Таласбек сыйлығы 2024: Тоқтарәлі Таңжарық «СЕН ОСЫ ҚАЛАДА ЖҮРГЕН СЕКІЛДІСІҢ»
Мен Тоқтарәлі Таңжарықтың «Сен осы қалада жүрген секілдісің» деген туындысына дауыс беремін, себебі бұл өлеңге Алматының шығармашыл қауымының өмір салты, жалпы Алматы атмосферасы, суреткер жанның дүниені қабылдау трагедиясы, құпия махаббат оқиғасы және басқа да нәзік дүниелер еркін сыйып, иектесіп, иықтасып, өзінше бір тылсым әлем құрастырып тұр.