
Рүстем Нұркенов. Таласбек Әсемқұловтың мелосферасы – көңіл түкпіріндегі күй. Таласбектану 2025 номинанты
Мелосфера – адам өмір бойы естіп (тыңдап) келген дыбыстардың жан дүниесінде қалдырған ізі мен сол іздің мағынаға айналған ішкі әлемі (кеңістігі).Бұл жазғанымыз анықтаманың барынша қарапайымдалған түрі. Әрине, құр анықтамамен бірден түсіну қиын. Сондықтан нақты мысалмен көрсетіп көрейін. Мысалы, адам бала күнінде әжесінің бесік жырын естіп өсті делік. Жылдар өте ол жырдың сөзін ұмытты, бірақ әуені мен сол кездегі күйі, яғни әлди сөз, күлімдеген көз, жылы оралған бөз сияқты сезімдер жүрегінде сақталып қалады. Бір күні көшеде әлдекім дәл сол әуенді айтып тұрса, ұмытылғанымен, жан түкпірінде сақталған естелік оянып, жүрегі елжіреп кетеді. Бұл жай естелік емес. Бұл мелосфераның оянған сәті.