Таласбек Әсемқұлов атындағы 2-ші Республикалық күйшілер байқауы

Таласбек Əсемқұлов атындағы ІІ Республикалық күйшілер байқауы мәресіне жетті

1-орын Мадияр Сүлейменов
2-орын Ержанат Жарқыннұр
2-орын Мұхит Мөкенұлы
3-орын Бауыржан Сейдәлі
3-орын Әйгерім Нұрланқызы

Арнайы жүлде иегері – Ағанас Ардабиұлы

Байқау демеушісі Таласбектің жары, мәдениеттанушы Зира Наурызбай
Күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында күйшінің жары Зира Наурзбаева, Otuken мәдениет дамыту қоры және «Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі күйшілер байқауын ұйымдастырады.
Жас шектеуі жоқ. Конкурсанттар келесі талаптар бойынша бағаланады:
— Таласбек Әсемқұловтың репертуарынан күй шерту (Т. Әсемқұловтың нұсқасымен)
— Дәстүрлі орындауға (оң қол мен сол қол) мейлінше жақындау
Байқау онлайн форматта өтіп, бір кезеңнен тұрады. Қатысушы төмендегі талап бойынша үш күй орындау қажет:
1-күй ​ — Кетбұғы, Қотан тайшы, Сақбике, Қызылмойын Қуандық, Байжігіт, Сары Нияз төре, Қасабай
2-күй – Тәттімбет, Ақай қажы
3-күй — Т. Әсемқұлов, Ж. Стамбаев авторлық күйлері

Күйлерді ютюбтан «otukenkz», «Әсем ән, тәтті күй» арналардан тындауға болады. Күйлердің аудио жазбаларын «Талтүс» жинағынан немесе телеграм каналдағы «Талтүс» каналынан (taltus2021) алуға болады. Сондай-ақ, күйлерді тындауға болады http://otuken.kz/topics/talasbek/music/

ФБ-топта https://www.facebook.com/groups/394506140697607 , talasbekasemkulov Инстаграм-парақшасында  Таласбектің қолынан үйренген шәкірттерінің видеосабақтарын жариялап тұрамыз.
Байқау өткізу уақыты: жариялаған күннен бастап 2022 жылдың 20-қыркүйегіне дейін. Осы аралықта үміткерлер өздерінің Инстаграм я Фейсбук парақшаларына #TalasbekAsemkulov2022 хэштегімен күйлерді бір видеомен салуы тиіс.
Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталады:
1-орын 100​ 000 теңге
2-орын 60​ 000 теңге
3-орын 40​ 000 теңге
Видео: «Кемеңгер», 2005