
Наурызбаева Зира Жетібайқызы (Зира Наурызбай). Өмірбаян
Наурызбаева Зира Жетібайқызы – еліміздің маңдайалды мәдениеттанушысы, қазақ, түрік мифологиясының маманы, аудармашы, жазушы, киносценарист, жорналшы, редактор, блогер. Ол қарастырылатын тақырыптың ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызын негіздеуден көрінетін академиялық зерттеу әдісін кестелі әрі көпшілікке қызықты жазу мәнерімен шебер үйлестіріп, осы дарынын қазақтың мәдениетін, тілін және музыкасын дәріптеуге пайдаланады. Оның барлық дерлік кітаптары оқырмандар сұранысына ие болып, бестселлерге айналды.