АРЫЛУ

Таласбек ӘСЕМҚҮЛОВ

Бұл үйде сағат жоқ. Оның керегі де шамалы. Терезелеріне перде тұтылған қараңғы бөлме сәл ағарғанда тағы бір таңның атқанын, ал таң атса кештің де бататынын, яғни, жомарт Тәңірі тағы бір күн силағанын, тіршілік барын сезер еді. Тіршілігі өз бетінше неше бабтан тұратын тұтас хикая. Алдымен төсектен тұру керек. Көкірек қаңсыған, бас сынған, жүрек лоблыған ерекше қасіретті шақ. Кешегі өткен күнге қарғыс айтқызар махшар сәт. Орнынан әзер тұрған Балжігіт тәлтіректеп жүріп шашылған киімін тауып киеді. Верандаға шығып электр шәугімге шай қояды. Электрдің барына да шүкір. Ал газ таратушылар бұл үй жайлы баяғыда ұмытқан. Ширек сағаттан кейін ағзаларын тазартып, жуынып үйге кіргенде су қайнап дайын түрады. Шайды ащы етіп шығарады. Кейде әлдеқалай аман қалған кырық-отыз тыйын ақша табылса — оны нағыз мереке деңіз. Отыз тиынға бір құты сүт, он тиынға бір күлше нан келеді. Сүт қатқан ащы шай, нан, кешегі той-томалақтан қалған капуста — мереке емей немене! Кейде шөлі қана қоймайды. Ондайда екінші шәугім шай ішіледі. Содан кейін басы сергек, ұлы денесін моншадан шыққандай жанға жайлы ауырлық билеген Балжігіт “Беломордың“ бір талын алып сүйсіне тамашалайды. Бүгін, жаңа ғана көргендей. Мүштігі ақ, өзі сұр хош иісті темекіні асқан еппен сытырлата ұқалайды. Осы рахат күйдің шыңы — папиросты тұтатып алғашқы будақ көк түтінді қолқаға дейін қорқырата тарту сәті.

Темекіден кейін жеңіл ғана құс ұйқы. Күн түске тырмысқан шақта далаға шығады.

Немене, қарның ашты ма? — дейді есіктің алдында тұмсығы мен құйрығы салбырап үнсіз тұрған итке. — Немді беремін, өзім қайыршымын?

Күндегі рәсімді амандық-саулық. Бұның да сөзін тындайтын жан иесі бар екеніне көзі тағы бір жетеді. Жанына тыншу, дару құйылғандай болады.

Рас айтам, — дейді жұмсарып. — Ештеңе жоқ. Әйтсе де қарап көрейін…

Үйден нанның қабығын алып шығады. Құдайы күлшені тістеп алған ит сол үндемеген күйі ұясына кіріп жоқ болады.

Әңгімеміздегі басты кейіпкердің бірі болғандықтан, итті таныстырып отейік. Аты — Пират, яғни теңіз қарақшысы. Алайда осы итгі бір көргсн адам оның бойынан қарақшылық былай тұрсын, итке тән іріліктің ешқандай белгісін таба алмас еді. Иттің сұқыты өте қораш болатын. Неше қар басқан кәрі. Күйісі кеткендіктен түлемейді, жабағы болып кеткен қырық жылғы жүнмен жүре береді. Жасында көп тақсірет көрген, оның бәрін ұмытқан, тек біреуі ғана есінде сақталған. Бірде қатты жауын жауып, бұл ұясының ішінде тығылып жатқан. Кенет аспан мұз сынғандай қатты шатырлады да ұясының алдын жап-жасыл от алды. Ары қарай ештеңе білмейді. Найзағай ұяның алдындағы темір қазыққа түскенін, темір шынжырды бойлай жүгіріп бұны соққанын, бұдан өтіп жерге сіңгенін, қазық пен шынжырдың балқып кеткенін — ештеңені білмейді. Білетіні — бір құлағы естімей қалды, бір көзі көрмей қалды. Абұйыр болғанда істен шыққаны бір жақтың мүшелері. Егер әки оң құлақ пен сол көз, немесе сол құлақ пен оң көз істен шықса, онда естіп-көру үшін басты ары-бері бұрып әуре болар еді. Осылай болғаны жақсы. Басынды солға бұрсаң алдында болып жатқанды көресің де, естисің де. Содан бері үй иелері бұны шынжырламайтын болды.

Үйге қайта кірген Балжігіт шифоньерді ашып қатар-қатар тұрған киімдерді ұзақ сараптайды. Ақырында керегі жоқ деп тапқан біреуін жақсылап қаттап, қағазға орайды. Қолтығына қысып алып, базарга аттанады. Едәуір биік дөңнің басына орналасқан шағын базарда әдетте кісі аз болады. Ұзын-ұзын далданың астында алыстағы оңтүстіктен жеміс-жидек тиеп келген екі-үш өзбек, ондатр құлақшын сатқан бес-алты шешен отырар еді. Балжігіт күндегі әдетпен соларға барып қолындағы киімін саудалап көреді. Ісі мығым саудагерлер аз киілген свитер немесе плащты ұстап көреді. Бірақ ешқайсысы алмайды. Ақырында ауылдан келген біреу рахымы түсіп Балжігіттің саудасын жүргізеді. Қолындағы заттың жарты емес, ширек бағасын береді. Қолына он-он бес сом ақша түсірген Балжігіт мол етіп арақ алады, капуста мен нан алады, тезінен үйге аттанады. Келе сала жөпелдеме екі-үш стакан арақты бір-ақ ішеді. Асығады. Елеспен, өткен өмір елесімен қауышуға асығады.

* * *

Әкесі есінде әлдебір бұлдыр бейне болып қана сақталған. Үйдегі қара кемпірмен яғни Балжігіттің шешесімен бірде ұрсысып, бірде татуласып бір шал жүретін. Балжігіт сол шалдың түрін анық сипаттап бере алмас еді. Әйтеуір қыландау өңді бір адам еді. Күндердің күнінде сол шал ауылға ат жалын құшып айқайлап келді. Ұсақ балаларды шошытып ауылдын ішінде ұзақ шапқылаған. Тек бір жігіт тізгінге жармасқанда аттан сыпырылып түсе берген. Балжігіт бұл шалдың екі шекесін қолымен ұстап алып неге сонша айқайлағанын түсінбеді. Бала еді. Кешке қарай бұны көршілер алып кетті. Түннің бір уағында асықтың қызығына түсіп есі кете ойнап жүрген мұны сырттан келген отағасы бауырына басып еңкілдеп жылағанда да түк ұқпаған. Кейін шешесі айтып түсіндірді. Шалдың “давлениесі“ болған екен. Далада қой жайып жүргенде кенет қаны көтерілген. Ауылға айқайлап келгені сондықтан. Төрт-бес үйден тұратын ауылда дәрігер де, дайын дәрі-дәрмек те жоқ. Көкең миына қан құйылып қайтыс болған деді шешесі.

Кейіннен нағашысы бұларды совхоз орталығына, ұсақ ферма жұрты үшін қала есепті, Айғыз селосына көшіріп алды. Балжігіт тіршілігі киын сол күндерді еске алғысы келмейді. Совхоз орталығында тұрды деген аты ғана. Қойшылардың балаларымен бірге, тамағы, киімі тегін интернатта жатады.

Кейбір балалар, — Әй, сенің осы Айғызда үйің бар емес пе, мұнда неғып жүрсің? — деп лақ еткізгенде бұл бетінен басып үнсіз қалатын.

Бірде шешесіне жьлап барды. “Бармаймын енді интернатқа. Балалар мазақтайды» деген боздап тұрып. Қара кемпір Балжігітті бауырына басып ұзақ жұбатқан.

Өзің біл, Бәкенім, — деген одан кейін. — Бармасаң бармай-ақ қой.

Көп ұзамай шешесінен де айрылды. Кеш келген көктемнің суық тұман басқан, лайсанды, көнілсіз таңы еді. Екі күн төсек тартып ауырған қара кемпір үшінші күні оңалғандай болды.

Түсіме Қаламбай кіріп жүр, — деген таңғы шай үстінде. — Әлде құран тілеп жүр, әлде…

Балжігіт ерекше нұрланған шешесінің жүзіне қарап үнсіз қатты да қалды. Бір жамандықты сезгендей іші сыздай ауырған. Біреу құрықпен сүйреткендей мектепке әзер кетті. Соңғы сабақ басталарда Ырымбек мұғалім Балжігітті сыртқа шығарып алды.

Сен үйге баршы, — деген Балжігіттің жүзіне тура қарамай. — Шешең сәл нетіп… науқастанып қалған көрінеді.

Балжігіт екі өкпесін қолына алып үйге қарай жүгіре жөнелген. Жете алмады. Келгендегі көргені құрулы үй, қарақұрым жұрт.

Жетісі, қырқы өткізілді. Балжігіт азын-аулақ дүние-мүлкімен

нағашысының үйіне көшті. Мүшелге жаңа толса да сұңғыла еді.

Нағашысының оты басқа екенін, бұны жұрттан ұялғаннан ғана қолына

алғанын коп ұзамай-ақ түйсінді. Ешқашан жібімейді. Үнемі қатал ұстайды.

Үйдегі ең ауыр шаруаны Балжігіт істейді. Көп уақыт өтпей қабағына қар

қатқан нағашысынан да, тойған қозыдай монтиған, бірақ қулығына құрық

байламайтын нағашы жеңгесінен де, мазақ пен төмпештеп көз

аштырмайтын нағашы інілерінен де жеріп болган. Бірақ қайда барады?

Кей-кейде ауыл сыртындағы маялаулы шөпке тығылып алып ұзақ

қиялдайды. Әкесін елестетеді. Апасының жұп-жұмсақ алақанын, құрт-

майын еске түсіріп жылап алады.

Сағыздай созылып күндер өте берді. Тезірек өссем деп армандаушы еді.

Бұл арманына да қол жетті. Ешқашан бітпестей көрінген оқу бітті. Орташа

ғана оқыған, ешқашан топтан суырылмаған шәкірт пен білімі жақсы

оқушымен қарайлас ұстаз — бірі мен бірі жылы қоштасқан. Балжігіт соғыс

зардабынан ес жиып кемелдене бастаған ауылдың тұрмысына белсене

араласты. Белшеден батып жұмыс істеді. Қыста мал бақты, жазда шөп

шапты. Одан кейін көкорай шалғын болып өсіп шыққан жаңа ұрпақ дүр

қозғалып әскер міндетіне аттанды.

Топырағы торқа болғыр Гүлбанумен осы әскер қызметінде жүріп

танысқан. Әскер міндетінде жүрген бозбалаларға сәлем жолдау, сурет алысу

дәстүрі жаңа өнер бола бастаған. Бірде бұлардың әскери бөлімшесіне

Новосибирскіде оқып жатқан бір топ қыздан хат келе қалсын.

Суреттерін қоса салыпты. Он бес қыздың ішінде бір қазақ қызы бар

екен. Кезекті увольнениеде бір топ солдат таяқ тастам жердегі

Новосибирскіге аттанған. Бәрі де ойдағыдай болды. Бәрі бір-бір қызбен

танысты. Бірақ бәрінен олжалы Балжігіт деп пәтуаласқан. Алыста жүріп

жерлес қызбен танысу сирек болатын құбылыс десті. Мінезі ұяң, қоңырқай

ғана өңі бар Гүлбану Балжігітке бірден ұнаған. Екеуінің тағдыры да ұқсас

болып шықты. Топты бала әке-шешеден ерте айрылыпты. Әрқайсысы әр

туыстың үйінде өсіпті. Бірақ тату көрінеді. Бірінің бірі тілеуін тілеп

отырады. Көп ұзамай екеуі сөз байласты. Оңайынан берген деген осылай

болады. Балжігіттің әскер міндеті аяқталғанда Гүлбанудың оқуы да біткен.

Ну, Боря, — деген бөлімше командирі, ортасында бір қызы бар топ

солдатты елдеріне шығарып салып тұрып — Демобилизацияң – бір той.

Гуляның оқу бітіргені — бір той. Екеуіңнің үйленгенің — бір той. Үш тойды

бір-ақ жасайын деп тұрсың. Хитрец ты этакий.

Елге келген Балжігіт отау тігіп бөлек шықты. Бәрі де баяғыдай.

Нағашысы, құдайдың өзі әке болуға лайықтаған нағашысы ернінің ұшымен

салқын ғана тілек білдірген. Жеңгесі “Екі жетім аман болындар» деп жылап

тұрып бата берген. Ал алды институтқа түскен, арты мектепті бітіріп қалған

паң нағашы інілері шыбынды жасқамас мінез көрсеткен. Бедірейген

қалыптарынан танбаған. Қолдарында бір шабаданы ғана бар Балжігіт пең

Гүлбану қол ұстасып болашаққа қадам басты.

Ортада маздаған ошақтың оты үйдің қабырғаларын қапқан ызаны қалай кетірсе, жар қызығы мен бала қызығы іштегі құса мен кекті солай кетіреді екен. Көп үзамай Балжігіт жетімдік тақсіретін, кісі қолында өткен ауыр балалық шағын ұмытты. Тек қана бақыт теңізінде жүзгендей сезінетін. Гүлбану аяулы жар, жоқты білдірмейтін, барды көлдей тасытатын берекелі, байырқы әйел. Бірінен кейін бірі туған қыз бен ұл тілі де, қылығы да бал, өлердегінді айтқызатын тәтті түйнек. Қашанда болсын үйге асығып тұрады. Жауында да, қарда да, тас қараңғы түнде де “газигін“ азынатып ауылға ентелеп келе жатқан Балжігіттің көз алдында ұядай үйі, асыл Гүлбану, үйелмелі-сүйелмелі қарақтары ғана тұратын.

Шаңырақ болған соң шайқалады екен, ырыс болған соң төгіледі екен. Бәрі де қоныс аударудан басталған. Гүлбанудың өгей шешесі Нұрғайша шалын жерлеген соң ауыру-сырқауы көбейіп айлап жатып қалатын болды. Ақырында бірге тұрайық, бірімізге біріміз сүйеу болайық, Аякөзге көшіңдер деп бұларға қолқа салған-ды. Көшетін күнгі қарбалас көз алдынан кетпейді. Бұл үлкен жүктерді буып жатқан. Гүлбану ыдыс-аяқты қаттап салып жатқан. Кенет “Ойбай!“, деген дауыс естілді. Ауыз үйге жүгіре шыққан Балжігіт боп-боз болып тұрған Гүлбануды көрді.

Кесе сынып қалды, — деді Гүлбану. — Апамның жанан кесесі.

Кішігірім тегештей, күміске буланған, ескі үлгідегі жанан ортасынан қақ

бөлініпті.

Түф, зәремді ұшырдың ғой, — деді Балжігіт жеңілейе күліп. — Жарайды түк етпейді. Тағы сатып аларсың. Орыстар бұндайда “На счастье“ дейді.

Десе де іші қоңқылдап қалған. Қара кемпірдің көзі еді.

Аякөзге көшіп келген бұлар Нұрғайша кемпірдің үйіне кірді. Балжігіт “Алтайзолото“ бірлестігіне шофер болып орналасты. Семей мен Қарағандының ортасында қиян даладағы Құсмүрын кенішінен алтын кенін тасиды. Бұрынғы “газик» қалған. Енді жүргізетіні он екі тонналық “дайман“.

Күздікүні еді. Қызылжалқын алтынның тасын лықа толтырып алып даланың кара боранын жарып ксле жатқан. Жол нашар көрінеді демесең бәрі жақсы. Сырттан суық кірмейді. Қабина жылы. Үш-төрт сағатта Аякөзге де жетіп қалуға болады. “Қарабұлақ» асуынан өтіп машинаны ылдиға қарай өз ағынымен жіберген. Кенет машина солқ ете қалды де шақыр-шұқыр еткен, төбе құйқаны шымырлатқан дыбыс естілді. Балжігіт қол тежегіші мен аяқ тежегішін қатар қосып қатты да қалды. Бірақ он екі тонна кені, алты тонна өз салмағы бар, сағатына жетпіс шақырым жылдамдықпен келе жатқан машинаны қасқағым сәтте тоқтатып көріңіз. Оқыс тежеуден арттағы тіркеме тележке бір жаққа бұлт етіп кетті де жұлынып кюветке түсті. Ал алдыңғы буферге қорғасындай қадалған нәрсе жылдамдығы баяуласа да алға жылжыған машинаның астына сықырлап кіріп бара жатты. Машинаны әзер тоқтатқан Балжігіт неше мың шақырым жол жүргендей шаршап, үрейден ыбылжып отырып қалды. Сыртқа шығып мән-жайды көруге жүрегі дауаламады. Қарсы жақтан басқа машина келгенше тырп етпей отырды да қойды. Тек есікті ашқан орта жастардағы орыс шофер:

Ну браток, наделал ты делов, — дегенде барып ес жиған.

Жерге түсіп, машинаның алдына барған Балжігіт қанға малшынып жатқан өрімдей бозбаланы көрді.

“Урал“ мотоциклымен өрге қарай бар пәрменімен тартқан болу керек. Бораннан ол да ештеңе көрмеген. Машинаның астына кіріп кеткен, көк темірге қысылып талай жерге сүйретілген.

Біреудің жалғыз баласы екен. Марқұмның әке-шешесі Балжігітгің ағайынсыз екенін көріп, топты баласын көріп қабырғалары қайысты. Сотта “Азаматты соттағанмен енді баламыз тірілмейді. Сондықтан босатындар“ деп өтінген. Сонымен түрлі жағдайлар ескеріліп келіп Балжігіт үш-ақ жылға кесілген. Кісі өлтіру — кінәның ең үлкені, енді бәрі де құрыды дегенді. Бірақ жаза бұл ойлағаннан әлдеқайда оңай болып шықты. Үш жыл деген не тәйірі. Өтеді де кетеді. Қоштасарда Гүлбану үн қатпаған. Тек сәл бозарған жүзін бұның кеудесіне жасырып ұзақ күрсінген.

Балаларға қара, — деді бұл.

Өзінді күт, — деді Гүлбану. — Өмір — азаматқа сын. Шыда. Маған алаңдама.

Екеуінің соңғы рет тіл қатысуы екен.

Мерзімі бітіп алып-ұшып елге келген күні естен кетпейді. Вокзалда шошайып енесі тұр екен. Он бірге толған Гүлнәр әжесіне жабысып көзі боталап бұған тесіле қарап қалыпты. Әлдебір жамандықты сезген Балжігіттің тізелері қалтырап кетті.

Гүлбану қайда? — деді дік етіп.

Енесі вокзалды басына көтеріп боздап қоя берді. Әзер шыдап тұрса керек Гүлнәр да еңіреп жылап жіберді.

Мамаң қайда? — деді жаманатты естігісі келмей жаны ышқынған Балжігіт қызын құшақтап түрып.

Мамам ө… ө… өліп қалған! — деді Гүлнәр көз жасына шашалып.

Қашан! Қашан өлді? Мен неге естімедім? — деді Балжігіт айқайлап. Сенгісі келмеген. Қалайша өледі? Соңғы хаты он күн бұрын келді.

Ба… ба… баяғыда…а-а, — деді Гүлнәр өксіп.

Неше күннен кейін, алғашқы қалың қайғы сол арылғанда барып болған жайға қанды. Бір жарым жыл бұрын қайтыс болған екен. Жатырдан жабысқан ісік ақыры алып тынған.

Гүлбану асыл еді ғой, ақылды еді ғой қарағым. Өлімімді естіртпендер, қиялданып одан да үлкен күнәға батып жүрер деген еді, айнам-ай! Кеш мені қарағым, хаттың бәрін марқұмның қалауымен мен жазып едім, — деген еді енесі.

Кеше алмады. Осынша уақыт алдаған енесін де, бір рет хат жазбаған балаларын да. Әрі-беріден соң Гүлбанудың өліміне себепкер осы балалар сияқты көрінетін болды. Одан кейін бәрі де кері кетті.

Ертемен тұрады да Гүлбанудың қабіріне барады.

Жатырсың ба, сабаз? — дейді даусын әндете созып. Егіліп ұзақ отырады. Арақ әкеліп ішеді. Кейіннен қабірге бармай-ақ үйде жатып ішетін болды. Екі-үш қырлы стакан арақтан кейін бойы балқиды. Өткен бақытты өмір елестері көз алдында тұрып алады. Міне Гүлбану бұған кесе толы сусынды ұсынып жатыр. Қоңыр жүзіне құлағындағы бұрама күміс сырғасы ерекше сән бергендей. Балжігіт тісін шақұр-шұқыр еткізіп көзін ашып алады. Оты өше бастаған пешке жабысып алып, бұған үрейлене қараған балаларына көзі түседі.

Шошқалар, — дейді Балжігіт тістеніп, — Шешесін жұтқан жалмауыздар.

Балалары ақырындап боздап жылай бастайды.

Ұлымандар түге, — дейді Балжігіт жымиюға тырысып. — Енді мені жұтасындар.

Қой, қарағым, — дейді төсек тартып жатқан енесі, — Балалардың зәресін ұшырма. Не жазығы бар? Бала деген періште ғой. Одан да от жақ. Тіршілік істе.

Осы балаларға шеше тауып берсең де қой демеймін, — дейді сәл үнсіздіктен кейін.

Әй, қойыңызшы, — дейді Балжігіт қырлы стаканды толтыра құйып жатып, — Надоело все. Жалықтым.

Ұзамай бұл үйден тағы бір өлік шықты. Енесі бұның келгенін ғана күтіп жүрген болу керек, үш айға жетпей көз жүмды. Гүлбанудың ағасы балаларды алып кетті. Қара домалақтар машинамен келген ағаның соңынан томпылдай ерген. Бұған бұрылған да жоқ. Тек ересек Гүлнәр ғана босағада тұрып әкесінің жүзіне кінәлай қараған. Содан кейін жанына жаймен басып келіп мойнынан құшақтап бетінен сүйді.

Қош бол, папа, — деді өксікті үнмен.

Кетпеңдер, — деді меңірейіп отырған Балжігіт.

Кейін қаңыраған үйде жалғыз өзі отырғанда көзіне Гүлнәр, оның кінәлай қарағаны жиі елестейтін болды. Елесті тек қана ішімдікпсн жеңетін. Ақша таусылды. Енді бұрынғы баршылық кезінде жиналған киім-кешек сатылды. Міне, кеше ғана базар түбінде тұратын, түнделетіп арақ сататын кемпірге өзінің аз ғана киілген сұр костюмін өткізіп келді. Киім біткесін шифоньер, комод сынды азын-аулақ қарағай бар. Ол таусылса үйдің өз басы бар. Одан кейін не боларын ойлаған емес.

***

Күздің салқын түні. Пират алдыңғы аяғына басып салып үркек ұйқыға кеткен. Өзінің күшік шағы елестеді. Енесі есінде қалмапты. Көзін ашқанда көргені осы аула. Осы үйдің адамдары. Алдымен осы ауланы сыпырып тазалап көп жыл бойы бір шал жүрді. Одан кейін ол жоғалып кетті. Артынан оның кемпірі ауланы ретке келтіретін болды. Бірде бұл үйге топ адам улап-шулап көшіп кірді. Енді ауланы бір мейірбан қара әйел сыпыратын болды. Не бір уақыттан кейін гүрілдек темір арба айдайтын осы үйдің еркегі жоқ болып кетті. Одан кейін тамақты көп беретін мейірбан қара әйел бір жаққа кетіп қалды.

Үш қар түскесін темір арбаның иесі қайтып келді. Бірде шуылдаған жұрт ұзыншақ кепке салынған осы үйдің кемпірін бір жаққа алып кетті. Кемпір кеткесін бұның құлағын қасып, қүйрығынан тартқылап ойнайтын кішкентай екі аяқтылар да бір жаққа жоғалды. Пират осы адамдардың қайда кеткенін білмейді. Тек жақсы адамдар екенін ғана біледі. Ауланы сыпырған шал да, мейірбан қара әйел де, әнеукүні ғана кетіп қалған кемпір де, ойыны қанбайтын балалар да. Ал мына темір арбаның иесі қызық. Таңертең кетеді. Кейде кешке, кейде түн ортасында қайтады. Тәлтіректеп жүріп есікті ашады. Таңертең қайта кетеді. Тамақ бергенді де білмейді.

Бірдеңе тысыр еткендей болды. Пират басын жұлып алып еститін оң құлағын сыртқа тосты. Аулада біреу жүр. Терезелерді сипалап өтіп есікке барды. Лып етіп орнынан тұрған Пират есікті шұқылап жатқан адамның ту сыртынан барып көретін оң көзімен бажайлай қараған. Иесі емес. Арр еткен Пират қарғып барып жаудың балтырынан ала түскен. Айқайлап жіберген адам бұны аяғымен серпіп жіберді. Пират жауының аяғын қанша сығымдап тістесе де әбден мұқалған, тозған тістері осалдық етті. Шақ етіп шығып кетті. Балтырға тағы жармасқан. Бұл жолы жауы аяғын орай лақтырған. Пират тағы да ауа қапты. Үшінші рет жауының кеудесіне қарғыған. Сол сәт жұқа шапқа оттай ыстық, жанды шырқыратқан ауыр бір зат қадалды. Қадала сала жоғары өрлеп төске келді. Басқа — көзге, кеудеге тағы бірдеңелер кірш-кірш қадалды. Пираттың көз алдына ертеректе ұясының алдын алған жасыл от қайта келді. Одан кейін ештеңе білген жок.

* * *

Сіз осы үйдің иесімісіз? — деді милиционер.

Иә, — деді Балжігіт.

Мына ит кімнің иті? — деді милиңионер қанға малшынып өліп жатқан Пиратты иегімен меңзеп.

Менің… осы үйдің иті, — деді Балжігіт басы салбырап.

Түнде қайда болдыңыз? — деді милиционер.

Түнде ме? — Балжігіт Пираттың өлексесіне қараған. Көзіне, екі езуіне көк шыбындар үймелеп алыпты. — Түнде бір досымның үйіне қонып қалған едім.

Өтірік айтты. Өткен түнде ішкен жерінде құлап ұйықтап қалған.

Үйіңізді шамасы тонамақ болған, — деді милиционер. — Есікті бұзып үлгере алмай қалған. Айғайды естіп көршілер жүгіріп келгенде бір адамның қаша жөнелгенін көріпті.

Біз қолдан келгенін істейміз. Тонаушыны табуға тырысамыз, — деді милиционер одан кейін. — Ал мына итті тереңірек шұңқыр қазып көміп тастаңыз. Шыбын үймелеп сасып жатса ол да жақсы емес. Қоғамдық тәртіп деген бар.

Жарайды, — деді Балжігіт. — Көміледі. Орындалады.

Сау болыңыз, — деді милиционер қолын шекесіне апарып.

Жалғыз қалған Балжігіт бір бүйірлей жатқан Пираттың жанына барып үнсіз ұзақ тұрды. Содан кейін еңкейіп зер сала қараған. Қарақшының қанжары өткір болса керек. Шаптан төске дейін сызғышпен сызғандай түп-түзу қылып тіліпті. Қан көп кеткен екен. Веранданың басқышы, есіктің алды баттасып қарая бастаған қан. Иттің жатқан жері жосадай күрең тартыпты.

Балжігіт қолына күрек алып, ауланы аралады. Қолайлы жср табыла қоймаған. Ақыры ұясын аударып тастап шұңқырды сол арадан қазбақ болды. Жауын шайып жел қағып әбден тозығы жеткен үйшікті ырғап-ырғап бір жағына жыға салған Балжігіт таң қалып тұрып қалды. Ұяның іші сірескен тамақ. Көзінде жас, көкірегін елжіреген мұңлы күлкі билеген Балжігіт үйіндіні ақтара бастады. Қатып қалған, көгеріп кеткен нан. Әртүрлі күресіндерден табылған шала мүжілген сүйектер. Жарты жүні жұлынған тауықтың өлексесі. Тіпті кеуіп қалған үш-төрт алмаға дейін бар екен. Пират келе жатқан қысқа өзінше дайындалса керек.

***

Балжігіт өзінің жаңа өмірін жаңа пеш салудан бастады. Қорада баяғыдан тұратын қызыл кірпішті күні бойы тасып үйге кіргізді. Есіктің алдына үлкен етіп қырман айдады. Жалғыз адамға қиын, әрине. Құрылыс бақандай бір жетіге созылды. Тұтас бір қабырғаны алып қып-қызыл пеш дайын болғанда Балжігіт әдетінше бір жарты арақ алып тойламақ болды да артынан ілезде айныды. Ішпейді. Енді ішпейді. Ешқашан да.

Кешке қарай дүрілдетіп от жаққан. Бөлмелердің бәрін самаладай еткен. Төбеге, қабырғаларға әбден сыз сіңген екен, не заматтан кейін төбенің біраз жерінен сарылдап тұрып су ақты.

Осы кеште ат ізін салмай кеткен көрші шал келген. Едендері жуылған тап-таза үйді аралап шығып толқын-толқын жылу шашып тұрған пешке келді.

Ой, азамат, — деді құдықтарды сипалап кәріп. — Ал енді не істемексің?

Не істеуші едім, — деді Балжігіт. — Балаларымды алып келемін. Оларға мама тауып беру керек. Шаруа көп.

1 Комментарий

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован.


*