывших беками огузова племени” (Кононов А.И. Родословная туркмен: Сочинение Абу-л-Гази – хана Хивинского. М-Л. Изд-во АН СССР. 1958).

Жетіқаз    Жыңғылдыдан оңтүстік-батыста -20

Жетімек    мола, Ұштаған аулынан солтүстік-шығыста 25 км жерде.

Жармыштан  30-45 км, Ұштағаннан 19-26 км жерде.

Житмак    Ондыдан оңтүстік-шығыс-шығыста -45

Жетітөбе    алқап, Бозашыда, Қызан елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 45-50 км жерде.

Жиделі    алқап; Бейнеудің ойында

Жиделі    алқап; Бозашы түбегінде, Ақшымырау шаруашылық жерінде, Үлек құдығының солтүстігінде. Оның шығыс жағында Егізлақ, оңтүстік-батысында Сеңгірбай құдықтары бар. Осы жерде Өтесбайұлы Түйте ахунның медресесі болған.

Жиделi    Оның былай қасында:

Жиделi мен Ақбұлақ.

Қыстың күнi болғанда,

Ащы судан iше алмай,

Мұз аяр елi шапқылап,

Оның былай қасында:

Үдек, Мiнер суың бар,

Мiнер судың басында,

Қалың қамыс нуың бар..

 

Жиенәлі    Таушықтан солтүстікте -15, Таушық-Қаражанбас жолы бойында

Жоламан    Қызылсудың шығыс бетiнде 20 км жердегi алқап, Жабайұшқан, Голбонше алқаптарының аралығында. Сенектен солтүстік-шығыста 30 км жерде.

Жоласқан    Қызаннан оңтүстік-шығыста -20

Жоласқан    қыстақ; Тұщықұдық шаруашылық жерінде.

Жоласқан    жер аты; Ақшұқыр аулынан солтүстік-батыста 30 км жерде.

Жоласқан-Етем шабындығы.

Жолбаян      Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

жер аты; Үстiртте. Онды шаруашылық жерінде.

Көрпе-атаның моласы Жолбаяндағы кішкене төбенің кезеңінде.

Жолболды    қорым; Үстiрттің орта бөлігінде. Мұнда шебер Қырықмылтық Дәулетнияз қалаған Ескелді Базар Меңдалыұлының кереге тамы бар (Ш.Сабытаев).

Жолдастай шыңырау    құдық; Қараған түпте, Форт-Шевченко – Ақтау жолының бойында, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 29 км жерде.

Жолдыбай    немесе Жылқыбай, қорым; Ақшұқыр аулынан солтүстікте 30 км жерде.

Жол(ды)құдық    құдық, қыстақ, алқап; Бозашы түбегінде, Қызан-Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Жолжан    жер аты; Ақшұқыр аулынан солтүстікте 24-25 км жерде.

Жорын    құдық; етекте, Бекет-атадан оңтүстік-шығыста 30 км жерде.

Жөкi    Қазiргi Қосбұлақ қасында Жөкi деген көкала төрткүл бар. Қызыл, сары жоса алдырып, ұранды матаға емес, жарға жаздырады.

Жокир    Опорныйдан оңтүстік- батыста -48

Жұлдыз    Ақтаудан оңтүстік-шығыста -42

Жума    Красный Долгинецтен солтүстік-шығыста -34

Жұмағұл     алқап; Үстiртте, Жармыш шаруашылық жерінде.

Жұма    Ұштағаннан солтүстік-шығыста -35, Құлтайдан оңтүстікте -8

Жумажа    Шебірден солтүстік-шығыс-шығыста -17

Жұмыртқали    жер аты; Бозашы түбегінде, Тасорпа, Теміртапқан-Байтақ аймағында.

Жұмсақ    Опорныйдан батыста -29

Жұпар    Ұштағаннан солтүстік-шығыста -20

Жүз    Үстiрттiң батыс бөлiгiнде, Жармыш шаруашылық жерінде.

Жүзадыр    құдық; Үстiртте, Бекет-атадан солтүстік-шығыста 56 км жерде. Бұрынғы Ералиев совхозы жерінде

Жузбақ    Тұщықұдықтан оңтүстік-шығыста -22

Жүнбасқазған    құдық; Үстіртте.

Есен Жүнбас деген құдықшы қазған.

Жығылған    теңіз мүйісі; Қараған түбектің солтүстік шеті. Форт-Шевченкодан солтүстік-шығыс-шығыста 48-50 км жерде.

Жығылған    алқап; Үстіртте, Қаратүйе-Маната өңірінде.

Жылқыбай    қорым, Ақтау-Форт-Шевченко жолының бойында, жолайырықтан 9 км жерде.

Жылқыбай    қорым; Маңғыстау темір жол стансасынан шығыста 32 км жерде.

Жылқыбек    Бейнеуден солтүстік-батыста -12

Жыланды    теңіз мүйісі; Бекович-Черкасский шығанағына сұғына кіріп жатыр, Құрық кентінен оңтүстікте 10 км жерде.

Илан-туркмен, иланлы-туркмен.  Так в грамотн казыевского мирзы Бия Мамаева 1632 года русская фраза “Шеидяковы улусные люди иланлы трукменского родства” соотвествует ногайской “Шидак мирзанынг нукер илан туркман таифа”, т.е. Шейдяк-мирзаины слуги (из рода) илан (из) племени туркмен.

Оның былай қасында:

Жыланды мен Құрық бар.

Шын сөйлесе, шайырдың

Арқы жыны құрыстар,

Оның арғы қасында:

Үрпек, Сарша, Исан бар,

Қызылқұм деген жерiнде

Қауын салған дихан бар..

 

Жылқыбай    қорымдық; Ақтау — Форт-Шевченко жолының 50 км-нен батысырақ орналасқан.

Жылше

Жылшы    тау биігі; Солтүстік Ақтау жотасында (биіктігі — 312 м). Шетпе кентiнен солтүстік 15 км жерде,

Жылымшық    құм массиві; Бозашы түбегінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Тасорпа түпке жақын жерде, Қызан аулының солтүстік-шығысында 18-20 км жерден шығысқа қарай созылып жатыр.

Жыңғылды    немесе Ақтұмсық-Жыңғылды; Долгий деп орыстар атаған. Қазақтар болса, бұл жерді ағаш өскендіктен, Жыңғылды деп кеткен. Ақтұмсық-Жыңғылды деп те атайды, өйткені Ақтұмсық дегені — сол Жыңғылды жеріндегі ақ қайраңның көрінісі.

Жыңғылды    елді мекен; Таулы Маңғыстауда, Батыс Қаратау жотасының оңтүстік жағында, Шетпе кентінен батыста 45 км жерде. 1990-жылдардың басына дейін Куйбышев атындағы совхоз орталығы болған.

Араға екi-үш күн қонып, үшiншi күнi Жыңғылдыға келедi. Басы Қаратаудан шығып жатқан мол сайдың бойы толы жыңғыл екен, бұған Жыңғылды деп ат қояды. Тағы iлгерi жүредi, 15 км жерде тағы бiр бұлаққа келедi. Ұйықтап кетсе, бiреу оятады. Қамысбайдың Жамансары баласы Шәмей екен. Құнан бай әкесi Даңнан: “Бай, су ұстап жатырмысың?” – деп сұрайды. Құнан «ия» дейдi. «Суы ащы ма, тұщы ма, дәмiн татқаным жоқ», — деп шынын айтады. Сонда Шәмен «мен таттым, тұщы», — дейдi. Кейiн төрелескенде, су Шәмейге тиiстi болады.

Жыңғылдыорпа    жер аты; Ақтаудан солтүстік-солтүстік-шығыста 30 км жерде.

Жыңғылдысай    жер аты; Онды шаруашылық жерінде, Сартөбенің  қасында.

Жыңғылдысай    үлкен сай; № 13 темір жол айырымының шығыс шағындағы темір жол өтіп жатқан терең қапы.

Жыңғылой (Жангылой)    алқап, Құланды ернегiнiң оңтүстік-шығыс бөлiгiнде, Құнабай тауынан оңтүстікте, Сенектен оңтүстік-шығыста 42-45 км жерде.

Жiбiн    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Орал жолы:

Форт-Александровск — Қаңға-баба (25) — Қыштым(15) — Үдек (25) — Таушық (20) – Төріш (25) — Қарашымырау (10) — Ақмыш (30) — Жармыш (25) — Саура (10) — Тамды (30) — Жаңғызеспе (60) — Маната (20) – Бөгерстем (15) — Өтес (30) — Ешкіқырған (35) – Бәйті (15) – Уәли (15) – Тәңке (30) — Қожақамар (35) — Бесбұлақ (20) — Тұздыорпа (80) — Шабайүдек (20).

Адайдың көш жолы.

Қаңға — Түбіжік — Үдек — Тарталы — Ұланақ — Жыңғылды — Тұщыбек — Шетпе — Аусары — Күркіреуік — Қаратүйе — Өтес — Ешкіқырған — Қатша – Тәңкі — Қосқұлақ — Манашы — Күйкен — Алтықұлаш — Азнағұл — Қарашүңгіл — Жібін — Бақашы (600 шақырым).

1915-17-жж мәлімет бойынша: (254-255-бб)

Жіңішкекебір    сор-алқап; Бейнеу ауданы, Опорный темір жол стансасынан оңтүстік шығыста 15-30 км жерде, ең жақын елді мекен — № 464 темір жол айырымы (сордың батыс жағында 6-7 км жерде).

Жiңiшкеқұмақ    Тұщықұдық өңiрiндегi қыстау аты.

Жіңішкемола    Опорныйдан оңтүстік-шығыста – 40

Зылиқа    жайылым. Тұщықұдық шаруашылық жерінде.

Зылиқа    Қияқтыдан солтүстік-батыста – 30

Илабек    Қызаннан оңтүстікте – 12

Илекермола    Опорныйдан оңтүстік-оңтүстік-шығыста — 25

Имағамбет    құдық; Бозашы түбегінің оңтүстіктік бөлігінде (Мәстек, Құлқара құдықтары бар өңірде) нақты орны анық емес.

Иманқара тауы    тау; Бейнеу немесе Атырау-Ақтөбе-Маңғыстау облыстарының шектесер тұсында, Тоқсанбай маңындағы жер. Археологтар осы жердегі бір үйіктен сармат дәуірінің тас мүсіндерін табады. Осындай мүсіндер бүгінде Ақтау мен Атырау мұражайында шоғырланған.

Иманбай    Опорныйдан батыста – 61

Иманша әулие    әулие, тақыр… Қасында құдығы бар Иманша тақыры. Мұнда руы Жарбол-Бәли Дарханұлы Өсербай шайқы, пiрi – Иманша әулие (1860-1927) деген жазуы бар бейiт тұр. Өсербай шайқы дiндар, қасиеттi адам болған.

Йохонды    қорымдық, Онды аулынан батыста 6 км жерде.

Исамбай    Форт-Шевченкодан оңтүстік-оңтүстік-шығыста делінген.

Исанбай

Исамбай    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 7 км жерде.

Исан түп    Исан түбек, Хасарлы (Каспий) теңізінің Құмды (Песчаный) мүйіс тұсында сұғына еніп жатқан түбегі, Құрық кентінен батысқа қарай, Ақтау мен Құрық елді мекендері аралығында орналасқан.

Оның былай қасында:

Жыланды мен Құрық бар,

Шын сөйлесе шайырдың,

Арқы жыны құрыстар.

Оның арғы қасында:

Үрпек, Сарша, Исан бар,

Қызылқұм деген жерiнде

Қауын салған дихан бар…

 

Исмат    Опорныйдан оңтүстік-батыста – 48

Итбай    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Итбай    құдық; Үстірттің солтүстік-шығыс аймағындағы құдық, осы құдыққа қатысты бір кездері Адай мен Табын арасындағы дауды шешуге Адайдан Ермембет, Табыннан Күшік шешендік айтысқа түсіпті, оны Ермембет жеңіпті деген аңыз-әңгіме бар (А.Әбдіров)

Итбалық арнасы    тарихи атау, теміртапқан-Байтақ аймағында, нақты орны анық емес, тек үзінді – қыста теңіз суы қатқанда, Тасорпа, Теміртапқан-Байтақ арқылы Жылойға керуен шығып, мұздың үстімен астық тасу қалыптасқан. Теңіздің осы қысқа керуен жолының бойында Итбалық арнасы деген өзек болады. Теңіз суы қанша қатқанымен, мұзында жарық үзілмейді. Осыдан керуен киіз төсеп, не мұзбен жауып өтетін  еді.

Итемер    қауым; Сенек маңында, негізінен Сүйіндік атасының адамдары жерленіп келеді, Нұрым Шыршығұлұлының арғы атасы Шақшақтың 220 жылдығына ескерткіш тұрғызылды.

Итжанның жалы    алқап, Жармыш шаруашылық территориясында

Иткелді    алқап; Бозащы түбекте, Ақшымырау маңындағы жер, осында 1859-жылы Мұрын жырау дүниеге келген.

Иткеткен    арал; Қайдақ шығанағында бұрын осындай арал болған (қазір бар-жоғы белгісіз)

Итқара    құм массиві, Маңғыстаудың ойында, Ұштаған өңiрi. Осы құм шетінде Дәрмен, Серкебас деген алқаптар бар.

Итқара    жер аты; Оңды-Ұштаған аймағында болар деп шамаланады, нақ орны анық емес, тек үзінді – Зорбай ұрпақтары… Қараманата — Ағашты-Оңды – Итқараға қарай қоныстанған. Әнеттің алты руы Итқарадан Жетібайға қарай Мырзайыр-Басқұдықты, Ербасанды қоныстанған.

ИiлiнiҢ құмы    басқасын айтпағанда, Баянды маңы ата-бабаларымыздың, берiсi Ералиев атындағы колхоздың (төрағасы – Нұрбаев Өмiрзақ) шаруасын дөңгелеткен шұрайлы қоныстары: Ұйқылы-Боржақты, Өмiрзақ-Қайық, Көпдөрел-Жабағы-Шат, Шағылжұрт, Иiлiнiң құмы – қысы-жазы.

Иір    алқап; Шетпенің солтүстігінде, Шерқала-Айрақты таулы-төрткүлді жерін терістігінен орай алып жатқан ойпаң жазықтық, Құртұрмас деп те аталады.

Кален    Опорныйдан шығыста — 138

Кәпіртам    мола; Сәубеттен шығысқа қарай жүрген жол бойында, Мырзайыр-Басқұдықтың батысында; Аңыз бойынша, адайға кірме болып сіңген екі жігіт үйренісіп алған соң, түзде мал қарай не тезек тере шыққан қыз-қырқынды зорлап қоймағандығы үшін, осы жерде өлтіріліпті. Бірақ мұндағы там олардікі емес, басқа кісінікі.

Екінші вариант — 1848-жылы орыс әскерi мен Бекі маңын тонауға келген хиуа-түрікпен қақтығысында қаза болған орыс жауынгерлерінікі.

Кәріi    құдық; Бозащы түбегі, Тұщықұдық шаруашылық жері, Қызылқұм массивінің солтүстігінде. Тұщықұдықтан шығып, Қияқты арқылы Кәрі деген  жерге баратын болып жолымыз түсті… Қияқтыдан шыққан соң, Қапам деген қауымға соғып, дұға оқыдық.

Кәтем-баба    бал — қорым; Ақшұқыр аулынан солтүстік шығыста 10 км әуежай маңында.

Түпқараған ауданындағы Бал шабындығы осы жер болуы тиiс. Маңында Кәтем-баба, Бегей деген жерлер бар.

Қатем – қорым; Ақтаудан солтүстікте 20 км жерде.

Кебiркел    алқап, Кездесуден шығыста 22 км, Жыңғылды аулынан оңтүстік-батыста 38 км жерде.

Кегелшiнкөл

Кегельчинколь

Көкiлшүңкiл    құдық: Үстiрттiң солтүстік-батыс ернегiнде, Сайөтес кентiнен солтүстікте 26 км жерде. Осы құдықтан солтүстік-шығыста 8 км жерде Сисем-ата қорымы бар.

Кедеш    Кидеш, қорым; Бозашы түбегінде, Красный Долгинецтен оңтүстік- шығыста 18 км жерде.

Кезек    қыстау, Ауызорпа маңында, Тигеннен шығыс-солтүстік-шығыста 24 км, Қызаннан 44 км, Жармыштан да 44 км жерде.

Кезқора    ескi құрылыстың орны, Ақтау-Қаламқас жолының Шайырға қараған бетiнде, Шайырдан солтүстік-батыста 25 км, Таушықтан шығыста 13 км жерде

Кезiм    құдық; Қараған түпте, Қаңға баба өңiрiнде.

Кежі    жер аты; Бозащы түбегінің солтүстігінде, бүгінгі Қаламқас мұнайшылар орталығының маңында, Кежі – атақты Сүйінқара батырдың інісі, сол жерде жерленген. Осы жерде Қылы деген де жер аты бар, ол туралы Б.Әріпов Қазіргі Қаламқас Хасарлыдан (Каспийден) үзілерге келіп, жіңішкірген тайыз суы бар деген, осы сөзден нақты географиялық нысанның не екендігін анықтай алмадық. Үзінді – Керел түбегі деген Қаламқас қауымынан Долгийге дейінгі ұзындықты, ені Тұщықұдық құмына қарай созылған 30-40 км-ді қамтиды. Осы Керел терістіктен Хасарлы (Каспий), оңтүстіктен Хасарлыға жіңішкеріп келіп, қосылып жатқан ащы теңіз қоршап жататын еді. Теңіз суы шығыс жағынан Кежі қиылысы арқылы ащы теңізге келетін. Ал батыс бетінен Құлтай-Тереңөзек арқылы және Қаражанбастан өте бере Хасарлыдан (Каспиден) ащы теңізге су арқылы келетін. Долгий мен Ақтұмсықты айналып өтіп теңіз суы Қожыққа (Қошаққа) шабатын кездері де болған.

Кежібай    жер аты; Таушықтан солтүстік-шығыста 20 км жерде

Кекеш    қорым; Бозашы түбегінде, Тасқұдық өңірінде.

Келтесай    жыра, Жыңғылды аулынан оңтүстік-батыста 20-21 км жерде.

Келiнбердi    қорымдық, Бекi аулынан шығыста 17 км жерде.

Келнсу (Келимсу)    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 10 км жерде, Ақпан құмының батыс пұшпағында.

Кендірлі    теңіз шығанағы; Жаңаөзеннен оңтүстік-батыс-оңтүстікте 65 км жерде. Теңізден Кендірлі тілшесімен бөлінген.

Қақпақтысы қасында:

Қара суды қақ жарған.

Темiрбаба және бар,

Оның былай қасында:

Көздiойық пен Кұрткетiк

Кендiрлi деген жерiнде

Жамандау салған қала бар.

Оның былай қасында:

Тасұшы, Тоқпақ, Қызық бар,

Мына отырған дiлмардың

Қай сөзiнде бұзық бар?..

Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскден Красноводскіге апаратын жол

Форт-Александровск — Сақақұдық -Түлкілі — Қаражалшы — Қошқар-ата — Ақеспе — Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі — Темір-баба — Қаңжақ – Қосаджы – Ащықұй — Қарасеңгір – Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровск – Красноводск жолы:

Форт-Александровск — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана(8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) – Қажы Назар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) – Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Кендірлі-Қаясан    Үстірт; Оңтүстік Маңғыстауда, Кендірлі шығанағынан оңтүстікке қарай (жағалаумен) Қарабұғаз-голға дейін, шығысында Қарынжарық құмдарына дейін созылып жатқан көтеріңкі жазық дала. Солтүстігінде Қауынды, Басғұрлы-Жазғұрлы ойыстарымен шектеседі. Бұл – географиялық (орыс тілді) әдебиетте қалыптасқан атау, ал жергілікті жұрттың ескіше атауы — Қабақты.

Өскiнбай Қалмамбетұлы:

Қарамая, Кендiрлi,

Қансу, Тамды, Көгесем,

Жаманжол мен Қыңырық

Алыстығын байқасаң,

Тауы тұрар бұлдырап…

Кенел    жер аты; Үстіртте, Түпқараған ауданына қарасты шаруашылық территориясы.

Кенжебай    құдық; Бекі аулының жанында. Кенжебай деген құдықшы қазған (Н.Қазақбаев).

Кент    құдық; Бозашы түбегінде, Қызан аулынан солтүстікте 35 км жерде, Хасарлы (Каспий) теңізіне таяу маңда.

Кенттібаба    қорым; Форт-Шевченкодан солтүстік-шығыста 56 км жерде.

Кентi-баба    зират, Емдi тауының үстiнде, шығыс ернеуiне таман, Таушық аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 14 км жерде

Кенішбай    қорымдық, жер аты; Жыңғылды аулынан оңтүстік -оңтүстік-батыста 25 км жерде.

Кеңесбай    құдық; Үстіртте, Бекет-атадан солтүстік шығыста 68 км жерде, Ералиев совхозының жері;

Кеңқолтық    алқап; Солтүстік Үстіртте

Кеңсай    сай; Батыс Қаратау жотасының оңтүстік беткейіндегі сай, Тұщыбек ауылынан шығыста 4-5 км жерде.

Керегемола    Құрықтан шығыста 30-32 км

Керек    қорымдық, жер аты; Ақтау-Қаражанбас трассасының 60-63ші км-нің тұсында, Ащыбас сайының аузына таман тұста.

Керел

өңір; Бүгінгі Қаражанбас-Қаламқас аймағының ескі атауы, жалпы бүгінгі Қаражанбас-Қаламқас тұрған жағалық өңір 30-жылдарға дейін Каспи теңізі мен Үлкен сор (ол кезде теңіз шығанағы) аралығындағы түбек, тіпті кейбір жылдары арал да болған. Ол Кирилл аралы делінген, оны жергілікті қазақтар Керел деп атаған. Осы жердің тағы бір аты Орта еспе немесе Орта Еспе түп. 1931-жылы осы жердегі ауылдар Голощекин, кейін Путь к коммунизму балықшы колхозына біріктірілген .

Керел

Кирель    қорым; Бозашы түбегiнiң Қайдақ сорына (шығанағына) қараған бетiнде, Қызық құдығынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 16 км жерде.

Керт    жер аты; Батыс Қаратау жотасының күнгей етегінде, Шетпе кентінен  батыста 5 км жерде.

Кертті    қорым, құдық, бұлақ атаулары. Үстiрттiң батыс ернегiнде, Тұзбайыр сорына қараған бетiнде. Манатадан шығыс-оңтүстік-шығыста 19-20 км, Сайөтестен оңтүстік-оңтүстік-батыста 34-36 км жерде. Керттi қорымынан оңтүстік-шығыста 4 км жерде, ернек шетiнде Сынды құдығы бар, сондықтан осы алқапты “Керттi-Сынды” өңiрi деп те атай бередi.

Кертті-Сынды, жер аты; Үстірттен Ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрібас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға т.б.

Керіз    қиранды, құдық; Таулы Маңғыстауда, Жыңғылды ауылынан шығыста 5 км жерде.

Жыңғылды мен Қарқын бар.

Балдағы алтын ақ болат,

Суырсаң жауға жарқылдар.

Одан былай қасында:

Тұщыбек пен Бесбұлақ —

Жайылып жатқан тауында,

Таушы баққан ешкi-лақ,

Оның былай қасында:

Аққауын мен Керiз бар

Аңыз қылған айтулы,

Қала салған жерiң бар…

 

Керзi    жер аты; Керзi атауы, сiрә, Керiз атауының бiр варианты болса керек. Өскiнбай ақынның;

Аққауым мен Керзi бар,

Ол тарихта қалған жол екен,

Онда қала салған жерiң бар.

Аққауым мен Керзi Қаратау бойындағы Ұланақ, Ақеспе, Қарқын және Керзi бұлақтарының маңында

Керiмдi    су көзi, жер аты. Шайыр ауылы маңында.

Керiмдi    құдық, Тиген аулының батысында 6 км жерде.

Қақпақты    жер аты; нақты орны анық емес, тек үзінді – екі ел мәмлеге келіп Маңғыстаудың қара ойы мен Керімді-Қақпақтының дөңін күні кешеге дейін қатар жайлап келген.  Соған қарағанд,а бұл Кендірлі-Қаясан немесе Қақпақты Үстіртінің тағы бір атауы болса керек.

Кесе    “әнебiр жылы Иiрде, Кесенiң басында… Кеседе суы бар құдық болған.”

Кисекбай    Ақжігіттен солтүстік-солтүстік-батыста-11

Кесiктi    жер аты, Үстiртте, Жыңғылды шаруашылық жерінде.

Кетiк    Құнан ең соңында, Кетiкке барады, барса, орман қалың жыңғыл, қамыс, жантақ, әртүрлi шөп малынып тұр. Әсiресе, қыс айында малға таптырмайтын қоныс, қарап жүрсе, сорға қарай ағып жатқан бұлақ бар, суы тұщы, мұны Кетiкбұлақ деп атайды. Кетiк деуi – бiр жағынан барғанда, тауы кетiк-кетiк.

Кеулене    жер аты; Шетпеге таяу жердегі Аусары алқабында, көмірі бар жер.

(Аусарыға) жақын жердегi Қарадиiрмен, Кеулеме көмiрлерiнiң қуаты аз, күлi қызарып көрiкке жарамағасын, Көкаланың көмiрiн қазып пайдаланған.

Кешенағашты    бұлақ, Онды аулынан шығыста 5 км жерде.

Киневан    қорым; Шебірден солтүстік-батыста 24 км жерде.

Киiк (Кейк)    төбе (142 м), Қауынды ойысының оңтүстік-шығыс (оңтүстік) бетiнде 12 км, Құланды ауылынан оңтүстік 67 км жерде.

Киiкбай    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз). Онды шаруашылық жерінде.

Киiктi    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Кобен    Қызылсайдан солтүстік-батыста – 15, Шолы қорымынан батыста – 5.

Көгала    жер аты; Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 42 км жерде.

Көгала    жер аты, үзiндi: “Медет Iзбастың баласы Әлмұраттiкi. Әлмұраттың моласы Ащыбыс, Шат, Көгала маңында. Жер атауы да Әлмұрат деп аталады”

Көкала    Оның былай қасында:

Тұщықұйы, Шат пенен

Көкала тас бауыр бар.

Бұл Шат деген жерiнде

Көшпейтұғын белгiлi

Көрпе дейтiн ауыл бар…

 

Көгала    құм; Бейнеу аймағы, Сам өңіріндегі Аяққұм массивінің көне атауы. (Е.Жаманбаев)

Жаскілең мен Нұрым айтысында:

Анау Көкаланың құмында

Әлімді қойдай шулатып

Біздің Адай шапқанда…

 

Көгала    алқап; Шайырдың шығыс жақ бетінде.

Көгала    жер аты; Шетпе территориясы. Аусары маңы, көмірі бар. (Аусарыға) жақын жердегі Қарадиірмен, Кеулеме көмірлерінің қуаты аз, күлі қызарып көрікке жарамағасын, Көгаланың көмірін қазып пайдаланған.

Көгаланың көмiр шығатын жерi – таудың баурайы. Күнде арқалап келу қиын болғандықтан, көмiр алатын жердiң басына барып, ағаш үйiн тiгiп, iс iстеген. Таудың баурайында азғантай тақтайлық, ыза суы бар екен. Көгаланың көмiрi күлi аппақ болып жататын қызулы көмiр. Көрiкке жарайды екен. Көгала тау Аусарыдан Ондыға тiке асатын жолдың шығыс бетiнде. Қазiр құрылысшылар мрамор тасын өндiредi.

Көгез    алқап; Шетпеден солтүстікте 12 км жерде, Айрақты тауы мен Батыс Қаратау аралығында орналасқан жазық аңғар.

Махмұт Қашғари сөздiгiндегi Құғұш – науа, су науасы, су жолы – оқ жасау, оқ салу, тегiстеу үшiн қолданылатын ағаш сайман. Тегiрмен құғұшы – Диiрмен науасы.

Көгел  тау    тау; Үстіртте, Өліқолтық сорына жақын жерде. Бейнеу кентінің оңтүстік-батысында 27 км, Ескі Бейнеуден батыста 19 км жерде. Осы атау Мұқаш Омаровтың “Расстрелянная степь” кітабында (с.38) кездеседі.

Көгесем    құдық; жер аты. Үстірттің батыс ернегінде, Қарынжарық сорының солтүстік шығыс шетінде, Қарамая тауының шығысында 14 км жерде. Осы құдық маңынан Үстірттеі Мұзбел жалы басталады.

Өскiнбай Қалмамбетұлы;

Қарамая, Кендiрлi,

Қансу, Тамды, Көгесем,

Жаманжол мен Қыңырық

Алыстығын байқасаң,

Тауы тұрар бұлдырап…

Үстiрт қорығының үстiмен Көгесемге бару. Аласалау төбеге орналасқан Көгесем әулиесiнен… Төменде 2-3 км-дей жерде айтулы Көгесемнiң құдығы. Суы балдай, ең тұщы. Ойда Талақ, қырда Көгесем. Шыңның ернегiне орналасқан. Оның астында созылып жатқан Кендiрлi соры, алыстан бұлаңдап Қарамая, Қаражалдың таулары көрiнедi.

Көгесем әулие.

Көжекбай    қыстақ;. Тұщықұдық территориясының аумағында. Нақты орны белгісіз.

Көжекқора    Бозашы түбегінде, Тұщықұдық шаруашылық территориясында.

Көздіойық    Қақпақтысы қасында,

Қара суды қақ жарған,

Темiрбаба және бар,

Оның былай қасында:

Көздiойық пен Кұрткетiк

Кендiрлi деген жерiнде,

Жамандау салған қала бар.

Оның былай қасында

Тасұшы, Тоқпақ, Қызық бар

Мына отырған дiлмардың

Қай сөзiнде бұзық бар?..

 

Көзелбай    алқап; Бозашының шығыс (Тасорпа) жағындағы жер.

Көкбұлақ    бұлақ; Сарытас шығанағына таяу жерде, Суат аулының оңтүстік-шығысында 10 км жерде. Форт-Шевченкодан шығыста 63 км жерде. Шақпақ-атадан батыста 8 км жерде

Көкбұлақ    бұлақ, Сартас қыстағының шығыс бетiндегi Еспе зиратының оңтүстік бетiнде.

Көкжал    қыстақ; Емір темір жол айырымның оңтүстік-шығысында 26 км жерде, Қандыбас құдығынан батыста 8 км жерде.

Көкжал    алқап; Үстірттің ернегінде, Оғыландының қасында.

Көкпекті    төбе; Бейнеу кентінен солтүстік-шығыс-шығыста 38 км жерде.

Көккүмбет    немесе Көкімбет, көне кесене; Тұщықұдық аулынан оңтүстік-шығыста 7 км жерде. Үзінді – Тұщықұдық көлемінде Қаратөбе қауымы және Көкімбет, Қосүйік өте ерте заманның ескерткіштері… Көкімбетті мешіт десе де болады. Бірақ айналасына аздаған адам жерленген. Көкімбетке қаланған тас кесіп, сындырып алғанға ұқсайды. Ұзыны 1 м, ені мен биіктігі 50 см. Тас салмағы 700 кг-дай. Бұл тасты қандай адам жасады екен? Қандай көлік әкелді екен? Көкімбеттің биктігі 8 м-ден кем емес. Тастарды қалай, қандай күшпен, қалай көтеріп қойды екен? Сылағы әлі бар. Қандай қосындымен араластырған, сыры белгісіз. Қорғауға да, зерттеуге де тұратын көне заман ескерткіші екені даусыз. Қосүйік қолдан үйілген, арасы 400 м-дей. Аңыз бойынша, жаудан қорғану үшін жасаған. Биік басына адам шығып, қарауыл қарауға әдейі жасалған.

Көксай    Қарақияның солтүстік-батыс пұшпағындағы ой. Көксайдың өзі үш сордан тұрады; Тамақсор және Таркөксай мен Кеңкөксай. Соңғы екеуінің арасында бұрын түйе жүретін сүрлеу болған, ол – Жоласқан. Баяндыдан солтүстікке 20 км қарай осы жолмен жүргенде Қатем-ишанға баруға болады.

Көксепкен    тау (277 м), Солтүстік Ақтау жотасының куэсталық ернеуiндегi биiк жерлердiң бiрi, Шайырдан солтүстік-солтүстік-шығыста 14 км жерде

(Көксүйрi)    Махмұт Қашғари сөздiгiндегi Сұйран – мұнара және соған ұқсайтын ұзын нәрселер – оғызша.

Көктам    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қрашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскден Красноводскге апаратын жол

Форт-Александровск  Сақақұдық — Түлкілі — Қаражалшы – Қошқар-ата – Ақеспе – Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі – Темір-баба — Қаңжақ — Қосаджы — Ащықұй — Қарасеңгір – Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровск  — Красноводск:

Форт-Александровск  — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) — Қажа Назар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Көктөрткүл    төрткүл-төбе; Бекіден оңтүстік-шығысқа, Есен-атадан шығысқа 7 км жерде (271 м)

Көктөрткүл    төрткүл-төбе; Жарма аулынан оңтүстікте 12 км, Ұштаған аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 18 км, Жаңаөзеннен солтүстікте 30 км жерде (243 м)

Көктіқұдық    құдық; Ұштаған аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 19 км, Өгіз-Өреулі құдығынан солтүстік-батыста 10 км жерде.

Көктіқұю    су; Көкшесу, Айткөкше деп те аталады. Шетпе-Шақырған маңында. Шақырған қонысының солтүстік жағында. Ақтаудың Қаратау сілемдерімен астасқан жерінде. Марганецті, фосфоритті кен орны барланған.

Шақырған мен Ащыбұлақ аралығындағы тау үсті.

Көктас    құдық; Теңіз жағалауына таяу жерде, Ұлутас (Ракушечний) мен Тоқмақ мүйістері аралығында, Құрық кентінен оңтүстік-шығыста 48 км жерде.

Көкiл трубчаткi    Үстiрт өңiрiндегi № 7 темір жол разъезiне таяу жердегi көкiл трубчаткi деп аталатын өңiрге келiп жаз жайлады. Қызан шаруашылық жеріне қарауы тиiс.

Көкiл-Шүңкiл    Сайөтес маңында, тау етегiндегi бұлақ.

Көкiмбайқазған    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Көкiмбай    қорымдық, Сенектен оңтүстік-оңтүстік-шығыста 44 км, Құланды аулынан оңтүстік-шығыста 55 км жерде.

Кокумбай

Кокумбай    Сенектен оңтүстік-батыста -40

Сенектен оңтүстік-оңтүстік-шығыста -35

Көкше    құдық; Қарақия ойысының батыс жағында, Құрық кентінен солтүстікте 20-22 км жерде.

Көлденеңшың    Қайран әкем сүйегiн,

Алып келiп жерледiк.

Көлденең Шыңның басына,

Балша-Бекет қасына..

Көлдіорпа    Опорныйдың оңтүстік-шығысында -34

Көлеңкелі    тау; Бейнеу ауданында, Маңғыстау облысының солтүстік шетінде (Желтау тауының оңтүстік-батысында), биіктігі – 214 м. Осы таудан Жаман және Жақсы Қарасай құрғақ арналары бастау алады.

“Отызқұдықтан 80-90 шақырымдай жүргенде сайдың басында шымырау құдықтар кездесiп, оның үлкен тас астаудың үстiне тастан көлеңке қалап қойыпты, атын бiлетiн ешкiм жоқ. “Көлеңкелi” деп ат қойып, одан әрi күншығысқа баялыш шыққан дөң үстiмен жүре бердiк”. Бұл 1952-53 жылдардағы жер iздеу кезiнде болған.

Көлбай    төрткүл-тау; Үстірттің батыс ернегіндегі жеке тұрған төрткүл. Сеңгірқұм массивінің шығыс жағында, Оғланды-Бекет атадан солтүстік-солтүстік-батыста 20 км, Жаңаөзеннен солтүстік-шығыс- шығыста 95 км жерде. Биіктігі – 322 м. Сазды аулынан шығыста 68 км жерде.

Кулубай    Опорныйдан оңтүстікте – 60

Көлсай    сай; Үстірттің батыс ернегін жарып шығатын терең сай, Оғландыдан оңтүстікте 15 км жерден басталып,  40 км-ге созылады.

Көлшар (Кольшар, Құлшар?)    құдық, Ұштаған аулынан солтүстік-шығыста 22 км жерде.

Көнек    қорым; Сауысқан аулынан оңтүстікте 16 км жерде.

Көңдіқұдық    құдық; Бозашы түбегі, Тұщықұдық шаруашылық жеріндегі Қызылқұм массивінің оңтүстік жағында, Тұщықұдық аулы маңында. Қияқты аулынан 10 км жерде. Осы жерде Қызылқұм су кенi бар.

Көңшымырау    алқап; Солтүстік Үстіртте, Самда

Бейнеудiң терiстiк бетiндегi құм жиегiнде. Қосқұлақ Амантұрлының бейiтi, Ноғайты бұрын Сисенбай деп аталған, Сисенбай – ноғай молдадан оқып, бала оқытқан, мешiт салған бiлiмдi кiсi. Ноғайты өңiрiнде Қасқырiшкен, Тасқұдық, Қырыққұдық, Көңшыңырау, Ақойық, Терiскендi, Кiлжан, Балапан аталған жер аттары бар

(Ж. Нәренбайұлы. Болашағын ойлаған ауыл – Ноғайты. Маңғыстау. 2003. 11 қараша).

Көпдөрел    жер аты; Ақтау-Қаламқас жолы мен Ащыбас-Шат ойына таяу жердегі жер аты. Бір кездері осы жерде минералды су ұңғысы болған.

Басқасын айтпағанда, Баянды маңы ата-бабаларымыздың, берiсi Ералиев атындағы колхоздың (төрағасы – Нұрбаев Өмiрзақ) шаруасын дөңгелеткен шұрайлы қоныстары: Ұйқылы-Боржақты, Өмiрзақ-Қайық, Көпдөрел-Жабағы-Шат, Шағылжұрт, Иiлiнiң құмы – қысы-жазы.

Көпжасар    жер аты; Ұштағаннан солтүстікте 5 км жерде.

Көптам    жер аты: Сам құмының оңтүстік-шығыс бөлiгiнде, биiк дөң үстiнде тұрған ортағасырлық бекiнiс қамалдың қирандысы. 14-17 ғасырлардың аумағына жатқызылып жүр. Халық арасында Ноғайлы деген атқа да ие. Кiрпiштен және тастан қаланған төртбұрышты құрылыстардың қабырғалары 1920 жылдарға дейiн сақталып келген. Археологиялық тұрғыдан зерттелмеген. Көптамды Сам Шам қаласымен байланыстырады. «Коптам, по всей видимости, следует связывать с городом Сам Шам, упоминаемом в восточных и русских источниках см: Бартольд В.В. Сведения об Аральском море и низовьях Аму-Дарьи с древнейших времен до 18 века». Соч. Т.3 М. 1965. с.65; Басенов Т.К. Архитектурные памятники в районе Сам. А. 1947. С.23-25

Көпрабат    жер аты; Сайөтестен оңтүстік-батыста 34 км, Маната ернегiнен шығыс-оңтүстік-шығыста 8 км жерде, Үстiрт ернегiнiң Тұзбайыр сорына қараған бетiнде.

Көреғұл    Қатты ұйы, Елiк, Өгiз-Өреуiл

Түрiкпеннiң жерi екен.

Қара атын қиғаш мiнгiзген,

Батыр туған сол күнде,

Аты аталған Көреғұл.

Оның былай қасында:

Тау тұмсығы – Бердалы,

Жаңғызеспе, Маната,

Сөге көрме сөзiмдi,

Манағы айтқан жерiңе

Жаңа келдiм, жан ата…

 

Коркомола    Опорныйдан оңтүстік-шығыста-54

Көрпелi    құрғақ сай-қапы, Жармыш аулынан шығыста 27-37 км, № 10 разъезден батыста 6-12 км жерде. Қасқыржол жотасын кесiп өтiп, Қаракешу сорына қарай ашылады. Ұзындығы 20 км

Көріктөбе    төбе; Бек-Жарма аралығында, Кәпіртамның шығыс жағында, Мырзайыр-Басқұдықтың оңтүстік-батысында; оның маңында Сәлмен бөгеті бар.

Басқұдықтың сыртындағы Көрікті төбе деген жерге

Көсем    қорым; Таушықтан оңтүстік-батыста 25 км, Ащымұрын мүйісінен оңтүстікте 27 км жерде.

Көсем әулие    қорым; Ақшымырау маңындағы Үлек жерінде қауымдық, Көсем – ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген кісі, руы — есен.

Көсiктi    Үстiрттегi мола (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Көсікті    құдық; Үстіртте, Жыңғылды шаруашылық жерінде, темір жолдың шығыс жағында

Көсікті    қорым; Бейнеу өңірінде, Ұялыдан оңтүстік батысында 18 км жерде.

Көтіңебақпас әулие    мола; Қызылсу аулының терістігінде 10-12 км жерде, Соқыр төрткүлінің терістік беткейінде. Аңыз бойынша, осы кісі Шопан атамен бірге медреседе оқып, ұстаздың лақтырып жіберген аса таяғы туралы ұстаз бен Шопан-ата арасындағы болған әңгімені сыртынан тыңдап тұрып, естіп алып, кейін Маңғыстауға келіп түскен аса таяққа таласып, Шопанды жеңе алмапты. Бұл атау оған әліңе қара дегеніне байланысты қойылған лақап есім болу керек.

Көшбай    Опорныйдан оңтүстікте – 32

Көшек    су; Құлбарақ қорымынан шығыста 40 км жерде.

Көшер    Үстiрттегi құдық, Қаратүлей-Елтеже түлейiнiң батыс жағында (7 км), Қадырша құдығынан шығыс-оңтүстік-шығыста 8 км жерде.

Көшер    Үстiрттегi құдық (“Алан” мақаласын қараңыз).

Көшербай    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Красный Долгинец    тарихи атау; 1931-жылы  Долгийде ұйымдастырылған колхоз, 1950-жылы кейін таратылып, халқы көшіріліп жіберілді.

Кунскун    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Күйекжол    Пәленшенi Күйекжолда отарын жайып келе жатқанда, кездестiрген едiк. Қойымыз күнара, су iшкен жоқ, тау тұмсығы – Тамдыдан да қойды қауғамен суаруды қиын көрiп, әрi жүрер жолы бұру болғасын, өтiп кетiп едiк, № 10-разъездiң қоймасында су бар ма екен деп

Шолақ Есiмқұл. Мүмкiндiк болса Шопан атаға, болмаған жағдайда Қаратаудың шығыс бет жағындағы Күйекжолдың бойындағы Қарағашты әулиеге жерлерсiңдер, үлкен жолдың бойы ғой, өткен адамдар әйет оқыр. Шiлгөзге жерленген.

Күйеутам    алқап; Оңдыдан оңтүстікте 5 км жерде. Қауымдықтың атауы, Қалматайдың қара жалы деп аталады. Олжаның қызын (олжа – ру ма, әлде есім бе, белгісіз) күйеу жігіт пен Қалматай алып қашады. Қуғыншылар жеткен жерінде Қалматайды өлтіріпті. Содан соң қуғыншылар қыз бен жігітті де қуып жетіп өлтіреді. Қазір үшеуінің де моласы бар, бір-бірінен 3-4 шақырымдай қашықтықта. Олжаның қызы, Қалматайдың қауымы, күйеу там Онды аулынан 5-6 км жерде.

Күйкен    Елдің алды асқанда,

Көлденең шыңға басқанда…

Күйкеннен бергі бауырда

Екі жүз елу жәуміт келіп ұрынды

Екінді мен Ақшамда

***

Күйкеннен бергі мұрыннан

Көштің алды бұрылған.

Жаңбыршының ұлы — Телағыс

Кешегі өткен қырық таңбалы Қырымнан

Төремұрат батырдың

Өлген жері сол екен..

Күйiктақыр    алқап, Жармыштан шығыс-оңтүстік-шығыста 30 км жерде. Осы жерде Бердалы қорымы бар.

Күйше    құдық; Үстіртте, Сам құмынан оңтүстікке қарай, қарақалпақ шекарасына таяу маңда, Қызыләскер аулынан шығыста 46 км, Тұрыш аулынан оңтүстік-шығыста 35 км жерде. Картада Кюше деп көрсетілген.

Күлшоқы    Бек маңында болу керек.

Күмбет    қорым; Форт-Шевченкодан оңтүстікте 12-13 км жерде, Өрдек (Өрлек) қыстағының қасында.

Күмірә    ой-алқап; Тиген мен Иір арасында, Үлкен Күмірә, Кіші Күмірә деп бөлінеді.

Күнгей    қорым; Форт-Шевченкодан шығыста 55 км жерде, Суат қорымынан оңтүстікте

Күндік    тау; Бостанқұмның оңтүстік шетіндегі, Сұмсаның терістік бетіндегі қос тау-төрткүл. Олар Ұлы Күндік және Кіші Күндік деп аталады. Аңыз бойынша, Ерсары батырдың ас пісіруге пайдаланатын ошағы осы екі тау болған екен.

Күрпiтау    Одан әрi қарасаң,

Бұйiрбасы, Күрпiтау

Дүлдүл-ата әулие,

Аңыз болған керемет.

Тастан соққан бар түйе,

Iргесiнде тақ соның

Құрқызыл мен бар Сүйе…

 

Күрткетiк    Қақпақтысы қасында:

Қара суды қақ жарған —

Темiрбаба және бар.

Оның былай қасында:

Көздiойық пен Күрткетiк,

Кендiрлi деген жерiнде —

Жамандау салған қала бар.

Оның былай қасында:

Тасұшы, Тоқпақ, Қызық бар,

Мына отырған дiлмардың

Қай сөзiнде бұзық бар?..

 

Күртi (Курты)    Құдық, Ұштаған аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 21 км жерде.

Күш    Бейнеуден оңтүстік-батыста-75

Күш    тау биігі, жер аты; Солтүстік Ақтау жотасында, Шетпеден шығыста 40 км жерді. Биіктігі — 322 м.

Күш    тау биігі (241 м); Оңтүстік Ақтау жотасының Жыңғылды-Тұщыбек аралық тұсындағы кесіндісінде, Жыңғылды аулынан шығыс-оңтүстік шығыста 8 км жерде.

Күшелен    жер аты; Оңды шаруашылық жерінде.

Күшелек    Ескелдi Тұрарбек Айдарбайұлы “Күшелек” деген жердi жайлайды. Оның соры кепiрен жазда сулы көл болып жататын жер. Мал суынан татпайды. Шөлден көзi қарайған киiк болмаса, мал ұрттап алып бақырады. Сордың жағасында қадау-қадау жыңғыл бар. Түнiмен ұйықтап қалған қойшының қойын жеп, iшi местей болған қасқыр таң ата дымқыл апанына келiп, бауырын төсеп жатады. Тұрарбектен басқасы Күшелекте отырмайды. Тұрарбек аздаған Күшелектiң қасқырын қақпанмен шекiп алып отырады.

Күшетас    нақты орны анық емес.

Бұлар Маңғыстау бөктерiнiң және Бостанқұм құмының оң бетi мен Бесоқты, Сенек құдықтары арқылы жоғары көтерiлiп, Босағаға, Қайғылы-Бабадан шығыс түстiкке қарай, Қарқын, Тағылбай, батыста Күшетас құдықтарына келдi. Ол жерден кейiн қарай, батысқа бет алып, Қосақұрық арқылы Қарашек көлiнiң терiстiгiмен Бесоқты, Сенек құдықтарына қайта оралды.

Кушук    Бұрыншықтан оңтүстік батыста-23

Күшік (Қостам)    жер аты, мола, Ұштаған аулынан солтүстік-солтүстік-батыста 17 км жерде. Ондыдан оңтүстік-шығыста 18 км жерде.

Күшік    қорым, әулие атауы; Красный Долгинецтен солтүстік-батыста 55 (20 км к сз от с.Уштаган)

Күшікбай    жер аты; Жармыштан шығыста 30 км жерде.

Кiлжан    Бейнеудiң терiстiк бетiндегi құм жиегiнде. Қосқұлақ Амантұрлының бейiтi, Ноғайты бұрын Сисенбай деп аталған, Сисенбай – Ноғай молдадан оқып, бала оқытқан, мешiт салған бiлiмдi кiсi. Ноғайты өңiрiнде Қасқыр iшкен, Тасқұдық, Қырыққұдық, Көң шыңырау, Ақойық, Терiскендi, Кiлжан, Балапан аталған жер аттары бар.

(Ж. Нәренбайұлы. Болашағын ойлаған ауыл – Ноғайты. Маңғыстау. 2003. 11 қараша).

Кіндікті    құдық; Үстіртте; Бекет-атадан солтүстік-шығыста 58 км жерде, Ералиев совхозының жері;

Бекет-атаның арғы жағындағы 50 шақырымдай жердегi Кiндiктi құдығы (Ә.Сәркенов. Маңғыстау. 2003. 22 қараша)

Кіндікті    қыстақ; Қарақия ойысының батыс кемеріне таяу жерде, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта, шамамен 40км жерде.

Кіндікті    қыстақ; Бозашы түбегінде, Қызан аулынан солтүстік-батыста 30 км жерде. Тұщықұдыққа қарайтын осы аттас шабындықты өңір де осы маңда болуы мүмкін

Кіндікті    Ұштаған өңіріндегі құдық, Сазды аулынан солтүстік-шығыста 22 км жерде.

құдық; Тұзбайыр сорының оңтүстік жағында, Ұштаған аулынан солтүстік-шығыста 50 км жерде.

Кiшкентай Түйесу    құдық, Мырзатай жотасынының терiскей беткейiндегi Түйесу алқабында, Үшауыз қапысынан шығыста 4-5 км жерде.

Кіштің    Кіштім, құдық, алқап; Қаңға-баба өңірінен оңтүстік-шығыста, шығыс-оңтүстік-шығыста 42 км жерде. Орысша деректерде, «Кштым» деген атпен аталады.

Кiшiайрақты (Құрттайайрақты) Ктайайракты    биiктігі (311 м), Шетпеден 12 км жерде.

Кiшi Ақмая    төбе (85 м), Шетпе кентiнен батыс-оңтүстік-батыста 21 км жерде.

Кіші Бегешқазған    құдық; Оңтүстік Бейнеуде

Кішікендірлі    құдық; Үстірттің батыс ернегінде, Қарынжарық ойысына таяу жерде.

Кiшi Күмiрә    тау биiгi (218 м), Шетпе-Тиген жолының шығыс бетiнде, Тигеннен оңтүстікте 14 км, Шетпеден солтүстікте 24 км жерде.

Кіші Кіндік    тау; бұл туралы Күндік мақаласын қараңыз

Кіші Қаратүйе    жер аты; Үстіртте Ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін, бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрібас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға , т.б..

Кiшiқұдық    Өзен өңірiндегi алқап, Қызылсай аулынан солтүстік-шығыста  14-16 км жерде.

Кішіқырған    Жер аты; Қараған-Босаға өңірінде, үзінді – Қырық мерген қыршыннан қиылған сай тұйығы – Қырықмерген, кешегі қолдың алды алды жетіп ұрыс салған төбе – Кішіқырған, соңы келіп үлгеріп шайқасқан дөң Ұлықырғын – бұдан былай ол жерлер осындай атқа ие. Әлгінде бұлар оралып келгенде ақтарылған ішегін өлтірген жауының дулығасына салып жинап отырған Шегем Мәмек батырдың ата күлдігі осы жер болатын.

Балуанияз-Балтеке жорығына (1856-ж) байланысты.

Бірақ осы жер аты қазақ-түрікпен арасындағы басқа шайқасқа қатысты деп те айтылады, үзінді – жесір айыруға барған адамдар Қызыладырдан шыққандағы сай басына жетіп, Сүйінғара жасағы жеңіліс табады. Ол жер Сүйінғараның Үлкенқырғыны және Кішіқырғыны деп аталады. Қаратоқай Беріш Құлбарақ 15 жігітімен осы соғыста өледі (1832-ж).

Кiшiсор    Үстiрттегi құдық (“Есен-қазақ” мақаласын қараңыз).

Кiшiтерiскендi    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Кіші Төлеп    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Қабақ    жер аты, қора. Шайыр маңында.

алқап, Тигеннiң солтүстік-солтүстік-батыс жағында 14 км жерде, Хантөрткүл мен Жетiқыз молаларының аралығында.

Қабақты    алқап; Таулы Маңғыстауда, Шайыр шаруашылық жерінде.

Қабақты    жер аты; Үстірт ернегі, орны белгісіз.

Қабақты    аймақ; Маңғыстау түбегінің оңтүстік-батыс бөлігі, Кендірлі шығанағынан оңтүстікке қарайғы теңіз жағалауынан шығысқа қарай созылып жатқан қыр, оны географиялық әдебиетте Кендірлі-Қиясан (Қаясан немесе Қарасеңгір) үстірті деп те атайды.

Қабақты    жер аты; Бозашы түбегінің солтүстік бөлігінде нақ орны анық емес, тек үзінді – Жалпы Бозашының ескі жер атаулары — Теміртапқан-Байтақ, Ағаштыкент, Қабақты, Ақорпа-Өжен, Қамыран, Қаражанбас, Құлтай т.б. деп аталынады.

Қабеже    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Қаби (Қабы)    Үстiрттегi құдық, Қадырша құдықынан оңтүстік-батыста 17 км жерде.

Қаби    қорым; Бозашы түбегі, Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Қабірберді    Сенектен шығыста -80-85

Қабырға    алқап; Жыңғылды ш-т

Елбай Қосымбайұлы (1900-1931, бәубек) Жыңғылды, Тұщыбек аймағындағы Қабырға деген жерде туған.

Қади    жер аты; Таулы Маңғыстауда, Шайырдан солтүстікте (солтүстік- солтүстік-батыста) 10 км жерде. Құдық – 10 км, мола 11 км жерде, алқап 15-16 км жерде

Қадылбайтам    қорымдық, Шебiрден 20 км, Тигеннен солтүстікте 21 км жерде.

Қадыберді    құдық; Бекет-атадан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 40 км

Қадiрбердi әулие    Белесемнен… Қараған Босағаға беттедiк. Жолда Қарашық әулиеге, Қадiрбердi қауымына соқтық. Фетисовтың жерленген жерiн, оны атып, ерлiкпен қаза болған Мырзалының төмпегiне соқтық. Құнанорыс Мырзалының Шүмпiлдек деп аталған құдығын көрдiк.  Фетисовты өлтiрген медет Нұрғали.

Қадыр    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Қадыралы    Үстiрттегi құдық, Дүкен құдығынан оңтүстік-шығыс-оңтүстікте 8-9 км жерде.

Қадырша    Үстiрттегi құдық, Сайөтестен шығыста 138 км, Ердалыдан шығыста 30 жерде. Шығыс бетiнде (15 км) Қаратүлей-Елтеже құмды-сексеуiлдi түлейi бар. Құдықтың оңтүстік-батыс бетiнде 1 км жерде “Балтакеткен” деп аталған қорымдық бар.

Қадырша    жер аты; Үстiртте, Онды шаруашылық жерінде.

Қажыназар    Сiрә, Қожаназар болуы керек. Ұлықұдық (Ұлықұй) мен Кендiрлiнiң аралығында, Ақшұқырдан оңтүстікте 143 шақырым

Қажыр-Бажыр    алқап, сай, Шайыр аулының iргесiнде.

Қазба    алқап; Бозашы түбегінде, нақты орын анық емес, тек үзінді – Тайсойған жұтап қалып Мұрат (Мөңкеұлы) Бозашыға нағашыларына көшіп келеді. Нағашылары Бозашының Қазба деген шүйгінді жерінен жер беріп, Қожантай деген руға қоңсы қондырып, алдына мал салады.

Қазбасқазған    Үстiрттегi құдық (“Алан” мақаласын қараңыз). Орталық Үстіртте, Қарақалпақстанмен шекаралас тұста, Сүмбетемір-Алан өңірінен оңтүстікте, Сайөтестен шығыс-солтүстік-шығыста 190 км жерде.

Қазбайыр    қыстақ, алқап; Жыңғылды шаруашылық жерінде

Оның былай қасында:

Қазбайыр, Дiңгек, Тарталы

Талай жұрттың жауласып,

Көп қырылған жерi екен.

Аты аталған себебiн

Сол кiсiге артады..

 

Қази    жер аты; Үстiртте, Өтестің шығыс жағында.

Қазбек    жер; Ұштағаннан солтүстікте 8 км жерде.

Қазығұл    Үстiрттегi құдық (“Есен қазақ” мақаласын қараңыз).

Қазынасай    Қазынаның сайы, жер аты; Қараған түбекте, Қызылөзен аулының жанындағы сай. Қазына — Зорбай Біралы деген кісінің бәйбішесі.

Қайғылыбаба    құдық; Үстiртте, Бекет-атадан шығыста 42 км жерде. Үстiрт ернегінен басталатын үлкен сайдың басталар тұсында.

Койгалибаба    Сенектен солтүстік-шығыс-шығыста -100

Қайғылысу    микротопоним; Үстiрттің Қараған-Босаға өңірінде, бірақ нақты орны анық емес, тек үзінді – қыстаққа құлағанда жердің орта деңгейі деп Қайғылы суының сыртындағы екі үйік (оба) жасайды. Балуанияз бен Құлаатқа соға алмағандар әрқайсысы бір уыстан топырақ салып кететін болған, бүгінде осы екі мола Қосүйік деп аталады. Балуанияз бен Құла аттың өмір, тағдырларына байланысты шыққан.

Қайдауыл    қорым; Саурадан оңтүстік- шығыста 30 км жерде.

Қайқы    төбе, алқап, Қауынды ойысының шығыс жағында 2 км, Құланды аулынан оңтүстік 43 км жерде.

Қайлы    құдық; Бозашы түбегі, Тұщықұдық аулының аймағы, нақты орны анық емес, тек үзінді – Қызылқұмның оңтүстік  іргесінде Уә, Орташа, Тұщықұдық, Сорқұдық, Көңдіқұдық, ал солтүстігінде Қайлы, Бекше, Ақшақұдық, Төртқұдық, Шәудір, Егдір, Кәрі, Қызылқұдық, Тасқұдық т.б. орналасқан.

Қайнар    Бейнеуден батыста — 9

Қайнарбайорпа    құдық; орны анық емес. Құдықшы Қайнарбайдың атынан шыққан. Қайнарбай Дәулекенұлы (1891-1968) Бөкен-Жеменейдің мырзаболат тақтасынан. Оның атымен аталған Қайнарбайқазған, Қайнарбайқұдық деген шымыраулар бар көрінедi (Ж.Заханов).

Қайрала    Опорныйдан оңтүстік- шығыста -41

Қайры    қыстақ; Бозашы түбегінде, Шөлшағылқұмның солтүстік шетінде, Тұщықұдық аулынан  солтүстік-батыста 20 км жерде.

Қайсу    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Қайырлан    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Қайық    Басқасын айтпағанда, Баянды маңы ата-бабаларымыздың, берiсi Ералиев атындағы колхоздың (төрағасы – Нұрбаев Өмiрзақ) шаруасын дөңгелеткен шұрайлы қоныстары: Ұйқылы-Боржақты, Өмiрзақ-Қайық, Көпдөрел-Жабағы-Шат, Шағылжұрт, Иiлiнiң құмы – қысы-жазы.

Қайып    алқап; Бозашы түбегінде, Сайөтестен солтүстікте 75 км жерде, Жылымшық құмының шығыс шеті

Қайша    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Қақойы    жер аты; Үстірттің батыс ернегінде таяу маңайда.

Қақпақты    бұлақ, Таулы Маңғыстауда, яғни Солтүстік Ақтау жотасының Бозашы жақ жатаған беткейінде, Тиген аулынан батыс-оңтүстік-батыста 13 км жерде.

Шайырдан солтүстік-солтүстік-шығыста 26 км,

Құрғақ сайдың атауы да Қақпақты.

Қақпақты    Фетисовтан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 20-25

Қақпақтысы қасында —

Қара суды қақ жарған,

Темiрбаба және бар

Оның былай қасында:

Көздiойық пен Кұрткетiк,

Кендiрлi деген жерiнде —

Жамандау салған қала бар.

Оның былай қасында:

Тасұшы, Тоқпақ, Қызық бар.

Мына отырған дiлмардың

Қай сөзiнде бұзық бар?..

 

Қалақан    мола; Ақтау-Жетібай асфальт жолының 75-76 км-нiң оңтүстік бетінде, Жетібай кентінен оңтүстік-батыста 15-17км жерде. Тарлы (Ақтам) және Қыздар деп аталған ескі қорымдарының біреуінің жаңа атауы болуы мүмкін. Орналасқан жері Придорожный және Тарлы-Құйжақ мұнай кен орындарына жақын. Қалақан Көреғұлов – Зорбай-Қаржау руының адамы (1901-1977).

Қаламқас    алқап; Бозашы түбегінде, Шебірден солтүстікке 50 км жерде.

Қаламқас    жер аты; Қаламқас мұнай кен-орны, Бозащы түпте, Қазан төңкерiсіне дейін бұл жер Керел, одан кейін 1956-жылға дейін Ортаеспе ауылдық кеңесі деп аталған.

1974-жылдың көктемінде мұнайы табылып, 2.03.1979-жылы Қаламқасмұнайгаз басқармасы құрылды. Есенбай деген кісінің үш баласы (Бәйгіл, Шағырбай, Қозыбақ) және Қаламқас деген бір қызы болған. Қаламқас сұлу Қаражан деген өнерлі жігітпен сөз байласып, жазда құда күтетін болады. Құда келер алдында Қаламқас киік аулауға арналған орға атымен құлап қаза болған. Міне, қыз Бәйгіл төбеге жерленген, ал сол алқап қыздың атымен аталып кеткен.  (Ш.Әленұлы. Қаламқас. Маңғыстау газетi, 19.01.1994-жыл). Қаламқас қауымдығында атақты сынықшы, емсек, бектеміс Несібек-Нұр Оразалыұлы (1780-1860) әулиенің бейіті бар. Осы маңда Ержан қазірет Төлегенұлы дүниеге келген (1888-1967).

Қалипан    қорым; Ақтау — Форт-Шевченко трассасының 29-шы км.

Қалмакүйген    жер аты; Қараған-Босаға өңірінде болар деп шамаланады, өйткені осы жер аты Түмен ақынның бір өлеңінде сақталған:

Сам алды Жарқұдықта жалғыз төбе

Адайдың ұран отын жаққан жері

Адайдың 60 кісі аламаны…

Кеткен жау кері қайтар екі жер бар

Екі сай Ебелектің ең терісі,

Болмаса Босағаның — Қарағаны

Қараоба, Қалмақүйген, Қарауылға

Қарсы алдан қайтқан жауды баққан жері.

1856-жылдары түрікпен жортуылынан кейін Балуанияз бастаған батырлар Жарқұдық жерінде жиналып, кеңес құрған.

Қалмамбет    құдық, қорым; Бозащы түбегінде, Ақшымырау аулынан оңтүстік- батыс-оңтүстікте 16 км жерде.

Қалматай    алқап; Ондыдан оңтүстікте 5 км жерде.

Қауымдықтың атауы, Қалматайдың қара жалы деп аталады. Олжаның қызын (олжа – ру ма, әлде есім бе, белгісіз) күйеу жігіт пен Қалматай алып қашады. Қуғыншылар жеткен жерінде Қалматайды өлтіріпті. Содан соң қуғыншылар қыз бен жігітті де қуып жетіп өлтіреді. Қазір үшеуінің де моласы бар, бір-бірінен 3-4 шақырымдай қашықтықта. Олжаның қызы, Қалматайдың қауымы, күйеу там Оңды аулынан 5-6 км жерде.

Қалдыжар    жер аты; Үстіртте, Жармыш шаруашылық жерінде.

Қалнияз    алқап; Бозащы түбегінде, Қызаннан солтүстік-шығыста 31км жерде.

Қалнияз    Бейнеуден солтүстік-шығыста – 28 км

Қалнияз    алқап; Бозащы түбегі, Ақшымырау жерінде, Жанызақ алқабынан шығыста 10 км жерде.

Қалнияз-Жанызақтың шығысында 10 км жердегі құмақ.

Қалниязқолқа    жатық сайлы-ойпаңды аңғар; Оңтүстік Үстіртте, Кендірлі-Қарынжарық ойысына жақын  маңда (оңтүстігінде 20-30 км).

Қалпе-ата    Темiр-бабадан оңтүстікте- 145 км, Қарасеңгiрден оңтүстікте- 15 км

Қамай    қыстақ, алқап; Бозашы түбегінде, Қызан-Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Қамау    Нұрым Шыршығұлұлының ‘’Тоғыз ауыл’’ дастаны.

Қуып шыққан қырық жігіт

Қойсуы менен Қамаудан

Алпыс екі тараудан.

 

Қамыран    жер аты; орны анық емес, тек үзінді – Бозашы… батысы Қамыран-Қарашағыр-Ұзынарал…

Қамыран    алқап; Бозашы түбегінде.

Қамыран    осындай қала болған делiнедi.

Қамысауыл    тарихи атау, елді мекен; нақ орны анық емес, тек үзінді – дала мектептері… Қамысауылда, Ақмышта, Ақшоқыда, Аралдыда ашылды.

Қамысбай    қорым; Шетпеден оңтүстікте  13 км жерде.

Қамысөткел    алқап; Қараған түбекте, нақты орны белгісіз

Қамысты    қапы, сай, Жармыштан солтүстік-шығыста 8-20 км жерде, Солтүстік Ақтау жотасын кесiп өтедi.

Қамысты    тау (182 м), алқап, Сенектен шығыс-оңтүстік-шығыста 29-32 км жерде. Түйесу құм массивінен сәл шығысырақ тұста.

Қамысшоқы    алқап; Өзен-Ұштаған аралығында

Қанабай    жер аты; Қарақия маңында

Қандыбас    алқап, қауым; Бекі маңында, Қарақия ойысына құлайтын Ыбық шатқалының басталатын тұсында. Аңыз бойынша, адайлар мен түрікпендер соғыспайтын болып уағдаласыпты, бірақ бітімді түрікпендер үш рет бұзады, үш рет болған шайқастың біріншісі осы Қандыбаста болған екен (кейінгілері Ұланақ пен Жалбартта).

Мырзайыр мен Басқұдық —

Жылқыға жаман болғасын,

Айтпай кеттiм қас қылып.

Бекi менен Сәубеттiң

Төрткiлi жатыр қасқиып.

Қандыбас пен Жантақты,

Ұйқылы мен Боржақты,

Үшқиы, Саура ортада

Айтпай кетер деп пе едің,

Сауытты мен Құйжақты?

Балша, Шіңгір суың бар,

Ел келгенде паналап,

Майбұлақ, Қарасеңiрек

Мал жаюға кеңірек..

 

Қандық    алқап, Ұштаған ауылы маңында.

Қандысор    алқап. Жармыш шаруашылық жеріндегі Сердалы-Тасым өңірінде

Қанай    Үстiрттегi құдық, Дүкен құдығынан оңтүстік-батыста 12 км жерде, жақын маңда Әлiке құдығы бар.

Қанқұм    алқап, Тигеннен солтүстікте 10-15 км жерде.

Қаной    алқап; Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Қансу    құдық; орны белгісіз. Су таласына байланысты шыққан атау болса керек. Мына үзiндi; Аңшы Нұр.. бастауын ата-баба қонысы сонау Аданың сүзбе суынан ауызданып, дәстүрлi кәсiптi жалғастырған аңшының өмiр жолы Майемер, Балой, Бiрқарын, Сүйретпе, Қансу, Сарбұлақ, Көкесем, Аққуыс, Арқарбұлақ, Үкiлi, Шайтанкүп, Шаңырақкүп болып, қысқасы, шалқар Маңғыстауды шарлаған..

Өскiнбай Қалмамбетұлы;

Қарамая, Кендiрлi,

Қансу, Тамды, Көгесем,

Жаманжол мен Қыңырық

Алыстығын байқасаң,

Тауы тұрар бұлдырап…

Қантөрткүл    тау (271), картада Кантарколы деп қате жазылып жүр, Бекi аулынан оңтүстік-шығыста 7 км жерде.

Қаншатыр    жер аты; Тигеннің батыс жағында, 15-20 км жерде. Бұл жерде аңыз бойынша XVIII-XIX ғасырлар белесінде кіші жүз билерінің бір жиыны өткен, оған Әлім, Жетіру, Байұлы билері мен батырлары және Қайыпалды хан Есімұлы деген шала билік иесі қатысыпты. Жиында Адайдан Абыл сөйлеген екен (Т.Өрбісінов. Жаңа өмір, 27.07.1991)

Қаңбақсай    сай, Құланды аулынан оңтүстік-шығыста 90 км жерде.

Құрмаштың үңгiрiнен шығып, Қарынжарық құмымен жүрдiк. Қызылсеңгiр тауы көрiндi. Бiз Сақсорқадағы қорымға аялдадық. Жақау Iзтұрған балалары салған түнеуханаға кiрдiк. Медет Тегiсбай батырдың әйелi, бала-келiндерiнiң бейiттерi осында екен. … Ұялықұмды басып өттiк. Ал, мынау – Қаңбақтысай үңгiрi. Кiтап табылған.

Қаңға баба    алқап; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 25 км жерде.

Қаңға баба    өңiр; Қараған түпте, Форт-Шевченкодан шығыста 26-36 км жерде. Ой, Қыр және Түбiжiк алқаптарынан тұрады. Сайлы-жыралы. Ескi атауының бiрi – “Ағашты бауыр”. Қаңғабаба өңiрiнде Үдек, Кезiм, Шарықсу, Төстiк, Қызық, Түбiжiк, т.б. құдықтар, Қарақұс, Жемсендi, т.б. бұлақтары, Қаңғабаба, Үшсу, Сангер, Қарақұм, Маңсуалмас (Маңсуалмас) құдықтары, Қаратон көне қирандысы бар.

Оғыздың баят тайпасынан шыққан Өгіршек деген кісі XI ғасырда осы жерді мекендеп, шағын еншілік-хандығының орталығы етсе керек.

Қаңға баба    қорым, қиранды; Қаңғабаба өңiрiнде, оның батыс шетiнде, Үдек құдығының қасында, Форт-Шевченкодан шығыста 25 км жерде.

Қаңғырқаз әулие    қорым; Таулы Маңғыстаудағы ағаш өскен сулы алқап,  Шайыр аулының оңтүстігінде.

Қаңжақ    Темiр-бабадан оңтүстікте 15-20 км жерде

Қапам    қорым; Бозашы түбегінде, Қияқты маңында екендігі ғана белгілі, нақты мәлімет жоқ, тек үзінді – Тұщықұдықтан шығып,Қияқты арқылы Кәрі деген жерге баратын болып жолымыз түсті… Қияқтыдан шыққан соң Қапам деген қауымға соғып, дұға оқыдық.

Егдiр жерiнде. Қапам – Адай-Бәйiмбет-Әтембек. Қапам – Қияқтыдан 4 км жерде.

Қапам    немесе Қопам әулие; Сұлтан-епеден солтүстікте бірлі-жарым км жерде.

Қапаш     қорым, мешіт; Шетпеден солтүстік-шығыста 35 км жерде, Тастескен алқабы

Қапы    бұлақ, Тұщыбек аулынан батыс-оңтүстік-батыста 2 км жерде.

Қапыланқыр    Ернек, қабырға; Үстірттің қиыр оңтүстік ернегі, қазақ-түрікпен шекарасында, Маңғыстаудың өкшесінде,  бұл – облыс жерінің ең оңтүстік нүктесі. Шекараны бойлай созылған осы ернектің оңтүстік-шығысында Қазақлышор соры бар, бұл сордың тек терістік шеті ғана Маңғыстау облысының аумағына кіреді.

Қарааудан    бұлақ, Жыңғылды аулынан шығыста 7 км жерде.

Қараәулие    қауымдық; Бозашы түбегінде. Беріш руынан шыққан қасиеті бар кісінің атына байланысты

Қара    Ақжігіттен оңтүстік-шығыста -40

Қара    жер аты; Бозашы түбегінде, Тұщықұдық аулынан солтүстік-батыста 25 км жерде.

Қара    жер аты; Бозашы түбегінде, Қызан аулынан солтүстік-солтүстік-батыста 35 км жерде.

Қара    мола; Бозашы түбегінде, Тұрым өңірінде. Бұл жерде Беріш Қара Есболайұлы жерленген (I.Шыртанов).

Қараадыр    алқап, Байсары өңiрiнiң оңтүстік жағында, Сенектен шығыс-оңтүстік-шығыста 45 км жерде.

Қарабақсы    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қрашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскден Красноводскге апаратын жол

Форт-Александровск  Сақақұдық — Түлкілі — Қаражалшы – Қошқар-ата – Ақеспе – Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі – Темір-баба — Қаңжақ — Қосаджы — Ащықұй — Қарасеңгір – Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровск  — Красноводск:

Форт-Александровск  — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) — Қажа Назар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Қарабакты    алқап; Бозашы түбегінде, Қызан аулынан оңтүстік-шығыста 20 км жерде.

Қарабақты    қорым; Тельман аулы жанында.

Қарабарақ    құдық; Қаясанирек қабырғасының шығыс шетінде, Қарынжарық құмының енсіз тұсында, Сенектен оңтүстік-шығыс-оңтүстікте 100 км жерде.

Қарабарақ    алқап; Бозашы түбегінде, Ақшымырау аулынан оңтүстік-шығыста 30 км жерде.

Келесi жылы Иiрге жаңбыр жауып, көл түстi. Қарабарақ деген шөп 1932 жылы шыққан екен.

Қарабарақты    қорымдық, құдық; Оңтүстік Маңғыстауда, Басғұрлы-Жазғұрлы ойысының терістік жағында, Жаңаөзеннен оңтүстік-оңтүстік-шығыста 58 км, Құланды аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 45 км жерде.

Қарабарақты    Қауынды ойысынан шығыста-10-17

Қарабарақтыой    алқап, Ұштаған шаруашылық территориясында, Алаешкі мен Еламан деген жерлердің аралығында орналасқан. Осы ойдың төрбасындағы ежелгі қауымды Сабынды әулие деп атайды, осы жерде Қарауылбек әулие дегеннің моласы бар, аңыз бойынша, Қарауылбек – эпостық Орақ пен Мамай батырлардың атасы екен. (Ж.Көңілімқосұлы. М-11.03.1992).

Қарабас    құдық, Жаңаөзен қаласынан солтүстік-батыс-солтүстікте 28 км, Жетiбай кентiнен шығыста 45 км жерде.

Қарабас    Оның былай сыртында:

Өзен, Шынжыр белгiлi,

Борсымұрын, Қарабас,

Шөбiн байқап қарасам,

Бұйырғын, жусан аралас.

Қызыладыр, Астауой —

Ол ит тиген арам ас.

Күн жаумай елi бара алмас.

Оған жалғас көлбеген:

Қауынды мен Қорғанбай.

Уақ малға жайы жоқ,

Екi-үш қара күнелтiп

Аз ғана күн тұрғандай…

 

Қарабатыр    құдық, қыстақ; Бозашы түбегінде, Қызан аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 14 км, Ақшымырау аулынан оңтүстік-батыста 10 км жерде.

Қарабатыр – Кенже руынан, 1931-жылғы адай көтерілісшілерінің Шығыс Бозашы тобы оны хан етіп сайлаған.

Құдықты қазған Бөкен Қарабатырдың атымен аталған.

Қарабау    жер аты; орны белгісіз, тек үзінді – Бәйбіше-Өрдек Бөкен би (XVIII ғ) Қарабайдағы Өтей қауымына жерленген. Миялы жақта болса керек.

Нұрым мен Беріш қызының айтысында:

Қарабау, Қаракөлде жүрмедің бе?

Сөзбенен құр өтірік күрмедің бе?

 

Қарабауыр    белесті дөң; Орталық Үстіртте, Қараған-Босаға ендігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр, батыс бөлігі – Маңғыстау облысына, шығысы — Қарақалпақстан аумағына кіреді. Биік нүктесі — Ақмешіт тауы (290 м). 1932-жылдың күзінде осы жерде Тобанияз және Дәрментайұлы деген кісілердің басшылығымен сьезд өткізіліпті. Бұл жиында Гурьев, Ақтөбе округіне қосылмау, таратылған Адай округін  қалпына келтіру туралы шешім қабылданған

Қарабаян    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз). Төбе; Үстіртте, Онды шаруашылық жерінде, Сайөтестен шығыста 115 км жерде.

Қараболатеспе    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қрашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскден Красноводскге апаратын жол

Форт-Александровск  Сақақұдық — Түлкілі — Қаражалшы – Қошқар-ата – Ақеспе – Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі – Темір-баба — Қаңжақ — Қосаджы — Ащықұй — Қарасеңгір – Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровск  — Красноводск:

Форт-Александровск  — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) — Қожа Назар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Қаработа    құдық, бұлақ; Үстірттің батыс ернегінде, Сайөтес кентiнен солтүстік-батыста 16 км жерде, Дөңқара төбесiне таяу маңда.

Қарабұлақ    бұлақ; Бейнеу кентінен солтүстікте 17 км жерде.Үстірттің солтүстік ернегінің етегінен басталып, Ащытайпақ сорына құяды.

Қарабұлақ    қыстау; Сам құмының орта тұсында, Сарша мен Тұрыш ауылдарының орта тұсында.

Қарабұлақ    Самат Жаңай Қожаназармен (1710-1800) қатарлас болған. Самат су таба алмай жүрген Қожаназарға көлденең шыңның бойындағы Қарабұлақ-Ақшағыл маңындағы бiр мол құдықты көрсетедi. Кейiн осы құдық Қасар құдығы деп аталып кетедi.

Қарабугуже    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстікте 2 км жерде. Картада “Карабугу” деп қате жазылыпты.

Қарабугуже    құдық: Ақтау – Форт-Шевченко жолының бойында, Ақтау қаласынан 53 км, Форт-Шевченкодан 78 км жерде, 42-шi км-дегi жолайрықтан солтүстікке қарай 11 км жерде.

Қарагөз кесенесі    мола; Форт-Шевченко – Таушық трассасының 21-ші км, Қарагөз алқабы

Қарағайлы    қыстау; Бейнеу ауданы, Сам құмы ішінде, Қызыләскер аулының шығысында 5 км жерде.

Қарағайлы    жер аты; Бозашы түбегінің теңіз жағалауында, дәл орны анық емес, тек үзінді – балықшылықтың пайдалы екендігін түсінген қазақтар Ортаеспе, Қаражан, Қарағайлы, Құлтай, Тапей, Ауыздыеспе, Ұлыеспе, Қарашағыр, әрісі Бұрыншықты жағалай отырып… балық аулады.

Қараған    үңгiрге берiлген шартты атау. Ұзындығы шамамен 160 м-дей келетiн үңгiр Қараған-Босаға өңiрiнде.

Қараған-Босаға    босаға, құлама жол; Маңғыстау ойынан Хорезмге апарар көне жолдың бойында,  Орталық Үстірттің ернегіндегі терең шатқал арқылы өтер тұсы. Босаға — Маңғыстау түбегінің оңтүстік-шығыс қақпасы іспетті.

Белесем тауынан әрi қарай Қарашық тауын iргелей отырып, Қыдырбердi әулиеге келдiк. Оң жағында қарауытып Қарамая тауы көрiнедi. Алда атақты Қараған-Босаға. Босаға десе  — Босаға. Сонау тiлiм-тiлiм болып, бiр-бiрiмен жалғаса жатқан аңғарлардың көптiгінен болса керек, Ебелектiң елу аңғары деп атайды. Шығысқа қарай шығып жатқан Бесқаланың жолы.

Қарағанжал     қорым; Таушықтан батыста 20-25 км жерде.

Қарағантүп    немесе түбегі. Каспий теңізіне сұғына еніп жатқан Маңғыстаулық территория. Көбіне Түпқараған деп аталады.

Оның былай қасында:

Қарақұдық, Қараған

Әтiре, Талшық, Мерет бар,

Айта берсем таусылмас.

Жыршыңызда дерек бар.

Жаз жайлауға күн ыссы,

Қарағашты, Борлы, Үдек бар..

Терiсжаға жерiнде

Жайлай қалсаң, күзек бар.

 

Қарағаш    қорым; Қараған түбекте, Ащымұрын мүйісінен  оңтүстік-батыста 13 км жерде.

Карагаш-кипчак.

Қарағаштың терең сайы бар.

Қарағашты-әулие    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан шығыста 47 км, Бөрлі өңірінде.

Оның былай қасында:

Қарақұдық, Қараған

Әтiре, Талшық, Мерет бар,

Айта берсем таусылмас.

Жыршыңызда дерек бар.

Жаз жайлауға күн ыссы,

Қарағашты, Борлы, Үдек бар..

Терiсжаға жерiнде

Жайлай қалсаң, күзек бар.

 

Қарағашты    Қарағашты Үстіртте, Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Қарағашты әулие    Шолақ Есiмқұл. Мүмкiндiк болса, Шопан атаға, болмаған жағдайда Қаратаудың шығыс бет жағындағы Күйекжолдың бойындағы Қарағашты әулиеге жерлерсiңдер, үлкен жолдың бойы ғой, өткен адамдар әйет оқыр. Шiлгөзге жерленген.

Қарадермен    Шетпе кентiнен шығыс-солтүстік-шығыстағы тау (316 м), Аусары ойының шығыс жағында.

Қарадиірмен. Шетпе территориясы. Аусары маңындағы көмірі бар жер.

Шығыс Қаратау, Жармыш-Аусары жақта болуы керек. “Сонда Жармыштан Аусарыға жаяу келемiн. Шағаның Ақсиыр жағында шайтан көп, Қарадиiрменде перi бар дейдi. Осы перiлер Қожағұл Бақтыбайға талай кездескен. Бақаң сұпы болғасын ештеңе жасай алмаған”.

Қарадуан    алқап, Шайыр аулынан солтүстік-батыста 4 км жерде.

жер, Шайыр аулы маңында,

Қараеспе    қыстақ; Емдi тауында

Қараеспе    алқап, Жыңғылды аулынан оңтүстік-шығыста 19 км жерде.

Қараеспе    Қызылтаң колхозының орталығы болған Қараеспе тұйығының басындағы алда шабыр итсигек шыққан жердi бөгеп…

Қаражамбас    жер аты; Бозашы түбегінің  солтүстік-батыс жағалауындағы жер, мұнай кәсіпшілігі. Теңіз бен Үлкенсордың аралығында.

Қаражан    Үстіртте, Жармыш шаруашылық жерінде.

Қаражан    жер аты; Бозашы түбегінің  теңіз жағалауында, дәл орны анық емес, тек үзінді – балықшылықтың пайдалы екендігін түсінген қазақтар Ортаеспе, Қаражан, Қарағайлы, Құлтай, Тапей, Ауыздыеспе, Ұлыеспе, Қарашағыр, әрісі Бұрыншықты жағалай отырып… балық аулады.

Қаражаншы

Қаражалшы    Форт-Шевченкодан Ақтау бағытына жүргенде, Түлкiлiден оңтүстікте 28 шақырым жерде, Қараманыдан (сiрә, Қараманды мүйiсiнен) солтүстікте 8 км жерде

Оның былай қасында:

Қосойық пен Еже бар,

Қарақұм мен Қызылжар,

Өмiрзақ пен Ақеспе,

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар.

Қаражалшы, Ақшұқыр,

Хажы болып Машырық,

Медресе, мешiт салдырып,

Бала оқытып жақсы тұр…

 

Қаражаншы    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қрашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскден Красноводскге апаратын жол

Форт-Александровск  Сақақұдық — Түлкілі — Қаражалшы – Қошқар-ата – Ақеспе – Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі – Темір-баба — Қаңжақ — Қосаджы — Ащықұй — Қарасеңгір – Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровск  — Красноводск:

Форт-Александровск  — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) — Қожа Назар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Қаражар    құдық; Етекте, Бекет-атадан оңтүстік-шығыста 33 км жерде, бұрынғы Ералиев совхозы жерінде

Қаражар қыстауының жанындағы Қырғын әулиесi.

Қаражар тауының етегiнде Балақырған деген әулие бар. Аңызға құлақ түрсек, осындағы елдi мекенде бала оқытатын үлкен мешiт болған. Бiр күнi мешiтке басқа балаларға қарағанда, өзгешелеу, сабаққа алғыр екi бала келiп оқиды. Имам әлденеден күдiктенiп, әлгi балаларды сынау үшiн мал сойғызып, сүйектерiн тiс тигiзбей күлге тастатқызады. Бақылап қараса, әлгi екi бала күлге тасталған сүйектердi мүжiп отырады. Сол арқылы олардың перi екендiгi анықталады, бiрақ ұстатпай қашып кетедi. Бұл перi балалары мұсылманша дәрiс алмақ болған. Ауыл перiлерден қорқып сақтанғанымен, әлгi екi бала перi болып келiп, елдi қырып кетедi. Содан Бала қырған аталған бұл жерде қазiр құлаған мешiттiң орны ғана бар.

Тауда кеуектер бар, кiтаптар табылған.

Қаражар    жер аты; Үстірттен Ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін, бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Аққұсà-Шөжік, Бөрібас-Бағда, Қаражар, Босаға т.б…

Үстiрт қорығының үстiмен Көгесемге бару. Аласалау төбеге орналасқан Көгесем әулиесiнен… Төменде 2-3 км-дей жерде айтулы Көгесемнiң құдығы. Суы балдай, ең тұщы. Ойда Талақ, қырда Көгесем. Шыңның ернегiне орналасқан. Оның астында созылып жатқан Кендiрлi соры, алыстан бұлаңдап Қарамая, Қаражалдың таулары көрiнедi.

Қаражусандысай    алқап; Қызылтөбе аулының оңтүстік бетінде, Дәулет аулының қасы (осы екі ауыл орналасқан алқап).

Қаражусанды    Қызылтұранға, Аққысақ, Қаражусанды ойға күн жауыпты. Қаражусанды ойды көл шайыпты.. Алдында Қызылтұранның Қызылкерегесiндегi котлован…

1878 жылдар шамасындағы қара жаңбыр. Қара жаңбыр екi күн бойы жауып, арты қарға ұласады, үшiншi күнi еридi. Иiрдiң ойына түскен су Айрақты тауына дейiн, Қаражусанды ойға түскен су Қызылтұранның биiк қыраңының басындағы құдығына дейiн жетедi. Қазiргi Артқапы кеуегiнде бiр кезде Қожа Құрмантай деген кiсiнiң қонысы болыпты.

Сартбай деген кiсiнi Жетiкүптiң кеуегiнен тауып алады.

Қаразум    алқап; Бозашы түбегінде, Тұщықұдық аулынан батыста 35 км жерде.

Қаракеуек    Шақпақ-атадан үш шақырым жердегi Жалбарт тауының Қаракеуек деген жерiнде. Жалбарт деген таудың алқабы iшiнде Аққорған, Шилiқұдық, Қаракеуек, Сәуiт сай, Сарыкеуек деген жерлер бар. Сол алқаптың аяғында Шақпақ-ата қауымы бар. Аққорған деген бөлек таудың баурында жаугершiлiкте өлген адамдардың сүйектерi топырақпен араласып жер бетiне шығып жатыр.

Қаракешу    сор; Қайдақ шығанағына (бұрын-сорына) жалғасып жатқан үлкен алқап, Бозашы түбек пен Таулы Маңғыстаудың шығыс жағында, аралықта жатыр. Тиген аулынан шығыс жақта (30-40 км) басталып, Өрмелі-Сайөтес бағытында созылып жатыр.

Қаракешу    алқап, шабындық; Жармыш шаруашылық территориясына кіреді.

Қаракөз    бұлақ, қорымдық; Форт-Шевченкодан шығыста 25 км жерде,

Қаңға баба сайы маңындағы жер. Ол осы аттас қыздың жерленген орнына байланысты шыққан атау. Оның маңынан Айым бұлағы ағып шығады. Айым – Қаракөздің әкесінің аты.

Қаракөл    елді мекен; Бейнеу ауданында, № 462 темір жол айырымының қасында, картада Корколь деп көрсетілген.

Нұрым мен Беріш қызының айтысында:

Қарабау, Қаракөлде жүрмедің бе?

Сөзбенен құр өтірік күрмедің бе?

 

Қаракөл    көл; Ақтау қаласы мен Құмды мүйіс (Песчаный) аралығындаға, теңіз жағасын бойлай оңтүстіктен солтүстікке созылып (25-30 км) жатқан ойпаңда пайда болған жасанды көл.

Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қрашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскден Красноводскге апаратын жол

Форт-Александровск  Сақақұдық — Түлкілі — Қаражалшы – Қошқар-ата – Ақеспе – Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі – Темір-баба — Қаңжақ — Қосаджы — Ащықұй — Қарасеңгір – Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровск  — Красноводск:

Форт-Александровск  — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) — Қожа Назар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Каракису    Қызылсайдан солтүстікте 17

Қаракісі    қорым; Үстіртте, Сайөтес аулының қасында (оңтүстік-батысында) 8 км жерде, Өтес сайының ернегiнде. Бегімбет (жеменей) Қаракісінің атына байланысты. Қаракісі тірі кезінде балаларына “сүйегімді Қонайдың үйігіне қойыңдар” деп кетіпті. Өлгесін, сол үйікке апармақ болғанда, тұман түсіп, адамдарды жеткізбепті. Бұйырған жері осы болар деп сол жерге жерлепті.

Қарақазған    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Қарақауақ    үзiндi – “Ембi тауына сұғына енiп жатқан Қарақауақ пен Шүлдiр шатқалдарының кiреберiстерiн автокөлiк өте алмайтындай етiп (енi 500 м) орлармен жабу керек”.

Қарақия    ағынсыз ойыс; Àқтау қаласынан шығыста, оңтүстік-шығыста жатқан үлкен ойыс, Қазақстанның ең төмен жатқан нүктесі (-132 м).

Қарақоға    алқап; Солтүстік Үстіртте

Қарақожа әулие    қорым; Таулы Маңғыстауда, Жыңғылды аулынан оңтүстікте 8 км жерде.

Қарақозы    құдық, Үстірттің солтүстік-батыс ернегінде, Қайдақ шығанағы жағалауында. Сайөтестен солтүстік-солтүстік-шығыста 51 км жерде.

Қарақойсойған    алқап, Жармыш маңында.

Қарақты    алқап, Тигеннен солтүстік-шығыста 25-32 км жерде.

Қарақұдық    Бостанқұм аулының екiншi атауы (“Бостанқұм” мақаласын қараңыз).

Қарақұдық    құдық, Ұштаған аулынан шығыс-оңтүстік-шығыс 21 км жерде; Сауысқан құмының ішінде, Жарма аулы маңында.

Қарақұдық    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Қарақұдық    құдық; Өзен-Ұштаған аралығында

Қарақұдық    қорым. Бозашыда, Ақшымырау аулынан шығыста 8 км жерде. Қойсарыұлы Көккөз ахунның (Мыңкiсi әулиенiң ұрпағы) бейiтi осында

Қарақұдық    жер аты, Онды территориясында, Шоң алқабына таяу жер.

Қарақұдық    құдық; Шетпеден шығыс-оңтүстік-шығыста 10 км жерде, Шығыс Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайында.

Қарақұдық    Оның былай қасында:

Қарақұдық, Қараған,

Әтiре, Талшық, Мерет бар.

Айта берсем таусылмас,

Жыршыңызда дерек бар,

Жаз жайлауға күн ыссы,

Қарағашты, Борлы, Үдек бар..

Терiсжаға жерiнде

Жайлай қалсаң, күзек бар.

 

Қарақұм    қыстақ, қорым атауы; Қараған түбектегi Қаңғабаба өңiрiндегi Ой алқабында. Форт-Шевченкодан шығыста 27 км жерде.

Қарақұм    Оның былай қасында

Қосойық пен Еже бар

Қарақұм мен Қызылжар

Өмiрзақ пен Ақеспе

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар

Қаражалшы, Ақшұқыр

Хажы болып Машырық

Медресе, мешiт салдырып

Бала оқытып жақсы тұр..

 

Қарақұмсор    жер аты; Бозашы түбегінің солтүстік-шығыс жағындағы Қалнияз-Жиделі өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Қалнияздың алдыңғы беті Қилыбайүрпек-Қарақұмсордан бастап, шығысқа қарай созылған Танас бұйраты Қараш белі арқылы Жиделіге ұштасатын…

Қарақұс    бұлақ; Қараған түбектегi Қаңғабаба өңiрiнде, Қарақұм қыстағының солтүстік iргесiнде. Форт-Шевченкодан шығыста 27 км жерде.

Қарақұсшоқы    Қашаған ақынның “Атамекен” дастанында кездеседi:

Шоқысында Қарақұс,

Шығанақ теңiз тұсында —

Жағалай жатқан көп оба,

Солардан қалған жер едi…

Дастан мәтiнiне қарағанда, осы жерде харазымдықтар мен қазақтар арасында қантөгiс шайқас болған.

(Қ.Сыдиықов. Алқаласа әлеумет. А. “Жазушы”. 1991. 81-б.).

Қарақыз    алқап; Шетпеден оңтүстік-оңтүстік-батыста 15 км жерде. Құдық 16 км жерде

Қарақыз-Қоғақыз    таулар, Шетпеден оңтүстік-оңтүстік-батыста 9-16 км жерде, Оңтүстік Ақтау жотасының бiр пұшпағы.

Қарамай    жер аты; Бозашы түбегінде, Қызан аулынан солтүстікте 31 км жерде.

Қараман-ата    қорым; Шетпеден оңтүстік-оңтүстік-батыста 35 км жерде.

Қараман-ата    ол арасы жақын екі қауымдық, оның құбыла бетіндегісі – қара іске ант беремін деп өлген адамдардікі көрінеді.

Қараманды    немесе Қарманды, теңіз мүйісі; Қараған түбектің оңтүстік-шығыс шеті, Түлкілі сайының оңтүстік жағында.

Тельманның тарихы әрiден басталады. Ендi ауыл тұрғындарына сөз берейiк: “Алдымен, ауылдың бұрынғы өз атауы Қараманды атауын қайтаруды сұраймыз. Бұл маңда осы аттас бiзге мәлiм құдық та, қойылым да жоқ, бiрақ бұл өте әрiден келе жатқан атау, әйтпесе шалдар бекер атамайды ғой… Мүмкiн би, бай не батыр шығар?! Тiптi, Серiкбол Қондыбай пайымдап жүрген батырлар жырындағы Қараманды сол шығар?” — дейдi Есен Ереке. …Қалай десек те, жер-су, елдi мекендердiң ежелгi атаулары қайтарылып жатқанда, Тельман деп тұра беру тым ыңғайсыз, сол Қараманды аты қайтарылсын, — деп жұлқынды Қалша Асқар.

Бұл күнде ауылға Сайын Шапағатовтың есiмi берiлген.

Кезiнде, оң жаға бетi Қараманды балық колхозы, кейiннен Тельман балық шаруашылығы артелi болған.

Қарамандыбас    жер аты; Өзен-Жетібай аймағы. 1963-жылы мұнай шықты.

Қарамандыбас    тұйық ойыс, алқап, құдық аты; Жаңаөзеннен солтүстік-батыста 28-35км, Жетібай кентінен шығыс-оңтүстік-шығыста 33-40 км жерде. Қарамандыбас құдығы ойыстың солтүстік кемерінде.

Қараманкөшер    Үстiрттегi құдық (“Алан” мақаласын қараңыз). жер аты; Үстіртте, Қашаған шаруашылық жерінде.

Қарамая    тау; Үстірт шың қабырғасы мен Қарынжарық-Кендірлі ойысының шектесер тұсындағы оқшау тау, Қараған-тау, Үстірт шың-қабырғасымен Қарынжарық-Кендірлі ойысының шектесер тұсындағыоқшау так, Қараған –Босағадан оңтүстікте, Кегесемөңірінен сәл батысырақта. Шың ернегінен құрғақ сай арқылы бөлінсе, оңтүстігінде сормен шектеліп жатыр. Батыс жағында Қарамая көлі де (іс жүзінде көктемде суға толатын ащы сор) бар. Биіктігі – 209 м.

Өскiнбай Қалмамбетұлы;

Қарамая, Кендiрлi,

Қансу, Тамды, Көгесем,

Жаманжол мен Қыңырық

Алыстығын байқасаң,

Тауы тұрар бұлдырап…

Белесем тауынан әрi қарай Қарашық тауын iргелей отырып, Қыдырбердi әулиеге келдiк. Оң жағында қарауытып Қарамая тауы көрiнедi. Алда атақты Қараған Босаға. Босаға десе — Босаға. Сонау тiлiм-тiлiм болып, бiр-бiрiмен жалғаса жатқан аңғарлардың көптiгінен болса керек, Ебелектiң елу аңғары деп атайды. Шығысқа қарай шығып жатқан Бесқаланың жолы.

Қарамендi    1949 жылы құдықшылар бригадасы Қарақұм бойынан Бөкен, Тортай, Алтықұлаш, Бұғабай, Шеркешқұдық, Құлжан, Айыршағыл, Есентемiр, Қарамендi, Сығай, Шемшер, т.б. жүзден аса шөппен, бұта, қарағай, тақтай, таспен шегенделген құдықтарды қазды.

Қарамола    Қарамая тауынан шығысқа 16

Қарамола    Фетисовтан оңтүстік-шығыста 66-67, Жазғұрлы ойысынан оңтүстікте 6-7.

Қарамола    қорым; Таушықтан солтүстікте 15 км жерде.

Қарамола    қорым; Үстіртте, Ұялыдан оңтүстік-шығыста 55 км жерде

Қарамола    қорым; Үстіртте, Сайөтестен оңтүстік-шығыста 43 км жерде. («Қарамұрат» мақаласынын қараңыз).

Қарамула    Таушықтан солтүстікте-13

Қарамола    жер аты; орны белгісіз. Тек үзінді дерек: зерттеушілер… Айрақты, Жығылған, Ақмая жерлерінен, сондай-ақ Қособа, Қарамола, Бекет-ата, Сисем-ата, Қараман-ата, Бесбұлақ қауымдықтарынан композициясы және сюжеттері жөнінен тамаша суреттер тапты.

Қарамұрат    Бiз топографиялық картадан Үстiрттiң батыс ернегiнде орналасқан Қарамұрат дегеннiң қорымдығын көрдiк. Ол, Үстiрт үстiмен жүргенде Бөрiбас сайының оңтүстік тармағы арқылы қыр үстiне шығып, сол жердегi Қызылсай құдығынан Бекет-ата-Оғланды бағытында 22-23 км-дей жол жүргенде, шың басында тұр. Терiстiк жағында 16 км жерде Қарамола қорымдығы бар. Осы Қарамұраттың қай Қарамұрат екендiгiн бiлмеймiз, мүмкiн Медеттiң Қарамұраты шығар?

Қарамұрат    Сенектен солтүстік-шығыста 65-70, Үстірт қырында

Қарамұрын    жер аты; Бозашы түбегінде, Қызылқұмның солтүстік-батысындағы су.

Қаранар    алқап, Тигеннен солтүстік-шығыста 24 км, Қызаннан 43 км жерде.

Қаранар    қыстақ; Бозашы түбегінде, Шетпе-Қызан жолының бойында, Тиген аулының солтүстік-шығысында 25 км жерде.

Қараңғыбұлақ    бұлақ; Бейнеу ауданы, Бөгетай-Беніке өңірінде, Маңсуалмас ернегінің етегінде, Қаракөл (№ 462) темір жол айырымынан шығыста 33 км жерде.

Қараоба    Бейнеуден -60

Қараоба    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан солтүстік-шығыста  20 км жерде.

Қараоба-2    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан шығыста  12-13 км жерде.

Қараоба    жер аты; Қараған-Босаға өңірінде болар деп шамаланады, өйткені осы жер аты Түмен ақынның бір өлеңінде сақталған:

Сам алды — Жарқұдықта жалғыз төбе

Адайдың ұран отын жаққан жері.

Адайдың 60 кісі аламаны…

Кеткен жау кері қайтар екі жер бар:

Екі сай Ебелектің ең терісі,

Болмаса Босағаның – Қарағаны,

Қараоба, Қалмақкүйген Қарауылға

Қарсы алдан қайтқан жерді баққан жері.

1856-жылдары түрікпен жортуылынан кейін Балуанияз бастаған батырлар Жарқұдық жерінде жиналып, кеңес құрған.

Қараоба    жер аты; Баянды аулының шығыс бетінде 5 км-дей жерде.

Қараоюк    Сенектен оңтүстік-шығыста — 225

Қарасаз, Қарасазшоқы

Қарашажы    шоқы (225 м), Бекi аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 17 км жерде, Одан оңтүстік-оңтүстік-шығысында 4 км жерде Қарасаз құдығы бар.

Қарасай    алқап, Батыс Қаратау үстiнде, Шайыр аулынан оңтүстік-шығыс- шығыста 6-7 км жерде.

Қарасеңгір    Орысша карталарда Қаясанирек деп аталып жүрген жер-су атауының жергілікті атауы.

Қарасеңгiр    Темiр-бабадан оңтүстікте 30 км, Қарашымыраудан оңтүстікте 30 км, Қосащыдан оңтүстікте 105 км

Қарасеңiрек    Одан былай суларың:

Қарасеңiрек, Бозат бар.

Теңiзiн байқап қарасам,

Әрбiр түрлi талап бар.

Оның арғы басында:

Ауылым Құйжақ, Дәне бар..

 

Қарасеңiрек    Мырзайыр мен Басқұдық —

Жылқыға жаман болғасын,

Айтпай кеттiм қас қылып.

Бекi менен Сәубеттiң

Төрткiлi жатыр қасқиып,

Қандыбас пен Жантақты,

Ұйқылы мен Боржақты,

Үшқиы, Саура ортада —

Айтпай кетер деп пе едің,

Сауытты мен Құйжақты?

Балша, Шіңгір суың бар,

Ел келгенде паналап,

Майбұлақ, Қарасеңiрек

Мал жаюға кеңірек..

 

Қарасу    “Сартастан Фортқа қарай жүргенде Қолмыштың тұсында Қарасу деген жерден өтедi екен”.

Оның арғы қасында:

Ақкетiк пен Қала бар.

Тауыменен өрлесең,

Қарасу мен Саназар.

Ақсу, Қолмыш және бар,

Ақкетiктiң қасында —

Жаңақала – Маяк бар.

Патша құрық салғасын,

Қай пендеде дәйек бар?..

 

Қаратам    қорым; Таулы Маңғыстауда, Жыңғылды аулынан батыс-солтүстік- батыста 30 км жерде.

Қаратам    немесе Әлмұраттың тамы, мола; Таушықтан оңтүстік-шығыста 20 км жерде, мола; Ақтау-Қаламқас асфальт жолының 80-км тұсында, оңтүстік-шығыс бағытта, Қызыларша сайының оңтүстік бетіндегі жазықтықта.

Қаратам    қорым; Таулы Маңғыстауда, Жыңғылды аулынан оңтүстік-батыста 14 км жерде.

Қараташ    қорым; Форт-Шевченкодан шығыста 34 км жерде, Түлекбай қорымының оңтүстік жағында

Қаратжан    мола, Бозашы түбегінде, Тиген аулынан солтүстік-батыста 10 км жерде.

Қаратжан    мола, Тигеннен солтүстік-шығыста 32 км жерде, Қарақты алқабында, Қызаннан 44 км жерде.

Қаратоқа    жер аты; Қызылсудың алдыңғы бетінде, Шопан-ата қорымы жағындағы алқап атауы.

Қаратон    көне қиранды; Қараған түбектiң Қаңғабаба өңiрiнде, Түбiжiк сайының бас жағында. Форт-Шевченкодан шығыста 34 км жерде.

Қаратөбе    алқап; Бозашы түбегінде, Тұщықұдық аулынан шығыста 35 км жерде.

Қаратөрткүл    құдық, алқап; Үстірттің батыс ернегіне таяу маңда, Сайөтестен солтүстік-солтүстік-шығыста  30 км жерде, Қонайдың үйiгiне тау маңда, Ақшымырау шаруашылық территориясында.

Өтеулі руының суы.

Бегей Сартай деген құдықшы Қонай батырға Қаратөрткүлден құдық қазып берген.

Қаратөрткүл    жер аты, нақты орны анық емес, тек үзінді – Қаратөрткүлде Досмағамбет-Өтебай деген суы мол құдық бар. Оны Қайнарбай (бөкен-жеменей) деген құдықшы қазған.

Қаратұз    жер аты; Бозашы түбегінің солтүстігінде; үзінді – Керел түбегі деген Қаламқас қауымынан Долгийге дейінгі ұзындықты, ені Тұщықұдық құмына қарай созылған 30-40 км-ді қамтиды. Осы Керел терістіктен Хасарлы (Каспий), оңтүстіктен Хасарлыға жіңішкеріп келіп қосылып жатқан Ащы теңіз қоршап жататын еді. Теңіз суы шығыс жағынан Кежі қиылысы арқылы ащы теңізге келетін. Ал батыс бетінен Құлтай –Тереңөзек арқылы және Қаражанбастан өте бере, Қаратұз арқылы Хасарлыдан (Каспийден) Ащы теңізге су арқылы келетін. Долгий мен Ақтұмсықты айналып өтіп, теңіз суы Қожыққа (Қошаққа) шабатын кездер де болған.

Қаратұран    ескі бөген; Өзен өңірінде, Тасболаттан оңтүстікте 4 км

Қаратұран    жер аты; Ұланақ аңғарының оңтүстік жағы тұсындағы Оңтүстік Ақтау жотасының бір пұшпағының атауы, бүгiнгi Жыңғылды аулынан батыста 8-12 км жерде. Үзінді – Ұланақтың алдындағы Ақбас, Қызылжол, Қоңырой жерінде жайылыста болып, көздеп тұрады екен. Сол кісі жүріп-тұрған Бәйтілеу жолы әлі күнге солай аталады. Шығыс бетінде Қаратұранның түпсіз аңғар жарығы бар. Сол аңғар жарық Бұзықтамға дейінгі 10 км-ге созылады деседі. Қаратұранның үстінде көлемді су қоймасы болған.

Қаратұрымжаға    жер аты; үзінді — қазір Жандауырдан (Бұрыншық) шығысқа Қаратұрымжаға сорына қарай дамбы тұрғызылмаған кезде 1931-32-жылдарға дейін теңіз суы Тасорпа, Қайдақсор, Үшартуға (№ 10 темір жол айырымы) дейін барып жататын еді.

Қаратүйе    Үстiрттен Маңғыстау ойына түсетiн жолдардың бiрi, Үстiрттiң Қарнау өңiрiнде, оның батыс ернегiнде, орысша топокартада “Қаратусе” деп жазылған бұлақты алқап пен оның оңтүстік-батыс жағындағы Онбай құдығы мен жолы бар алқап нақ осы “Қаратүйе” болар деп шамалаймыз. Қаратүйе – Маната жолы мен құдығының солтүстік-солтүстік-батыс жағында 12 км жерде, екеуi орналасқан өңiр “Қаратүйе-Маната” деп аталады.

Маната құлаулары терістікке қарай жалғаса келіп, Жығылған, Алтынтөбе болып барып, Үстірттің қалған бөлігінен Өтестің Қызылсайы арқылы айырылады, Алтынтаудың етегінде тұщы бұлақ бар. 1832-жылы Г.С.Карелин, 1853-жылы А.С.Алексеевтің картографиялық жұмыстарынан кейін бұл жер картаға Шөлтау деген атпен түсті (Ә.Спанов. Маңғыстау-22.02.1996).

жер аты; Үстірттен ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді — Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін, бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрібас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға т.б..

Қаратүлей    үлкен сор; Үстіртте, Бейнеу-Маңғыстау аудандарының шекарасы, Бейнеудің оңтүстігінде 60-90 км жерде.

Мәди Қайбиұлы Бегенов (Совет Одағының батыры) 1916 жылы Сам өңiрiндегi Қаратүлей жерiнде туған.

Бижан Жолмағанбетұлы мен Мырзалы Тiлеумағанбетұлының 300 жiгiтi Есен-қазақ, Қаратүлей жерiнде Микитей басқарған механик. Атқыштар отрядымен шайқасады.

Кеңес Одағының батыры Мәди Бегенов қазiргi Бейнеу ауданының Ақжiгiт кентiне жақын жердегi Қаратүлей жайлауында дүниеге келген (Ә.Сәркенов. Маңғыстау. 2003. 22 қараша), Мәдидiң тегi: мұңал – әли

Қараудан    алқап; Таулы Маңғыстауда, Шайыр аулынан солтүстік-батыста 5 км жерде.

Қарауыл    жер аты; орны анық емес, тек үзінді – дөңнің басындағы төңкерілген тостағандай… Төбенің аты Бөрінің бала күнінде Қарауыл делінетін… осы жерде Атақозы батыр түрікпен Бөріні өлтірген.

Шаклы-уйшун, ашамай-уйшун, бағалы-уйшун, караул-уйшун, арыш-уйшун.

Қарауыл    жер аты; Қараған-Босаға өңірінде болар деп шамаланады, өйткені осы жер аты Түмен ақынның бір өлеңінде сақталған:

Сам алды — Жарқұдықта жалғыз төбе

Адайдың ұран отын жаққан жері

Адайдың 60 кісі аламаны…

Кеткен жау кері қайтар екі жер бар:

Екі сай Ебелектің ең терісі,

Болмаса Босағаның – Қарағаны,

Қараоба, Қалмақкүйген Қарауылға

Қарсы алдан қайтқан жерді баққан жері.

1856-жылдары түрікпен жортуылынан кейін Балуанияз бастаған батырлар Жарқұдық жерінде жиналып, кеңес құрған.

Қаза боп Қарауылда Қарағұлым,

Дәукескен қамалында Амантұрлы,

Көтiбар, Күзенбай мен Қожалағым,

Шыдамай бауырына жылап тұрды…

Қарауылбек    мола; Ұштаған өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Орақ пен Мамайдың атасы Қарауылбектің де топырағының бұрқ еткен жері Алаешкі мен Еламанның ортасындағы Қарабарақтыойдың төрбасы екенін ауылдастар білгенімен де басқа жұрт біле бермеуі мүмкін. Ол жерді жергілікті халық Сабынды әулие деп те атайды. Жарықтықтың топырағы қара суға салса, сабын болып көпіріп, жуған кірді кіршіксіз қылады.

Қарауылкүмбет    Қарауылкүмбет – Онды аулынан оңтүстік-шығыс бағытта 13 км жерде, Шетпе-Ұштаған негiзгi тас жолының 34 км-нен шығысқа қарай 5,5-6 км жүргендегi жерде, Тереңше қапының оңтүстік бетiндегi дөңнiң атауы. Бұл — Қаратаудың биiктерiн қоспағандағы бүкiл Маңғыстау мен Үстiрттiң ең биiк жерi болып табылады. (Үстiрттiң биiк жерi 340 м-ге жетедi). Ал халық аңызы Қарауылкүмбеттi адам есiмi, түрiкпен ханы деп есептейдi де, оны Бердалының өлiмiне қатысты оқиғалармен байланыстырады.

Қарауылкүмбет    дөң; Ондыдан оңтүстік-шығыста 13 км жерде.

Халық аңызы Қарауылкүмбетті тарихи тұлға, түрікпеннің ханы дейді. Осы кісі адайдардың елшілігін қабылдағаннан кейін, қайтар жолда шабуыл жасаған көрінеді (Бердалы оқиғасы).

Қалнияз Шопықұлы

Аттаныпты жау жәуміт…

Ұлы жолдың бойымен,

Маңғыстаудың ойымен,

Жанашыға шығыпты,

Қарашыдан өтіпті.

Өгіз бенен Өреуіл

Мұнан да асып кетіпті.

Қаратауда егінші ел

Бұлар шығар десіпті.

Шырын алмай көзінің,

Күн-түн қатып жетіпті.

Ебелекті судың басымен,

Қаттықұдық қасымен,

Қарауылкүмбет қағымен,

Тырғаяқтап салыпты… түрікпендер жасағының маршруты осындай (Оразмеңді, Ақмәмбет, Бөрі батыр Бақы).

 

Қарауыл-Күмбет    Тереңше қапының оңтүстік биігінде Қарауыл Күмбеті тұр.

Бердалының өлiмiне қатысты… Қарауыл Күмбет ауылы.

Қараш    құдық, алқап; Бозашы түбегінде, Қызан шаруашылық жерінде. Ру атынан шыққан.

жер аты; Бозашы түбегінің солтүстік-шығыс жағындағы Қалнияз-Жиделі өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Қалнияздың алдыңғы беті Қилыүрпек- Қарақұмсордан бастап, шығысқа қарай созылған Танас бұйраты Қараш белі арқылы Жиделіге ұштасатын…

Қараш    құдық; Үстіртте, Өтеғұл, Iзбасар деген кісілер қазған.

Жармыш шаруашылық жерінде, Үстiрттiң батыс бөлiгi

Қараша    қорым; Бозашы түбегінде, Қияқты ауылынан солтүстік-батыста 11 км жерде.

Қараша    Үстіртте, Жармыш шаруашылық жерінде.

Қалнияз Шопықұлы

Аттаныпты жау жәуміт…

Ұлы жолдың бойымен,

Маңғыстаудың ойымен,

Жанашыға шығыпты,

Қарашыдан өтіпті.

Өгіз бенен Өреуіл

Мұнан да асып кетіпті.

Қаратауда егінші ел

Бұлар шығар десіпті.

Шырын алмай көзінің,

Күн-түн қатып жетіпті.

Ебелекті судың басымен,

Қаттықұдық қасымен,

Қарауылкүмбет қағымен,

Тырғаяқтап салыпты… түрікпендер жасағының маршруты осындай. (Оразмеңді, Ақмәмбет, Бөрі батыр Бақы).

 

Қарашажы    алқап; Қарашажы-Торбасы деп те аталады. Бекі мен Жарма аралығында, Жетібай кентінен солтүстік-шығыста 25-30 км жерде, Кәпіртамның оңтүстік-шығысындағы жер, мұндағы үлкен зираттағы жерленгендердің көпшілігі медеттердікі, ертедегі Медет батырларынікі көрінеді. Осы алқапта Қырымқұл қорымы бар.

Қарашағыр    ескі ауыл орны, жер аты; орны анық емес, тек үзінді — Бозашы… батысы Қамыран-Қарашағыр-Ұзынарал… Соған қарағанда, Бозашы түбегінің Долгий-Ұзынарал бөлігінде деп шамаланады.

Есiмқұл (шолақ жеменей) шыққан қара тақтасы, аулы Тұщықұдық бетiндегi Қарашағыр жерiнiң Қызылқұм жағын мекендеген. Қызылқұмды жергiлiктi халық Уақ құм деп те атаған.

Қарашағыр    Қарашағыр деген жерде

Қарашағыр    Қашаған Күржiманұлының “Атамекен” дастанында сақталған:

Бiрнеше күндер өтедi,

Қаратүйе, Маната

Деген жерге жетедi.

Маңғыстау да сол күнде,

Қалың сулық жер екен.

Бозарыстың түбiнде,

Қарашағыр, Шадас құдық,

Ордың бойы ел екен (Қ.Сыдиықов. Алқаласа әлеумет. А. “Жазушы”. 1991. 80-б.).

Қарашайлы    алқап; Бозашы түбегінде, Шебір аулынан солтүстік-шығыста 55 км жерде.

Қарашала    алқап; Бозашы түбегінде, Тұщықұдық аулынан батыста 32 км жерде.

Қарашасаура    алқап, қорым; Қараған түбекте, Ащымұрын мүйісінен оңтүстік- оңтүстік-шығыста 34 км, Таушық аулынан 11-14 км жерде.

Қарашбай    құдық; Үстіртте, Жармыш шаруашылық жерінде.

Қарашқазған    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Қарашқазған    құдық; Үстіртте, Қарақұдық шаруашылық жерінде

Қарашек Қарашық    Сорлы ойпаң (ащы көл); Түйесу құмы мен Қарынжарық, Қараған-Босаға өңірлерінің аралығында, солтүстігінде Үстірттің ернегімен, оңтүстігінде Қарынжарық құмымен шектеседі. Қарашаңырақ кітабында осы жер аты «Қарашеп» деп көрсетілген.

Белесем тауынан әрi қарай Қарашық тауын iргелей отырып, Қыдырбердi әулиеге келдiк. Оң жағында қарауытып, Қарамая тауы көрiнедi. Алда атақты Қараған Босаға. Босаға десе  — Босаға. Сонау тiлiм-тiлiм болып, бiр-бiрiмен жалғаса жатқан аңғарлардың көптiгінен болса керек, Ебелектiң елу аңғары деп атайды. Шығысқа қарай шығып жатқан Бесқаланың жолы.

Қарашек    тау; Қарынжарық құмының солтүстік бөлігінде, Қарашек сорына таяу  (оңт. — 10-15 км), Сенектен шығыс-оңтүстік-шығыста 68 км жерде, биіктігі — 194 м.

Белесемнен… Қараған Босағаға беттедiк. Жолда Қарашық әулиеге, Қадiрбердi қауымына соқтық. Фетисовтың жерленген жерiн, оны атып, ерлiкпен қаза болған Мырзалының төмпегiне соқтық. Құнанорыс Мырзалының Шүмпiлдек деп аталған құдығын көрдiк.  ..Белесемнен кейiн Сарыкез асуы арқылы Қарашық тауына өттiк. Үлкен Қарашық тауының  үстiнде ұзындығы 10-12 м-дей болатын адам тұрпатты тас бар.

Қарашқазған    құдық; Үстіртте, Қашаған шаруашылық жерінде, Сайөтестен шығыс-оңтүстік-шығыста 75 км жерде.

Қарашелак    алқап; Бозашы түбегінде, Қияқты аулынан батыста 17 км жерде.

Қарашоқы    Қызылсу аулынан солтүстік-шығыста 15 км жердегi қорымдық, Қарашоқы тауы (142 м) болса, ауылдың шығыс жағында 7 км жерде. Қорымдық пен тау арасы 8 км.

қорым; Қызылсай (Ескіөзен) аулынан солтүстік-шығыста 48 км жерде.

Қарашоқы    тау; Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысының Атырау облысымен шекарасында, Тоқсанбай-Доңызтау аймағынан батыста, Опорный темір жол стансасынан шығыста 114 км жерде.

Қарашүңгіл    қорым, алқап; Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағында, теңіз жағасынан 30-40 км жердегі Қарақұм қонысы, оның шығыс бетіндегі Кешкілтөбеден 3-4 км жердегі ескі қорымдықтың аты. Осы маңда 1899-жылы алғаш рет мұнай көзі табылған.

Қарашымырау

Қарашымырау-2    Бейнеуден оңтүстік-батыс-оңтүстікте 30,5

Бейнеуден оңтүстік-оңтүстік-батыста -40

Қарашымырау    бұлақ; Бейнеу ауданы, Көлеңкелі тауының батыс баурайында.

Қарашымырау    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Қарашымырау    құдық; Үстiртте, Сайөтестен оңтүстік-оңтүстік-батыста 8 (16) км жерде, Ұзынбас құдығы мен қорымына жақын, Манатадан Сайөтеске баратын жолдың бойында.

Қарашымырау    алқап, Жармыш аулынан шығыста 7-8 км жерде.

Қарашымырау    құдық, Жыңғылды аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста  12 км жерде.

Қарашымырау    Темiр-бабадан оңтүстікте 100 км, Қосащыдан оңтүстікте 75 км

Қарашымырау    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Орал жолы:

Форт-Александровск — Қаңға-баба (25) — Қыштым(15) — Үдек (25) — Таушық (20) – Төріш (25) — Қарашымырау (10) — Ақмыш (30) — Жармыш (25) — Саура (10) — Тамды (30) — Жаңғызеспе (60) — Маната (20) – Бөгерстем (15) — Өтес (30) — Ешкіқырған (35) – Бәйті (15) – Уәли (15) – Тәңке (30) — Қожақамар (35) — Бесбұлақ (20) — Тұздыорпа (80) — Шабайүдек (20).

Адайдың көш жолы.

Қаңға — Түбіжік — Үдек — Тарталы — Ұланақ — Жыңғылды — Тұщыбек — Шетпе — Аусары — Күркіреуік — Қаратүйе — Өтес — Ешкіқырған — Қатша – Тәңкі — Қосқұлақ — Манашы — Күйкен — Алтықұлаш — Азнағұл — Қарашүңгіл — Жібін — Бақашы (600 шақырым).

1915-17-жж мәлімет бойынша: (254-255-бб)

Қарға (Қарғалы)    жер аты, шабындық. Шебiр шаруашылық аймағында.

Қарғалы    Жер аты; Маңғыстау түбегінде,  Жыңғылды шаруашылық жеріндегі шабындықты алқап

Қарғалытам    қорымдық, Тигеннен солтүстікте 18 км, Бозашы түбегінде, Тұщықұдық аулынан оңтүстік-шығыста  18 км жерде.

Қараеспе    алқап; Таулы Маңғыстауда, нақты орны белгісіз.

Қаржау    мола, Жетiбай темір жол стансасының оңтүстік-оңтүстік-шығысында  5 км жерде.

Жетібайдан оңтүстік-оңтүстік-шығыста  -15 км

Қаржау    Жетібайдан оңтүстікте-23-24

Қаржаубай    құдық; Үстіртте, Бекет-атадан солтүстік- шығыста 50 км жерде. Бұрынғы Ералиев совхозының аумағында

Қаракісі    әулие; Үстіртте, Сайөтестің батыс жағында.

Қарқын    қиранды: Каркон деп жазылған. Батыс Қаратаудың солтүстік беткейi мен Солтүстік Ақтаудың аралығындағы аңғарда, Құлаат, Қырықкез, Қады жерлерiнiң аралығында, Шайыр аулынан солтүстік-батыста 12 км жерде.

Қарқын, Қарқынның Ақжалы    алқап; Тұщыбек-Жыңғылды аралығындағы тау аралық аңғары. Қарқын – ортағасырлық түрікпен руының аты.

Өскiнбай ақынның;

Аққауым мен Керзi бар,

Ол тарихта қалған жол екен,

Онда қала салған жерiң бар.

Аққауым мен Керзi Қаратау бойындағы Ұланақ, Ақеспе, Қарқын және Керзi бұлақтарының маңында

Жыңғылды мен Қарқын бар,

Балдағы алтын ақ болат.

Суырсаң жауға жарқылдар,

Одан былай қасында:

Тұщыбек пен Бесбұлақ.

Жайылып жатқан тауында,

Таушы баққан ешкi-лақ,

Оның былай қасында:

Аққауын мен Керiз бар.

Аңыз қылған айтулы

Қала салған жерiң бар…

 

Қарқын    Құдық; нақты орны анық емес.

Бұлар Маңғыстау бөктерiнiң және Бостанқұм құмының оң бетi мен Бесоқты, Сенек құдықтары арқылы жоғары көтерiлiп, Босағаға, Қайғылы-Бабадан шығыс түстiкке қарай, Қарқын, Тағылбай, батыста Күшетас құдықтарына келдi. Ол жерден кейiн қарай, батысқа бет алып, Қосақұрық арқылы Қарашек көлiнiң терiстiгiмен Бесоқты, Сенек құдықтарына қайта оралды.

көтерiлiсшiлер Қарқынның шығысындағы Қыңыр төңiрегiне қарай шегiнедi.

Қарлыбас    алқап; Қарлыбас осы жерде Таңбалытас бар делінеді. Сығынды өңірі

Қарнау    өңiр, Үстiрттiң батыс шетiндегi оқшауланған бөлiгiнiң атауы. Үстiрттiң солтүстік-батыс ернегi Сайөтес аулының тұсында үлкен саймен тiлiмделедi, оны Өтес сайы деп атауға болады. Ернек батысқа қарай жүре бiрнеше шағын сайлармен тiлiмденедi, олар — Ұзынбас, Бөгерстерм сайлары. Одан кейiнгi сай – Қызылсай деп аталады, ол Үстiрттiң батыс шетiн оқшаулап тастайды. Нақ осы тұсты ғана “Қарнау” деп атаған шығар, бiрақ бүгiнде жалпы алғанда, оған жапсарлас алқаптарды да қоса “Қарнау” деп атай бередi.

Қарнаудың батыс бөлiгi мен Үстiрттiң ернегiн Қызылсай және Өтес сай аңғарлары ажыратып жатыр. Егер Қарнаудың Маңғыстаулық бетiндегi Керттi құдығынан батысқа қарай ернектiң бойымен жүре отырып, жол бойында кездесетiн топонимдердi тiзiп шығатын болсақ, Көпрабат қорымы, Маната құлама жолы мен құдығы, Шеркеш моласы, Онбай құдығы мен құлама жолы, Қаратүйе, Құртащы құлама жолы, Байқадам құдығы, Сауытты қорымы, Бөгерстем (Бөгерстерм) қорымы мен бұлағы, Ақбұлақ, Қосбұлақ, Ұзынбас қорымы мен құдығын атауға болады.

Махмұт Қашғари сөздiгiндегi Қарнағұ – қарынды.

Қартбайқұм    құм; Үстіртте, шағын құмды массив, бұл жерде Қосбұлақ, Ақшұқыр, Ақтайлақ, Ақтөбе, Қосқатын, Тәңірберген деген жер атаулары бар.

Карклы (Кошаншипкабыр)    Жангелдиннен батыста -14

 

Қарымсақ    Үстiрттегi құдық (“Алан” мақаласын қараңыз).

Қарынғұрлы    сайлы-ойпаңды аңғар; Оңтүстік Үстіртте, Мұзбел жалының шығыс шетінде, қазақ-қарақалпақ шекарасына таяу жерде. Қараған-Босағадан оңтүстік-шығыста  80 км жерде.

Қарынжарық    құм; Маңғыстаудың Оңтүстік Үстіртпен шектесер бөлігіндегі үлкен құм массиві.

Махмұт Қашғари сөздiгiндегi қарынча – оғыз тiлiнiң құмырсқа дегендi бiлдiретiн сөзi делiнiптi.

Қарынжарық    ойыс; Маңғыстау түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі үлкен ағынсыз ойыс,  Үстірттің орта тұсынан оңтүстікке қараған батыс ернегінің етегін бойлай созылып жатыр. Ойыс ішіндегі сорды Кендірлі соры деп те атайды. Тереңдігі  — (-52 ì). Қарынжырық – бүкіл облыс бойынша ең үлкен ойыс.

Қасар құдықы    Самат Жаңай Қожаназармен (1710-1800) қатарлас болған. Самат су таба алмай жүрген Қожаназарға көлденең шыңның бойындағы Қарабұлақ-Ақшағыл маңындағы бiр суы мол құдықты көрсетедi. Кейiн осы құдық Қасар құдығы деп аталып кетедi.

Қалша – Меңдiқұл – Самат.

Қаскелең    Бейнеуден оңтүстік-оңтүстік-батыста -63

Қасқажол    тарихи атау; Маңғыстаудан Хорезмге апарар көш жолының бір кесіндісі болуы керек.

Қасқырбай    алқап; Ақшымырау шаруашылық жерінде

Қасқырбұлақ    құдық; Жаңаөзеннен солтүстік-батыста 38 км, Қарамандыбас, Түрікпеной маңы.

Қасқырбұлақ    құдық; Сам құмында, Ноғайты аулының оңтүстігінде 5 км жерде.

Қасқыржол    Тау жотасы; Солтүстік Ақтау жотасының шығыс сілемі, Шiлiктi қапыдан басталып,  № 10 темір жол айырымынан оңтүстікте,  солтүстік-батыстан  оңтүстік-шығысқа қарай созылып барып, Тұзбайыр сорының терістігін кемерлей өтіп, Үстірт ернегіне жалғасады.

Қасқырсай    Сәубеттен келiп Күлшат қорадағы ауылдан тамақтанып болған соң, Қасқырсайдағы ауылға..

Аққысаңнан, Қарашажы мен Қасқырсай арасынан, Сәубеттегi шағылыс пунктi қасынан, қалғанын Жетiбай дөңi мен Шалуа жақтан…

Қасқыркүшік    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Қасқырiшкен    Бейнеудiң терiстiк бетiндегi құм жиегiнде. Қосқұлақ Амантұрлының бейiтi, Ноғайты бұрын Сисенбай деп аталған, Сисенбай – Ноғай молдадан оқып, бала оқытқан, мешiт салған бiлiмдi кiсi. Ноғайты өңiрiнде Қасқыр iшкен, Тасқұдық, Қырыққұдық, Көң шыңырау, Ақойық, Терiскендi, Кiлжан, Балапан аталған жер аттары бар (Ж.Нәренбайұлы. Болашағын ойлаған ауыл – Ноғайты. Маңғыстау. 2003. 11 қараша).

Қасмағамбет    қыстақ; Ұштаған территориясы аумағындағы жер. Нақты орны белгісіз.

Қасықбай    жер аты; Үстіртте, Онды шаруашылық жерінде

Қасым    қорымдық, Таушықтан оңтүстік-батыста 27 км жерде.

Қасымола    қорым; Үстіртте, Сайөтес аулынан шығыста 40 км жерде.

Қатырбай    қорым; Бозашы түбегінде, Ақшымырау аулынан оңтүстік-шығыста 18 км жерде. Қайдақ сорына (шығанағына) таяу. Қызық құдығынан оңтүстік-батыста 11 км жерде.

Қатем    қорым; Ақтаудан солтүстікте 20 км жерде.

Қатпас сор    cор; Бозашы түбегіндегі сор, аңыз бойынша, түрікпендер түнде Керелдегі қазақ аулын шаппақ болғанда (Сүйінғара-Құлбарақ оқиғасы), оларға жолбасшы болуға еріксіз көндірілген Ақбота Балкөт түрікпендерді таңертеңге шейін осы сорды үш рет айналдырып жүріпті.

Қаттықұдық    Қалнияз Шопықұлы

Аттаныпты жау жәуміт…

Ұлы жолдың бойымен,

Маңғыстаудың ойымен,

Жанашыға шығыпты,

Қарашыдан өтіпті,

Өгіз бенен Өреуіл

Мұнан да асып кетіпті.

Қаратауда егінші ел

Бұлар шығар десіпті,

Шырын алмай көзінің,

Күн-түн қатып жетіпті.

Ебелекті судың басымен,

Қаттықұдық қасымен,

Қарауылкүмбет қағымен,

Тырғаяқтап салыпты.. түрікпендер жасағының маршруты осындай (Оразмеңді, Ақмәмбет, Бөрі батыр Бақы).

 

Қаттыұйқы    Қатты ұйы, Елiк, Өгiз-Өреуiл —

Түрiкпеннiң жерi екен.

Қара атын қиғаш мiнгiзген,

Батыр туған сол күнде

Аты аталған Көреғұл.

Оның былай қасында:

Тау тұмсығы – Бердалы,

Жаңғызеспе, Маната,

Сөге көрме сөзiмдi,

Манағы айтқан жерiңе

Жаңа келдiм, жан ата…

 

Қатша    жер аты; Үстіртте, Жыңғылды шаруашылық жерінде, темір жолдың шығыс жағында, Уәліден 5 км жерде, 6-разьезд аймағында, осы жерлерде атақты Бәйті археологиялық объектісі бар.

Қатша – Медет руының қызы көрінеді.

Қатықбұлақ    алқап; Форт-Шевченко маңында, тұз кеніші бар жер.

Қауынды    ағынсыз ойыс, сор; Кендірлі шығанағынан солтүстік-шығыс жақта, Жаңаөзеннен оңтүстікте 40 км жерде, терең жері – (-57м). Қауынды биігі (102м ) ойыстың оңтүстік-шығыс ернегiнде.

Қауынды    Фетисовтан солтүстікте 26, Қауынды ойысының солтүстік- батыс шеті

Оның былай сыртында

Өзен, Шынжыр белгiлi

Борсымұрын, Қарабас

Шөбiн байқап қарасам

Бұйырғын, жусан аралас

Қызыладыр, Астауой

Ол ит тиген арам ас

Күн жаумай елi бара алмас

Оған жалғас көлбеген

Қауынды мен Қорғанбай

Уақ малға жайы жоқ

Екi-үш қара күнелтiп

Азғана күн тұрғандай…

 

Қаушы    жер аты; Жыңғылды шаруашылық жерінде.

Қаушы    тау; Солтүстік Ақтау жотасының Таушық ауылы тұсындағы сілемі. Жалпы Солтүстік Ақтау жотасының Таушық аулы маңындағы бөлігі үш жотадан тұрады; батысы – Қаушы, ортаңғысы – Емді, шығысы – Мырзатай, соңғы екеуінің арасымен Емді қапысы өтеді.

Қашақбұлақ    Аусары маңында, сулы, егiндi жер

Қаяса    Өркеш-өркеш өрi бар

Қаяса мен Шағала

Қыстың күнi болғанда

Соның құмын панала…

 

Қилыбайүрпек    жер аты; Бозащы түбегінің солтүстік-шығыс жағындағы Қалнияз-Жиделі өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Қалнияздың алдыңғы беті Қилыбайүрпек-Қарақұмсордан бастап, шығысқа қарай созылған Танас бұйраты Қараш белі арқылы Жиделіге ұштасатын…

Қитар    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Хиуа Жолы:

Форт-Александровск – Қаңға (25) — Қыштым (15) – Бөрлі (65) — Бекі (40) — Басқұдық (25) — Барлы (25) — Ащыиірбасан (35) — Сұмса (30) — Сенек (15) — Бесоқты (20) — Сайқұдық (45) — Босаға (30) — Қараған (25) — Байшар (45) — Қитар (80) — Ұзын (30) — Қипыр (35) — Аққұрық (35).

Форт-Александровскден Көне Үргенішке баратын жол

Форт-Александровск — Қаңға — Кіштім — Ащыбас-Шат -Бердікен –Бекі-Бөрлі — Сұмса — Сенек — Бесоқты — Сайқұдық — Босаға — Қарқын — Елтежi — Бойлар — Қызылақыр — Табынсу – Көне Үргеніш (800 шақырым

Қипыр    Форт-Александровск – Хиуа жолының бойы, Үстiрттiң Қарағанынан 190 км жерде.

Қисық    құдық; Үстіртте, Алан құмды массивінде

Қисыққұдық    құдық, Жармыштан солтүстікте 24 км, Шетпеден 33 км жерде.

Қисық Трубчатка    алқап; Ақшымырау шаруашылық жері, Үстіртте.

Қияқты    Бозашы түбектің оңтүстік-батысындағы алқап, осы аттас елді мекен Ақтау-Қаражанбас тас жолының бойында орналасқан. Қияқтыдан 4 км жерде Бәйімбет-Әтембек Қапам әулиенің қорымы бар.

Қияқты    Аралбай Оңғарбекұлы:

Айрақты, Татан – екі тау,

Қияқты, Сасық – екі тау.

Қияқты салдың бір мешіт,

Сасық салдың бір мешіт.

 

Қиян    Балдай Көшкiнқызы ұзатылып кеткенге дейiн, Ұсақ, Қиян Шорым жерлерiн мекен еткен ауылда өскен. Әтембек.

Адайдың Түрiкпенадайы, Маябас ұрпағы Шолақ пен Жартының әкесi Қиянның ойына егiн салып отырған адам екен… Шолақ әулие Қиянға жерленген (К.Өтепбергенов. “Жаңа өмiр”.)

Қиянды    құрғақ арна, шатқал; Солтүстік Үстіртте, Маңсуалмас қырын шығысынан жиектей жарып өтетін сай.

Қоғалы    қорым; Бозашы түбегі, Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Қоғалы    қорым; Қараған түбекте, Қаңғабаба өңiрiнiң шығыс жағында, Форт-Шевченкодан шығыс-оңтүстік-шығыста 40 км жерде.

Қоғам    қорымдық, Тигеннен солтүстік-шығыста 50 км, Бозашы түбегінде, Ақшымырау аулынан оңтүстік-батыста 25 км жерде.

Қожаахмет    тау (216 м), Шайыр аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 6 км жерде.

Қожай    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Қожақазған    құдық; Үстіртте, Түпқараған шаруашылық жерінде.

Қожақазған    құдық; Үстіртте, Жармыш шаруашылық жерінде.

Қожақазған    Үстiрттегi қатар орналасқан екi құдық, Ердалыдан оңтүстік-шығыста 15 км жерде, солтүстік-шығысында (3 км) Бердiсүгiр құдығы бар.

Қожақазған    жер аты; Үстірттің Есен-қазақ өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – осы Шұбартай-Теріскендіден онша алыс емес Қожақазған, Жәйлі жерінде Ескелдінің 14 адамы жерленген.

Қожақазған    Ұштаған өңiрiндегi құдық, Сазды аулынан шығыста 42 км жерде, Сеңгiрқұм массивiнiң оңтүстік шетiнде.

Қожақамар    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Орал жолы:

Форт-Александровск — Қаңға-баба (25) — Қыштым(15) — Үдек (25) — Таушық (20) – Төріш (25) — Қарашымырау (10) — Ақмыш (30) — Жармыш (25) — Саура (10) — Тамды (30) — Жаңғызеспе (60) — Маната (20) – Бөгерстем (15) — Өтес (30) — Ешкіқырған (35) – Бәйті (15) – Уәли (15) – Тәңке (30) — Қожақамар (35) — Бесбұлақ (20) — Тұздыорпа (80) — Шабайүдек (20).

Адайдың көш жолы.

Қаңға — Түбіжік — Үдек — Тарталы — Ұланақ — Жыңғылды — Тұщыбек — Шетпе — Аусары — Күркіреуік — Қаратүйе — Өтес — Ешкіқырған — Қатша – Тәңкі — Қосқұлақ — Манашы — Күйкен — Алтықұлаш — Азнағұл — Қарашүңгіл — Жібін — Бақашы (600 шақырым).

1915-17-жж мәлімет бойынша: (254-255-бб)

Қожақорған    Үстiрттiң батыс ернегiнiң етегiндегi құдық,Сазды аулынан шығыста 60 км жерде.

Қожақорған    Үстiрттiң батыс ернегiнiң бiр тұмсығы (293 м), Сазды аулынан шығыста 66 км жерде, шың етегiнде Қызыладыр ойлы-сайлы алқабы бар, ернектiң үстiмен жиектеп жүргенде (7 км) Қарамұрат қорымдығына жетуге болады.

Қожакүмбет    мола, Бекi аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 18 км жерде.

Ходжакүмбет    Ондыдан оңтүстікте-28

Қожамкүп    құдық; Бозашы түбегінде, құм ішінде, Тұщықұдық аулынан батыста 34 км жерде, Қияқты аулы маңында (13 км).

Қожантай    құдық; Оңтүстік Үстiртте, Қарынғұрлы аңғарының терістік жағында, Төлеп аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 30 км, Қараған-Босағадан оңтүстік-шығыста 77 км жерде.

Қожықтың ағашы    микротопоним; Шетпе-Шайыр жолы бойында, Көгез маңында

Қожық    сор, Тиген аулынан шығыста 6 км жерде. Ұзындығы 16 км. оңтүстік бетiнде Қожыққұдық бар.

жер аты; Бозашы түбегінің солтүстігінде; үзінді – Керел түбегі деген Қаламқас қауымынан Долгийге дейінгі ұзындықты, ені Тұщықұдық құмына қарай созылған 30-40 км-ді қамтиды. Осы Керел терістіктен Хасарлы (Каспий), оңтүстіктен Хасарлыға жіңішкеріп келіп қосылып жатқан Ащы теңіз қоршап жататын еді. Теңіз суы шығыс жағынан Кежі қиылысы арқылы ащы теңізге келетін. Ал батыс бетінен Құлтай-Тереңөзек арқылы және Қаражанбастан өте бере, Қаратұз арқылы Хасарлыдан (Каспийден) ащы теңізге су арқылы келетін. Долгий мен Ақтұмсықты айналып өтіп, теңіз суы Қожыққа (Қошаққа) шабатын кездері де болған.

Қожыр    қорым; Ақтаудан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 16-17 км жерде.

Кожур    Ақтаудан оңтүстік-шығыста — 25

Қозыбай үйігі    Бәйті, үйік; Үстіртте, № 6 темір жол айырымынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 11 км, Сайөтестен солтүстік-шығыс-шығыста — 45 км жерде.

Қойқора    алқап; Ұштаған аулынан шығыста 16 км жерде.

Қойдығұл    қорым; Ақтау-Қаражанбас трассасының 60-шы км, Ащыбас сайының аузында

Қойсу    құдық; Үстірттің солтүстік-батыс ернегінде, Үстірт темір жол айырымының солтүстігінде 14 км жерде.

Нұрым Шыршығұлұлының ‘’Тоғыз ауыл’’ дастаны.

Қуып шыққан қырық жігіт:

Қойсуы менен Қамаудан

Алпыс екі тараудан.

 

Қойсуы Қарабақы    Жәумiт аталатын тайпаның iшiнде Атабай руының бастығы Ақмолданы қойсуы Қарабақыда бұларды келiстiрiп қырған. Ұланақ пен Жалбарттың бiрiнен кем қылмаған.

Қолат (Құлат?)    қорым; Жетібай кентінен солтүстікте 25 км жерде. Бекi аулынан оңтүстік-шығыста 13 км жердегi мола.

Қарасу    жер аты;  Қараған түбегінде.

“Сартастан Фортқа қарай жүргенде Қолмыштың тұсында Қарасу деген жерден өтедi екен”.

Оның арғы қасында:

Ақкетiк пен Қала бар.

Тауыменен өрлесең,

Қарасу мен Саназар.

Ақсу, Қолмыш және бар.

Ақкетiктiң қасында:

Жаңақала – Маяк бар

Патша құрық салғасын,

Қай пендеде дәйек бар?..

 

Қолтық    жер аты; Ақтау қаласы тұрған шағын түбекті алқаптың атауы.

Оның былай қасында:

Қосойық пен Еже бар,

Қарақұм мен Қызылжар,

Өмiрзақ пен Ақеспе,

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар.

Қаражалшы, Ақшұқыр,

Хажы болып Машырық,

Медресе, мешiт салдырып,

Бала оқытып жақсы тұр…

 

Қолшар    қорым; Ұштаған аулынан солтүстік-шығыста -32 км жерде.

Қонай    қыстақ, алқап; Бозашы түбегінде, Қызан-Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Қонайдың үйігі    үйік (221 м); Сайөтестің солтүстік-солтүстік-шығысында 20 км жерде.

Қаратөрткүл алқабына таяу маңда.

Қонақбай    құдық, тау, Шетпе кентiнен оңтүстік-батыста 20 км жерде.

Қонды    Оның былай қасында:

Ағашты, Шонжы, Оңды бар.

Шоң деген судың басында —

Құрманалы хазiрет

Мешiт салған Қоңды бар.

Одан әрi жүрсеңiз,

Өңеже мен Шилi бар.

Бұрынғы өткен қарттарда

Нендей дана, милы бар…

 

Қондықыстау    құдық; Қараған түбекте, теңiз жағасында, Аташ кентiнiң солтүстік шетiнде.

Кондик    қорым; Форт-Шевченкодан шығыста 45 км жерде.

Қоныс    құдық; Сыңғырлау аулының оңтүстік-шығысында, Бейнеуден оңтүстік-шығыста 28 км жерде.

Қоныссу    Ақжігіттен — солтүстік-батыс-батыста — 6

Қоңыр    Үстiрттегi құдық, мола (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Конир    Жетібайдан батыста -10

Қоңыр    құдық; Орталық Үстіртте, ескі керуен жолдың бойында, Қараған-Босағадан шығыста 20 км жерде.

Қоңыр    Бозашы, Қызан маңында

Қоңырдаң    аңғар, Онды аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 18-21 км жерде.

Қоңыркез    жер аты; Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Қоңыркүп    Жабайұшқан қырының оңтүстік ернегiнде, Ақпан тауының шығыс жағында 2 км жерде.

Қоңырой    жер аты;  Үстірттің батыс ернегі аймағында

Қоңырой    жер аты;  Оңтүстік Ақтау жотасы, Ұланақ өңірінде болса керек, нақты орны анық емес, тек үзінді – Ұланақтың алдындағы Ақбас, Қызылжол, Қоңырой жерінде жайылыста болып, көздеп тұрады екен. Сол кісі жүріп тұрған Бәйтілеу жолы әлі күнге солай аталады. Шығыс бетіндегі Қаратұранның түпсіз аңғары бар. Сол аңғар жарық Бұзықтамға дейін 10 км-ге созылады деседі. Қаратұранның үстінде көлемді су қоймасы болған.

Қоңырорпа    құдық; алқап; Иткелді (Қызылорпа) жерінде, Бозашы түбегінде. шабындық; Қызан шаруашылық территориясына кіреді. 1930 жылы Иткелдi жерiнде ашылған мектеп 1933 жылы Бектiлеу молданың босаған мешiтiне ауысып, “Қоңырорпа бастауыш мектебi” деп аталды. 1936 жылы жетi жылдық мектепке айналды.

Қоңырша    мола, Бекi аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 27 км жерде, Басқұдық құмынан оңтүстік-батыста.

Қопан-әулие    қорым; Шиліқұдық алқабының Сартасқа қараған бетінде оңтүстікте-5

Қорабай жидесі    алқап; Сам құмының жиегінде. Қайып Қорабайұлының әкесінің атымен аталған.

Сам құмының Бейнеу жақ етегiндегi бөлекше құмды Жарқұдық деп атайды. Осы Жарқұдықтың биiгiне жаугершiлiк заманда ұран оты жағылады екен. Ер Қармыс та, Балуанияз да осы Жарқұдықтан қол жинап аттанған екен. Бейнеуден Сам құмының жолдарына көтерiлер тұста Амантұрлы батырдың бейiтi тұр. Жарқұдықта Қорабайдың жидесi деп ааталатын жемiс ағашы әлi күнге гүлдейдi. Қорабай – әншi Қайыптың әкесi. Осы жердi жайлаған.

Қорабай қыстауы    алқап; Сам құмының жиегінде, Жарқұдық маңында. Қайып Қорабайұлының әкесінің атымен аталған.

Қорғаной    ағынсыз ойыс, алқап; Қарамандыбастың батыс жағы, Ақсор мен Қарамандыбас ойыстарының арасында, Жетiбай кентiнен шығыс-оңтүстік-шығыста 23-27 км жерде. Қорған қыстағы ойыстың шығыс шетiнде.

Оның былай сыртында —

Өзен, Шынжыр белгiлi,

Борсымұрын, Қарабас,

Шөбiн байқап қарасам,

Бұйырғын, жусан аралас.

Қызыладыр, Астауой —

Ол ит тиген арам ас.

Күн жаумай елi бара алмас.

Оған жалғас көлбеген,

Қауынды мен Қорғанбай,

Уақ малға жайы жоқ,

Екi-үш қара күнелтiп,

Аз ғана күн тұрғандай…

 

Қорқай    Опорныйдан оңтүстік-оңтүстік-батыста -17

Қосайнық

Кусайник    қорым; Форт-Шевченкодан солтүстік-шығыста 12-13 км жерде.

Қосақұрық    нақты орны анық емес.

Бұлар Маңғыстау бөктерiнiң және Бостанқұм құмының оң бетi мен Бесоқты, Сенек құдықтары арқылы жоғары көтерiлiп, Босағаға, Қайғылы-Бабадан шығыс түстiкке қарай, Қарқын, Тағылбай, батыста Күшетас құдықтарына келдi. Ол жерден кейiн қарай, батысқа бет алып, Қосақұрық арқылы Қарашек көлiнiң терiстiгiмен Бесоқты, Сенек құдықтарына қайта оралды.

Қосақыр-Шилi    жер аты, Үстiртте. Осы жерде Нәрiк Бестерекұлы ахунның мешiтi болған.

Қосаммола    қорым; Үстiртте, Елегәжi құдығы маңында (одан шығыста 3 км), Сайөтес кентiнен шығыс-оңтүстік-шығыста 32 км жерде.

Қосарқан-Шақан    құдық, Бейнеу ауданының Сам өңiрiнде. Шақан деген кiсiнiң атымен аталған, осы құдыққа осы кiсiге әйел болған түрiкпен қызы түскен екен.

Қосауыл    құдық, Қараған түбектiң теңiз жағасында, Форт-Шевченко қаласының оңтүстік шетiнде.

Қосащы    Кендірлі шығанағынан оңтүстікте – 60, Қазақ шығанағының жағалауы

Қосащы    Қарамая тауынан оңтүстік-шығыс-шығыста – 40

Қосащы    Қосаджи. Темiр-бабадан оңтүстікте 25 км

Қосащы    құдық; Кендірлі-Қаясан өңірінде, теңіз жағалауына жақын маңда, Сеңгірлі және Мазарлы мүйістерінің аралығында, Темір-бабадан 60 км жерде.

Қосащы    құдық; Үстірттің батыс ернегіне таяу, Өрмелі маңында

Қосащы    қорым; Үстіртте, Ұялыдан оңтүстік-шығыста 25 км жерде.

Қосащы    құдық; Үстiрттiң батыс бөлiгiнде, Сайөтес кентiнен шығыста 24, Қонайдың үйiгiнен оңтүстік-шығыста 5 км жерде.

Қосащы    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз). Жыңғылды шаруашылық жерінде.

Қосащы    құдық; Оңтүстік Үстіртте, Маңғыстаудың өкшесінде,  қазақ-түрікпен шекарасында, Қырықсегіз құдығынан солтүстік-солтүстік-батыста 22 км, Қолбалаой құдығының оңтүстігінде 22 км жерде. Картада Кошаджы түрінде көрсетілген.

Қосбайыр    қорым; Ащымұрын мүйісінен оңтүстік-шығыста 27 км, Форт-Шевченко — Таушық трассасының 45-ші км

Қосқұлақ    Бейнеуден оңтүстік-батыс-оңтүстікте-34

Қосбұлақ    бұлақ, Жыңғылды аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 13 км жерде.

Қосбұлақ    жер аты, елді мекен; Шетпеден шығыста 5 км жерде.

Қосбұлақ-Жөкi    Қосбұлақ-Жөкiде “Ұшқын” колхозының сиыршысы — Алтыбай Қалдыкөтовтің аулында отырғанбыз.

Қосбұлақ    жер аты, Үстiртте, Қартбайқұм құмды массивінде

Қосбұлақ    бұлақ; Үстiрттiң Қарнауында, Қызылсайдың iшiнде.

Қосқан    құдық; Етекте, Бекет-атадан оңтүстік-шығыста 30 км жерде

Қосқатын    жер аты, Үстiртте, Қартбайқұм құмды массивінде

Қосқора    алқап; Бозашы түбегі, Ақшымырау аулы маңында.

Қосқора    жер аты, Үстiртте, Түпқараған шаруашылық жерінде.

Қосқұдық    Жетібайдан батыста -3-4

Қосқұдық    Үстiрттегi құдық, Қадырша құдығынан оңтүстік-батыста 10 км жерде.

Қосқұдық    жер аты; Үстiртте, Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Қосқұдық    жер аты, Қарақия ауданы

Қосқұдық    жер аты, Оңтүстік Бейнеуде

Қосқұдық    жер аты, Үстiртте, Түпқараған шаруашылық жерінде.

Қосқұдық    құдық; Солтүстік Үстiртте, Үстiрт темір жол айырымынан шығыста  33 км жерде.

Қосқұдық    құдық; Солтүстік Үстiртте, Сайөтестен шығыста  130 км, Ердалы құдығынан солтүстік-шығыста 12 км жерде.

Қосқұдық    немесе Жетібай, қорым; Жетібай кентінің шығыс шетіндегі төрткүл үстінде. Осында Жетібай деген екі кісі (Қаржау-Адай Жетібай Ералыұлы, Жаппас Жетібай) жерленген.

Қосқұлақ    Үстiрттегi құдық, Сайөтестен шығыс-оңтүстік-шығыста 90-95 км-дей жерде, Айтман-Бабас өңiрiнде (Айман құдығынан батыста 5 км жерде).

Қосматай    қорымдық, Онды аулынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 4 км жерде.

Қосмола    Опорныйдан оңтүстікте-26, № 3 разъезд маңы

Қосмола    Үстiрттегi қорымдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

қорым; Үстiртте, Сайөтес аулынан шығыста 40 км жерде.

Қосмола    қорым; Солтүстік Үстiртте

Қостам    қорым; Үстіртте, Ұялыдан солтүстік-батыста 40 км жерде.

Қостам    қорым; Таулы Маңғыстауда, Шайыр аулынан солтүстік-батыста 30 км жерде.

Қостам    қорым; Форт-Шевченкодан шығыста 50 км жерде.

Қостам    Өзен өңiрiндегi қорымдық, Қызылсай аулынан шығыс-солтүстік- шығыста 30 км жерде, Шопан атаның батыс жағында.

Қостам    Таушықтан солтүстік-шығыста -27

Қосуақ    немесе Ақмола, қорым; Жетібайдан батыста 4 км жерде. Қариялардың айтуынша Қосуақ өз заманында белгілі адам болса керек, өзі Қамысбай зиратында жерленіп, баласы осы Қосуақта жерленген дейді.

Қосуақ    қорым; Оңтүстік Бейнеуде

Қосуақ Ишан    қорым; Сам құмының маңында делінеді.

Косуан    Жетібайдан оңтүстік-батыста -6

Косутам    Қызылсайдан солтүстік- шығыста -30

Косутам    қорым; Форт-Шевченкодан солтүстікте 8 км жерде.

Қосүйік    микротопоним; Үстірттің Қараған-Босаға өңірінде, бірақ нақ орны анық емес, тек үзінді — қыстаққа құлағанда, тоғысар жердің орта деңгейі деп Қайғылы суының сыртындағы екі үйік (оба) жасайды. Балуанияз бен Құлаатқа соға алмағандар әрқайсысы бір уыстан топырақ салып өтетін болған, бүгінде осы екі мола Қосүйік деп аталады. Қайғылы су осы Балуанияз бен Құла аттың өмір тағдырларына байланысты шыққан.

Қосүйік    жер аты; Бозашы түбегі, Тұщықұдық ауыл-аймағында, нақты орны анық емес, тек үзінді – Тұщықұдық көлемінде Қаратөбе қауымы және Көкімбет, Қосүйік өте ерте заманның ескерткіштері… Көкімбетті мешіт десе де болады. Бірақ айналасына аздаған адам жерленген. Көкімбетке қаланған тас кесіп, сындырып алғанға ұқсайды. Ұзыны

1 м, ені мен биіктігі 50 см. Тас салмағы 700 кг-дай. Бұл тасты қандай адам жасады екен? Қандай көлік әкелді екен? Көкімбеттің биіктігі 8 м-ден кем емес. Тастарды қалай, қандай күшпен, қалай көтеріп қойды екен? Сылағы әлі бар. Қандай қосындымен араластырған, сыры белгісіз. Қорғауға да, зерттеуге де тұратын көне заман ескерткіші екені даусыз. Қосүйік қолдан үйілген, арасы 400 м-дей. Аңыз бойынша, жаудан қорғану үшін жасаған. Биік, басына адам шығып қарауыл қарауға әдейі жасалған.

Қосойық    Оның былай қасында:

Қосойық пен Еже бар,

Қарақұм мен Қызылжар,

Өмiрзақ пен Ақеспе,

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар.

Қаражалшы, Ақшұқыр,

Хажы болып Машырық,

Медресе, мешiт салдырып,

Бала оқытып жақсы тұр..

 

Қосйық    Косыйык, алқап; Қараған түбекте, Форт-Шевченко қаласынан оңтүстік-шығыста 11-12 км жерде, Форт-Шевченко – Ақтау жолының оңтүстік жағында.

Қосым    немесе Қосымтам, қорым; Қараған түбекте, Аташ кентiнен шығыста 7-8 км жерде.

Қосшымырау    алқап, Шетпеден солтүстік-солтүстік-батыста 4-6 км жерде. Қосшымырау құдығы Шетпеден солтүстікте 6 км жерде.

Бесiн кезiнде Қосшымыраудағы Тоқаңның аулына бардым… Иiрге құлайтын Бескемпiрдiң шығыс жағындағы сайдың басына жағындадық (сайдағы үй). Сарбұлақтан ауыз суын алады.

Қот    алқап; немесе Аппаққот. Үдек суының батыс жағында, Қараған әулие мен Үдек құдығы аралығында. Осы жерде Теңезік деп аталатын жер бар.

Қотан    алқап; Таулы Маңғыстауда, Жалған-Иiр өңiрiнiң солтүстік жағында, Қырықбасан-Ұзынбас өңiрiнiң бiр микротопонимi болар деп шамаланады.

Қотыр    қорым; Таулы Маңғыстауда, Жармыш аулынан оңтүстік-шығыста 80 км жерде.

Қотыр    Ұштаған өңiрiндегi қорымдық, Сазды ауылынан шығыс-солтүстік-шығыста 33 км жерде

Қотыр    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Қошақ    тау; Бозашы түбегінің Таулы Маңғыстауға жақын бөлігінде, Тигеннен солтүстік-батыста 24 км жерде, биіктігі – 50 м

Қошақ    теңіз шығанағы; Маңғышлақ шығанағының шығыс бөлігіндегі теңіз ауданын қамтиды.

жер аты; Бозашы түбегінің солтүстігінде; үзінді – Керел түбегі деген Қаламқас қауымынан Долгийге дейінгі ұзындықты, ені Тұщықұдық құмына қарай созылған 30-40 км-ді қамтиды. Осы Керел терістіктен Хасарлы (Каспий, оңтүстіктен Хасарлыға жіңішкеріп келіп, қосылып жатқан Ащы теңіз қоршап жататын еді. Теңіз суы шығыс жағынан Кежі қиылысы арқылы ащы теңізге келетін. Ал батыс бетінен Құлтай-Тереңөзек арқылы және Қаражанбастан өте бере, Қаратұз арқылы Хасарлыдан (Каспийден) ащы теңізге су арқылы келетін. Долгий мен Ақтұмсықты айналып өтіп, теңіз суы Қожыққа (Қошаққа) шабатын кездері де болған.

Қошақ    құдық, мола; Қошақ шығанағына таяу жерде.

Қошақ    құдық; Қараған түбектiң теңiз жағалауында, Үлкен Ақкетiк сайының аузында, Форт-Шевченкодан оңтүстікте 6-7 км жерде.

Қошанай    алқап; кезінде осы маңда әскери зона болған

Қошглы    қорым; Үстіртте, Ұялыдан солтүстік-батыста 40 км жерде

Қошқар    қорым; Қызылсай аулынан солтүстік-шығыста 48 км, Қызылсудан солтүстік-шығыста 14 км жерде

Қошқар    қорым, Жармыш аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 34 км жерде. қорым; Таулы Маңғыстауда, Жармыш аулынан солтүстік-шығыста 30 км жерде.

Қошқартас    геоморфологиялық нысан; Ақшымыраудан шығысқа қарай 7-8 км жерде.

Қошқабай    қорым; Маңғышлақ темір жол стансынан шығыста 35 км жерде.

Қошқар-ата    ойыс, қорым; Ақтаудан солтүстік-шығыста 17 км жерде, Ақшұқыр жанында.

Сор Ақтау қаласынан солтүстік-солтүстік-шығыста 8-9 км, Баяндыдан батыста 2-3 км жерде. Бұрын тұз алатын  жер болса, химия өнеркәсібінің қалдықтарын ағызу салдарынан улы су айдынына айналған (Өлі көл деген жаңа топоним).

Оның былай қасында:

Қосойық пен Еже бар.

Қарақұм мен Қызылжар,

Өмiрзақ пен Ақеспе,

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар.

Қаражалшы, Ақшұқыр,

Хажы болып Машырық,

Медресе, мешiт салдырып,

Бала оқытып жақсы тұр…

 

Қошқарата    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровскден Красноводскіге апаратын жол

Форт-Александровск — Сақақұдық — Түлкілі — Қаражалшы – Қошқар-ата — Ақеспе — Ащықұй — Саржа — Ұлықұй — Қожаназар — Тамшалы — Кендірлі — Темір-баба — Қаңжақ — Қосаджы — Ащықұй — Қарасеңгір – Дүлдүл-ата — Тасқұдық — Кендірлі — Красноводск (580 шақырым).

Форт-Александровскден Красноводск жолы:

Форт-Александровск — Сақақұдық (35) — Саура (25) — Түлкілі (10) — Қаражаншы (28) — Қарамана (8) — Ақшұқыр (20) – Қаракөл (35) — Үрпек (30) — Ұлықұдық (25) — Ақеспе (10) – Салкөк (25) – Қажы Назар (18) – Көктам (15) — Кендірлі (50) — Темір-баба (30) — Қосащы (25) — Қарашымырау (75) — Қарасеңгір (30) — Қалпе-ата (15) — Сымырашы (30) — Дүлдүл-ата (5) — Қараболатеспе (18) — Қарақұдық (20) — Қарабақсы (15) – Есенкөл (7).

 

Қошмамет    қорым; Бозашы түбегінде, Àқшымырау аулынан шығыста 28 км жерде.

Қуан    жер аты; Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Кунианызсай    алқап, Шетпеден оңтүстік-шығыста 12-14 км жерде, Қамысбайдың маңы.

Қушелек    жайылым, Онды шаруашылық жерінде. Үстiртте болуы мүмкiн

Құбашың    Қалнияз Шопықұлы

Қалнияз Шопықұлының

Ер Қармыс дастанынан:

Түрікпендер жорыққа шығып,

Сайрап жатқан жолменен,

Күн-түн қатып келеді.

Құбашыңға келеді.

Абылайхажы басында

Бір қараны көреді.

 

Мырзайыр мен Басқұдық —

Жылқыға жаман болғасын,

Айтпай кеттiм қас қылып.

Бекi менен Сәубеттiң

Төрткiлi жатыр қасқиып.

Қандыбас пен Жантақты,

Ұйқылы мен Боржақты,

Үшқиы, Саура ортада

Айтпай кетер деп пе едің,

Сауытты мен Құйжақты?

Балша, Шіңгір суың бар,

Ел келгенде паналап,

Майбұлақ, Қарасеңiрек

Мал жаюға кеңірек..

 

Құдайберген    қыстақ, алқап; Бозашы түбегінде, Қызан-Àқшымырау шаруашылық жерінде.

Құдайберген    қорым; Бозашы түбегінде, Шебір аулынан солтүстік-шығыста 55 км жерде

Құдайназар    Үстiрттегi сор (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Құддас    құдық; Үстірттің солтүстік ернегінде жақын жерде, Тұрыш аулынан солтүстік-батыс-солтүстікте 15 км жерде

Құйжақ    құдық; Қарақия ойысының шығыс ернегінде, Ақтау-Жетібай жолына жақын маңда.

 

Одан былай суларың:

Қарасеңiрек, Бозат бар.

Теңiзiн байқап қарасам,

Әрбiр түрлi талап бар,

Оның арғы басында

Ауылым Құйжақ, Дәне бар..

 

Оның былай қасында:

Түлкiлi, Құйжақ, Саура бар.

Сығынды тауын жағалап,

Аралды, Үрпек барсақ Сауда бар…

 

Құйрық    қорым; Ақтаудан солтүстік-шығыста 6-7 км (қала аумағы)

Оның былай қасында:

Қосойық пен Еже бар.

Қарақұм мен Қызылжар,

Өмiрзақ пен Ақеспе,

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар,

Қаражалшы, Ақшұқыр,

Хажы болып Машырық,

Медресе, мешiт салдырып,

Бала оқытып жақсы тұр…

 

Құйрық    қыстақ; Бозашыдағы Ақорпа және Өжен деген судың шығысындағы қызыл жолдың бойындағы жол. Қара деген кісінің аулы болған деседі.

Құйылыс    алқап; Ақтау қаласына жерасты суын беретін жер.

Құлажат    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Құлаат моласы    микротопоним; Үстірттің Көгесем өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді – Көгесем тау шыңындағы белгілі суының оңтүстік бетін біраз жағалап жүргенде кездесетін биік жал астындағы жалғыз моланы Құла аттың моласы немесе құла ат басы деп атайды.

Құлааттайған    микротопоним; Қараған-Босаға, Қарамая-Көгесем аймағында, нақты орны анық емес, тек үзінді – Ұлы жолдың оңтүстік бетінде, қазіргі Әбді суының алдындағы үлкен тақырға соғады. Суы әбден сарқылған, кілегей балшыққа бір-екі тайып жығылыпты. Қазір осы тақырды Құла ат тайған деп атайды. Құла ат – Балуанияз батырдың тұлпары.

Құлбарақ    қорымдық, Тиген аулынан оңтүстік-шығыста 6 км жерде.

Құлқора    жер аты; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жердеінде, Елегәжіден оңтүстік-оңтүстік-батыста 5 км, Сайөтес кентiнен шығыс-оңтүстік-шығыста 27 км жерде.

Құлқора    құдық; Бозашы түбегінің Ақшымырау-Қызан аймағында, Мәстек өңірінде, нақты орны анық емес.

Құламан    қорым; Бозашы түбегінде, Қызан аулынан солтүстік-батыста 28 км жерде

Құламан    алқап; шабындық, Жыңғылды шаруашылық жерінде.

Құланды ернегі    қабырға (уступ); Сенек аулының оңтүстік жағында батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан жарлауытты қабырға, Ұзындығы – 4045 км. Оңтүстік-шығыс шеті Құнабай тауына жетеді.

Құланқақ    Нұрым Шыршығұлұлының ‘’Тоғыз ауыл’’ дастаны.

Қуып шыққан қырық жігіт

Құланқақтың сыртында,

Жәуміттің көрді қарасын…

Құланқақтың сыртында,

Араласып жәумітпен,

Соғыс етті әрнешік.

Құлат    Құлаат, тау; Таулы Маңғыстауда, Батыс Қаратау мен Солтүстік Ақтау жоталары аралығындағы аңғар-жазық ортасындағы төрткүл-тау, Шайыр аулының солтүстік-батысында 17 км жерде, биіктігі — 277 м.

Құлбалай    немесе Қызылтам, мола; Ақтау-Қаламқас асфальт жолының 80-км тұсында оңтүстік-шығыс бағытта, Қызыларша сайының шығыс бетіндегі жазықтықта. Құлбалай Тастемірұлы (1896-1921), Өтеғұл руынан шыққан қарапайым адам, шешек ауруынан өлген.

Құлбарақ    қорым; Бозашы түбегінде, Тиген аулынан оңтүстік-шығыста 5 км жерде;

Құлбарақ    қорым; Шетпеден солтүстікте 50 км, Тиген аулынан шығыста 6 км жерде.

Құлбасқазған    құдық; Оңтүстік Бейнеуде

Құлжан    1949 жылы құдықшылар бригадасы Қарақұм бойынан Бөкен, Тортай, Алтықұлаш, Бұғабай, Шеркешқұдық, Құлжан, Айыршағыл, Есентемiр, Қарамендi, Сығай, Шемшер, т.б. жүзден аса шөппен, бұта, қарағай, тақтай, таспен шегенделген құдықтарды қазды.

Құдқара    Үстiрттегi құдық, Сайөтестен шығыс-оңтүстік-шығыста 27 км жерде, Елегажы құдығының оңтүстік жағында.

Құлмамбет    қорым; Шетпеден солтүстік-батыста 12 км жерде. Көгезде

Құлметен    жер аты; Бозашы түбегінде, теңіз жағалауында, нақты орны белгісіз, тек үзінде — Құлмеген, Ақшағыл, Барсай, Сиырқалта, Жалпақ, Ақшабас, Айрақты, Қызылтаста жергілікті жұрт қайық ұстап, балық кәсіпшілігімен айналысқан.

Құлназар    қорымдық, Ұштаған аулынан оңтүстік-батыста 17 км жерде.

Құлтай    жер аты; Бозашы түбегінің солтүстігінде; үзінді – Керел түбегі деген Қаламқас қауымынан Долгийге дейінгі ұзындықты, ені Тұщықұдық құмына қарай созылған 30-40 км-ді қамтиды. Осы Керел терістіктен Хасарлы (Каспий), оңтүстіктен Хасарлыға жіңішкеріп келіп, қосылып жатқан Ащы теңіз қоршап жататын еді. Теңіз суы шығыс жағынан Кежі қиылысы арқылы ащы теңізге келетін. Ал батыс бетінен Құлтай-Тереңөзек арқылы және Қаражанбастан өте бере, Қаратұз арқылы Хасарлыдан (Каспийден) ащы теңізге  су арқылы келетін. Долгий мен Ақтұмсықты айналып өтіп, теңіз суы Қожыққа (Қошаққа) шабатын кездер де болған.

жер аты; Бозашы түбегінің теңіз жағалауында, дәл орны анық емес, тек үзінді – балықшылықтың пайдалы екендігін түсінген қазақтар Ортаеспе, Қаражан, Қарағайлы, Құлтай, Тапей, Ауыздыеспе, Ұлыеспе, Қарашағыр, әрісі Бұрыншықты жағалай отырып… балық аулады.

Құлшық    мола; Жаңаөзеннен солтүстік-батыста 39 км, биіктігі 264 м-лік төбе үстінде орналасқан.

Құлыбек    жер аты; Солтүстік Үстіртте, Сам құмының солтүстік шетінде, Тұрыш аулынан шығыста 11 км жерде.

Құлыншақ    Шайыр, Қашаған жерінің Ақтау жақ бетiндегi шабындығы

Құлыс    қыстақ; Бозашы түбегінде, Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Кум    Таушықтан солтүстік-шығыста 40

Құмақсай    Төлепберген Таушықтың Құмақсай-Құрқапы жерiнен мешiт салдырып, бала оқытқан.

Құмбелексор    сор; Бозашы түбегінің Таулы Маңғыстауға астасып жатқан аймағының батыс бөлігінде.

Құмшоқы    тау (153 м), Жоламанның шығыс бетiнде 5 км, Қызылсудан шығыста 22 км.

Құмшолақ    жер аты; Үстіртте, Онды шаруашылық жерінде.

Құмшоңқал    тау; Қарынжарық құмының батыс жағында, Аққұдық аулынан оңтүстік-батыста 10 км жерде, Сенектен оңтүстік-шығыста 70 км жерде, биіктігі – 64 м.

Құрұмса    мола, сор, қорым; Бозашы түбегінде, Тиген аулынан шығыста 25 км, Жармыштан 38 км жерде.

Қуна    қорым; Таулы Маңғыстауда, Шайыр аулынан солтүстік-батыс- батыста  6 км жерде.

Құнабай    тау; Құланды қабырғасының оңтүстік шығыс шетінде, Сенек аулынан оңтүстік-шығыста 42 км жерде, биіктігі – 267 м.

Құнансу    алқап; Қараған түбектегі жер, нақты орны белгісіз.

Құнан тағы iлгерi жүредi де, Сарытас пристаны тұрған жердегi құдықтарға белгi салады, содан бұл Құнан суы деп аталып кетедi. Тағы да iлгерi жүрiп, теңiз жағалайды, теңiзге қараған таудың қосқатында тағы бiр бұлақ көредi, мұны да белгiлеп, тағы iлгерi жүре бергенде, тағы да шамалылау бұлақты көредi, бұл Құнанбұлақ атанады. Кейiнiректе Мамыртай деген руға берген қызы төркiндеп келiп, сол Қосқаттағы бұлақты сұрайды. Құнан қызына сұраған бұлағын бередi, қыздың аты Суат екен, содан бұлақ Суат атанып кеткен.

Курбибе    Ералиев совхозы, Аққұдық участогі, Сенектен оңтүстік- шығыста 65

Құрқапы    Төлепберген Таушықтың Құмақсай-Құрқапы жерiнен мешiт салдырып, бала оқытқан.

Құрқызыл    Одан әрi қарасаң,

Бүйiрбасы, Күрпiтау.

Дүлдүл-ата әулие —

Аңыз болған керемет,

Тастан соққан бар түйе.

Iргесiнде тақ соның

Құрқызыл мен бар Сүйе..

Құрқызылсай    жыра; Жаңаөзеннен солтүстік-солтүстік-шығыста 12-16 км жерде.

Құрлықұй    құдық; Үстiртте, Сайөтестен оңтүстік-шығыста 32 км, Елегәжiден оңтүстікте – 10 км, Шотан құдығынан солтүстік-батыста 6 км жерде.

Құрман    мола; Жетібай кентінен солтүстік-солтүстік-шығыста 12 км жерде. Құрман Тұрғанбайұлы (1915-1983) – Медет руынан, ескі мола қасына жерленген.

Құрманбай    Жетібайдан оңтүстік-шығыста 18-20 км жерде

Құрманәлi    Оның былай қасында:

Ағашты, Шонжы, Оңды бар.

Шоң деген судың басында:

Құрманалы хазiрет

Мешiт салған Қоңды бар.

Одан әрi жүрсеңiз,

Өңеже мен Шилi бар,

Бұрынғы өткен қарттарда

Нендей дана, милы бар…

Құрмаш моласы    Жетібайдан оңтүстік-шығыс-шығыста – 25

Құрмаш    мола; Өзен-Жетібай автожолының бойы, Жетібайдан 29 км жердегі Шұқырой алқабында. Құрмаш Қосжанұлы – Тоқабай руынан, 1930-жылғы адай көтерілісінің белгілі тұлғаларының бірі.

Құрмашбұлақ    бұлақ; Қаясанирек ернегінің шығыс бөлігінде, Қарынжырық құмына қарай ағып жатыр. Сенектен оңтүстікте 95 км жерде. Сұлутөрткүлдiң сол жағында Бестөбе, оң жағында Жазыгүрлi, Базыгүрлi ойпаттары, одан әрi Жалпақтөрткүл, одан түстiкке қарай Балой, Шалой қыраттары, әйгiлi Құрмашбұлақ.

Құрмаштың үңгiрi    Жолымыз қайтадан Қарынжарық құмын кесiп өтiп, Сақсорқаның құмын жағалап, Аққұдыққа бет алу. Осы жерде, Ақбастың құлауынан 4-5 км қырқаның етегiнде Құрмаштың үңгiрi бар.

Өнере тауының етегiнде бiрнеше үңгiр бар. Соның бiрi – Құрмаштың үңгiрi. Құрмаштың үңгiрi жырадан басталады. Қиыршық таспен жырадан төмен түскенде, жер астының тоннелi iспеттi екi жаққа қарай созылған үңгiр көрiндi. Сол жақтағы үңгiрмен бiресе еңкейiп, бiресе еңбектегендей болып 200-250 м-дей жүрдiк. Орта жолдан асқан соң үңгiр кеңейiп, төрт қанат үйдей төбесi биiктеп сала бердi. Суық күндерi бұл жерде алаңсыз демалуға болатындай. Одан әрi адам өте алмастай тар қуыс созылып жатыр. Ал екiншi үңгiр онша ұзын емес, әрi iшi де кең, еңкейiп жүруге болады. …Жерасты суы бар екендiгi байқалады

Құртташы    жер аты; Үстірттен Ойға түсетін құлама жолдың бірі, Қарнаудағы, Оның Қызылсай сай-аңғарына қараған ернегiндегi, орысша топокартада “Курт-Айзы” деп аталған құдық пен iргесiнде жатқан жол нақ осы “Құртащы” болып табылады. Онбай (Қаратүйе) жолы арқылы Үстiрттiң (Қарнаудың) үстiне шыққан жол Құртащы арқылы қайтадан Қызылсай-Шөлтау бетiне қарай түсiп кетедi.

Нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін, бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрібас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға т.б..

Құртты    төрткүл, қыстақ; Ұштаған территориясы аумағындағы жер, нақты орны белгісіз, Сазды өңірінде болар деп шамаланады. Құртты сөзі түрікпен батырының есімі делінеді, аңыз бойынша, оны Жанұзақ батыр өлтірген, екінші бір аңызда ол Төлеп батырдың қолынан өлген. (Саздыбұлақ аяғындағы тепсеңде көз жұмды).

Куртлы-борлак, куртлу-кипчак,

Құртұрмас    алқап; Шетпе аймағында, Айрақты тауының терістік жағындағы ойпаң-жазық, тауаралық аңғар. Иір деп те аталады.

Құрша    Аңыз бойынша, Құрша  қазақтар Маңғыстауға келгенде, сол маңда  мекендеп қалған түрікпен батырының есімі екен. Кейін, ол өз жұртына қосылмақшы болып, жолшыбай қазақ аулының жылқысын барымталап бара жатқан жерінен оны қазақтың Жанұзақ деген батыры өлтірген. (П.Жаңайысова. Құршаның мәрттігі. Жаңа өмір газеті. 2000 жыл. 22 наурыз.)

Құрша    қапы; Оңтүстік Ақтау жотасының  Жармыш-Аусары тұсындағы сілемі аралығында. № 13 темір жол айырымына (разьезіне) таяу маңда. Шетпеден солтүстік-шығыс-шығыста 16 км, Жармыштан солтүстік-батыста 14 км жерде.

Картада Куарта-Кампе деп жазылған. Бiрақ ол Жыңғылдысай деп аталады, ал осы сайдың шығыс жағындағы Ақсиыртау маңынан ашылатын қапыны Құрша дейдi. Шетпеден шығыс-солтүстік-шығыста  18 км, Жармыштан солтүстік-батыста 10 км жерде.

Құрық    елді мекен; Қарақия ауданының орталығы, Бекович-Черкаский шығанағының түпкі қойнауының жағасында орналасқан, Ақтау қаласынан 65 км жерде. Канглы-киштек, курук-канглы, канглы-борлак

Оның былай қасында:

Жыланды мен Құрық бар.

Шын сөйлесе шайырдың,

Арқа жыны құрыстар.

Оның арғы қасында:

Үрпек, Сарша, Исан бар.

Қызылқұм деген жерiнде

Қауын салған дихан бар..

 

Құсшы-ата    қорым, құдық; Орталық Үстіртте, Оғланды-Бекет атадан шығыс-солтүстік-шығыста 125 км жерде. Картада Кошата деп берілген, соған қарап Қосата түрінде де айтылуы ықтимал.

Құсша ата моласы мен аттас өзен Түркiстан мен Кентау қалалары аралығында.

Құсшы-ата    Тұрыштан оңтүстікте — 26

Құсшы-ата    қорым. Бiлеулiден Бейнеуге қарай бет алған 100 км-де. Көне бейiттер мен құлыптастар. Ескiсi бар, жаңасы бар, ұзын саны 500-дей iрiлi-ұсақты күмбездi төрт құлақты мазарлар, қойтастар бар. Бiразы қызыл кiрпiштен қаланған. Қанша ғасыр өтсе де, мiнi құрымаған, ұз 26-27, қалыңдығы 5-6 см-дей тақтас тас тәрiздi, тарихта қыпшақ кiрпiшi. Құсшыдан 60 км жердегi керуен сарайлардың шоғырланған жерi – Белдеулi. Мұнда бiрнеше керуен сарайдың қалдығы бар. Анадайдан ағараңдап, үйiкке ұқсап көрiнген алты-жетi қонақүйдiң орны тоға тәрiздес болып иiлiп келiп, бiр белдеу бойында орналасқан. Белдеулi аталу себебi сонда болар. Мұнда да Бiлеулi мен Құсшыдағыдай бiр өлшемдi қызыл кiрпiш пайдаланылған.

Қутаркан    Ақжігіттен батыста — 38

Құты    алқап; Бозашы түбегінің шығыс бөлігіндегі жер аты. Бұл жерлерде Бүркіт, Ерназар қорымдары бар.

Ақшымырау аулынан 50 км жерде, қорымның маңында Татымұлы Жаумедин қажының мешiтi болған.

Құттымұрат    қыстақ, Ұштаған аулынан солтүстік-батыста 22 км жерде.

Қыдырбердi әулие    Белесем тауынан әрi қарай Қарашық тауын iргелей отырып, Қыдырбердi әулиеге келдiк. Оң жағында қарауытып Қарамая тауы көрiнедi. Алда атақты Қараған Босаға. Босаға десе — Босаға. Сонау тiлiм-тiлiм болып, бiр-бiрiмен жалғаса жатқан аңғарлардың көптiгінен болса керек, Ебелектiң елу аңғары деп атайды. Шығысқа қарай шығып жатқан — Бесқаланың жолы.

Қыдырсай    жер аты; Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Қыдырша    Үстiртте, Өгiзбайсары деген жердегi әулиелi қорымдық. Қыдырша әулиенiң атымен аталған, оған дейiн “Бескемпiр” деп аталған.

Қызан    елдi мекен; Бозашы түбекте, Шетпеден 110 км жерде, Қызан деген әулиеге байланысты шыққан делінеді.

Қызәулие    қорым; Солтүстік Үстіртте

Қызба    алқап; Бозашы түбектегі жер, орны белгісіз. Аңыз бойынша, бұл жер Қожантай руына берілген делінеді (I.Шыртанов).

Қыздымола    қорым; Бозашы түбегінде, Шебір аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 42-45 км жерде

Қыздыр    Жетібайдан оңтүстік-батыста – 12

Қыземшек    төбе; Жаңаөзеннен солтүстік-солтүстік-батыста 34 км, биіктігі –

266 м.

Қыземшек    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

алқап; Үстіртте, Сайөтестен шығыс-шығыс-оңтүстікте 52 км жерде, Ұштаған шаруашылық жерінде. Осы маңда Ер Қармыстың бейіті бар.

Қалнияз Шопықұлы:

Жатқан жерім сұрасаң,

Қызылой мен Алашың —

Екеуінің арасы.

Қармыс батыр осы жердегі шайқаста ауыр жараланып, қаза болады.

…Қыземшекке қойыңыз

өзін Қыземшекке жерлең дейді.

1840 жылы түрiкпен шапқанда, Ер Қармыс түрiкпендi Үлкен Қыземшек деген жерде қуып жетiп, ұрыс салған.

 

Қызқырылған    жер аты; Кендірлі шығанағының солтүстік-шығыс жағасына таяу жердегі Қарасеңгір дөңінің үстінде, көне мұнаралардың қирандысы бар. Жұрттың айтуына қарағанда, ертеректе түрікпен тұтқынынан қашқан жеті қалмақ қызы бір жағы қаша-қаша зорығып, екінші жағы – шөлден кеуіп, осы жерге жеткенде жығылыпты… Осы мұнаралардың сұлбасы Кендірлі шығанағына құлай берісте биік басында Жаңаөзен қаласынан мұнайшылар демалыс аймағына баратын жол бойында әлі сақталған.

Қызық    құдық; Бозашы түбегінiң шығыс бөлігінде, Қайдақ шығанағына таяу маңда, Ақшымырау аулынан шығыс-оңтүстік-шығыста 33 км жерде.

Қызық    Песчаный мүйісі. Құрық пен Маңғышлақ аралығындағы теңіз жағалауы. Қызық – ортағасырлық түрікпен руы.

Қақпақтысы қасында,

Қара суды қақ жарған

Темiрбаба және бар.

Оның былай қасында:

Көздiойық пен Күрткетiк,

Кендiрлi деген жерiнде —

Жамандау салған қала бар.

Оның былай қасында:

Тасұшы, Тоқпақ, Қызық бар,

Мына отырған дiлмардың

Қай сөзiнде бұзық бар?..

 

Қызық    құдық; Қараған түптегi Қаңғабаба өңiрiнде, тау алқабының оңтүстік ернегiнде. Форт-Шевченкодан шығыс-оңтүстік-шығыста 32 км жерде.

Қызыладыр    алқап; Қауынды ойысының солтүстік-батыс жағында, Құрық кентінен шығыс-оңтүстік-шығыста 60 км жерде.

Қасында Жаман-Қызыладыр деген басқа бір алқап бар.

Қызыладыр    дөң; Жаңаөзен – Кендірлі жолының бойында, Жаңаөзеннен оңтүстік-батыс-оңтүстікте 25 км жерде.

1975 жылы Қызылөзеннен түйе совхозы бөлiнiп, Жетiбайға кеттi. Бiрақ, ол, көп ұзамай, Қызыладырдың дөңiне көшiрiлiп, Ботагөз деген орталығы бар бiр қауым елге айналды.

Оның былай сыртында:

Өзен, Шынжыр белгiлi,

Борсымұрын, Қарабас,

Шөбiн байқап қарасам,

Бұйырғын, жусан аралас.

Қызыладыр, Астауой —

Ол ит тиген арам ас.

Күн жаумай елi бара алмас.

Оған жалғас көлбеген,

Қауынды мен Қорғанбай.

Уақ малға жайы жоқ,

Екi-үш қара күнелтiп,

Аз ғана күн тұрғандай…

 

Қызыладыр    Үстiрттiң батыс ернегiнiң етегiндегi алқап (“Қожақорған” мақаласын қараңыз).

Қызыладыр    жер аты; Үстірттен Ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін, бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрібас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға т.б..  Осы жерде XIX ғасырдың орта тұсында түрікпен мен қазақ арасында шайқас болған (Балуания-Балтеке жорығы), осы жерде 300 адай жігіті қазақ болған.

Қызылақыр    Әбіш Кекілбаевтың “Ұйқыдағы арудың оянуы” (Алматы. “Қазақстан” баспасы. 1979) және Ә.Спанов пен Ж.Нұрмаханованың “Қарашаңырақ” (Алматы. “Жалын”. 1996. 253-254-бб) кітаптарынан алынды:

Форт-Александровск – Хиуа жолы:

Форт-Александровск — Қаңға (25) — Қыштым (15) – Бөрлі (65) — Бекі (40) — Басқұдық (25) — Барлы (25) — Ащыиірбасан (35) — Сұмса (30) — Сенек (15) — Бесоқты (20) — Сайқұдық (45) — Босаға (30) — Қараған (25) — Байшар (45) — Қитар (80) — Ұзын (30) – Қипыр (35) — Аққұрық (35).

Форт-Александровскден Көне Үргенішке баратын жол

Форт-Александровск — Қаңға — Кіштім — Ащыбас-Шат — Бердікен –Бекі-Бөрлі — Сұмса – Сенек — Бесоқты — Сайқұдық — Босаға — Қарқын — Елтежі — Бойлар — Қызылақыр — Табынсу – Көне Үргеніш (800 шақырым).

 

Қызыл-арбат    қорым; Ақтау өңірінде, нақты орны анық емес, тек үзінді — Ал, мынау – Қызыл-Арбат… бұл — ескерткіштің аты, заты жөнінде әр алуан пікірлер бар. Мәселен, солардың бірі бойынша, бұл атау Қызыл арбалы ат дегеннен шыққан десе, енді бірі (Сайын Назарбекұлы) арбат – түрікпеннің «Әйел» дегенінен шыққандығын айтады.

Қызыларша    сай, алқап; Таушықтың оңтүстік-шығыс бетінде 20 км жерде,

мола; Ақтау-Қаламқас асфальт жолының 80 км тұсында оңтүстік- шығыс бағытта. Осы сайдың шығыс мен оңтүстігінде Құлбалай мен Әлмұраттың тамдары бар.

Қызыластау    Үстiрттегi құдық (“Есен-қазақ” мақаласын қараңыз).

Қызыләскер    жер аты; аудан орталығынан шығыста 54 км жерде.

Бейнеу ауданындағы қазiр де көптеген жер аттары 1940-61 жылдар аралығында жайлаған байғаниндік совхоздардың атауларымен аталады. Олардың көне атаулары бар, мысалы, Аманкелдi – Тектұр, Қызылжұлдыз – Шолақ, Ноғайты – Сисембай, Теректi – Қошмағанбет, Қызыләскер – Тұрман, т.б.

Қызыләскер    темір жол айырымы; Бейнеуден оңтүстік-шығыста 35 км жерде, Сыңғырлау аулына жақын жерде.

Қызылбас    тау; ойда, Тұзбайыр сорының батыс кемерiне таяу жердегi биiктiк.

Қызылдық    Жармыштың шығысы, Үшкөздiң алдындағы Қызылдықта отыр едiк

Қызылжар    Қызылжар суына – Қаракiсi мен Жолболдыны тастап, Бозашының теңiзiне Биет пен Құлеттi тастап, Солтангелдінің төрт баласы тату болып кетер едi-ау.

Қызылжареспе    алқап; Өліқолтық сорының шығыс жағында, Бейнеу кентінен батыста 25-35 км жерде.

Қызылжареспе    Жангелдиннен оңтүстік-батыс-батыста — 20

Қызылжол    жер аты; Оңтүстік Ақтау жотасы, Ұланақ өңірінде болса керек, нақты орны анық емес, тек үзінді – Ұланақтың алдындағы Ақбас, Қызылжол, Қоңырой жерінде жайылыста болып, көздеп тұрады екен.  Сол кісі жүріп тұрған Бәйтілеу жолы әлі күнге солай аталады. Шығыс бетіндегі Қаратұранның түпсіз аңғар жарығы бар. Сол аңғар жарық Бұзықтамға дейін 10 км-ге созылады деседі. Қаратұранның үстінде көлемді су қоймасы болған.

Қызылжұлдыз    елдi мекен, Амантұрлы жерленген қорым Бейнеуден солтүстікте 40 км жерде, Бейнеуден Қызылжұлдыз елдi мекенiне баратын жол бойына таяу жерде.

Бейнеу ауданындағы қазiр де көптеген жер аттары 1940-61 жылдар аралығында жайлаған байғаниндік совхоздардың атауларымен аталады. Олардың көне атаулары бар, мысалы, Аманкелдi – Тектұр, Қызылжұлдыз – Шолақ, Ноғайты – Сисембай, Теректi – Қошмағанбет, Қызыләскер – Тұрман, т.б.

Қызылит    жер аты; Қашаған шаруашылық жерінде.

Қызылкереге    жер аты, шабындық.

Қызылтұранға, Аққысақ, Қаражусанды ойға күн жауыпты. Қаражусанды ойды көл шайыпты.. Алдында Қызылтұранның Қызылкерегесiндегi котлован…

Қызылкөл    жер аты; Форт-Шевченко маңындағы тұзды ой.

Қызылкүп    ескі тоған; Түйесу құмының шығыс жағында, Сенектен солтүстік- шығыс-шығыста 41 км, Қызылсу аулынан шығыста 38 км жерде.

Қызылкүп    тау; Солтүстік Ақтау жотасының Жылше тауымен қатарласып жатқан пұшпағы. Қызылкүп биiгi (292 м) Жармыштан солтүстік-солтүстік-шығыста 6 км жерде..

Қызылкүпсай    қапы, Жармыш аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 8-12 км жерде, Солтүстік Ақтау жотасын кесiп өтедi.

Қызылқала    тарихи қамал орны; Шетпеден солтүстік-батыста 18 км жерде, Ақмыш алқабында.

Қызылқора    қыстақ, алқап; Жыңғылды шаруашылық жерінде

Қызылқұдық    Сенек аулының оңтүстік-шығыс бетiндегi (2 км) құдық.

Қызылқұдық    құдық; Бозашы түбегі, Тұщықұдық шаруашылық жері, Қызылқұм массивінің солтүстігінде.

Қызылқұм    құм; Бозашы түбегінің батыс бөлігінде, Тұщықұдық аулының солтүстігі мен батысында созылып жатқан құм массиві. Терістігінде Шөлшағылқұм массивімен астасып жатыр.

Қызылқұм    Есiмқұл (шолақ жеменей) шыққан қара тақтасы аулы Тұщықұдық бетiндегi Қарашағыр жерiнiң Қызылқұм жағын мекендеген. Қызылқұмды жергiлiктi халық Уақ құм деп те атаған.

Қызылқұм    құм массиві; Исан түбектегі, Ащысорды айнала қоршап жатқан құм. Осында Бектұрды-ишанның бейіті бар.

Оның былай қасында:

Жыланды мен Құрық бар.

Шын сөйлесе шайырдың,

Арқы жыны құрыстар.

Оның арғы қасында:

Үрпек, Сарша, Исан бар,

Қызылқұм деген жерiнде

Қауын салған дихан бар..

 

Қызылқұю    құдық; Үстірт үсті, Өтес маңында, нақты орны анықталмаған. Тек үзінді – Бәйті және сол сияқты № 39 ұңғы жанындағы (Қызыл құю әулиелерi) бұл жерлерде… Соған қарағанда, осы құдық төңірегінде есімі белгісіз, құдық атымен Қызылқұю деп атанған көне әулие бар екендігін білуге болады.

Қызылмола    Қызылсайдан солтүстік-шығыста — 20

Қызылмола    Өзен өңiрiндегi қорымдық, Қызылсай аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 21 км жерде, Бостанқұм массивiнiң оңтүстік жиегiнде.

Қызылой    алқап; Қарақұдық шаруашылық жері

Қалнияз Шопықұлы

Олай болса-, ер Төлеп,

Қызылойдан өткен жоқ.

Алашыңға жеткен жоқ…

Адайдың алпыс батыры..

Қызылойдың түбінен

Жау қарасын көреді.

Он бес жасар ер Төлеп,

Жауды қуып ентелеп,

Жалғыз шауып келедi.

Қалнияз Шопықұлы

Жатқан жерім – сұрасаң,

Қызылой мен Алашың —

Екеуінің арасы.

Қармыс батыр осы жердегі шайқаста ауыр жараланып, қаза болады.

…Қыземшекке қойыңыз

өзін «Қыземшекке жерлең», — дейді.

 

Қызылорпа    құдық; Бозашы түпте, Иткелді-Қоңырорпа деген жерде.

Қызылөзен    елді мекен; Қараған түбекте, теңіз жағалауында, Форт –Шевченкодан оңтүстік-шығыста 35 км жерде.

“Қызылөзен” серiгiне “Құдалы” колхозы қосылса, 1963 жылы шiлдеде “Калинин”, “Саура”, “Қарағанды”, “Интернационал”, “Путь к коммунизму”, “Қызылөзен” колхоздары бiрiктiрiлдi.

Қызылсай    алқап; Батыс Қаратауда, Шетпенің солтүстік-батысында 5 км жердегі құмтасты карьер.

Қызылсайдың аяғындағы қара тасты балаларға үйдiрiп

Қызылсай    Үстiрттiң батыс ернегiндегi құлама жолы бар сай-шатқалдардың бiрi. Сазды аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 50 км-дей жерде. Үстiрт ернегiнiң осы пұшпағы едәуiр күштi тiлiмделген, батысында солтүстік-оңтүстік бағытында ашылған Бағда шатқалы (ұзындығы 5 км), одан шығыста солтүстік-шығыс-оңтүстік-батысқа бағытталған Бөрiбас шатқалы (ұз. 10 км), оның оңтүстігiнде оңтүстік-шығыс-солтүстік-батысқа қарай ашылған Қызылсай шатқалы (ұз. 7 км) бiр-бiрiне жақын орналасқан, мұндағы Қызылсай Бөрiбас шатқалының бiр саласы болып табылады.

Қызылсай    құдық; Үстіртте, Бекет-атадан оңтүстік-шығыс-шығыста 52 км жерде;

Қызылсай    алқап, Жабайұшқан қырының оңтүстік-батыс бөлiгiндегi сай-жыралы пұшпағы. Қызылсу аулынан шығыста 23 км, Сенектен солтүстік-шығыста 36 км жерде.

Қызылсай    алқап; Өтес маңындағы жер аты. Қарнаудағы Байқадам, Сауытты, Көкбұлақ, Ақбұлақ-Бөгерстерм алқаптарынан басталатын шағын жыралар бiрi-бiрiне қосылып, Қызылсайдың үлкен сайына айналады. Қызылсай Қарнауды Үстiрттiң қалған бөлiгiнен оқшаулап жатыр.

Маната құлаулары терістікке қарай жалғаса келіп, Жығылған, Алтынтөбе болып барып Үстірттің қалған бөлігінен Өтестің Қызылсайы арқылы айырылады, Алтынтаудың етегінде тұщы бұлақ бар. 1832-жылы Г.С.Карелин, 1853-жылы А.С.Алексеевтің картографиялық жұмыстарынан кейін бұл жер картаға Шөлтау деген атпен түсті [Ә.Спанов. М-22.02.1996]

Қызылсай    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Қызылсеңгiр    Құрмаштың үңгiрiнен шығып, Қарынжарық құмымен жүрдiк. Қызылсеңгiр тауы көрiндi. Бiз Сақсорқадағы қорымға аялдадық. Жақау Iзтұрған балалары салған түнеуханаға кiрдiк. Медет Тегiсбай батырдың әйелi, бала-келiндерiнiң бейiттерi осында екен. …Ұялықұмды басып өттiк. Ал, мынау – Қаңбақтысай.

Қызылсор    қыстақ; Бозашы түбегінде, Қияқтыдан солтүстік-батыста 25 км жерде.

Қызылсу    елді мекен; Түйесу құмының солтүстік шетінде, Қызылсай (Ескіөзен) аулынан солтүстік-шығыс-шығыста 36 км жерде.

Әбен Базарбайұлы ахунның мешiтi болған.

Кеңес Одағының батыры Жұмағали Қалдықараев 1922 жылы Қызылсу жерiнде туған, руы Адайдың Ақпаны. (Ә.Сәркенов. Маңғыстау. 2003. 22 қараша)

Қызылтам    қыстақ, бұлақ; алқап, Онды аулынан батыста 2 км жерде.  Шығыс Қаратау жотасының Онды жақ етегінде

Қызылтаң    тарихи топоним; Тұщыбек аулында орналасқан колхоз атауы

Қызылтас    бұлақ; Үстірттің солтүстік-батыс ернегінде, Қайдақ шығанағының жағасында, № 6 темір жол айырымынан солтүстік-солтүстік-батыста 40 км жерде.

Үстірт-Өрмелі-Қайдақ аймағында 1833-жылы салынған орыс бекінісі.

жер аты; Бозашы түбегінде, теңіз жағалауында, нақты орны белгісіз, тек үзінді — Құлметен, Ақшағыл, Барсай, Сиырқалта, Жалпақ, Ақшабас, Айрақты, Қызылтаста жергілікті жұрт қайық ұстап, балық кәсіпшілігімен айналысқан.

Қайдақ-Қарасу шығанағының жағасында 1834 жылы қамал-бекініс салынды.

Қызылтөбе    төбе (229 м), қорым, алқап; Қараған түбекте, Ащымұрын мүйісінен оңтүстікте 14 км жерде.

Қызылтұран    алқап, құдық, тас карьерi; Шетпеден оңтүстікте 12 км жерде,  жолмен жергенде 14-15 км. Шетпе – Жетiбай жолының бойында, Оңтүстік Ақтау жотасының Қарақы-Қоғақыз пұшпағының үстiнде.

Махмұт Қашғари сөздiгiндегi тура – бекiнiс. ДТС – укрепленное жилище, крепость.

Қызылүйік    алқап, шабындық, Ұштаған аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 6 км жерде.

Ұштаған шаруашылық территориясына кіреді.

Қызылүйiк    алқап, Тигеннен солтүстікте 16-18 км жерде, Шетпе-Тиген-Қызан жолының шығыс бетiнде.

Қыңыр    жер аты; Қарақұдық шаруашылық жерінде.

көтерiлiсшiлер Қарқынның шығысындағы Қыңыр төңiрегiне қарай шегiнедi.

Қыңырық    Өскiнбай Қалмамбетұлы;

Қарамая, Кендiрлi,

Қансу, Тамды, Көгесем,

Жаманжол мен Қыңырық —

Алыстығын байқасаң

Тауы тұрар бұлдырап…

Қырған    мола; Бейнеу ауданы, Опорный темір жол стансасынан шығыста 18 км жерде.

Қырғын    Көлбай тауынан шығыста, Үстірт қыры

Қырғын    Опорныйдан оңтүстік-шығыс-шығыста – 17

Қырғын    Ескі Жетібайдан батыста – 12

Қырғын    Сенектен солтүстік-шығыста – 35

Қырғын    қорым, жер аты; Жетібай елді мекенінен батыста 12 км жерде, осы жерде жеті қайқының бірі — Өскенбай Қалмағамбетұлының (1860-1925,  осы маңда дүниеге келген) зираты бар.

Қырғын    Қаражар қыстауының жанындағы Қырғын әулиесi.

Қырғынсай    жер аты; Сүйінғара (№ 10) темір жол айырымының маңындағы тарихи орын, осы жерде ХІХ ғасырдың 30-жылдары қазақ пен түрікпен қақтығысы болып, Құлбарақ батыр қаза тапқан. Жалпы Қайдақ сордың шетінде, № 10-разьезге тіке жүретін бағытта осы қырғынның естелігі ретінде «түрікпен түнеген», «түрікпен сүйегі» деген жер аттары сақталған.

Қырғынсай    жер аты; Cүйінғара (№ 10) темір жол айырымының маңындағы тарихи орын, 1931-жылы 14-сәуірде осы жерде кеңес үкіметінен қашқан қазақтар қырғынға ұшыраған (Ә.Спанов).

Қырқын    қорым; Онды аулынан оңтүстік-шығыста 17 км жерде.

Киргин.

Қырмық    қорым; Қараған түбекте Форт-Шевченкодан шығыста 20 км жерде.

Қырықкез    қорым; Таулы Маңғыстауда, Шайыр аулынан солтүстік-солтүстік- батыста 12 км жерде.

Қырыққұдық    құдық; Маңсуалмас өңірінде, Бейнеу кентінен солтүстік-солтүстік- шығыста 50 км жерде.

Қырыққұдық    Бейнеудiң терiстiк бетiндегi құм жиегiнде. Қосқұлақ Амантұрлының бейiтi, Ноғайты бұрын Сисенбай деп аталған, Сисенбай – ноғай молдадан оқып, бала оқытқан, мешiт салған бiлiмдi кiсi. Ноғайты өңiрiнде Қасқырiшкен, Тасқұдық, Қырыққұдық, Көң шыңырау, Ақойық, Терiскендi, Кiлжан, Балапан аталған жер аттары бар

(Ж. Нәренбайұлы. Болашағын ойлаған ауыл – Ноғайты. Маңғыстау. 2003. 11 қараша).

Қырыққыз    жер аты; Қырыгыз Солтүстік Үстіртте

Қырыққыстау    қорым; Үстіртте, Ұялыдан солтүстік-батыста 33 км жерде.

Қырықмерген    жер аты; Қараған-Босаға өңірінде; үзінді – Қырық мерген қыршынынан қиылған сай тұйығы – Қырықмерген, кешегі қолдың алды жетіп ұрыс салған төбе — Кішіқырғын, соңы келіп үлгеріп, шайқасқан дөң Ұлықырғын – бұдан былай ол жерлер осындай атқа ие. Әлгінде, бұлар оралып келгенде, ақтарылған ішегін өлтірген жауының дулығасына салып, жинап отырған Шегем Мәмек батырдың ата күлдігі осы жер болатын.  Балуанияз-Балтеке жорығына байланысты.

Қырықмылтық    қорым; Қараған түбекте  Форт-Шевченко – Таушық жолының бойында. Форт-Шевченкодан шығыста 22 км жерде.

Қырықсегіз    құдық; Оңтүстік Үстіртте, Маңғыстаудың өкшесінде, қазақ-түрікпен шекарасында.

Қырықшілтен    қорым; Қараған түбекте, Ащымұрын мүйісінен оңтүстікте 25 км жерде.

Қырымқұл    қорым; Жетібай кентінен солтүстік-шығыста 25-30 км жерде, Қарасажы (Қарашажы) алқабында. Қырымқұл руының қауымы. Осында Адайдың атақты биі Ғафур Қалбин жерленген дейді.

алқап; Қарашажы-Торбасы деп те аталады. Бекі мен Жарма аралығында, Жетібай кентінен солтүстік-шығыста 25-30 км жерде, Кәпіртамның оңтүстік-шығысындағы жер, мұндағы үлкен зираттағы жерленгендердің көпшілігі медеттердікі, ертедегі Медет батырларынікі көрінеді. Осы алқапта Қырымқұл қорымы бар.

Қыстауой    алқап; Үстіртте, Түпқараған шаруашылық жерінде.

Қысыққұдық    жер аты; Бейнеудің ойында

Ләтіпқазған    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

алқап, құдық; Үстіртте, Сүмбетемір-Алан мен Есен-қазақ өңірлерінің аралығында, Бейнеуден оңтүстік-оңтүстік-шығыста 95-110 км жерде.

Лыр    құдық, Иiрдiң ойының оңтүстік-шығыс шетiнде.

Мадет    мола, Қайдақсор мен Құрұмсаның соры арасында, Тигеннен шығыста 26 км, Жармыштан солтүстікте 41 км, Ауызорпа қыстағынан оңтүстік-шығыста 10 км жерде.

Мадияр    қыстақ, алқап; Бозашы түбегінде, Қызан-Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Мажекен    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Мазар    мола; Қараған түбекте, Аралды аулынан солтүстік-шығыста 3 км жерде.

Мазарлы    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 25 км, Аралды аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 2 км жерде.

Мазарлы    теңіз мүйісі; Сеңгірлі және Суе мүйістерінің аралығында, Темір-бабадан 65 км жерде.

Майбұлақ    Мырзайыр мен Басқұдық

Жылқыға жаман болғасын,

Айтпай кеттiм қас қылып.

Бекi менен Сәубеттiң

Төрткiлi жатыр қасқиып.

Қандыбас пен Жантақты,

Ұйқылы мен Боржақты,

Үшқиы, Саура ортада,

Айтпай кетер деп пе едің,

Сауытты мен Құйжақты?

Балша, Шіңгір суың бар,

Ел келгенде паналап,

Майбұлақ, Қарасеңiрек

Мал жаюға кеңірек…

 

Майемер    Мына үзiндi; Аңшы Нұр.. бастауын ата-баба қонысы сонау Аданың сүзбе суынан ауызданып, дәстүрлi кәсiптi жалғастырған аңшының өмiр жолы Майемер, Балой, Бiрқарын, Сүйретпе, Қансу, Сарбұлақ, Көгесем, Аққуыс, Арқарбұлақ, Үкiлi, Шайтанкүп, Шаңырақкүп болып, қысқасы шалқар Маңғыстауды шарлаған..

Майкөмген    алқап;

Майқа    қорым; Бозашы түбегінің батыс жағалауында, Красный Долгинецтен оңтүстік-шығыс-шығыста 30 км жерде.

Майлыкөл    шабындық, алқап; Қызан шаруашылық территориясында

Майрамбай    алқап, Бозашы түбегiнде, Қызан маңайында.

Мақамбет    қорым; Бозашы түбегінде, Тигеннен солтүстік-батыста 15 км жерде.

Мақат    қорым; Кендірлі шығанағы маңында, Фетисов аулынан солтүстік-шығыста 2-3 км жерде.

Мақпал    қыстақ; Бозашы түбегінде, Ақшымырау маңында

Максуалкас    қорым; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстік-шығыста 42-43 км жерде.

Мақта жол    тарихи атау; Бозашы түбегінде, нақты маршруты анық емес, тек үзінді – Тасорпа, Құты, Жалпақ, Жиделі арқылы өтетін керуен жолды жергілікті жұрт осы кезге дейін Мақта жол деп атайды.

Мақышбай    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Мақышбай    құдық; Қарынжарық құмынан батыста, Сенек аулынан оңтүстік-шығыста 64 км жерде.

Мамық    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз). Үстiрттегi құдық (“Алан” мақаласын қараңыз).

Маната    құлама жол; Өтестен 24 км жерде.

Манашы    сай, сор-ойпаң; Бейнеу кентінен оңтүстік-оңтүстік-батыста 35-40 км жерде Манашы соры бар, осы сордан басталатын сай (тұзды сулы ащағар) солтүстік-батыс-батысқа қарай 20-30 км-ге ағып, Үстірт ернегі арқылы Өліқолтық сорына (шығанағына) шығады.

Манашы [Борқұдық]    қорым; Үстіртте, Бейнеуден оңтүстік-шығыста 32 км, Ескі Бейнеуден оңтүстікте 15 км.

Маңғыр    Эпостағы жер аты; бұл атау қырымдық эпикалық цикльдегі «Шора батыр» жырында (5-том, 364-б) кездеседі;

Қапталында бар еді

Көлденең жатқан Қаратау —

Қаратаудың басында

Ол Маңғыр деген тау еді

Таудың аты сол едi.

Маңғышлақ    шығанақ; Хасарлы (Каспий) теңізінің Маңғыстау түбегі мен Бозашы түбегі аралығында ендеп сұғынған тұсы. Сарытас және Қошақ деген екі кіші шығанақтан тұрады.

Маңғышлақ    елді мекен; Ақтау қаласы іргесіндегі темір жол стансасы.

Маңсуалмас    аймақ; Солтүстік Үстірттің бір аймағы, Бейнеу кентінен солтүстікке жатқан шыңды-ернекті өңір. Батысында Бөгетай-Беніке алқабымен, шығысында Шағырлы-Шөмішті аймағымен шектеседі.

Здесь речь идет о памятниках урочища Мынсуалмас на с-з окраине Устюрта, которые упоминаются  многими авторами 18-19 вв – Гербером, купцом Данилой Рукавкиным, подпоручиком Алексеевым 2, Л.Мейером, отмечавшим, что каждая крепость вмещала до 300 человек см.: коммент. 72. Археологическое исследование показало, что здесь находится остатки караван-сарая Коскудык 14 в см. Ст. Ю.П.Манылова, Н.Ю.Юсупова, там же. Неподалеку расположено старинное кладбище.

Махмұт Қашғари сөздiгiнде оғыз тiлiнiң мыңар деген сөзiнiң тұма, су көзi, қайнар дегендi бiлдiретiндiгi айтылған.

Масат-ата    әулие; Ұштаған өңірінде, Жарма аулынан оңтүстік-шығыста 15 км жерде.

Матай    құм массивi, Бейнеудiң Сам өңiрiнде. Адайдың Бәйiмбетiнен шыққан, Саммен замандас кiсiнiң атынан шыққан.

Мауякөн    қорым; Ақшұқырдан шығыста 22 км жерде.

Машан    мола, Жармыш аулынан шығыста 16 км жерде.

Машырық    құдық; Сұмса мен Шопан-ата аралығында;

…Қараған мен Босаға,

Қарашық пен Сайқұдық,

Бесоқты мен Тоңаша,

Малы жатыр оңаша,

Оның былай қасында:

Ақшақұйым, Машырық

Айтпайын ба жасырып?..

 

Мая    қорым; Форт-Шевченко – Таушық жолының 37 км-де.

Маяботалаған    жер аты; Оңтүстік Маңғыстауда, Науарбудақ өңірінде.

Маямберді    құдық; Басғұрлы-Жазғұрлы, Қауынды ойыстарының аралығында, Жаңаөзеннен оңтүстік-оңтүстік-шығыста 65 км жерде, Құланды ауылынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 54 км жерде.

Маямола    қорым; Бейнеу ауданы, Опорный темір жол стансасынан оңтүстік-шығыста 60 км жерде.

Мәдримаш    мола; Бозашы түбегiнде, Шебiр мен Қызан ауылдарының аралығындағы жалғыз там. Мәдримаш әулиенiкi деп те аталады, дегенмен осы кiсiге байланысты аңыз бар. Мәдримаш – адайдың Бектемiс руының кiсiсi. Тегi кавказдық, кiрме болса керек. Ауылдың қыз-келiншектерiн зорлап қоймаған соң, оны ұйықтап жатқан жерiнде атанға байлап, тартып өлтiрген.

Мәзенқұдық    құдық; Үстiртте, Сайөтестен шығыс-солтүстік-шығыста 37 км, Ешкiқырғаннан шығыста 9 км, Қонайдың үйiгiнен шығыс-солтүстік-шығыста 17 км жерде.

Мәлібек    құдық; Үстірт өңірі. Сынды асуы маңында, Сайөтестен оңтүстік-оңтүстік-шығыста 30 км жерде (Ұштаған шаруашылық жерінде). Батыр Есұлы деген Табынайдың өз адамы қазған. 1873-жылдың көктемінде орыстың жазалаушы отряды осы құдық басына тоқтағанда, бір қазақ шиті мылтықпен М.Скобелев деген болашақ орыс-түрік соғысының қаһарманын жаралайды (Ә.Спанов).

Мәмбетқазған    құдық; Үстірттің батыс ернегіне жақын тұсында, Бекет-атадан солтүстікте 25 км жерде. Құдықшы Қараш Мәмбет деген кісі қазған.

Мәмбетқазған    құдық; Етекте, Бекет-атадан оңтүстік-шығыста 42 км жерде, Ералиев совхозының жері;

Мәмішқазған    құдық; Солтүстік Үстіртте.

Бегей Мәміш деген құдықшы атынан шыққан; бұл кісі сүйменді лақтырып жіберіп, оның қадалған жерінен құдық қаза беретін болған. Бұл құдық Бегей Қарамеңді байдікі екен.

Мәстек    қорым; Бозашы түбегінде, Шетпе-Қызан тас жолының бойында, Тигеннен солтүстік-шығыста 40 км жерде.

Мәтжан шыңырау    құдық; Үстіртте, Тәңке деген жердегі  құдық. Оны қаздырған атақты Мәтжан би де, қазған құдықшы Бейнеубай екен [А.Әбдіров]

Мәулі    құдық, алқап; Бозашы түбегінде, Қызан-Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Медет    Сайөтестен шығыс-оңтүстік-шығыста 106 км жердегi құдық, Айтман мен Ердалы құдықтарын жалғастыратын жол бойында (Айманнан солтүстік-шығыста 13 км, Ердалыдан оңтүстік-батыста 20 км жерде). Адайдың Медет руының адамдарына байланысты болуы мүмкiн.

Құдық; “Ақырында Ердалы бағытындағы Медет құдығынан 16 км жерде автокөлiк бұзылды…”.

Медетмола    қорым; Бейнеу ауданы, Опорный темір жол стансасынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 40 км жерде.

Мейіз    қорым; Ақтаудан солтүстікке 20-25 км жерде.

Меке    қорым; Бейнеу ауданы, Опорный темір жол стансасынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 50 км жерде.

Меңдікүп    жер аты; Оңтүстік Бейнеуде

Мергенбай    қорым; Ақтаудан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 22 км жерде.

Мерет    Оның былай қасында:

Қарақұдық, Қараған,

Әтiре, Талшық, Мерет бар.

Айта берсем таусылмас,

Жыршыңызда дерек бар.

Жаз жайлауға күн ыссы,

Қарағашты, Борлы, Үдек бар..

Терiсжаға жерiнде

Жайлай қалсаң, күзек бар…

 

Мерет    бұлақ; Қараған түбекте.

Мешітбай    қорым; Жетібай кентінен солтүстік-шығыста 7-8 км жерде. Отаралы деген көне қорымның жаңа атауы болуы мүмкін. Мешітбай Жарылғасов (1895-1962) — Өтеулі руының адамы.

Мешiтсу    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Мешітсу    құдық; Үстіртте, Онды шаруашылық территориясында.

Мешiттi    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Моған    қорым; Таулы Маңғыстауда, Жармыш аулынан шығыста 17 км жерде.

Може    Үстiрттегi құдық, құм (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Мойнақ    жер, фонтан. Шайыр аулының батыс жағында.

Мола    қорым; Форт-Шевченкодан солтүстік-шығыста 6 км жерде.

Молабай    құдық; Орталық Үстіртте, Құсшы-ата (Қошата) құдығының солтүстік-шығыс жағында, Бекет-атадан солтүстік-шығыс-шығыста 140 км жерде.

Молақұдық    құдық; Үстірттің солтүстік ернегінде, Шөміштікөл сорының батыс жағында, Бейнеу кентінен оңтүстік-шығыста 80 км жерде.

Молалытұмсық    “Бескемпiрден құлап, бiр жол Молалытұмсықтағы ауылға, бiр жол Селеулi қораға айырылатын едi”.

Молаорпа    қыстақ; Бейнеу ауданы, Маңсуалмас өңірінен солтүстік жақта, Жаршеке тауына таяу жерде; Опорный темір жол стансасына шығыста 100 км жерде.

Молбай     жер аты; Үстіртте, Жармыш шаруашылық территориясында.

Молдабек    шабындық, алқап; Ақшымырау шаруашылық территориясында

Молдыбай    қорым; Жетібай кентінен шығыста 42 км жерде.

Молдыбай-шыңырау    құдық; Жаңаөзеннен оңтүстік-батыста 35 км жерде.

Молқұдық    құдық; Солтүстік Үстіртте

Момыш    қорым; Сам өңірінде, Тұрыш аулынан солтүстік-батыста 24 км жерде.

Мөңке    құдық, жер аты; Үстіртте, Жыңғылды шаруашылық территориясында, темір жолдың шығыс жағында.

Мөңгер    жал, алқап; Бозашы түбегінде, Ақшымырау шаруашылық жеріндегі Жанызақ өңірінде. Осы жал үстінде 1921 жылы асыра сілтеудің құрбаны  болған үш шәһит жерленген.

Мұзбел    жал-белес; Орталық Үстіртте, Қарамая-Көгесем маңынан басталып, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 80 км-ге созылып, Қарынғұрлы аңғарымен аяқталады. Терістік жағында Төлеп аулы бар, биіктігі 250-340 м.

Мунает    қорым; Бозашы түбегінде, Шебір аулынан солтүстік-батыста 65-70 км жерде.

Мұнаймола    қорым; Сам өңірінде, Сам-1 аулынан солтүстік-шығыста 112 км жерде.

Мұнайшы    елді мекен; Жетібай кентінен оңтүстікке 12 км жерде, Жетібай темір жол стансасының іргесінде, Ақтау-Жаңаөзен жолының бойындағы жұмысшы кенті.

Мұңат    Қалнияздың айтқаны:

Басында Жартышеке әкем қалды;

Маңында Мұңат суы шешем қалды;

Кешегi үзеңгiлес ерлерiмнен

Көнеде Сүгiр менен Есен қалды,

Тұрмамбет, Балуанияз Босағада

Төменде Сары менен Төкен қалды…

Мұрыншық    теңіз мүйісі; Бозашы түбегінің солтүстік шеті. Бұрыншық деп те атала береді.

Мүлкаман    жер аты; Қарақия ауданы, Ералиев совхозының шаруашылық жерінде.

Мүсiрбай    Үстiрттегi құдық (“Есен-қазақ” мақаласын қараңыз).

Мүсiреп    Үстiрттегi құдық (“Есен-қазақ” мақаласын қараңыз).

Мұрын    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Мықтыбай    алқап; Оңтүстік Бейнеуде

Мықтұрлыбай    қорым; Үстіртте, Ұялыдан оңтүстік-шығыста 110 км жерде.

Мыңкісі    қорым; Бозашы түбегінде, Қайдақ сорына таяу жерде Ақшымырау аулынан оңтүстікте 25 км жерде.

Мынқыз    қорым; Бозашы түбегінде, Қызан аулынан оңтүстікте 10-12 км жерде.

Мырзайыр    қорым; Оңды аулынан оңтүстікте 25-30 км, Ұштаған аулынан батыс-солтүстік-батыста 15 км жерде, Оның оңтүстігінде солтүстік-батыс-оңтүстік-шығыс бағытында 22 км-ге созылған жiңiшке Мырзайыр соры, сордың оңтүстiгiнде, Басқұдық құмының солтүстік жиегiнде Мырзайыр қыстауы бар..

Мырзайыр    сор; Басқұдық құмының қасында; Мырзайыр-Басқұдық деп те аталады. Осында Әбді Қожаұлының мешіті болған.

Мырзан    жер аты; Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Мысық    жер аты; Үстіртте, Жармыш шаруашылық жерінде.

Мыштыбай    алқап; Бозашы түбегінде, Ақшымырау шаруашылық жерінде, шабындықты алқап

Мырзалы    қорым; Қараған түбекте, Ащымұрын мүйісінен оңтүстік-оңтүстік- шығыста 27 км жерде.

Мырзатай    тау; Солтүстік Ақтау жотасының Таушық аулы тұсындағы сілемі.

Жалпы Солтүстік Ақтау жотасының Таушық аулы маңындағы бөлігі үш жотадан тұрады; батысы — Қаушы, ортаңғысы — Емді, шығысы — Мырзатай, соңғы екеуінің арасымен Емді қапысы өтеді.

Мысық    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Мiнер    Оның былай қасында:

Жиделi мен Ақбұлақ,

Қыстың күнi болғанда,

Ащы судан iше алмай,

Мұз ояр елi шапқылап.

Оның былай қасында:

Үдек, Мiнер суың бар,

Мiнер судың басында,

Қалың қамыс нуың бар…

 

Найза    алқап; Үстіртте, Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Найзақара    қыстақ; Сам құмында, Тұрыш кентінен оңтүстікте 16 км жерде.

Найзакар    Қызыләскерден солтүстік-шығыс-шығыста 19,5

Нақбай    қыстау; Жармыш шаруашылық жерінде, Шетпе кентінен солтүстік-шығыста 28 км жерде.

Нақыған    әулие; Бозашыдағы Жиделі жерінде, Дәулеталы руынан шыққан қасиет қонған кісінің атына байланысты.

Намаз    жер аты; Бозашы түбегінде, Қызаннан солтүстік-шығыс-шығыста 44 км жерде.

Намазшағыл    төбе; Бейнеу ауданы, Қарақұм массивінің оңтүстік бөлігінде, Опорный темір жол стансасынан оңтүстік-батыста 35 км жерде, биіктігі (-9 м).

Нарсойған    алқап; Бозашы түбегі, Ақшымырау шаруашылық территориясында

Науарбудақ    төбе; Қабақты (Кендірлі-Қаясенирек) өңірінде, Темір-бабадан шығыста 54 км, Жаңаөзеннен оңтүстік-оңтүстік-шығыста 93 км жерде.

Николаевское    тарихи атау; Қарағантүптегі орыс елді-мекені, бүгінгі Форт-Шевченконың аумағында қалған.

Нгез    құдық, Ұштаған аулынан батыс-оңтүстік-батыста 10 км жерде, Басқұдық құмының шетiнде.

Нияз    қорым; Таулы Маңғыстауда, Жыңғылды аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 45 км жерде, темір жолдың қасында.

Ниязбұлақ    алқап; Батыс Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайында, Шетпе кентінен батыста 3 км жерде.

Ноғайлық    қорым; Бозашы түбегінің шығыс бөлігіндегі Үлек деген жерде, үзінді – сол қауымның аты, кейіннен, Ноғайлық болмай Үлек, судың аты да Үлек болып кетеді.

Ноғайты    елді мекен; Сам құмының солтүстік шеті, Бейнеу кентінен шығыста 60 км жерде.

Бейнеу ауданындағы қазiр де көптеген жер аттары 1940-61 жылдар аралығында жайлаған байғаниндік совхоздардың атауларымен аталады. Олардың көне атаулары бар, мысалы, Аманкелдi – Тектұр, Қызылжұлдыз – Шолақ, Ноғайты – Сисембай, Теректi – Қошмағанбет, Қызыләскер – Тұрман, т.б.

Бейнеудiң терiстiк бетiндегi құм жиегiнде. Қосқұлақ Амантұрлының бейiтi, Ноғайты бұрын Сисенбай деп аталған, Сисенбай – ноғай молдадан оқып, бала оқытқан, мешiт салған бiлiмдi кiсi. Ноғайты өңiрiнде Қасқыр iшкен, Тасқұдық, Қырыққұдық, Көң шыңырау, Ақойық, Терiскендi, Кiлжан, Балапан аталған жер аттары бар

(Ж. Нәренбайұлы. Болашағын ойлаған ауыл – Ноғайты. Маңғыстау. 2003. 11 қараша).

Норсе    Үстiрттегi төбе (“Есен-қазақ” мақаласын қараңыз).

төбе; Үстіртте, Есен-қазақтың оңтүстік жағындағы Ләтіпқазған алқабында, Бейнеу кентінен оңтүстік-оңтүстік-шығыста 94 км жерде, биіктігі – 123 м.

Нұралда    қорым; Бозашы түбегінде, Қызаннан оңтүстікте 32 км жерде.

Нурбалка    мола, Ауызорпа қыстағынан оңтүстік-шығыста 3 км, Тигеннен солтүстік-шығыс-шығыста 21 км жерде.

Нурбиби    Сенектен оңтүстік-шығыста – 70

Нұрман    қорым; Ұштаған аулынан солтүстік-шығыста 6 км жерде

Нұржан    алқап; Үстірттің батыс ернегіне жапсарылас аймақта

Нұрқабай құдығы    құдық; Форт-Шевченкодан шығыста 35 км жерде. Нұрқабай-Қыдырша руынан шыққан ауқатты кісі, ол 1916-жылдар шамасында Бөкен-Жеменей Қайнарбайға қаздыртқан. Сол жердегі қорым да осы аттас.

Нұрқара қошқартас    Нирубай, жер аты; Бозашы түбегінде, Ақшымырау аулынан шығыста 4 км жерде.

Нұрмағамбет    Опорныйдан оңтүстік-батыста – 50

Нұрмағанбет    қорымдық, құдық, Жыңғылды аулынан оңтүстік-батыста 39-40 км, Ақтау қаласынан 45 км-дей жерде.

Нұрмағамбет    жер аты; Қарақұдық шаруашылық территориясында

Нұрмағамбет кесенесі    қорым; Ақтаудың терістік бетінде 35 км жерде.

Нұрыштам    Форт-Шевченкодан шығыста – 45

Нысан    Үстiрттегi төбе (155 м), Ердалы құдығынан шығыста 16 км жерде. Орысша картада “Низан” деп жазылған. Оңтүстік-батыс беткейiнде белгiсiз мола бар.

Оба    Құрықтан солтүстік-батыс-батыста – 27-30

Обажан    жер аты; Солтүстік Үстіртте

Оғланды    Сенектен шығыста-95, Оғланды алқабы

Оланата    Қарашек көлінен солтүстікте — 30

Оват    құдық, Бозашы түбегiнде, Тигеннен солтүстік-батыста 20 км, Қошақ құдығынан шығыс-солтүстік-шығыста 9 км жерде.

Оймашы    Оймаша, жер аты; Қарақия ауданында, тұз кені бар. 1981-жылы қазан айында мұнай кені пайдалануға берілді.

Ойранбасы    тақыр, Жетiбай темір жол стансасынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 13 км жерде.

Олжа    қорым; Ондыдан шығыста 10 км жерде.

Олжабай    Фетисовтан оңтүстікте – 75 км жерде

Олжақыз    мола, Бекi аулынан солтүстік-солтүстік-шығыста 34 км жерде.

Ондыдан оңтүстікте 10 км жерде.

алқап; Ондыдан оңтүстікте 5 км жерде.

қауымдықтың атауы, Қалматайдың қара жалы деп аталады. Олжаның қызын (олжа – ру ма, әлді есім бе, белгісіз) күйеу жігіт пен Қалматай алып қашады. Қуғыншылар жеткен жерінде Қалматайды өлтіріпті. Содан соң қуғыншылар қыз бен жігітті де қуып жетіп өлтіреді. Қазір үшеуінің де моласы бар, бір-бірінен 3-4 шақырымдай қашықтықта. Олжаның қызы, Қалматайдың қауымы, күйеу там Онды аулынан 5-6 км жерде.

Омар-ата    Үлкен Балқан жотасының батыс етегiндегi қорымның аты.

Омар мен Тұр кесенесі    Ескі Бейнеуден шығыста – 20

 

Онғазы    тау биігі; Таушық аулынан терістік батыстағы Солтүстік Ақтау жотасы сілемінің биік жері (биіктігі — 234 м).

Онды    елді мекен; Шығыс Қаратау жотасының күнгей беткейінде, Шетпеден шығыс-оңтүстік-шығыста 23 км жерде. Ағашты-Онды деп те аталады. Оның аты 1642-жылы қалмақтың бір тайпасын басып алған Даян Омбы, оның туысы Маңғыстауды басып алған Дундук Омбының есімдерімен байланыстырылады.

Оның былай қасында:

Ағашты, Шонжы, Онды бар.

Шоң деген судың басынд,

Құрманалы хазiрет,

Мешiт салған Қоңды бар.

Одан әрi жүрсеңiз,

Өңеже мен Шилi бар.

Бұрынғы өткен қарттарда

Нендей дана, милы бар…

 

Оңайкеткен    Үстiрттегi құдық, Қадырша құдығынан оңтүстік-оңтүстік-батыста 19 км жерде, Ералы өңiрiнiң солтүстік-шығыс, Қаратүлей-Елтеже түлейiнiң оңтүстік-батыс бетiнде.

Оңғарбай    Үстiрттегi құдық, Ердалы құдығынан солтүстік-шығыста 8 км жерде.

Оразалы    жер аты; Үстіртте, Жармыш шаруашылық жері

Оразалы    қорым; Ондыдан оңтүстік-шығыста 2 км жерде.

10 км жерде.

Орақ    Үстiрттегi құдық (“Елтеже” мақаласын қараңыз).

Ораққазған    құдық; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жері.

Оралбай    құдық; Бозашы түбегінің Ақшымырау-Қызан аймағында, Мәстек жақта, нақты орны анық емес. Қызанның терiстiк жағында. Құдықты Қарабатыр Қабанбайұлы 1920-шы жылдары қазған.

Орпа    жер; Жыңғылды аулының батыс-оңтүстік-батысында 4 км жерде.

Орпалыой    құдық; Үстіртте, Бекет-атадан солтүстік-батыс-солтүстікте 36 км жерде, Қарақұдық шаруашылық жері.

Орпалыой    жер аты; Үстіртте, Ұштаған шаруашылық жері.

Орпалы ой    жер аты, Онды шаруашылық жері..

Орпасай    жыра, Онды аулынан оңтүстік 3 км жерде.

Орта    жер аты; Бозашы түбегінде, Шебірден солтүстік-солтүстік-шығыста 55 км жерде.

Орфа – Шiлмәмедқұмдағы ауыл.

Отарбай    Тұщықұдықтан оңтүстік-шығыс-шығыста — 30

Ортаеспе    жер аты; ертеректе Керел, 1956-жылдан кейін Ортаеспе деген ауыл болған, бүгінгі Қаламқас мұнай кеніші тұрған алқаптың ескі аты.

Орта Қараған    Бiздiң топ Көгесем құдығынан су iштi де, Қаражардың сайына құлады. Орта Қараған биiгiнiң баурында Тоқабай қорымы бар. Соның терiстiк қарсы бетi – жақпарлы тау. Сол таудың етегiндегi үңгiр. Үңгiрдiң астында ойық апан… Төбесi 3-4 м, енi он қадамнан кең, үлкен дәлiз. Көл бар.

Орташа    құдық; Бозашы түбегі, Тұщықұдық аулы маңында, нақты орны анық емес, тек үзінді – Қызылқұмның оңтүстік іргесінде Уә, Орташа, Тұщықұдық, Сорқұдық, Көндіқұдық, ал солтүстігінде Қайлы, Бекше, Ақшақұдық, Төртқұдық, Шәудір, Егдір, Кәрі, Қызылқұдық, Тасқұдық т.б. орналасқан.

Ор    Қашаған Күржiманұлының “Атамекен” дастанында сақталған:

Бiрнеше күндер өтедi,

Қаратүйе, Маната

Деген жерге жетедi.

Маңғыстау да сол күнде.

Қалың еулық жер екен.

Бозарыстың түбінде,

Қарашағыр, Шадас құдық,

Ордың бойы ел екен (Қ.Сыдиықов. Алқаласа әлеумет. А. “Жазушы”. 1991. 80-б.).

Ороус    Үстiрттегi құдық, Ердалы құдығынан батыс-солтүстік-батыста 12 км жерде.

Орындықты    Опорныйдан батыста – 5

Орыс    жер аты; Қарақұдық шаруашылық жерінде.

Орысқырылған    микротопоним; орны анық емес, тек үзінді – қазіргі Маңғыстау ойындағы Орыс қырылған, Кәпірмола дейтін қойымдықтар сол Толстовтың (атаман) Маңғыстау жорығының молдадан жазылған деректері.

Манатаның астындағы Орыс қырылған деген жерде қаңқиған зеңбiректер, оның томарлана тот басқан оқтары, адам басы сиғандай патрон-гильза, адамның, малдың қаңқа сүйектері кездеседі, генерал Толстов әскерiнiң суыққа тоңып, қырылған жерi екен. Бұл жерде қызыл комиссар Сыдиық Жұбайұлы (кейiн Тобанияз Әлниязұлымен бiрге 1930 жылы атылған) басшылығымен халық жасақшылары Толстовтың әскерiн қыстың күнiнде бiр ай Манатаның жолымен құлатпай, тосқауыл жасап, жолын байлаған. Орыс әскерлерi бұдан құтылудың жолын iздеп, Орыс қырылған жерден жол жасауға мәжбүр болған. Сол жолдың құлауында бұлар бiраз техникасынан, әскерiнен, көлiктерiнен айырылған. Бұл жер содан кейiн осылай аталып кетедi.

Ословой    Үстiрттегi құдық, Сайөтестен оңтүстік-шығыста 27 км жерде.

Отар    Опорныйдан батыста — 34

Отар    жер аты; Үстіртте, Онды шаруашылық жерінде.

Отаралы    жер аты; Жетібайдан солтүстік-шығыста 10 км, Бекі аулынан оңтүстік-оңтүстік-шығыста 25 км жерде.

Отпан    тау биігі; Батыс Қаратаудың ең биік нүктесі, облыс бойынша, 2-ші орында (биіктігі- 532 м), бірақ жергілікті қазақтар осы тауды түбектің ең биік жері деп есептеп келген.

Отындымұрын    жер аты; Баянды аулы мен № 16 темір жол айырымы аралығында,

№ 5 уран карьері пайдаланылуына байланысты бұл алқап бедері астан-кестен етілген.

Отыншы    Ұялыдан солтүстік-батыста – 20

Отыншы    жал; Бозашы түбегінде, Ақшымырау шаруашылық жеріндегі Жанызақ алқабында.

Өгіз    құдық, Ұштағаннан шығыс-солтүстік-шығыста 26 км жерде.

Өгiзбай    Үстiрттегi құдық, Қадырша құдығынан оңтүстік-батыста 4 км жерде.

Өгізбай    жер аты; Үстіртте, Ақшымырау шаруашылық жері.

Өгізбайсары    қорым; Маңғыстау мен Қарақалпақстан шекарасы, Қарақалпақия разьезінің маңайында, осында руы Тобыш-Бегейден шыққан Қыдырша әулие (1912-жылы өлген) жерленген.

Өреуiл    Құдық, Ұштаған аулынан солтүстік-шығыста 24 км жерде.

Өгіз-Өреулі    елді мекен; Ұштаған аулынан солтүстік-шығыс-шығыста 24 км жерде.

Қалнияз Шопықұлы

Аттаныпты жау жәуміт…

Ұлы жолдың бойымен,

Маңғыстаудың ойымен,

Жанашыға шығыпты,

Қарашыдан өтіпті.

Өгіз бенен Өреуіл,

Мұнан да асып кетіпті.

Қаратауда егінші ел

Бұлар шығар десіпті.

Шырын алмай көзінің,

Күн-түн қатып жетіпті.

Ебелекті судың басымен,

Қаттықұдық қасымен,

Қарауылкүмбет қағымен,

Тырғаяқтап салыпты.. түрікпендердің жасағының маршруты осындай (Оразмеңді, Ақмәмбет, Бөрі батыр Бақы).

Ескелдi Сүгiр Бегендiкұлы (1894-1974) Өгiз-Өреуiл деген жерде дүниеге келген.

 

Қатты ұйы, Елiк, Өгiз-Өреуiл —

Түрiкпеннiң жерi екен.

Қара атын қиғаш мiнгiзген,

Батыр туған сол күнде,

Аты аталған Көреғұл,

Оның былай қасында:

Тау тұмсығы – Бердалы,

Жаңғызеспе, Маната,

Сөге көрме сөзiмдi,

Манағы айтқан жерiңе,

Жаңа келдiм, жан ата…

 

Өжен    алқап, шабындық; Ақорпа-Өжен деп те аталады. Бозашы түбегінде, Тұщықұдық шаруашылық жерінде.

Өзбек    Жыңғылдыдан оңтүстік-батыста — 50

Өзен    Қызылсай (Ескіөзен) кентінің ауызекі тілдегі атауы.

Өзен    ойыс; 1961-жылы қыркүйекте тұңғыш газ фонтаны атқылаған жер. Өзен және оған жапсарлас Талақ, Қарамандыбас ойлары жөнінде Оразмағамбет айтты деген сөз сақталған; Маңғыстаудың қатар жатқан мына бір үш ойына үңілмейтін адам болмайды, осы үшеуін Маңғыстаудың кіндігі десе де болады (Ж.Көңілімқосұлы. Маңғыстау 25.06.1992)

Өзенащы    жер аты; Жаңаөзен маңында

Ульджалыз    Ондыдан оңтүстік-шығыста — 10

Умир    Тұщықұдықтан оңтүстік-оңтүстік-шығыста — 14

Өмір    қорым; Бозашы түбегінде, Тұщықұдықтан шығыста 5 км жерде.

Өмірзақ    елді мекен; Ақтау қаласының түбінде, теңіз айлағы маңында. Осылай деп аталуы осы жерді, яғни Қолтықты мекен етіп өмір сүрген Адайдың бес зорбай (Араб, Әмед, Үмбетей, Өмірзақ, Жанұзақ) руының бірі Өтеғұлдан туған Өмірзақ деген кісі атымен байланысты, сол кісінің бейіті де осы алқапта және кезінде Өмірзақ құдығы деген де болған.

Өмірзақ;    Ақтаудан оңтүстік-шығыста — 15

Оның былай қасында:

Қосойық пен Еже бар.

Қарақұм мен Қызылжар,

Өмiрзақ пен Ақеспе,

Қошқарата, Құйрық, Қолтық бар.

Қаражалшы, Ақшұқыр,

Хажы болып Машырық,

Медресе, мешiт салдырып,

Бала оқытып жақсы тұр…

Умыс    Тұщықұдықтан оңтүстік-оңтүстік-шығыста — 8

Өнере    алқап; Оңтүстік Маңғыстауда.

Ақбастан құлаған жол Өнереге қарай..

Осы Қарынжарық құмынан өте бере … Қарамая, Көгесемге дейiн созылып жатқан Кендiрлiнiң соры басталады. Сор басталар жерде атақты Өнеренiң бұлағы. Суы ащы. Жер астынан шығып, қайтадан жер астына кiрiп жатқан су.

Сүмбеден қарағанда алыстан тұлғаланып, Үшшоқы көрiнедi… Аз жүргеннен соң, әйгiлi Өнере тауына келдiк. Осы жерде бiз сарқырап ағып жатқан жер асты өзенiн көрдiк. Жерасты өзенi де кәдiмгi тау суындай күркiреп ағып жатыр. Қызығы, бiз тұрған жерден 100 м-дей әрiректе бұл өзен жер бетiне шығып, тағы да 100 қадамдай көрiнiп ағады да, қайтадан жер астына құлайды екен. Кеден бекетi бар. Өнере тауының етегiнде бiрнеше үңгiр бар. Соның бiрi – Құрмаштың үңгiрi.

Мрамор құдығынан 18-20 км жерде Өнере жер астынан шығып, жер астына қайта құйылып жатқан жойқын суға тап боласыз. Табиғат жаратылысы, осыншама су  дүрiлдеп шығып, күрiлдеп жер астына кетiп жатыр. Суы ащы, теңiз суы болуы керек… Өнере суынан 75-80 км жерде орналасқан Булыойық жерасты үңгiрi кездеседi. Бұл Ақсексеуiл жерiнен 20 шақырым күнбатыс бағытта. Емескiлеу, жерде, елеусiз. Дәл үстiнен түскендер, немесе дәл бiлушi болмаса табу қиын. Сай шығыстан батысқа қарай орналасқан алаңда. Сайдың басында, құлама жардың астынан үңгiрге кiруге болады. Үңгiр басталысы кең, биiктiгi 2,5-3 метрге дейiн. Тереңдiгi 220 метр жолды жүрiп, түсу қиын. Тастардан түсу, оған шығу алғашында қиынға соғады. Халықтың, көне көз қариялардың айтуы бойынша бұл үңгiр Сүйретпе деп аталған екен. Сонау жер астынан меске су алып, оны түйе тайлы баурайдан сүйретiп алып шығады екен. Бертiн келе жол бойында жоғарыдан тастар құлап, түсу қиындап кеткен. Ал Булыойық аталуы қыстың күнi жер астынан жылы ауа шығып, буға айналып, әлгi үңгiрден будақтап шығатындықтан атаған болуы керек.Үңгiрдiң бастамасында тас астау бар. Сол астауға жерасты суын алып, ат көлiктерiн суарған болуы керек. (Қ.Игiбай. Зерттеуiн күткен жерлер көп. “Маңғыстау”. 2004. 19 ақпан.)

Өңеже    Оңғазы (Таушық маңындағы) тауының екінші атауы.

Өңеже    бұлақ, Онды аулынан шығыста 14 км жерде.

сулы алқап; Онды аулынан шығыс бетте

Оның былай қасында:

Ағашты, Шонжы, Онды бар.

Шоң деген судың басында,

Құрманалы хазiрет,

Мешiт салған Қоңды бар.

Одан әрi жүрсеңiз,

Өңеже мен Шилi бар.

Бұрынғы өткен қарттарда

Нендей дана, милы бар…

 

Өрдек    теңіз мүйісі, әулие аты, қыстақ, көне қиранды; Қараған түбекте, Форт-Шевченкодан оңтүстікте 11 км жерде. Өрдек қыстағының іргесінде Күмбет қорымы бар.

Өрдек    жер аты; Өрдек суы деп те аталады. Ә.Кекілбаевтың жазуына қарағанда ол қалмақтың Хо-Урлюктің есімінің қазақыланған түрі, бірақ қазақтарда Өрдек есімі қыпшақ дәуірлерінен бар. Еріклік-Эрлик образының бір варианты, осы күйінде мадияр тілінде сақталған. Сондай-ақ Кенже-Жеменей руының бір атасы да Өрдек деп аталғандығына қарап, осы судың сол ру өкілдерінің мекендеген жері не құдығы болу мүмкіндігін де айта кетеміз.

Өреулі    Өреуіл, жер аты; Ұштаған аймағында

Өрмелі    құдық; Үстірттің ернегінде, Сайөтестен батыста 20 км жерде.

жер аты; Үстірттен Ойға түсетін құлама жолдың бірі, нақты орны анық емес, тек үзінді – Үстіртке шығу мен қайта ойға құлау үшін, бірнеше жерден керуен көш жолы жасалған. Олар — Өрмелі, Құртташы, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Маната, Кертті-Сынды, Бөрібас-Бағда, Аққұс-Шөжік, Қаражар, Босаға т.б..

Өтебайқазған    құдық; Үстіртте, нақ орны анық емес. Құдықшының атынан шыққан.

Өтебай    Форт-Шевченкодан шығыста — 15

Өтебай    Сенектен оңтүстік-шығыста – 135-140

Өтебай    Үстiрттегi құдық (“Уәлi” мақаласын қараңыз).

Өтебай    жер аты, нақты орны анық емес, тек үзінді – Қаратөрткүлде Досмағамбет-Өтебай деген суы мол құдық бар. Оны Кайнарбай (бөкен-жеменей) деген құдықшы қазған.

Өтебай    жеке мола; Қараған түбекте, Ақкетiк қыстауының шетiнде.

Өтеғұл    жер аты, Ұштаған аймағында

Өтеғұл    Өтеғұл шағылы, құм; Сенек-Сұмса маңайында. Айналасында Сайын, Бесоқты, Доңаша деген сулар бар.

Өтес    Сайөтестен солтүстік-батыста — 5

Өтес    Өтес немесе Сай-Өтес, темір жол станциясы, ауыл. Үстіртте, Ақбота Байгелдіұлы Өтестің атынан шыққан, сол кісінің моласы осы маңда. Өтес – атақты Бүркіт деген сынықшы-емшінің әкесі.

Өтесуын    Үстiрттегi құдық (“Алан” мақаласын қараңыз).

Өтеу    Үстiрттегi құдық (“Алан” мақаласын қараңыз).

Өтеу    жер аты; Үстіртте, Ақшымырау шаруашылық жерінде.

Өтешөлген    алқап, Бекi аулынан 35-42 км жерде.

Өткелбай    Тұрыштан оңтүстікте — 51

Панас    қыстақ; Қызан шаруашылық жеріне кiредi, Бозашы түбегiнде болуы мүмкiн

Прорва    жер аты; Хасарлы (Каспий) теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына таяу маңда, Атырау  облысына қарайды, мұнай кеніші. Қазақтар оны Бірарба деп атаған, 1930-37-жылдары осы жерде концлагерь болған. Бірарба-Қаңбақты жері деп те аталады. Сол маңда Қаңбақты деген жер де бар.

Мысқын    құдық; солтүстік-батыс Үстіртте, оның ернегінің үстінде, Сайөтестен солтүстік-шығыста 70 км жерде.

Порсу    Махмұт Қашғари сөздiгiндегi борсұмақ – борсық.

Рауаш    қорымдық, Ұштаған аулынан солтүстікте 15 км жерде.

Рах    қауым. 1931 жылдың 10 шiлдесiнде қызыл әскер жасағы Рах қауымы жанындағы Үмбетай құдығына келiп түнейдi.

Рауам    Ондыдан оңтүстік-шығыста – 32

Рсадинсин    Опорныйдан оңтүстік-батыста – 27

Тойглы?    құдық, Онды аулынан шығыста 12 км жерде.

Форт-Шевченко    қала; 1928-жылы 19 наурызда қала мәртебесін алған.

Хатым    Тельманнан солтүстікте- 25

Химра    Маңғышлақтағы қорымның аты С.П.Поляковтың еңбегiнде кездеседi.

Шермiшiн – “Едiге” жырының Нұртуған жырау нұсқасындағы (“Мәулiмнияз-Едiге”) Тоқтамыстың, яғни ноғай елiнiң басты топонимдiк көрсеткiшi (231, 276, 288-б), биiк төбе ретiнде аталады. Тоқтамыс осы Шермiшiнге арнап өлең айтады (дәурендеген шағы осы төбемен байланысты, 277-б)

Ялиган    Ақжігіттен солтүстікте – 10

Техникалық себептермен С. Қондыбайдың «Маңғыстаудың жер-су атаулары» кітабын осы күйде беріп отырмыз. Кітап 1989-2000 жылдары баспасөз бетінде шыққан мақалалардан құралған. «Арыс» баспасынан 2010 жылы шыққан.

Кітаптың толық нұсқасын, ғылыми аппарат, сілтемелермен бірге көшіріп алу